"ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 715 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық
жоспарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 715 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 15 қаңтардағы
№ 10 қаулысымен    
бекітілген      

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың
және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған
ұлттық жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

Ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар

1.

Жұмыс органдарының Ұйымдастыру комитеті жанындағы Жұмыс штабтарының 2013 – 2017 жылдарға арналған жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеуі және бекітуі

Ұйымдастыру комитетінің хаттамасы

ЭБЖМ, ИЖТМ, БҒМ, СІМ, МАМ, ККМ, Астана қаласының әкімдігі

2013 жылғы ақпан

талап етілмейді

2.

Көрмені ұйымдастыру жөніндегі қажетті актілерді, сондай-ақ рәсімдік және қаржылық құжаттарды қабылдау кестесін бекіту

Ұйымдастыру комитетінің хаттамасы

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині

2013 жылғы ақпан

талап етілмейді

3.

ЭКСПО-2017 қолдау қоры жұмысының жаңа регламентін әзірлеу, Қор комиссиясының құрамын жаңарту

Ұйымдастыру комитетінің хаттамасы

ЭБЖМ, СІМ, БҒМ, Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы наурыз

талап етілмейді

4.

Астана қаласының әкімдігі жанындағы ЭКСПО-2017 қолдау қорын бюджеттен тыс көздер есебінен қаржыландыруды ұлғайту мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Ұйымдастыру комитеті, ЭБЖМ, СІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы ақпан

талап етілмейді

5.

Халықаралық көрмелер бюросы (бұдан әрі - ХКБ) Атқарушы комитетінде Тіркеу дерекнамасын ресми бекітуді есепке ала отырып, 2014 – 2018 жылдарға түзетулермен Ұлттық жоспарға өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

6.

ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссарын (бұдан әрі – Комиссар) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу және тағайындау

Қазақстан Республикасы Президентінің актісі

СІМ

2013 жылғы ақпан

талап етілмейді

7.

Көрмеге қатысу шарттарына қол қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және ЭКСПО-2017 қатысушы елдері бас комиссарларының отырыстарын өткізу

шарттарға қол қою және бас комиссарлардың отырыстарын өткізу

Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2014 - 2016 жылдар

талап етілмейді

8.

Мына:
1) көрмені өткізу үшін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер бөлінісінде жылдар бойынша қажетті қаражат көлемін айқындау;
2) мемлекеттік-жеке серіктестік пен демеушілікті қоса алғанда, көрмені қаржыландыру көздері;
3) көрмені бюджеттік және бюджеттен тыс көздер есебінен қаржыландырудың ашық тетіктерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қазан

талап етілмейді

9.

Әлемдік тәжірибені талдау негізінде көрмені өткізуден, оның ішінде көрмені даярлау, өткізу және өткізуден кейінгі кезеңде кірісті көбейту мен шығынды азайту жолымен, барынша көп экономикалық нәтижеге қол жеткізу жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу

Іс-қимыл жоспарының жобасы

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, Астана қаласының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы маусым

талап етілмейді

10.

Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, ИЖТМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

Халықаралық көрмелер бюросымен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар

11.

ХКБ Бас ассамблеяларындағы Қазақстан Республикасы делегаттарының қатарынан ХКБ жанындағы Қазақстан ресми өкілін айқындау – ХКБ-да Қазақстан Республикасының халықаралық кеңсесін құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СІМ

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

12.

ХКБ Хатшылығымен өзара іс-қимыл жасау және алдыңғы ЭКСПО-лар тәжірибесін зерделеу үшін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ жанында ХКБ жанындағы Қазақстанның халықаралық кеңсесін құру (3 адам) мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

СІМ, ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

13.

ХКБ-ға тіркеу жарнасын төлеу үшін бюджеттік өтінім дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

14.

Қазақстандық делегацияның, оның ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен ХКБ Атқарушы комитетіне дайындауды және оның қатысуын қамтамасыз ету (мамыр, қазан), Тіркеу дерекнамасының таныстырылымымен ХКБ-ның 153 және 154-ші Бас ассамблеяларына қатысу (маусым, қараша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, СІМ, Қаржымині

2013 жылғы мамыр

ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

Тіркеу дерекнамасын және техникалық құжаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шаралар

15.

Тіркеу дерекнамасының жобасын әзірлеу, ХКБ Атқарушы комитетінде ілгерілету және тіркеу жөніндегі Ұлттық консультант кеңсесін құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Ұйымдастыру комитеті, ЭБЖМ, СІМ, Астана қаласының әкімдігі

2013 жылғы қаңтар

талап етілмейді

16.

Тіркеу дерекнамасының жобасын әзірлеу және бекіту

Мемлекеттік комиссияның хаттамасы

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қазан

ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

17.

Тіркеу дерекнамасының жобасын ХКБ-мен бірге тексеру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), СІМ

2013 жыл бойы

ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

18.

ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу тұжырымдамасының жобасын әзірлеу

Мемлекеттік комиссияның хаттамасы

Қоршағанортамині, ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы сәуір

талап етілмейді

19.

ЭКСПО-2017 көрмесіне өтінім дерекнамасын жаңарту, оның ішінде сандық және қаржылық көрсеткіштерді нақтылау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, Қоршағанортамині, СІМ, ИЖТМ, ККМ, БҒМ, ӨДМ, Астана қаласының әкімдігі

2013 жылғы қараша

ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

20.

Тіркеу дерекнамасының бірінші кезеңінің жобасын Мемлекеттік комиссияда ұсыну (Жалпы ережелер, 1 және 2 арнайы ережелер, көрмені өткізуден бас тартқан жағдайда өтемақы туралы құжат, Қатысу шарты)

Презентация

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

21.

Тіркеу дерекнамасының бірінші нұсқасын ХКБ Атқарушы комитетіне енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

22.

Тіркеу дерекнамасының екінші кезеңінің жобасын  әзірлеу (мазмұны бойынша жоспар, мастер-жоспар, көрмеден кейінгі пайдалану жоспары, коммуникациялық жоспар, коммерцияландыру жоспары, қаржы жоспары)

Тіркеу дерекнамасының екінші кезеңінің жобасы

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, Қоршағанортамині, СІМ, ИЖТМ, ККМ, БҒМ, ӨДМ, Астана қаласының әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар

2013 жылғы маусым-қазан

ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

23.

Тіркеу дерекнамасының түпкілікті нұсқасын ХКБ Атқарушы комитетіне енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қазан

талап етілмейді

24.

Тіркеу дерекнамасының түпкілікті жобасын ХКБ Бас ассамблеясының 154-сессиясында бекітуге  шығару

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қараша

талап етілмейді

25.

ХКБ-ның ресми логотипін және туын алу мәселесін пысықтау және Қазақстан атынан ресми қабылдау ұйымдастыру

ХКБ-ның ресми логотипін және туын алу

Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы маусым

талап етілмейді

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру  және оның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

26.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ны құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, БҚА

2013 жылғы қаңтар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылға арналған резерві

27.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталының кезең-кезеңімен капиталдандырылуын қамтамасыз ету мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

28.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның бірінші басшысын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу және тағайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Ұйымдастыру комитеті, ЭБЖМ

2013 жылғы қаңтар

талап етілмейді

29.

Қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді, қызметтің негізгі бағыттарын көрсете отырып, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметі тұжырымдамасының жобасын әзірлеу

Тұжырымдаманың жобасы

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ

2013 жылғы мамыр

ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» деген бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

30.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту

Директорлар кеңесінің шешімі

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы маусым

талап етілмейді

31.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ персоналының бұрын ЭКСПО өткізген жетекші көрме компаниялары мен корпорацияларында тағылымдамадан өту және оқу мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ,«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы ақпан

талап етілмейді

32.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ құрылғаны туралы ХКБ Хатшылығына ресми хабарлау

СІМ нотасы

СІМ

2013 жылғы ақпан

талап етілмейді

33.

ЭКСПО-2017 логотипінің редизайны және оны халықаралық және ұлттық деңгейлерде тіркеу мәселесін пысықтау

Мемлекеттік комиссияның хаттамасы

ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы ақпан-сәуір

ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

34.

Париж қаласында (Франция) ХКБ Атқарушы комитетінің жұмысы шеңберінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметін халықаралық презентациясы

презентациясы

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

35.

Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің корпоративтік атрибутикасын және имидждік өнімін жасау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

36.

Алматы және Қарағанды қалаларында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ презентациясымен ЭКСПО-2017 тақырыбы бойынша екі өңірлік іс-шара ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ

2013 жылғы желтоқсан

ЭБЖМ-нің 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

37.

ИЖТМ ұйымдастыратын шетелдік туристік көрмелерге  «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қатысуын пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, Комиссар ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

38.

ЭКСПО-2017 қатысушылары – дамушы елдерге көмек көрсету бағдарламасын нақтылау

нақтыланған көмек көрсету бағдарламасы

СІМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қазан

талап етілмейді

ЭКСПО-2017 жер учаскесін және аумағын дайындау жөніндегі іс-шаралар

39.

Бұрын мәлімделген жер учаскесін жаңа орналасу жеріне ауыстыру бөлігінде өтінім мәліметін өзгерту мүмкіндігі мәселесін ХКБ Хатшылығымен келісу

ҚР СІМ нотасы

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Қоршағанортамині, СІМ, Астана қаласының әкімдігі

2013 жылғы маусым

талап етілмейді

40.

ЭКСПО-2017 символы болатын объектінің үздік нобай-идеясына халықаралық сәулет конкурсын ұйымдастыру үшін бюджеттік өтінім енгізу (2013 жылғы қыркүйекте конкурсты қорытындылап, жобаны іске асыру бойынша жауапты орындаушыны айқындау)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Ұйымдастыру комитеті, Астана қаласының әкімдігі, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы ақпан

талап етілмейді

41.

Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрме кешенінің, ЭКСПО-2017 символы болатын нысанның үздік эскиз-идеясы бойынша халықаралық сәулет конкурсын ұйымдастыру және өткізу

Конкурстың әділқазылары шешімнің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині

2013 жылғы қазан

*Үкіметтің 2013 жылғы арналған резерві

42.

2017 жылға қарай «Смарт-Астана» жобасын іске қосу жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ «Ақылды қала» қағидаттары бойынша объектілерді салу және жаңа коммуникацияларды басқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, ЭБЖМ,ӨДМ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

43.

Инженерлік инфрақұрылымды сумен,газбен,жылумен,электрмен жабдықтау және кәріз қамтамасыз ете отырып, ЭКСПО-2017 аумағында құрылыс салуды жобалауға техникалық тапсырманы әзірлеу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) Астана қаласының әкімдігі, ЭБЖМ

2013 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

44.

Көрме объектілерін салу кезінде бірегей құрылыс және басқа да жаңа материалдар мен технологияларды және Астана қаласының инфрақұрылымын қолдану және пайдалану бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

45.

ЭКСПО-2017 объектілерін салуға бөлінген жер учаскесін сатып алу және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталына беру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, Қаржымині, ӨДМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қазан

Талап етілмейді

46.

Астана қаласында және басқа өңірлерде салу үшін қажетті нақты объектілер мен коммуникациялардың тізбесін айқындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы қазан

талап етілмейді

47.

Көрмені өткізуді ескере отырып, Астана қаласының бекітілген бас жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ, Қаржымині

2013 жылғы ақпан

талап етілмейді

«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 тақырыбын дамыту жөніндегі іс-шаралар

48.

Болашақ энергиясын дамытудың 2013 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын әзірлеу жөніндегі ұсынысты пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині, ИЖТМ, БҒМ, ӨДМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

49.

Болашақ энергиясын дамытудың 2013 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын Мемлекеттік комиссиясындағы презентациясы

Презентация

Қоршағанортамині, ИЖТМ, БҒМ, ӨДМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

50.

Болашақ энергиясын дамытудың 2013 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині, ИЖТМ, БҒМ, ӨДМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қазан

талап етілмейді

51.

«Қазақстан Республикасының 2013 – 2017 жылдарға арналған таза энергия көздерін әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын әзірлеу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, ЭБЖМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині

2013 жылғы маусым

талап етілмейді

52.

Көрме тақырыбымен байланысты қазақстандық бастамаларды (энергиялық-экологиялық стратегия, «Жасыл көпір», Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту стратегиясы) осы Ұлттық жоспармен біріктіру бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың халықаралық алаңдарда кешенді ілгерілеуін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині, ИЖТМ, БҒМ, СІМ

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

53.

Конференциялар мен форумдарға қатысу мәселесін пысықтау:
- «Болашақ энергиясы» ЭКСПО - 2017 тақырыбын Астана экономикалық форумының панельді сессияларында дамыту;
- Қазақстанның индустрияландыру күні шеңберінде «Болашақ энергиясы» тақырыбына халықаралық конференцияларды (көрме-форум) ұйымдастыру және өткізу;
- Абу-Дабидегі (Біріккен Араб Әмірліктері) болашақ энергиясы дүниежүзілік форумына және Болашақ энергиясы бойынша еуропалық форумға жыл сайын қатысу;
- бизнес-қоғамдастық ұйымдастырған бизнес-форумдар мен алаңдарға Қазақстанның қатысуы

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) ЭБЖМ,  ИЖТМ, Қоршағанортамині, БҒМ

2013 жылғы маусым

талап етілмейді

54.

Астана қаласында «Жасыл көпір» жыл сайынғы халықаралық көрмелер мен конференцияларды өткізу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қоршағанортамині, ЭБЖМ, ИЖТМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

55.

«Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша оқушылар, студенттер және талапкерлер үшін тақырыптық оқу бағдарламаларын әзірлеу

тақырыптық бағдарламалар

БҒМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

56.

Баламалы энергетиканы дамытудың перспективалы кластерлік үлгісін дамыту бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Қоршағанортамині, ИЖТМ, ЭБЖМ, ККМ, БҒМ, ӨДМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы шілде

талап етілмейді

Туризмді дамыту жөніндегі іс-шаралар

57.

Астанадан 30 км дейінгі радиуста орналасқан елордамен шектесетін елді мекендерде Олимпиада қалашығы үлгісіндегі эко- және этноауылдарды құру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, Қоршағанортамині ИЖТМ, АШМ, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2014 жылғы тамыз

Талап етілмейді

58.

Төсек орындарының санын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының қонақүй кешендерін, демалыс үйлерін және сауықтыру орталықтарын енгізудің және кеңейтудің
2013 – 2017 жылдарға арналған жоспарының жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы тамыз

талап етілмейді

59.

Қонақүй қызметтерін көрсететін объектілердің сыйымдылығын ұлғайту мақсатында оларды салу және реконструкциялау жобаларын жеңілдікті қаржыландыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, ӨДМ

2014 жылғы наурыз

талап етілмейді

60.

ЭКСПО-2017 өткізуді есепке ала отырып, Астана қаласында туризм, оның ішінде экотуризм саласын дамыту бойынша мастер-жоспар әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, Қоршағанортамині, ККМ, Комиссар  Астана қаласының әкімдігі, мүдделі мемлекеттік органдар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы тамыз

талап етілмейді

61.

Ұлттық брендті құру мүмкіндігімен не жол маңы сервисінің атақты брендтері мен франшизаларын тарта отырып, 2016 жылға қарай Астана-Щучье және Астана-Қарағанды тас жолдарын жол маңы сервисінің заманауи пункттерімен қамтамасыз ету және жарақтау бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ККМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері, ӨДМ

2013 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

62.

Көрме қонақтарын өңірлерде қолайлы болуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

Астана қаласын дайындау және Қазақстанның өңірлерін тарту жөніндегі іс-шаралар

63.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ете отырып, Астанада салынуы жоспарланған ЭКСПО-2017 аумағымен шектесетін ЭКСПО-сити тұрғын алаптарының құрылысын салу жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

талап етілмейді

64.

ЭКСПО-2017 тұрғын объектілерін Астана қаласының тұрғын үй қорына беру және пайдалану тәртібі бойынша ұсыныстарды әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, Астана қаласының әкімдігі, ӨДМ

2013 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

65.

Индустриялық парктің және «Астана – жаңа қала» АЭА бекітілген аумағын кеңейтудің орындылығы туралы ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

66.

Әлемдік тәжірибе негізінде көрмені өткізу кезінде, одан кейін де тікелей және жанама кірістерді алудың қосымша резервтерін іздеу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қазан

талап етілмейді

67.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының көрмеге қатысу жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы тамыз

талап етілмейді

ЭКСПО-2017 ұйымдастыру және өткізу жағдайларында шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі іс-шаралар

68.

Мыналарды:
- «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жаңа бағыттармен толықтыруды;
- көрме мақсаттары үшін жеткізілетін ШОБ объектілерінің тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыруды қамтамасыз ететін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға және өткізуге шағын және орта бизнес субъектілерін тарту жөніндегі егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, АШМ, ИЖТМ

2014 жылғы маусым

талап етілмейді

69.

Астана және Алматы қалаларының қалалық шекараларынан тыс жерлерде танымал қазақстандық және әлемдік брендтерді төмен бағалармен көтерме-бөлшектеп саудалау орталықтарын ашу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ Қаржымині, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы мамыр

талап етілмейді

70.

ЭКСПО-2017 ұйымдастыруға және өткізуге тартылған көрмені ұйымдастырушылардың, мемлекеттік органдар мен қызмет көрсету саласы өкілдерінің тілдік сауаттылығын (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру) көтеру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

БҒМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

71.

Көрме индустриясының саласында тартылған отандық компанияларды оқыту үшін көрмелік қызметтердің халықаралық стандарттарын енгізу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы маусым

талап етілмейді

72.

Көрмені өткізу кезінде тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы маусым

талап етілмейді

73.

Көрмені өткізуге дайындалу үшін өңірлер арасында автомобиль, темір жол және әуе көлігін дамыту, сондай-ақ халықаралық әуе қатынасының мәселесін пысықтау бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат

ККМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

74.

ЭКСПО-2017 ұйымдастырудың және өткізудің әлеуетін есепке ала отырып, Астанада және басқа да өңірлерде бизнес-инкубаторлар, технопарктер және ғылыми-технологиялық алаңдар желісін құру бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, АШМ, Қоршағанортамині, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

Ақпараттық жария ету және сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар

75.

Ел ішіндегі және халықаралық алаңдардағы іс-шараларды жария ету жөнінде 2013 жылға арналған жедел медиа-жоспарды әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2013 жылғы қаңтар

талап етілмейді

76.

Ел ішіндегі және халықаралық алаңдардағы іс-шараларды жария ету жөніндегі 5 жылдық медиа-жоспарды әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

МАМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2013 жылғы ақпан

талап етілмейді

77.

Ел ішіндегі және барлық халықаралық алаңдардағы іс-шараларды жария ету жөніндегі медиа-жоспардың жыл сайын әзірленуін қамтамасыз ету

Медиа-жоспар

МАМ СІМ

тамыз, жыл сайын

талап етілмейді

Қоғамдық тәртіпті қорғауды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

78.

ЭКСПО-2017 аумағында Астана қаласының Ішкі істер департаменті Жедел басқару орталығының шығарылған автоматтандырылған жұмыс орындары бар қазіргі заманғы байланыс және техника құралдарымен қамтамасыз етілген Полиция бөлімінің ғимаратын (үй-жайын) салу, сондай-ақ жаңа теміржол вокзалын жобалау кезінде үй-жайларды бөлу бойынша мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ІІМ, ККМ, Астана қаласының әкімдігі, ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АШМ                      - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                           министрлігі
Әділетмині               - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ                      - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                           министрлігі
ИЖТМ                     - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                           технологиялар министрлігі
ККМ                      - Қазақстан Республикасы Көлік және
                           коммуникация министрлігі
Қаржымині                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қоршағанортамині         - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                           қорғау министрлігі
МАМ                      - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
                           ақпарат министрлігі
МГМ                      - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                           министрлігі
ӨДМ                      - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
                           министрлігі
СІМ                      - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                           министрлігі
ІІМ                      - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
                           министрлігі
ЭБЖМ                     - Қазақстан Республикасы Экономика және
                           бюджеттік жоспарлау министрлігі
БҚА                      - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
                           қорғау агенттігі
«Астана ЭКСПО-2017»      - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы»
ұлттық компаниясы» АҚ      акционерлік қоғамы
Комиссар-ЭКСПО-2017      - халықаралық мамандандырылған көрмесінің
                           Комиссары
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ        - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
                           акционерлік қоғамы
мемлекеттік комиссия     - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған
                           көрмесін дайындау және өткізу жөніндегі
                           мемлекеттік комиссия
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»    - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
                           акционерлік қоғамы
Тіркеу дерекнамасы       - ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу құқығын
                           алған елдің құжаты, оның көрмені
                           ұйымдастыру және өткізу бойынша
                           міндеттемелерін көздейді
Ұйымдастыру комитеті     - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған
                           көрмесін өткізу мәселелері жөніндегі
                           ұйымдастыру комитеті
Ұлттық жоспар            - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған
                           көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің
                           2013–2018 жылдарға арналған ұлттық
                           жоспары
ХКБ                      - Халықаралық көрмелер бюросы
ХКБ Атқарушы комитеті    - Париж қаласында (Француз Республикасы)
                           орналасқан Халықаралық көрмелер бюросының
                           атқарушы комитеті
ЭКСПО-2017 Қолдау қоры   - бюджеттен тыс қаражат есебінен құрылған
                           және Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы
                           Астана» корпоративті қорында ЭКСПО-2017
                           шеңберіндегі іс-шараларды қолдау үшін
                           көзделген қаражат

*                        - Бюджет заңнамасының белгіленген
                           талаптарына сәйкес қаралатын болады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады