"Балқаш жылу электр станциясы" жобасын іске асыру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 805 қаулысы

      2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасында Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру мәселелері жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 7 тамыздағы
№ 805 қаулысымен  
бекітілген    

«Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру мәселелері
жөніндегі комиссия туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. «Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру мәселелері жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметінің мақсаты «Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеті мен функциясы:
      1) «Балқаш жылу электр станциясы» жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыру бойынша тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
      2) жобаны уақтылы және тиімді іске асыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      5. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
      6. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
      7. Комиссияның шешімдері қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Шешімдер қабылдаған кезде Комиссия мүшелері тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      8. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды, ол Комиссия қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді, күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
      9. Жұмыс органы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде Комиссия мүшелерін хаттамамен таныстырады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 7 тамыздағы
№ 805 қаулысына   
қосымша       

«Балқаш жылу электр станциясы» жобасын іске асыру мәселелері
жөніндегі комиссияның
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, төраға
      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік бақылау және инспекциялау комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры, хатшы
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаментінің директоры
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық шарттарды сараптау департаменті директорының орынбасары
      «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры (келісім бойынша)
      «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы «Генерация» дивизионының басқарушысы (келісім бойынша)
      «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының Стратегия жөніндегі басқарушы директоры (келісім бойынша)
      «Балқаш жылу электр станциясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)
      «Балқаш жылу электр станциясы» акционерлік коғамының Жобаны дамыту департаментінің директоры (келісім бойынша)
      «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
      «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады