"Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 907 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 913 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 907 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 852-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлық газды тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізудің үлгі шартында:
      мына:
      «____________________________________________________________
      (бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектінің атауы,
      құрылтайшы құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі,
      берілген күні мен берген орган)»
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «____________________________________________________________
      (бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектінің атауы,
      құрылтайшы құжаттар, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы
      куәлігі* немесе анықтамасы, берілген күні мен берген орган)
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің үлгі шартында:
      мына:
      «_____________________________________________________________
      (бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектінің атауы,
      құрылтайшы құжаттар, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі,
      берілген күні мен берген орган)»
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      « ____________________________________________________________
      (бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектінің атауы,
      құрылтайшы құжаттар, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы
      куәлігі* немесе анықтамасы, берілген күні мен берген орган)
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады