Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 781 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.01.2018 № 34 қаулысымен.

      Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мынадай құрамда Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаментінің директоры;

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);

      "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы (келісім бойынша).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.02.2015 № 90 қаулыларымен.

      2. Комиссияның жұмыс органы функцияларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады.

      3. Комиссия отырысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жарты жылда кемінде бір рет өткізілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады