Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
қатты пайдалы қазбалар мәселелері бойынша:
Тоқтабаев | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, хатшы, |
Құсайынов | - | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, |
Бектеміров | - | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша) енгізілсін; |
көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша:
Қарабалин | - | Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі, төраға, |
Құсайынов | - | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі енгізілсін; |
көрсетілген құрамдардан: Еркен Исаханұлы Жақатаев, Абай Мұқашұлы Ескендіров, Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | C. Ахметов |