Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 907 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының  2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Тауарлық газды тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізудің үлгі шарты;
      2) Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің үлгі шарты;
      3) Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі шарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 4 шілдедегі
№ 907 қаулысымен   
бекітілген     

Тауарлық газды тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізудің
үлгі шарты

      Ескерту. Үлгі шартқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.09.2013 № 913 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі).

_______________________                       20___жылғы ___ ________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрі беруші деп аталатын, ________________________________
_____________________________________________________________________
      (бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектінің атауы,
      құрылтайшы құжаттар, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы
      куәлігі* немесе анықтамасы, берілген күні мен берген орган)
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

оның атынан _______________________________________________ негізінде                         (құжаттың атауы)
әрекет ететін _____________________________________ бір тараптан және
                        (лауазымы, Т.А.Ж.)
бұдан әрі тұрмыстық тұтынушы деп аталатын ___________________________
_____________________________________________________________________
                        (тұтынушының атауы)
оның атынан________________________________________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________________________
                              (Т.А.Ж.)
екінші тараптан, бұдан әрі тараптар деп аталатындар осы шартты (бұдан әрі – Шарт) төмендегі туралы жасасты.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) газ – тауарлық газ;
      2) беруші – «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларымен белгіленген жағдайларда газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлға;
      3) беру – газды бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет;
      4) есеп айырысу кезеңі – жеткізілген газдың көлемі айқындалатын, берілген газ үшін беруші мен тұрмыстық тұтынушы арасында өзара есеп айырысу жүргізілетін кезең. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды;
      5) тұрмыстық тұтынушы – тауарлық газды кәсіпкерлік қызметте пайдалану және оларды одан әрі өткізу мақсатынсыз, тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке тұлға;
      6) тұтыну нормасы – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін есепке алу аспаптары жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін өздері тұтынған тауарлық газдың орташа айлық көлемін көрсететін есептік шама;
      7) газ тұтыну жүйесі – газ тарату жүйесінен тауарлық газды қабылдауға, сондай-ақ оларды отын ретінде пайдалануға арналған газ құбырлары (желілік бөлік) мен газ жабдығы кешені;
      8) есепке алу аспаптары – мынадай функцияларды: газды өлшеуді, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы, қысымы және аспаптың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;
      9) смарт-картамен қоса алғанда есепке алу аспаптары – тұрмыстық тұтынушы өзі төлеген газдың барлық көлемін пайдаланған жағдайда газ беруді жабатын салынған бекітпе клапанмен жарақталған смарт-карта арқылы ақы төлеу жүйесімен қоса газды есепке алу аспаптары;
      10) уәкілетті орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      2. Осы Шартта пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына және Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларына сәйкес қолданылады.

2. Шарттың нысанасы

      3. Беруші тұрмыстық тұтынушыға қосылған желі арқылы өзінің тұрмыстық тұтынуы үшін газды беруге, ал тұрмыстық тұтынушы осы Шарттың жағдайларына сәйкес газ үшін ақы төлеуді жүргізуге міндеттенеді.
      4. Газ беруге арналған шартты жасасу жағдайлары газды дұрыс жеткізу үшін құқықтық және техникалық (технологиялық) жағдайларының болуы, оның ішінде тұрмыстық тұтынушы тарапынан – газ тұтыну жүйелерін пайдалану жөніндегі рұқсат ету құжаттарының (техникалық шарт, газбен жабдықтау жобасы, газ тұтыну жабдығының паспорты), газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналып жасалған шарттың болуы тиіс.
      5. Тұрмыстық тұтынушыны газбен қамтамасыз ету газ тарату желілері, газ пайдалану жабдықтары дұрыс техникалық жай-күйде болған кезде жүргізіледі.
      6. Газды қабылдау-тапсыру пункті есепке алу аспабы, ал ол жоқ болған жағдайда бекітпе қондырғы (іске қосу краны) болып табылады.
      7. Осы Шарт бойынша жеткізілетін газ Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының талаптарына сай болуы тиіс.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      8. Қолданыстағы стандартқа сәйкес газ көлемінің бірлігі үшін Цельсий бойынша 20 градус температура және сынапты бағанадағы 760 мм қысым кезінде бір текше метр газ алынады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      9. Беруші:
      1) алынған газ үшін тұрмыстық тұтынушы дұрыс төлем жүргізген және осы Шарттың жағдайлары сақталған жағдайда тұрмыстық тұтынушыға арналған мөлшерде қажетті талап етілетін сапалы газды үздіксіз беруді жүзеге асыруға;
      2) газ тұтынуға және газ үшін тұрмыстық тұтынушының ақы төлегеніне бақылау жасауға, есепке алуға;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мерзімдерде газ тұтыну схемасын өзгерту, жаңа және қосымша газ жабдығын орнату бойынша рұқсат алуға тұрмыстық тұтынушының жазбаша өтінімін нақты қарауға;
      4) қауіпсіз, авариясыз және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге және газды қабылдау-тапсыру пунктіне дейін газдың қысымын ұстауға;
      5) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы газ бағасының өзгергені туралы ақпаратты тұрмыстық тұтынушының назарына жеткізуге;
      6) өз қызметкерлерін тұтынушыға бақылау мақсатындағы тексерулер кезінде көрсетілетін қызметтік куәліктермен қамтамасыз етуге;
      7) тұтынушы берген өтініштің және басқа да растаушы құжаттардың негізінде тұратындардың санын өзгертуді, өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеруді жүргізуге міндетті.
      10. Тұрмыстық тұтынушы:
      1) осы Шарттың жағдайларына сәйкес газ үшін ақы төлеуге;
      2) газ тұтыну жүйелерін, түтіндік және желдеткіш каналдарын, оның қарамағындағы газ желілерінің учаскелерін қауіпсіз пайдалануды, түтіндік және желдеткіш каналдарын уақытылы тексеру және тазартып тұруды қамтамасыз етуге;
      3) берушінің өкілдеріне қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде есепке алу аспаптарын, газ жабдығын, тұрып жатқан тұрғындардың саны жөніндегі деректердің дұрыстығы мен мемлекеттік тексеру туралы қолданыстағы куәліктің бар-жоғын тексеру үшін газ тұтыну жабдықтарына, газ желілеріне және есепке алу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
      4) беруші жүзеге асыратын газды есепке алу аспаптарының сақталуына, техникалық жай-күйіне және тексерілуіне, сондай-ақ оның салынған пломбасының тұтастығына жауапты болуға;
      5) берушінің жазбаша рұқсатын алғаннан кейін ғана газбен жабдықтау схемасын өзгертуді, жаңа және қосымша газ жабдығын орнатуды және іске қосуды жүргізуге;
      6) тұрмыстық тұтынушы жазбаша түрде берушіні жай-күйі және газ тұтыну көлемінен және оған ақы төлеуден (тұратын тұрғындардың санының өзгеруі, төленетін аумақтың мөлшері, газ жабдығының қуаттылығы) көрінетін деректердеің өзгергендігі туралы хабардар етуге міндетті. Тұрмыстық тұтынушы болған өзгерістер және есепке алу аспабынсыз газды тұтыну, оның істен шыққаны не газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмейтіндігі туралы хабарламаған жағдайда, тұтынылған газдың көлемі берушіде бар деректер бойынша есептеледі. Бұл ретте газ үшін қайта есептеулер тұрмыстық тұтынушы растайтын құжаттарды қоса бере отырып тиісті өтінішті берген сәттен бастап жүзеге асырылады;
      7) осы Шарттың жағдайларына сәйкес газды оның тікелей мақсатына қарай ұтымды пайдалануға;
      8) паспорттық деректерге сәйкес оны пайдалану мерзімінен асып кеткен, тәуелсіз мамандандырылған ұйымның берушісінен тиісті хабарламаны алған жағдайда газ жабдығын ауыстыру бойынша шаралар қабылдауға;
      9) есепке алу аспабы істен шыққан және ол тоқтаған жағдайда Берушіге жедел түрде хабардар етуге міндетті.
      11. Жеткізуші:
      1) уақытылы және толық мөлшерде газ үшін ақы алуға;
      2) газды тұтынуға және оған уақытылы ақы төлеуге бақылауды жүзеге асыруға;
      3) газ беруді тоқтатуға негіз болған себептерді жойғанға дейін тұрмыстық тұтынушыға газ беруді кранды қосатын жерден жауып, одан әрі пломба салып немесе дәнекерлеуге қатысты ажыратып барып тоқтатуға:
      тұрмыстық тұтынушыны алдын ала хабарламай-ақ мынадай жағдайларда:
      газ жабдығын қауіпсіз пайдалану және азаматтардың денсаулығына, өміріне, мүлкіне, қоршаған ортаға қауіп тудыратын есепке алу аспаптарын пайдалану жөніндегі талаптар бұзылғанда;
      газды заңсыз пайдалануға әкеп соқтыратын газбен жабдықтау жүйесіне өз бетінше және/немесе заңсыз қосылғанда;
      тұрмыстық тұтынушыны алдын ала хабардар ете отырып, мынадай жағдайларда:
      тұрмыстық тұтынушы пайдаланылған газ үшін ақы төлеу тәртібін бұзғанда;
      берушімен келісімсіз газ желілерін қайта жабдықтауға;
      берушінің өкілдерін екі есеп айырысу кезеңі бойы қатарынан газ жабдықтарын, газ құбырлары мен есепке алу аспаптарына (олар болған жағдайда) жібермеуге құқылы.
      Тұрмыстық тұтынушыны газбен жабдықтауға қосу пайдаланылған газ үшін қарызды, тұрақсыздық төлемін және газбен жабдықтаудан айыру және қосу жөніндегі қызметтер толық төлегеннен кейін жүргізіледі;
      4) газ құбырларындағы жөндеу-алдын алу жұмыстарын жүргізген кезде, сондай-ақ азаматтардың денсаулығына, өміріне, мүлкіне, қоршаған ортаға қауіп тудыратын авариялардың алдын алу және жою жөніндегі шұғыл шараларды қабылдау үшін тұрмыстық тұтынушыға уақытша газ беруді тоқтатуға;
      5) газ жабдығы, есепке алу аспабы, төленетін алаң, тұратын адамдардың саны, құрылыстардың бар-жоғы туралы деректер, сондай-ақ есепке алу және газ тұтынуда көрсетілетін өзге де деректер алуға құқылы.
      12. Тұрмыстық тұтынушы:
      1) осы Шартта айтылған белгіленген сапалы газ алуға және пайдалануға;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен және осы Шарттың жағдайларына сәйкес газдың бағасы туралы ақпарат алуға;
      3) есепке алу аспабы болмаған кезде алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге кеткен уақыттағы үзілістер үшін газға ақы төлеуді жүргізбеуге;
      4) көп қабатты тұрғын үйдің сенімді тұлғасы арқылы кондоминиум объектісін басқару органы мен беруші арасындағы ынтымақтастық шартын жасасуға құқылы.

4. Ақы төлеу тәртібі

      13. Тұрмыстық тұтынушы уәкілетті орган бекіткен баға бойынша газ үшін: газды есепке алу аспабы болмаған кезде – ай сайын тұтыну нормалары бойынша, есепке алу аспаптары болған кезде – ай сайын есепке алу көрсеткіштері бойынша есеп айырысатын айдан кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде ақы төлеуді жүргізеді.
      Смарт-картамен газды есепке алу аспабын пайдаланған кезде газ үшін ақы төлеу берушінің есебіне қажетті газ көлемінің құнын аудару жолымен жүргізіледі.
      14. Есепке алу аспабының көрсеткіштері берушінің өкілдерімен Тұрмыстық тұтынушымен бірлесіп ағымдағы айдың жиырмасынан кейінгі мерзімде алынады. Пәтерде немесе жеке үйде тұратын тұрмыстық тұтынушының кінәсінен екі есеп айырысу кезеңінде есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде, беруші тұтыну нормасы бойынша көрсетілген кезеңге газ тұтыну есебін жүргізуге құқылы.
      15. Есепке алу аспабының жарамсыз екені белгілі болған кезде тұтынылған газдың есебі тұрмыстық тұтынушымен жүргізілген төлем ескеріліп соңғы алты ай үшін қолданыстағы газды тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі.
      16. Тұрмыстық тұтынушының есепке алу аспабын тексеру мерзімі өткен жағдайда тұтынылған газ көлемі үшін есеп айырысу тексеру мерзімі өткен күннен бастап тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі. Есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша қайта есеп айырысу тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда, бірақ бір ай мерзімнен артық емес уақытта жүргізіледі.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      17. Газ үшін ақы төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған Тұрмыстық тұтынушы қарызды толық өтеген сәтке дейін әрбір мерзімі өткен күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қайта қаржыландыруының 1.5 еселік мөлшерлемесі көлемінде тұрақсыздық төлемін төлейді.
      18. Тұрмыстық тұтынушының газбен жабдықтауды өз бетімен қосып алуы, есепке алу аспабын қарамастан орнатылған газ жабдығының, газ тұтыну қуатын арттырғаны, бұзғаны, пломбысын жұлып алуы белгілі болған кезде, көрсетуді бұрмалау және есепке алу аспабына берушінің өкіліне бұрын барғанда көру мүмкін болмағанда тұрмыстық тұтынушы газды рұқсатсыз қосып алу мүмкіндігін жіберген өзге де іс-әрекеттер мақсатында есепке алу аспабына қандай да бір әсер етілгенде беруші есепке алу аспаптарын және (немесе) схеманы соңғы тексерген күннен бастап, көрсетілген күн бойынша олардың 24 сағат бойы жұмыс істеу есебінен газ тұтыну жабдығының қуаты бойынша есептелген мөлшерде есептеуді жүргізуге құқылы.
      19. Осы Шарт бойынша тұрмыстық тұтынушы жіберген бұзушылықтар беруші мен тұрмыстық тұтынушы өкілдерінің актісімен екі данада ресімделеді, олардың бірі тұрмыстық тұтынушыға беріледі. Акті тұрмыстық тұтынушы қол қоюдан бас тартқан кезде, бірақ ол берушінің комиссиясымен немесе құрамында кемінде үш адам бар кондоминиум объектісінің басқару органымен ресімделген жағдайда, нақты болып саналады.
      20. Тараптар газ беруді тоқтатуға әкеп соқтырған тежеусіз күш (дүлей зілзалалар, апаттар, төтенше жағдай режимін енгізу, халықаралық шарттың іс-әрекетін үзу/тоқтата тұру, газ тасымалдау жүйесіндегі авария, сыртқы берушінің (елдің) – газ импорттаушының өнім беруді шектеуі/тоқтатуы және т.б.) іс-әрекетінен туындаған жағдайлардың себебінен осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

6. Қорытынды ережелер

      21. Осы Шарт Тұрмыстық тұтынушымен осы Шарттың негізінде газ үшін берушімен берілген шоттарды бірінші рет төлеген сәттен бастап, ал жаңадан қосылған тұрмыстық тұтынушылар үшін қосылған желіге тұрмыстық тұтынушы бірінші рет нақты қосылған сәттен бастап қолданылады.
      22. Тұрмыстық тұтынушы біржақты тәртіппен берушіні кемінде отыз күн бұрын жазбаша хабардар еткен және олар төлем құжаттарында көрсетілген жағдайда пайдаланылған газға ақы, өсімақы, араласқаны, өз бетімен қосқаны үшін есептеулер және т.б. толық төленген жағдайда осы Шартты бұзуға құқылы.
      23. Осы Шарттың тармақтарымен көзделген мерзімдерде даулы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, осы Шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары

      Беруші:                                    Тұрмыстық тұтынушы:

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 4 шілдедегі
№ 907 қаулысымен   
бекітілген     

Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің үлгі шарты

      Ескерту. Үлгі шартқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.09.2013 № 913 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі).

_______________________                         20__ж. «___» ________
(шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрі беруші деп аталатын, _______________________________
____________________________________________________________________
      (бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектінің атауы,
      құрылтайшы құжаттар, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы
      куәлігі* немесе анықтамасы, берілген күні мен берген орган)
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
оның атынан _______________________________________________ негізінде
                         (құжаттың атауы)
әрекет ететін _____________________________________ бір тараптан және
                        (лауазымы, Т.А.Ж.)
бұдан әрі тұрмыстық тұтынушы деп аталатын ___________________________
_____________________________________________________________________
                        (тұтынушының атауы)
оның атынан________________________________________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________________________
                                    (Т.А.Ж.)
екінші тараптан, бұдан әрі тараптар деп аталатындар осы шартты (бұдан әрі – Шарт) төмендегі туралы жасасты.

1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) газ – сұйытылған мұнай газы;
      2) газбен жабдықтаушы ұйым – сұйытылған мұнай газын тұтынушыға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын аккредиттелген газ желісі ұйымы;
      3) тұтынушы – тұрмыстық тұтынушы;
      4) тұрмыстық тұтынушы – тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын кәсіпкерлік қызметте пайдалану және оларды одан әрі өткізу мақсатынсыз, тұрмыстық мұқтаждар үшін сатып алатын жеке тұлға;
      5) ысырмалы кран – тұтынушының газ жабдығы алдындағы газ құбырындағы бекітпе арматура;
      6) газ жабдығы – газ құбырларының құрамдас элементтері ретінде пайдаланылатын, толықтай зауытта дайындалатын техникалық бұйымдар (компенсаторлар, конденсат жинақтары, сақтандыру-ығыстыру арматурасы, құбыржолдық бекітпе арматура), сондай-ақ газ пайдаланушы қондырғылар (газ аспаптары, пештері мен плиталары);
      7) уақтылы ақы төлемеу – тұтынушының заңнамада және/немесе осы Шартта белгіленген ақы төлеу мерзімі өткен соң тұтынылған газ үшін ақы төлемеуі/тиісінше ақы төлемеуі;
      8) газбен жабдықтау жүйесінен ажырату – берушінің өкілдері орындайтын және тұтынушының газ жабдығына газ беруді тоқтатуға бағытталған газ қаупі бар жұмыстардың кешені;
      9) есепке алу аспаптары – мынадай функцияларды: газды өлшеуді, жинауды, сақтауды, оның шығысы, көлемі, температурасы, қысымы және аспаптың жұмыс уақыты туралы ақпарат көрсетуді орындайтын өлшеу құралдары мен басқа да техникалық құралдар;
      10) тұрмыстық тұтынушының тұрғын үй-жайында іс жүзінде тұру – тұрмыстық тұтынушының тұрғын үй-жайында тұрақты (кемінде бір ай) тұратын отбасы мүшелерінің, өзге де тұратын адамдардың, оның ішінде жалға алу (жалдау) шарты бойынша тұратындар саны;
      11) өздігінен қосылу – тұтынушының газбен жабдықтау жүйесіне өз күшімен не оған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың көмегімен қосылуға бағытталған іс-әрекеті;
      12) заңсыз қосылу – тұтынушыны газбен жабдықтау жүйесінен ажырату туралы куәландыратын берушінің пломбасы (бітеуіш стакан және т.б.) болған кезде орындалған тұтынушының газбен жабдықтау жүйесіне қосылуы;
      13) газбен жабдықтау схемасын өзгерту – пәтерішілік газ құбырының аралық қабатын өзгерту және газ аспаптарын көшіру.

2. Шарттың нысанасы

      2. Беруші тұтынушының газ жабдығы алдындағы ысырмалы кранға дейін газ жеткізуді жүзеге асырады, ал тұтынушы тұтынылған газ үшін ақы төлеуді жүргізуге және оның иелігіндегі газ жабдығы мен есепке алу аспаптарының тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      3. Тұтынушы жұмсаған газдың көлемін есепке алу есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
      4. Осы Шарт бойынша жеткізілетін газ Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының талаптарына сай болуы тиіс.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5. Беруші:
      1) тұтынушыны шектеусіз үздіксіз газбен жабдықтауды жүзеге асыруға;
      2) өз қызметкерлерін тұтынушыға бақылау мақсатындағы тексерулер кезінде көрсетілетін қызметтік куәліктермен қамтамасыз етуге;
      3) техникалық регламенттерге сәйкес газбен жабдықтау жүйесіне профилактикалық қызмет көрсетуді, диагностика, жөндеу жүрізуге;
      4) тұтынушының газбен жабдықтау жүйесіне, газ тұтыну жүйесіне, газ жабдығына авариялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;
      5) тұтынушы берген өтініштің және басқа да растаушы құжаттардың негізінде тұратындардың санын өзгертуді, өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеруді жүргізуге;
      6) есепке алу аспабының көрсеткіштерін салыстырып тексеру актісін ресімдей отырып, жарты жылда бір рет газды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстырып тексеруді жүргізуге;
      7) тұтынушыға өзгелерден басқа, газды тұтыну саны туралы және есеп айырысу кезеңі үшін ақы төлеу мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын хабарлама-шот ұсынуға;
      8) кондоминиумды басқару органдары арқылы немесе өзге тәсілмен газ құбырлары мен құрылыстарда жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты газ беруді тоқтату туралы кемінде үш күн бұрын тұтынушыны хабардар етуге;
      9) тұтынушыны газдың толық берілмеу себептері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге және іс жүзінде берілген газ көлеміне немесе газбен жабдықтаушы ұйымға байланысты емес жағдайлар бойынша оны осы Шартта белгіленгеннен басқа сапада беруге сәйкес қайта есептеу жүргізуге;
      10) тұтынушының талап етуі бойынша оның жеке шотының жай-күйі туралы анықтама, үзінді көшірме беруге;
      11) газ тұтыну жүйесі немесе газ жабдығы қанағаттанғысыз жай-күйде болған және бұл авария қаупін төндірген немесе осы жағдайлар толық жойылғанға дейін айналадағылардың өміріне қауіп тудырған жағдайда тұтынушыны газбен жабдықтауды тоқтата тұруға;
      12) тұтынушының талап етуі бойынша газбен жабдықтаудың жүзеге асырылмау немесе тиісті емес сапада жүзеге асырылу себептерін анықтау (тиісті актіні, сондай-ақ аварияларға, газбен жабдықтаудың болмауына немесе сапасыз жүзеге асырылуына байланысты тұтынушының өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды тіркейтін актіні жасаумен) үшін өзінің өкілін жіберуге;
      13) тұтынушының талап етуі бойынша халық үшін газға белгіленген бөлшек сауда бағасы, газды тұтыну нормалары, қолданылатын коэффициенттер туралы ақпарат беруге;
      14) қолданыстағы нормативтік актілерде, осы Шартта көзделген өзге міндеттерді орындауға міндетті.
      6. Тұтынушы:
      1) тұтынылған газдың құнын осы Шарттың 5-бөліміне сәйкес есептіден кейінгі айдың жиырма бесінші күніне дейін төлеуге;
      2) есепке алу аспабын орнату кезінде оны газ жабдығының техникалық сипаттамаларын ескере отырып таңдап алуға;
      3) Қазақстан Республикасы өлшеу құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, тексеруден өткен және берушінің тіркеуінен өткен есепке алу аспабын пайдалануға;
      4) ай сайын, есеп айырысу айының жиырма бесінші күнін қоса алғанда берушіге өзіне ыңғайлы кез келген тәсілмен есепке алу аспабының көрсеткіштерін хабарлауға;
      5) берушінің өкілдерінің газды есепке алу аспабының көрсеткіштерін алу және қарау, аварияларды жою, газ желілері учаскесінің және жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында қарау, тұратындардың санын нақтылау, газ аспабын газбен жабдықтау жүйесінен ажырату, ажыратқыш қондырғылар мен әзірлеуші зауыт, тексеру ұйымы, беруші орнатқан пломбалардың жарамдылығын тексеру үшін қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
      6) есепке алу аспаптарының (ол болған кезде) және әзірлеуші зауыттың, тексеру ұйымының, берушінің пломбаларының сақталуы мен бүтіндігін қамтамасыз етуге;
      7) ақы төлеу дұрыстығын бақылау үшін қажетті құжаттарды ұсынуға;
      8) пәтерде, подвалда, кіреберісте, көшедегі аулада газдың иісі байқалған кезде – _________ телефоны арқылы авариялық қызметке хабарлауға;
      9) берушінің газбен жабдықтау жүйесінің бар схемаларын өздігінен өзгертуге жол бермеуге;
      10) газ жабдығын мақсатына сай пайдалануға міндетті.
      3. Беруші:
      1) тұтынушыдан берілген газ үшін төлемақыны уақтылы және толық көлемде алуға;
      2) газдың тұтынылуын және ол үшін ақы төлеудің уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;
      3) тұтынушыдан тұтынылған газ үшін төлемдер жинауды ұйымдастыруға;
      4) мына жағдайларда:
      тұтынушының газ жабдығын, есепке алу аспаптарын қарау мен техникалық қызмет көрсеткенде;
      жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары орындалғанда;
      авариялық жағдайлардың алдын алу мен оларды жойғанда тұтынушы алып отырған үй-жайға кіруді талап етуге;
      5) есепке алу аспабының салыстыруаралық интервалы мерзімінің аяқталуын бақылауға, тұтынушыға есепке алу аспабын тексеру туралы хабарлама беруге;
      6) тұтынушының есепке алу аспаптарын пломбалауды жүргізуге;
      7) мыналарға:
      газды есепке алу аспаптарын пайдаланатын, беруші тіркемеген;
      әзірлеуші зауыттың, тексеру ұйымының, берушінің пломбаларының бүтіндігін бұза отырып, газды есепке алу аспаптарын пайдаланатын тұтынушыларға тұтыну нормасы (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін газ жабдығының орташа қуаты) бойынша есептеу жүргізуге;
      8) тұтынылған газ және газ тұтыну жүйесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер үшін уақтылы ақы төлемеген кезде мына:
      жазбаша хабардар ету;
      берешекті сот арқылы өндіріп алу;
      тұтынушыға кемінде бір ай бұрын ескерткен жағдайда одан әрі пломбалаумен немесе дәнекерлеуге ажыратумен ысырмалы кранды жабу жолымен газбен жабдықтау жүйесінен ажырату түрінде тұтынушыға ықпал ету шараларын қолдануға.
      9) мынадай жағдайларда:
      газ жабдығын пайдалану және азаматтардың денсаулығына, өміріне, мүлкіне, қоршаған ортаға қауіп тудыратын есепке алу аспаптарын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптар бұзылғанда;
      газбен жабдықтау жүйесіне өздігінен және/немесе заңсыз қосылғанда жекелеген үй-жайларға, кіреберістерге, үйлерге газ беруді тоқтатуға, газ тіреушелерді немесе жекелеген үй-жайларды дәнекерлеуге ажырату жолымен газ беруді тезарада тоқтатуға құқылы.
      Бұл ретте қосу жөніндегі жұмыстардың құнына ақы төленгеннен кейін беруші тұтынушыға газбен жабдықтау жөнінде қызметтер көрсетуді қалпына келтіреді;
      10) газ беру тұтынушының жазбаша өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін;
      11) газ берудің тоқтатылуы актімен тіркеледі.
      4. Тұтынушы:
      1) газды өзіне қажетті санда тұтынуға шектеусіз пайдалануға;
      2) берушімен өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеруді жүргізуге;
      3) тұтынылған газдың бағасы және олар үшін есеп айырысу тәртібі туралы ақпарат алуға;
      4) алдын ала төлемақы енгізуге;
      5) жеке шоттан үзінді көшірме алуға;
      6) берушіге кемінде отыз күн бұрын хабарлау және тұтынылған газ үшін толық төлемақы, өсімақы, араласқаны, өздігінен қосылу үшін есептемелер енгізу және т.б. шартымен – оларды хабарлама-шоттарда, хабарламаларда көрсеткен жағдайда осы шартты бір жақты тәртіппен бұзуға;
      7) егер тұтынушы алдына ала төлем жүргізсе, осы шарт бұзылған кезде соманы – тұтынушы газдың іс жүзінде пайдаланылған көлеміне ақы төлегеннен кейін қалған айырманы қайтаруын талап етуге (салыстырып тексеру актісіне сәйкес) құқылы.

4. Газды есепке алу және ол үшін ақы төлеу

      5. Тұтынушы ұйым берушісінің кассасына не төлемдерді қабылдауға беруші шарттар жасасқан ұйымның есеп айырысу-кассалық бөлімдеріне есептіден кейінгі айдың жиырма бесінші күніне дейін газ үшін ақы төлеуді жүргізеді.
      Тұтынылған газдың ақысын төлеу үшін есеп айырысу кезеңі күнтізбелік айға тең болып белгіленеді.
      6. Газды есепке алу және есепке алу аспаптары болмаған кезде ол үшін төлемақы есептеу мынадай тәртіппен:
      тұрмыстық тұтынушылар үшін табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін газ тұтыну нормалары бойынша;
      коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін газ тұтыну жабдығының қуаты бойынша жүргізіледі.
      7. Ғимараттың (үймереттің, құрылыстың) жылытылатын алаңы ішкі қабырғалары алып жатқан алаңды қоса алғанда, сыртқы қабырғалардың ішкі үстіңгі беттері шегінде өлшенетін ғимараттың қабаттарының (оның ішінде мансардтық, жылытылатын цокольдік және подвал) алаңы ретінде айқындалады.
      8. Жылытылатын алаңның, тұратын адамдардың саны екіжақты актімен ресімделеді. Мұндай акт шарттың ажырамас бөлігі және ол жасалған күннен бастап төлемақы есептеу және алу үшін негіз болып табылады. Тараптардың біреуі актіге қол қоюдан бас тарқтан жағдайда дау тұтынушының қатысуымен берушінің өкілінің алаңды қайта өлшеуімен шешіледі.
      9. Тұтынушыда орнатылған есепке алу аспаптары белгіленген тәртіппен тексерілуге және пломбалануға тиіс.
      Есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша есепке алу оны газбен жабдықтау ұйымы пломбалаған сәттен бастап жүргізіледі.
      10. Тұтынушы ай сайын, әрбір айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей берушіге есепке алу аспабының көрсеткіштері туралы хабарлауға және қолда бар көрсеткіштерді ескере отырып, газдың тұтынылған көлеміне ақы төлеуді жүргізуге міндетті.
      11. Тұтынушы берушінің өкілдерін есепке алу аспабына қол жеткізуден бірнеше рет (2 және одан көп рет) бас тартқан жағдайда тұтынушыға берушінің өкілінің есептеуіш көрсеткіштерін алу мерзімі туралы (кемінде бір апта бұрын) хабарлама жіберіледі немесе қол қойдырып тапсырылады.
      12. Егер берушінің өкілі есептеуіштен көрсеткіштерді алудан бас тартқан жағдайда, беруші есептеуіштің көрсеткіштерін соңғы алу жүргізілген айдан бастап тұрмыстық тұтынушылар үшін тұтыну нормативтерін немесе коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін газ тұтыну жабдығының қуатын ескере отырып, газ үшін төлемақыны есептеуді жүргізуге құқылы.
      13. Есепке алу аспабын жөндеу, ауыстыру, тексеру жүзеге асырылатын күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңде тұтынылған газдың саны көрсетілген есептеуіш бойынша орташа айлық көлем ретінде есептеледі.
      14. Газды есепке алу аспабын тексеру мерзімі аяқталғаннан кейін, егер тұтынушы оны тексеруді уақтылы жүргізбеген болса, беруші газды есепке алуды және есептеуді тұрмыстық тұтынушылар үшін қолданыстағы тұтыну нормалары бойынша, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін – газ жабдығының қуаты бойынша жүргізеді.
      15. Тұтынушыда газ жабдығына өздігінен не заңсыз қосылу анықталған кезде беруші көрсетілген іс-қимылдың жасалғаны анықталған айдың алдындағы алты ай ішінде бұзушылықтарды жою күнін қоса алғанда газ тұтынуды тиісінше есепке алмай, тұрмыстық тұтынушылар үшін қолданыстағы тұтыну нормалары бойынша, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін – газ тұтыну жабдығының қуаты бойынша төлемақы мөлшерін қайта есептеуді жүргізуге құқылы.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      16. Беруші газдың тиісті сапасы және тұтынушының ысырмалы кранға дейін газ берудің үздіксіздігі үшін жауапты болады.
      17. Беруші Шарттың талаптарын бұзған жағдайда тұтынушыға осыған байланысты шеккен шығындарды өтейді.
      18. Тұтынушы тұтынылған газ үшін төлемақының уақтылылығы мен толықтығы, есепке алу аспабы көрсеткіштерінің уақтылылығы мен дұрыстығы, есепке алу аспаптарын тексеру уақтылылығы үшін жауапты болады.
      19. Есептіден кейінгі айдың жиырма алтыншы күні төлемақының мерзімі өткен күн болып саналады.
      20. Төлемдерге ақы төлеу мерзімі өткен жағдайда тұтынушы мерзімі өткен әрбір күн үшін ақы төлеу мерзімі өткен сомадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
      21. Әзірлеуші зауыттың, берушінің, тексеру ұйымының есепке алу аспабының пломбалары зақымдалған/бұзылған кезде беруші газ плитасының орташа қуаты бойынша төлемақыны қайта есептеуді жүргізуге не тұтынушыға бұл туралы ескертпестен, газ беруді тоқтатуға құқылы.
      22. Тараптар газ беруді тоқтатуға әкеп соқтырған тежеусіз күш (дүлей зілзалалар, апаттар, төтенше жағдай режимін енгізу, халықаралық шарттың іс-әрекетін үзу/тоқтата тұру, газ тасымалдау жүйесіндегі авария, сыртқы берушінің (елдің) – газ импорттаушының өнім беруді шектеуі/тоқтатуы және т.б.) іс-әрекетінен туындаған жағдайлардың себебінен осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

6. Шарттың қорытынды ережелері

      23. Шарт қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және мерзімсіз сипатқа ие.
      24. Беруші жасаған актілер мен хабарламалар тұтынушы, сондай-ақ өзге негіздерде (жалға алушылар, тұтынушының қызметкерлері және басқалар) тұтынушының үй-жайында болған адамдар қолма-қол, пошта арқылы алған сәттен бастап тапсырылған болып табылады.
      25. Осы Шартта көзделмеген даулар жағдайлары немесе Тараптардың келісіміне қол жетпеген Шарт бойынша даулар сот тәртібімен шешіледі.

7. Тараптардың заңды мекенжайлары

      Беруші:                                    Тұтынушы:

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 4 шілдедегі
№ 907 қаулысымен   
бекітілген     

Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну
жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетудің үлгі
шарты

__________қ.                                   20__жылғы ___ ________

      Бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын, _______________________
________________________атынан ________________________ негізінде әрекет ететін __________________________________ бір тараптан, және бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, ___________________атынан, ____________________екінші тараптан,мына төмендегі туралы осы шартты жасасты:

1. Шарттың нысанасы

      1. Осы Шартқа сәйкес орындаушы тапсырыс берушінің тұрғын (тұрғын емес) үй-жайында орнатылған газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарын орындауды жүргізуге міндеттенеді, ол өз кезегінде, жоғарыда көрсетілген жұмыстарды қабылдауға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
      2. Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мыналарды қамтиды:
      1) газ жабдығын орнатудың және газ құбырларын тартудың газбен жабдықтау жобасына және абонент карточкасына сәйкестігін тексеру (визуалды түрде);
      2) газ құбырларына және газ жабдығына еркін қол жеткізудің бар-жоғын тексеру (визуалды түрде);
      3) газ құбырларының боялу және бекітілу жай-күйін, ғимараттың сыртқы және ішкі конструкциялары арқылы газ құбырлары тартылатын жерлерде футлярлардың барлығы мен тұтастығын тексеру;
      4) газ құбырларының және арматураның, тұрмыстық газ жабдықтарының герметикалық жалғанған жерлерін аспаптық әдіспен немесе сабынды эмульиямен тексеру;
      5) газ жабдығының тұтастығы мен жарақталуын тексеру;
      6) газ құбырларында орнатылған крандардың жұмыс қабілеттілігі мен майлануын тексеру;
      7) түтіндік және желдеткіш каналдардың тарту күшін, газ жабдығын түтіндік каналымен жалғастырушы құбырлардың жай-күйін, жану үшін ауа ағымының бар-жоғын тексеру;
      8) тұрмыстық газ жабдығының крандарын бөлшектеу және майлау;
      9) тұрмыстық газ жабдығының қауіпсіздік автоматикасының жұмыс қабілеттілігін, оның жөнделгендігін және реттелгендігін тексеру;
      10) жанарғыны ластанудан тазалау, жабдықтың барлық жұмыс режимінде газдың жану процесін реттеу;
      11) газ жабдығының жекелеген тораптары мен бөлшектерін ауыстыру немесе жөндеу қажеттілігін анықтау;
      12) газ жанарғысының, жабдықты жандырғанға дейін және одан кейін түтін тартқыштың болуын міндетті тексеру туралы ескертетін түтіндікке жану өнімін бұратын аспаптардың қасында арнайы тақтайшалардың бар-жоғын тексеру;
      13) тұтынушыларға тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану қағидалары жөнінде нұсқау беру;
      14) шкафтағы реттеуіш пункттеріне, газ құбырларын тоттанудан қорғау қондырғыларына қызмет көрсету (олар болған жағдайда).
      3. Техникалық қызмет көрсетуге жататын газ жабдығының атауы, тұрпаты мен саны осы шартқа қосымшаға сәйкес ресімделетін абонент карточкасында көрсетіледі.
      4. Үйішілік газ жабдығын жөндеу жөніндегі жұмыстар және осы шартта көзделген жұмыстар, оның ішінде тораптар мен бөлшектерді ауыстыру тапсырыс берушінің өтінімі бойынша жүзеге асырылады.
      5. Осы Шарттың 2-тармағында санамаланған жұмыстар тапсырыс берушіде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарға сәйкес келетін, дұрыс жұмыс істейтін және түтін мен желдетпе арналары тексерістерден уақтылы өткізілген газ жабдығы болған кезде іске асырылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

2. Орындаушының құқықтары мен міндеттері

      6. Орындаушы:
      1) Шарттың жағдайларына сәйкес техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуге;
      2) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жылына кемінде 1 рет орындауға;
      3) тапсырыс беруші жоспардан тыс жұмыстарды (өтінім бойынша жөндеу) жүргізу қажеттігі туралы өтініш жасаған жағдайда, оларды келісілген мерзімдерде орындауға;
      4) тапсырыс берушіні газ жабдығын пайдалану жөнінде бастапқы және қайта нұсқаудан өткізуге міндетті.
      7. Орындаушы:
      1) газ берушіні тапсырыс берушіге газ беруді тоқтату қажеттілігі туралы мынадай жағдайларда:
      аварияларды жою кезінде;
      жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде;
      газ жабдығының, түтіндік және желдеткіш каналдарының қанағаттанарлықсыз жай-күйінде және бұзылған жағдайында, техникалық жай-күйі туралы оң қорытындымен қоса тексеру актілері болмаған кезде;
      газ жабдығын өз бетінше ауыстыру, монтаждау және демонтаждау, қосымша газ жабдығын өз бетінше орнату, газ жабдығын мақсатқа сай пайдаланбау, оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын бұза отырып газ жабдығын пайдалану кезінде;
      тапсырыс беруші газ тұтыну жабдықтарына және газ жабдығына техникалық қызмет көрсету (жөндеу) үшін орындаушының өкілдеріне қол жеткізуді қамтамасыз етпеген жағдайда, оны жазбаша ескерткеннен кейін екі ай өткен соң хабардар етуге құқылы. Бұл ретте орындаушы жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша газ беруді тоқтату нәтижесінде тапсырыс берушіде пайда болған шығындар, залалдар үшін жауапты болмайды;
      2) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мерзімдерін өз бетінше айқындауға;
      3) тапсырыс берушінің өтінімі бойынша жаңадан орнатылған газ жабдығын іске қосуды, жөндеуді, осы Шартпен көзделмеген жеке төлем үшін газ аспаптарының тораптары мен бөлшектерін ауыстыруды жүргізуге құқылы.

3. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері

      8. Тапсырыс беруші:
      1) газ жабдығын оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес пайдалануды қамтамасыз етуге;
      2) газ жабдығы, түтіндік пен желдеткіш каналдары істен шыққан, газдың иісі шыққан кезде, газды пайдалануды жедел тоқтатуға және газ тарату, газ желісі ұйымының авариялық қызметіне хабарлауға;
      3) түтіндік және желдеткіш каналдарын уақытылы тексеруді және тазартуды қамтамасыз етуге;
      4) жөндеу қажет болған жағдайда, ал авария жағдайларында – тәуліктің кез келген уақытында тексеру үшін орындаушы өкілінің (куәлігін көрсету бойынша) газ жабдығына және сатылы ажырату крандарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Орындаушымен техникалық қызмет көрсетілген жағдайда газдандырылатын объектіге арналған газбен жабдықтау жобасының (орындаушы-техникалық құжаттама) көшірмесін ұсынуға;
      5) газ жабдығын, түтіндік және желдеткіш каналдарын өз бетінше газдандыру, қайта монтаждау, монтаждау, демонтаждау, құрылысын өзгерту және жөндеу (оның ішінде ауыстыру) жөніндегі жұмыстарды жүргізбеуге және оларды жүргізуге жол бермеуге;
      6) газ жабдығының алдында және ажыратқышта (тіреуіштер) қосу крандарының орналасқан жерін басқа заттармен үйіп тастамауға;
      7) газ жабдығын қауіпсіз пайдалану жөніндегі бұзылыстарды жою жөнінде орындаушының ұйғарымдарын орындауға;
      8) бес жұмыс күнінің ішінде орындаушыға техникалық қызмет көрсетілуге жататын жабдықтар санының өзгеруі туралы хабардар етуге міндетті.
      9. Тапсырыс беруші қолданыстағы стандарттарға және нормаларға сәйкес қызметтер алуға құқылы.

4. Қызметтер құны мен ақы төлеу тәртібі

      10. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың құны орындаушының қолданыстағы прейскуранттың негізінде айқындалады. Осы Шарт бойынша газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға ақы төлеу тапсырыс берушімен ай сайын (жылына бір рет) орындаушының шотына аудару жолымен жүргізіледі. Ақы төлеу шот ұсынылған айдың жиырма бесіне дейін ұсынылған шоттың негізінде жүргізіледі.
      11. Төлем орындаушының шотына ақша түскен факті бойынша жасалған болып саналады.
      12. Осы Шарт бойынша ақы төлеу мөлшері тапсырыс берушіге тиесілі газ жабдығының саны немесе газ желілерінің ұзақтығы өзгерген жағдайда өзгеруі мүмкін. Бұл жағдайда, орындаушы өзгерістерді ескеріп, техникалық қызмет көрсету құнын қайта есептеуді жүргізеді.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      13. Тапсырыс беруші осы шарттың жағдайларын бұзған кезде, орындаушы жауапкершілік алмайды және газ жабдығының жұмысына кепілдік бермейді.
      14. Тапсырыс беруші техникалық қызмет көрсету жөніндегі орындалған жұмыстарға уақытылы ақы төлемеген жағдайда, соңғысы орындаушының талабы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 (бір жарым) еселік мөлшерлеме мөлшерінде қарызды толық өтегенге дейін әрбір мерзімі өткен күн үшін қарыз сомасынан өсімпұл төлеуге міндетті.
      15. Осы Шартпен көзделмеген жағдайларда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      16. Газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет тиісті түрде көрсетілмеген жағдайда, орындаушы өз есебінен қайта техникалық қызмет көрсетуді жүргізеді.
      17. Газ тұтыну жүйелеріне, газ жабдығына орындаушының қолы жетпеген жағдайда, газ тұтыну жүйелерінің жарамды техникалық жай-күйіне тапсырыс беруші жауапты болады.

6. Шарттың қолданылу мерзімі

      18. Шарт шотта көрсетілген соманы бірінші рет төлеген сәттен бастап күшіне енеді және газ тұтыну жүйелерін пайдалану кезеңінде, ал есеп айырысулар мен қаржылық міндеттемелер бойынша – олар толық аяқталғанға дейін қолданылады.

7. Қорытынды ережелер

      19. Осы Шарт бойынша немесе оған байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктер тараптар арасында келіссөздер жолымен шешіледі.
      20. Туындаған дауларды немесе келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешілуге жатады.
      21. Осы Шартпен реттелмейтін мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

8. Тараптардың деректемелері

      Орындаушы:                                 Тапсырыс беруші

Коммуналдық-тұрмыстық және       
тұрмыстық тұтынушылардың газ      
тұтыну жүйелеріне және газ       
жабдықтарына техникалық қызмет    
көрсетуге арналған үлгі шартқа қосымша

Абонент карточкасы

Газ тұтыну жүйелерінің атауы

Саны

Түрі, маркасы

2 конф. газ плитасы



3 конф. газ плитасы



4 конф. газ плитасы



УГОП от жанатын мойыны



Ағынды су жылытқыш (газ. колонкасы)



Сыйымды су жылытқыш (АГВ, АОГВ)



Жағып жылытатын қазандық



Газ құбыры



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады