"Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 894 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 271 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2016 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 21, 304-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растамасы нысанында:
      3-тармақтың кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«

Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы  13 мамырдағы № 703 және 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 404 қаулыларымен бекітілген)

ЭҚЖЖ коды

ЭҚТӨЖ коды

Өздері өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алған (алынуға жататын) кірістер сомасы теңгемен)

Жиынтық жылдық кірістен үлес салмағы (%-да)

                                                                 ».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады