Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 897 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 2 және 3-тармақтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп, өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» (бұдан әрі - Ұлттық кәсіпкерлер палатасы) коммерциялық емес ұйымы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі:
      1) «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жарғысын бекітуді;
      2) «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшелерін тағайындауды;
      3) Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады