Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 813 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 8 тамыздағы
№ 813 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Ақмола облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 68-10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "68-10 "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";

      "Жамбыл облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 545-10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "545-10 "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";

      "Қызылорда облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 768-5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "768-5 "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы";

      "Солтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 1015-28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "1015-28 "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы".

      2. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық компаниялар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. "Байқоңыр (Байконур)" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.";

      реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.";

      реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.";

      реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 597 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасында:

      "1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту пайымы" деген бөлімде:

      "Ағымдағы жағдайды талдау" деген кіші бөлімде:

      төртінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Байқоңыр (Байконур)" ӘКК" ҰК" АҚ (Қызылорда облысы, Қызылорда қ.);".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады