1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 27 наурыздағы
№ 59-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
«Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша өздерi өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, МГМ, ЭБЖМ, Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
2. |
«Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге, нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлар тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1197 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, ЭБЖМ, Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
3. |
«Негiзінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ, ЭБЖМ, Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
4. |
Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беретін және акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлғаны айқындау туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2013 жылғы сәуір |
5. |
«Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1174 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
6. |
«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
7. |
«Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
8. |
Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
9. |
«Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
10. |
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
11. |
Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2014 жылғы шілде |
12. |
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2013 жылғы шілде |
13. |
«Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2013 жылғы шілде |
14. |
«Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
15. |
«Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
16. |
«Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1418 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
17. |
«Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ, Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
18. |
Концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға ақылы жол жүруді ұйымдастыру үшін берілген автомобиль жолдары бойынша жол жүру ақысын концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару бойынша заңды тұлғаның пайдасына өндіріп алу қағидаларын және концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға ақылы жол жүруді ұйымдастыру үшін берілген автомобиль жолдары бойынша жол жүру ақысының ставкаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2013 жылғы сәуір |
19. |
«Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1333 қаулысына толықтыру енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҒМ |
2013 жылғы сәуір |
20. |
Кепілдік және басқа да қамтамасыз ету құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
21. |
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) жасау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
22. |
Екінші деңгейдегі банктердің серпінді резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту, серпінді резервтің ең төменгі мөлшерін және күтілетін ысыраптар мөлшерін белгілеу туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
23. |
Біріктірілген көрсеткішті, есептік көрсеткішті және оның мөлшерін, кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру негіздері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту және кредиттер (қарыздар) бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке ең жоғары арақатынас мөлшерін белгілеу туралы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының қаулысы |
ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
24. |
Салық есептілігін кері қайтару туралы салық органы шешімінің нысанын бекіту туралы |
Қаржымині бұйрығы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
25. |
Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы |
Қаржымині бұйрығы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
26. |
«Бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнiң нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 215 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы |
Қаржымині бұйрығы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
27. |
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепті ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қаржымині бұйрығы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
28. |
«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
Қаржымині бұйрығы |
Қаржымині |
2013 жылғы сәуір |
29. |
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері |
ЭБЖМ бұйрығы |
ЭБЖМ |
2013 жылғы сәуір |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.