"Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы және "Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 863 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 539 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы және «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 863 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 704-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы және кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
      «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31-2) тармақшасына және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін (бұдан әрі - ТЖК) ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін айқындайды.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. ТЖК-ні ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, тапсыруды және жоюды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі - Порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - ПТӘ) жүзеге асырады.»;
      «ТЖК беру, мерзімін ұзарту және ауыстыру тәртібі» деген 3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. ТЖК-ні беру және ауыстыру тәртібі»;
      28-тармақ алып тасталсын;
      көрсетілген қағидаларға қосымшаларда «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады