Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына, Атқарушы комитетіне және Тексеру комиссиясына жіберу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 645 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 184 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 184 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасынан мыналар өкілдер ретінде жіберілсін:

      Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Исабекұлы Мырзахметов;

      Халықаралық Аралды құтқару қорының Тексеру комиссиясына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев.

      2. Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетіне Қазақстан Республикасынан мыналар уәкілетті өкілдер ретінде жіберілсін:

      Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің мүшесі Дәулетияр Аймағамбетұлы Байәлімов;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі – Серік Әбдірахманұлы Бекмағанбетов.

      3. "Қазақстан Республикасының өкілдерін Халықаралық Аралды құтқару қорының басқармасына, Атқарушы комитетіне және Тексеру комиссиясына жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 760 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады