Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 34 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 34 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат):

      1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға".

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 70-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта:

      2-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi кейiннен Қазақстан Республикасының Yкiметi мүшелерiнiң алқалы шешiм қабылдауын талап ететiн аса маңызды мәселелер бойынша комиссияларды басқарады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi басқаратын комиссиялардың құрамына мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары немесе олардың мiндеттерiн атқаратын адамдар немесе алмастыру құқығынсыз мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларының орынбасарларынан төмен емес мәртебесi бар лауазымды адамдар кiредi.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Комиссияны не жұмыс тобын құру заңда немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актісінде көзделген жағдайларда не Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Премьер-Министр Кеңсесінің бастамасы бойынша жүзеге асырылса, осы Нұсқаулықтың 7 және 8-тармақтарында көзделген комиссия құру туралы Премьер-Министр өкімінің жобасын Премьер-Министрдің Кеңсесімен алдын ала келісу талап етілмейді.";

      15-тармақта:

      екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар хаттама жобасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не оның орынбасарлары басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін жеті жұмыс күні бұрын немесе хаттама жобасын қоса бере отырып, мемлекеттік органның лауазымды адамы басшылық жасайтын комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хатшының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында комиссия мүшелеріне жіберілуге тиіс;";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік органның басшысы басқаратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы комиссияның жұмыс органы жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне комиссияның жұмысы туралы есепті ұсынады.";

      17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Комиссияның/жұмыс тобының отырыстары өткізілгеннен кейін комиссияның/жұмыс тобының хатшысы электрондық құжат форматында хаттаманы ресімдейді.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді оны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган жүзеге асырады, ол жұмыс тобы отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және хаттама жобасын қоса бере отырып, оларды жұмыс тобының отырысы өткізілгенге дейін жеті жұмыс күні бұрын жұмыс тобының мүшелеріне ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында жібереді.

      19. Комиссияның/жұмыс тобының шешімдері ашық және/немесе жабық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында жіберу арқылы өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға/жетекшi дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында жіберіліп, осы Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның/жұмыс тобының есеп-хатына қоса берілуге тиіс.

      Комиссияның/жұмыс тобының отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде төраға ЭЦҚ арқылы қол қоятын электрондық құжат форматындағы хаттама жасалады.

      Комиссияның/жұмыс тобы мүшелерінің хаттаманы келісу нәтижелері туралы хатшының анықтамасы хаттамаға қоса беріліп, ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында төрағаның атына жіберіледі. Анықтамада отырысқа қатысқан комиссияның/жұмыс тобының әрбір мүшесінің комиссияның/жұмыс тобының әрбір шешімі бойынша жеке дауыс беру нәтижелері, оның ішінде негізді себептері көрсетіле отырып, шешім қабылдауға қолдау көрсеткен дауыстардың жалпы саны, шешім қабылдауды қолдамаған дауыстардың жалпы саны, сондай-ақ хаттамаға қол қою мүмкіндігі туралы қорытынды көрсетіледі.

      Егер қаралатын мәселелер бойынша дауыс беру парағында көзделмеген шешімдер болса, комиссия хатшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттаманың жобасын жасап, комиссияның/жұмыс тобының мүшелеріне дауыс беру үшін ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында жібереді.

      Хаттама жобасын алғаннан кейін комиссияның/жұмыс тобының мүшелері 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматындағы хаттарды жіберу арқылы дауыс беруі қажет. Егер комиссияның/жұмыс тобының мүшесі белгіленген мерзімде дауыс бермесе, хаттама жобасына ескертулерсіз дауыс берілді деп саналады.

      Егер комиссияның/жұмыс тобының құрамында ЭЦҚ-сы жоқ жекелеген мүшелер болса, дауыс беру осы Нұсқаулықтың 19-тармағында көзделген хаттамаға қоса берілетін, хатшының анықтамасында нәтижелері көрсетілетін дауыс беру парағын толтыру арқылы жүргізіледі.";

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа қосымшада:

      дауыс беру парағының 8-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескертпе (егер шешімді қолдаса, толтырылмайды)".

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2018 № 419 қаулысымен.
      4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 433 қаулысымен.
      5. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 756 қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2022 № 699 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы
№ 34 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 19 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 3, 18-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 209 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 804 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1703 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 436-құжат).

      5. "Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 781 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1457 қаулысы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 70 және 74-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 60 және 65-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 540-құжат).

      9. "Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 781 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 90 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады