Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 271 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2016 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 150-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидалары;
      2) негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растамасын алу нысаны бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің          
2011 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1749 қаулысымен     
бекітілген         

Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидалары және оның нысандары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу туралы растаманы арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі - АЭА) қатысушыларына беру тәртібі мен нысанын айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
      1) АЭА қатысушысы - АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
      2) өтініш - растауды алу үшін осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, АЭА қатысушысының жазбаша жүгінуі;
      3) растама - АЭА қатысушылары алған (алуға жататын) табыстарды АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерінен алынған табыстарға жататынын растайтын ресми құжат;
      4) өтініш беруші - растаманы алуға арналған өтінішті қарауға ұсынған АЭА қатысушысы.

2. Растаманы беру тәртібі

      3. АЭА қатысушысы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш береді, ол келіп түскен күні осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша Өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.
      4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) АЭА қатысушысының қызмет түрлері бойынша бөлінген өз өндірісінің өткізілген тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) нақты көлемі туралы анықтамасы;
      2) АЭА қатысушының өткен қаржы жылындағы қызмет нәтижелері бойынша бухгалтерлік теңгерімі және табыстар мен шығыстар туралы есебі;
      3) өткен қаржы жылы үшін аудиторлық есептің көшірмесі (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар ғана ұсынады);
      4) АЭА қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыратыны туралы АЭА басқару органымен шарт көшірмесі;
      5) АЭА қатысушысы ретінде тұлғаның тіркелгенін куәландыратын куәліктің көшірмесі;
      6) АЭА қатысушысының арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тыс жерде құрылымдық бөлiмшелерiнің жоқ екені туралы анықтама;
      7) АЭА қатысушысының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізгенін растайтын құжаттар:
      тауарларды басқа жаққа жіберу туралы жүкқұжаттар;
      орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі;
      АЭА қатысушысымен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) алушы (сатып алушы) арасында жасалған тауарларды жеткізу (жұмысты орындау, қызметтерді көрсету) туралы шарттардың (келісімшарттардың) көшірмелері.
      Өтінішке бірінші басшы (ол болмаған жағдайда, міндетін атқарушы адам) және өтініш берушінің бас бухгалтері қол қоюға, ал осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген қоса берілетін құжаттардың әрбір парағын бірінші басшы дәйектеуге және мөрмен куәландырылуға тиіс.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.12.09 № 1283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Өтініш беруші ұсынылған материалдардың толықтығын және  дұрыстығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олар біртұтас папкаға жинақталуы, ал парақтары нөмірленуі тиіс.
      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын тексереді.
      7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтінішті ресімдеу талаптарына және мазмұнына сәйкес келмеген жағдайда өтінішті оны берген күні қараусыз қайтарады.
      8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы АЭА қатысушысына растаманы өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей береді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.12.09 № 1283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Растаманы беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтініш берушіге күнтізбелік 20 күн ішінде бірінші басшының (ол жоқ болған жағдайда міндетін атқарушы тұлғаның) қолы қойылған жазбаша дәлелді жауапты жібереді.
      Өтініш берушінің Салық кодексінің 150-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі растаманы беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2014.12.09 № 1283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      10. Растама осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген Растамаларды тіркеу журналында тіркеледі.
      11. Растама үш данада ресімделеді, оның екеуі Өтініш берушіге беріледі, үшіншісі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында қалады.
      12. Аумағы Қазақстан Республикасының бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлігінде орналасқан арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарды растауды арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы салық төлеуші ретінде тіркелген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
      Ескерту. Қағидалар 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.28 № 563 Қаулысымен.

Негізінде алынған (алынуға жататын)
табыстарды арнайы экономикалық аймақ
аумағында қызметін жүзеге асыратын
ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған
табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын
облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органының растаманы беру қағидаларына
1-қосымша        

Облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органының басшысына
(атауы)
_________________________
(Т.А.Ә.)

Нысан

Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының РАСТАМАНЫ алуға
ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.28 № 563, 18.06.2013 № 613 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.05.2014 N 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2014.12.09 № 1283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

1. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушының атауы (атауы)
_____________________________________________________________________
2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/СТН___________________________________
3. Мекен жайы мен телефоны___________________________________________
_____________________________________________________________________

      20__ жылғы «___» «______» бастап 20__ жылғы «___» «________» аралығындағы кезеңде алынған (алынуға жататын) табыстарды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 151-1151-2151-3151-4151-5151-6151-7151-8151-9151-10-баптарында көрсетілген қызмет түрлерінен түсетін табыстарға жатқызу туралы растаманы беруді сұраймыз (қажеттісінің астын сызу керек).
      Қызмет түрлері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Қосымша: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы «___» ___ № ______ қаулысымен бекітілген Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларының 4-тармағында көрсетілген растаманы алу үшін қажетті құжаттар.

      Ұйым басшысы ________________________________(Т.А.Ә, қолы)
      Бас бухгалтер _______________________________(Т.А.Ә, қолы) М.О.

      20__ жылғы «___» «_________________»

Негізінде алынған (алынуға жататын)
табыстарды арнайы экономикалық аймақ
аумағында қызметін жүзеге асыратын
ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған
табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын
облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органының растаманы беру қағидаларына
2-қосымша        

Өтініштерді тіркеу журналы

р/с  N

Өтініш қабылдаған күн

Өтініштің атауы

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/СТН

Бекітілген кіріс сомасы және берілген күні

Өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі

Парақ саны

Өтінішті қабылдаған маманның қолы және Т.А.Ә.

Өтініш берушінің қолы










Негізінде алынған (алынуға жататын)
табыстарды арнайы экономикалық аймақ
аумағында қызметін жүзеге асыратын
ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған
табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын
облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органының растаманы беру қағидаларына
3-қосымша          

Растаманы тіркеу журналы

Р/с №

Растаманы берген күні

Растаманы алушының атауы

Бизнес сәйкестендіру нөмірі/СТН

Бекітілген кіріс сомасы және берілген күні

Растамаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі

Парақ саны

Растаманы берген маманның қолы және Т.А.Ә

Өтініш берушінің қолы










Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің          
2011 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1749 қаулысымен     
бекітілген        

Нысан

Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының
РАСТАМАСЫ

      Ескерту. Нысанға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.08.2013 № 894 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі), 2014.12.09 № 1283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

1. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушының атауы (атауы)
_____________________________________________________________________
2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/СТН___________________________________
3. Мекен жайы мен телефоны___________________________________________
_____________________________________________________________________
облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мемлекеттік мекемесі, 20___ жылғы «___» ________20_ жылғы «___»___________кезеңінде жоғарыда аталған ұйымның (атауы) (оның) арнайы экономикалық аймақ мақсатына қызмет түрінен (түрлерінен) жеке өндіріс тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) өткізуден алынған табыстары (сома теңгемен және пайызбен, жазбаша) жылдық жиынтық табысты құрайтынын растайды.

Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесі
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысымен бекітілген)

ЭҚЖЖ коды

ЭҚТӨЖ коды

Өздері өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынған (алынуға жататын) кірістер (сомасы, теңгемен)

Жиынтық жылдық кірістен үлес салмағы
(%-бен)

      Жылдық жиынтық табыс (сомасы теңгемен)_________________________
      Әрекет ету мерзімі_____________________________________________
      «(атауы)» Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мемлекеттік мекемесінің басшысы___________
      (Т.А.Ә., қолы)
      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады