Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 308 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 30, 229-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төрағаның орынбасары |
Қуандықов |
- |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы |
Жұманғарин |
- |
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі, хатшы |
мына:
«Досаев |
- |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Досаев |
- |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі»; |
көрсетілген құрамнан Марат Әпсеметұлы Құсайынов, Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов, Жәннат Жұрғалиқызы Ертілесова шығарылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов