Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1467 және "Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 107 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 738 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 727 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1467 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 6, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу қағидаларында:
      34-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
      84-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «84. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерден баға ұсыныстарын сұратуды тipкeу журналын және әлеуетті өнім берушілерден түскен баға ұсыныстарын тіркеу журналын жүргізуге міндетті, соңғысында сатып алу тәсілі, әлеуетті өнім берушінің атауы мен пошта мекенжайы, оның жеке сәйкестендіру нөмipi, бизнес сәйкестендiру нөмiрi, баға ұсынысын тipкeу күні мен уақыты көрсетіледі.»;
      2) «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 107 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларында:
      65-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесін.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;»;
      71-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғалар үшін (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – жарғы түпнұсқасының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмелері, Қазақстан Республикасының резиденттері еместер үшін – құрылтайшы-шетелдік заңды тұлға шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын, нотариалды куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар сауда-саттық тізілімінің заңдастырылған үзіндісі немесе басқа да заңдастырылған құжат);
      жеке тұлғалар үшін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу туралы құжат және жеке куәлігінің көшірмесі).
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады