"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 934 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С.Ахметов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж. № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) мазмұнында:
      мынадай мазмұндағы 51-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «51-2-бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі»;
      мынадай мазмұндағы 89-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «89-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыстары»;
      мынадай мазмұндағы 105-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «105-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері»;
      мынадай мазмұндағы 106-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «106-1-бап. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар мен болмаған залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегеру»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-параграфтың және 130-1, 130-2, 130-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
      «§ 5-1. Ұзақ мерзімді келісімшарттар
      «130-1-бап. Жалпы ережелер
      130-2-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі
      130-3-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі»;
      12-бапта:
      1-тармақта:
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) дивидендтер – бұл:
      акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
      қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс;
      заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыс түріндегі бөлігі;
      заңды тұлғаны тарату кезінде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту арқылы не құрылтайшылар, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ құрылтайшыға, қатысушыға қатысу үлесін немесе оның заңды тұлғадағы бөлігін қайтару кезінде мүлікті бөлуден түсетін табыстар;
      исламдық қатысу сертификаттары бойынша төлеуге жататын табыстар; акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан;
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны мен олардың акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілу құны арасындағы оң айырма;
      тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны мен олардың акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алыну құны арасындағы теріс айырма;
      үшінші тұлға алдында заңды тұлғаның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында туындайтын, заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлғаның өзі өтейтін шығыстардың немесе міндеттемелердің құны;
      осы Кодекстің 163–165-баптарында көрсетілген табыстарды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын табыс.
      Осы тармақшада көрсетілген мүлікті бөлуден табыс мынадай тәртіпте айқындалады:
      Т = Қа–Қк,
      мұндағы:
      Т - мүлікті бөлуден түсетін табыс;
      Қа - мүлікті бөлу кезінде алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің құны;
      Қк - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген мүліктің, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құны.
      Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі. Осы тармақшаның мақсаты үшін өзара байланысты тараптар осы баптың 1-1-тармағына сәйкес айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «18-1) құпиялылық туралы келісім – геологиялық ақпаратты пайдалануға берілуіне негіз болатын жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерделеу мен пайдалану бойынша уәкілетті мемлекеттік орган арасындағы шарт (келісім). Мұндай шартқа (келісімге), оның ішінде: құпиялылық туралы келісім, ақпаратты алу туралы келісім және ақпаратты алу туралы шарт жатады;»;
      19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-1) инвестициялық алтын – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы берген, мұндай алтынның ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына сәйкестігін растау жөніндегі сертификаты немесе өзге де құжаты бар, мынадай талаптарға сәйкес келетін алтын:
      алтын монеталар үшін:
      мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы жоқ;
      алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесіне 900 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 900-сынамаға,
900-промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес).
      Осы Кодекстің мақсаттары үшін ұлттық валюта монеталары инвестициялық алтын болып танылмайды.
      Бұл ретте алтын монета мынадай талаптардың біріне сәйкес болған кезде оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады:
      1800 жылға дейін соғылған;
      «пруф» (proof) сапасында бетін айнадай етіп алуды қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған;
      шығарылымының таралуы 1000 данадан аспайды;
      оның нарықтық бағасы монетадағы алтын құнының 80 пайызынан асады.
      Алтын монетаның нарықтық бағасы алтын монетаны өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін (бағаның бағамдалуы) көрсетілген күнге белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту жолымен айқындалады.
      Қалған алтын үшін:
      мұндай алтын құйма және (немесе) пластина нысанында жасалған;
      мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесіне 995 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 995-сынамаға, 995-промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес);»;
      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «39) сыйақы - мыналарға:
      кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты;
      кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға берілген өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;
      кредиттің (қарыздың) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, банк талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға берген кредитке (қарызға) байланысты;
      қаржы лизингі шарты бойынша мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты, оның ішінде:
      мұндай мүліктің алыну (берілу) құнын,қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес коэффициентті (индексті) қолдану кезінде лизингтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне байланысты төлемдерді,лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға берілетін төлемдерді қоспағанда, осындай шартқа байланысты өзара байланысты тарапқа берілетін төлемдер;
      салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозитті) қабылдап алған тарап үшін салымшы (депозитор), өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға берілетін төлемдерді қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша;
      сақтандыру сомасының мөлшерін, сондай-ақ сақтандырушы үшін сақтанушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шартымен байланысты;
      борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан алынған сыйлықақыны есепке алып), сыйақы төлейтін тұлға үшін оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төлем түріндегі;
      вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, вексель бойынша;
      репо операциялары бойынша – репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы айырма түріндегі;
      исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер;
      Осы тармақшаның мақсаттарында банктік шот шарттары бойынша төленетін сыйақылар да сыйақы деп танылады.»;
      3) 13-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:
      салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;
      резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін алуға;»;
      4) 19-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы
2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы мәмілелерді заңсыз деп тану туралы соттарға талаптар қоюға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да талаптар қоюға құқылы.»;
      5) 20-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:
      салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;
      резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін беруге;»;
      6) 37-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Егер ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған күнге таратылатын заңды тұлғада есепке жатқызылған қосылған құн салығының осы Кодекстің 272-бабына сәйкес қайтаруға жататын есепке жазылған салық сомасынан асып кететін сомасы болса, көрсетілген асып кеткен сома осы Кодекстің 273, 600 және 603-баптарында белгіленген тәртіппен таратылатын заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.»;
      7) 39-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін табыс етуді қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) жүктеледi.»;
      8) 40-баптың 6-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық есептілігін табыс етуді қоспағанда, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемелерiн орындау оның құқықтық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.»;
      9) 46-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, көрсетілген талап қою мерзімі салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға ұзартылады.
      Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін залалды ауыстыру бөлігінде өзгерістерімен және толықтыруларымен қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда көрсетілген талап қою мерзімі бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығының есепке жазу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік үш жылға ұзартылады.»;
      10) 47-бапта:
      1, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы Кодекстің 51-2-бабында өзгеше белгіленбесе, Салық (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) және (немесе) өсiмпұлдар төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін неғұрлым кеш, бірақ күнтізбелік он екі айдан аспайтын мерзімге ауыстыру салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады.
      Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы Кодекстің 51-2-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, салықты және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу мерзімін ауыстыру себептері қамтылған салық төлеушінің өтініші негізінде жүргізіледі.»;
      «3. Егер осы Кодекстің 51-2-бабында өзгеше белгіленбесе, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеушіні осы Кодекстің 610-бабына сәйкес салық сомасын уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдар төлеуден босатпайды.
      4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Кодекстің 51-2-бабында өзгеше белгiленбесе, салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту осы тарауда белгіленген тәртіппен салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.»;
      11) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Кодекстің 51-2-бабында өзгеше белгiленбесе, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықты және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.»;
      12) мынадай мазмұндағы 51-2-баппен толықтырылсын:
      «51-2-бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
      1. Осы баптың ережелерін қайта құрылымдалатын ұйым сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарына сәйкес осындай ұйым кредиторлар алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүзеге асырған салық кезеңі үшін есептелген және төленуі тиіс корпоративтік табыс салығына қолданады.
      Осы баптың мақсаты үшін қайта құрылымдалатын ұйым деп бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін салық төлеуші ұғынылады:
      1) жарғылық капиталында мемлекет қатысатын резидент заңды тұлға;
      2) осындай заңды тұлғаның кредиторлар алдындағы міндеттерін орындау үшін қайта құрылымдауды жүргізу тәртібі «Банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;
      3) сот осындай заңды тұлғаның кредиторлар алдындағы міндеттерін орындау үшін қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім қабылдаған күні банктерді қоспағанда, бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін ұйым болып табылады.
      2. Осы Кодексте белгіленген салық төлеу мерзімін қайта құрылымдау жоспарында көзделген кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудың неғұрлым кеш, бірақ осы Кодекстің 142-бабында белгіленген осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген және төлеуге жататын корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімі күнінен бастап он жылдан аспайтын мерзімге ауыстыру қайта құрылымдалатын ұйымның корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту танылады.
      Бұл ретте корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы баптың 3-тармағында көзделген шарттар сақталған кезде жүргізіледі.
      Қайта құрылымдалатын ұйымның осы баптың ережелерін бір реттен көп қолдануына жол берілмейді.
      3. Қайта құрылымдалатын ұйым осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация табыс ету мерзімінен кешіктірмей орналасқан орны бойынша салық органына осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгергені туралы хабарлама табыс етуге міндетті.
      Қайта құрылымдалатын ұйым хабарламамен бір мезгілде мынадай құжаттарды табыс етеді:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мақұлдаған қайта құрылымдау жоспарының нотариат куәландырған көшірмесі;
      2) сот куәландырған қайта құрылымдау жүргізу туралы сот шешімінің көшірмесі;
      3) сот куәландырған қайта құрылымдау жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымының көшірмесі.
      4. Осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осындай салықты уақтылы төлемегені үшін өсімпұл есептелмей, сондай-ақ салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлік кепілінсіз және (немесе) банк кепілдігінсіз жүргізіледі.
      5. Осы бапқа сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту салық төлеуші осы баптың ережелерін сақтамаған жағдайда жүргізілмейді.»;
      13) 63-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есептеулерін, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг жөнінде есептілікті, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстің
65 – 67-баптарының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.»;
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;»;
      14) 64-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер салық төлеуші уәкілетті орган әртүрлі салықтық нысандар белгілеген салық төлеушілердің санаттарына жатса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген салықтық нысандарды жасауға тиіс.»;
      15) 65-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын салық төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін:»;
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығының сомасы есептеулерінің мынадай нысандарын:»;
      16) 67-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен бірге бекітеді:»;
      17) 68-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер салық төлеуші уәкілетті орган салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жататын салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша салық есептілігін табыс етуге тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін тек электронды түрде мынадай жеке тұлғалар салық есептілігін табыс етуге міндетті:
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация табыс ету міндеттемесі жүктелген тұлға;
      мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
      қызметкердің лауазымы еңбек заңнамасына сәйкес әкімшілік персоналға жататын болса;
      жұмыс вахталық әдіспен жүзеге асырылмаса немесе көшпелі сипатта болмаса;
      салық заңнамасына сәйкес ұлттық басқару холдингінің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның орналасқан орны республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қала болып табылса, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ұлттық басқару холдингінің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның қызметкері
      Осы тармақтың ережелері көлік, коммуникация, байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның деректері бойынша тұрғылықты жерінің аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жеке тұлғаларға қолданылмайды.»;
      18) 69-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жою әдісімен мынадай:
      1) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40 – 42-баптарына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;
      2) осы Кодекстiң 68-бабы 2-тармағының, 70-бабы 5-тармағының талаптарын бұза отырып, салық төлеушi табыс еткен;
      3) осы Кодекске сәйкес осындай салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттемесі жоқ салық төлеуші табыс еткен;
      4) осы Кодекстің 584-бабының 5-тармағына сәйкес табыс етілмеген деп есептелетін;
      5) талап ету мерзімі өткеннен кейін салық төлеушi табыс еткен салық есептілігiн кері қайтарып алу жүргізіледі.
      Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркелу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында кері қайтарылатын салық есептілігі бойынша салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген (азайтылған) сомасына түзету жасауды жүзеге асырады.
      Осы Кодекстің 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілмеген деп саналатын салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сомаларға түзету жасауды, осындай салық есептілігін табыс ету орны бойынша салық органы жүзеге асырады.
      Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының салықтық есептілікті кері қайтарып алуға арналған шешімінің негізінде жүргізіледі.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 2-тармағының 2) - 5) тармақшаларында көрсетiлген салық есептілігiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етпесе, салық органы салық төлеушiге (салық агентiне) осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарламаны белгiленген мерзiмде жiбередi.»;
      19) 71, 72-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «71-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту
      Мониторингке жататын ірі салық төлеуші осы Кодекстің 624-бабында көрсетілген мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін күнтізбелік 60 күнге дейін ұзартуға құқылы.
      Мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, мониторингке жататын ірі салық төлеуші мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеу орны бойынша салық органына хабарлауға міндетті. Хабарлама уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша беріледі.
      72-бап. Мониторинг бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігін табыс ету мерзімдерін ұзарту
      1. Салық төлеуші (салық агенті) мониторинг бойынша есептілікті және тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезіндегі жанама салықтар бойынша салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігінің электрондық түрде табыс етілу шартымен оны табыс ету мерзімін ұзартуға құқылы.
      2. Осы бапқа сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту үшін салық төлеуші (салық агенті) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тіркеу есебінің орны бойынша салық органына жібереді.
      Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодексте белгіленген мерзім өткенге дейін салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаны салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйелері арқылы ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол берілетін қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде жібереді.
      Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салық органына салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға хабарлама жіберілген күнтізбелік жыл ішінде салық төлеуші (салық агенті) табыс ететін салық есептілігіне қолданылады.
      3. Салық есептілігін табыс ету мерзімі мынадай:
      1) корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша – декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын;
      2) салықтың өзге түрлері, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша – декларацияны және (немесе) есептеуді табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.
      Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту осы Кодекстің 141-бабында көзделген аванстық төлемдер сомасының есептеуін табыс ету мерзіміне қолданылмайды.
      4. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімін өзгертпейді.»;
      20) 73-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім:
      1) салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған;
      2) салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген;
      3) осы Кодекстің 579-бабына сәйкес салық органы салық төлеушіні әрекетсіз деп таныған жағдайларда қабылданады.»;
      21) 78-бапта:
      1-тармақта:
      үшінші бөліктің төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «егер бастапқы лизинг шарты бойынша аннуитеттік төлем әдісі көзделген жағдайда - қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасы лизингтік төлемдер сомасына азайтылған, лизинг шарты бұзылған күнге есептелген бастапқы лизинг шарты бойынша лизингтік төлемдердің жалпы сомасынан аспаса;
      егер бастапқы лизинг шарты бойынша тең үлестермен төлеу әдісі көзделген жағдайда - қайталама лизингке берілетін лизинг нысанасының құны лизинг төлемдерінің сомасына азайтылған, лизинг шарты бұзылған күнге есептелген бастапқы лизинг шарты бойынша лизинг нысанасының құнынан аспаса, қайталама лизинг шарты (шарттары) бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бастапқы лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерінен аспаса;»;
      22) 79-бап алып тасталсын;
      23) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «9) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарды алыс-беріс шикізатынан өндірген адам үшін - алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдер болып табылатын акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу бойынша салық міндеттемесін осындай адамның орындау есебінен алуына (алған) жататын өтем сомасы;
      10) мемлекеттік мекемеден мемлекеттік кәсіпорын:
      шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында осындай кәсіпорынға бекітілген негізгі құралдар;
      шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы осындай кәсіпорынға бекітілетін негізгі құралдарды сатып алуға ақша түрінде алған мүліктің құны.»;
      24) 85-бапта:
      1-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табысы;»;
      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «23-1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы осындай кәсіпорынға бекітілген негізгі құрал-жабдықтар өтеліміне байланысты туындайтын мемлекеттік кәсіпорынның табысы;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес табыстарын түзетуге құқығы бар. Бұл ретте түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтық табыс осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес теріс мәнге ие болуы мүмкін.»;
      25) 87-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) инвестициялық алтын;»;
      26) мынадай мазмұндағы 89-1-баппен толықтырылсын:
      «89-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыстары
      1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының:
      1) сақтандыру сыйлықақылары (жарналары);
      2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері;
      3) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу;
      4) осы Кодекстің 90-бабының 3-тармағында, 95-бабында көрсетілген табыстарды қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша өзге табыстар түріндегі табыстары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыстары деп танылады.
      2. Осы баптың ережелері халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ол бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде деп танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.
      3. Есепті салық кезеңінің соңына Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңына осындай активтердің мөлшері арасындағы оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері түріндегі табысы деп танылады.
      4. Зиян келтірген адамға кері талап қою (регресс) құқығы негізінде сақтандыру төлемдері бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының және (немесе) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымының шығыстарын өтеу сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы болып танылады.
      Бұл ретте 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданысқа енгізілген ол бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстары халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін танылған жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес өмірді сақтандыру, қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы мынадай формула бойынша айқындалады:
      Д * (А/Б), мұнда:
      Д – есепті салық кезеңінде алуға жататын (алынған) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табыс;
      А – есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күні бойынша 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
      Б – шарттың қолданысқа енгізілген күнінен бастап есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күніне дейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары.»;
      27) 90-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Есепті салық кезеңінің соңына бұрын шегеруге жатқызылған Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған сақтандыру резервтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңына осындай резервтердің мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.»;
      28) 95-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымының сақтанушыға жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша қайтаруына жататын немесе қайтарған және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға жатқан немесе қайтарылған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады.»;
      29) 99-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы
16) тармақшамен толықтырылсын:
      «16) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерін инвестициялаудан алынған және оның ұлғаюына бағытталған инвестициялық кірістері алып тасталуға жатады.»;
      30) 100-бапта:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көрсетілген талаптар орындалғаннан және қосылған құн салығы жөніндегі тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының қосылған құн салығы жөніндегі алдағы төлемдер шот есебіне жатқызылмаған, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қайтаруға ұсынылмаған 2009 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі шегерімге жатқызылуға жатады.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес шегерімдерді түзетуге құқығы бар. Бұл ретте түзетулерді ескере отырып, шегерімдердің сомасы осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес теріс мәнге ие болуы мүмкін.»;
      31) мынадай мазмұндағы 105-1-баппен толықтырылсын:
      «105-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері
      1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы мынадай есептелген шығыстарды шегеруге жатқызуға құқылы:
      1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қайтаруға жататын (қайтарылған) сатып алу сомалары мен сақтандыру сыйлықақылары (жарналар);
      3) қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтанушыға төленуге тиіс (төленген) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары (жарналар);
      4) осы Кодекстің 106-бабы 2-тармағына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін құру бойынша шығыстар;
      5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттеріне және сақтандыру брокерлеріне төлемдер;
      6) табыс алуға бағытталған қызметке байланысты сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының өзге шығыстары.
      2. Осы баптың ережелері ол бойынша табыс халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде деп танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.
      3. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданысқа енгізілген ол бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстары халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2011 жылғы
31 желтоқсаннан кейін танылған жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес өмірді сақтандыру, қайта сақтандыру шарты бойынша:
      1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай формула бойынша айқындалады:
      Р * (А/Б), мұнда:
      Р – есепті салық кезеңінде төлеуге жататын (төленген) шығыстар;
      А – есепті салық кезеңінде шығыстарды есептеу күніне дейін 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
      Б – шарт қолданысқа енген күннен бастап есепті салық кезеңінде шығыстарды есептеу күніне дейін алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
      2) осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген шығыстарды шегеру халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап танылған сақтандыру сыйлықақысы (жарна) түріндегі табыс сомасынан аспауға тиіс.»;
      32) 106-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған сақтандыру резервтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы осындай резервтердің мөлшері арасындағы оң айырма ретінде айқындалған мөлшерде еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтерін құру бойынша шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.
      Осы тармақтың ережелері ол бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.»;
      33) мынадай мазмұндағы 106-1-баппен толықтырылсын:
      «106-1-бап. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар мен болмаған залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегеру
      Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының осы Кодекстің 90-1-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерінің азайту сомасын есепті салық кезеңінің аяғында Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы теріс айырма ретінде айқындалған мөлшерде шегеруге жатқызуға құқығы бар.»;
      34) 115-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде заңсыз деп танылған мәміле бойынша шығыстар;
      4-2) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде оның мемлекеттік тіркелуі жүргізілген күннен бастап мемлекеттік тіркелуі заңсыз деп танылған немесе оның мемлекеттік тіркелуі туралы бұйрығы жойылған салық төлеушімен операциялар бойынша шығыстар.»;
      35) 118-бап:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Мемлекеттік кәсіпорын осындай кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе шұғыл басқару құқығында бекітілген мемлекеттік мекеменің тіркелген активтерін алған кезде, тіркелген активтердің бастапқы құны осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына енгізілмейтін шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар ескеріле отырып, алынған активтердің аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 11-2-тармақпен толықтырылсын:
      «11-2. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта бағалауды және осындай күнге құнсыздануды есепке алмай айқындалған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес активтердің баланстық құны 2012 жылғы 1 қаңтарда сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының тіркелген активтерінің бастапқы құны болып табылады.»;
      36) 119-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Табыс алуға бағытталған қызметте тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатқан кезде:
      1) маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бойынша шығып қалу көрсетілмейді;
      2) І топтың өзге де тіркелген активтері бойынша - тиісті кіші топтардың құндық балансы осы Кодекстің 117-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен есептелген тіркелген активтердің қалдық құнына азайтылады. Кіші топтың құндық балансын азайту активті пайдаланудан уақытша шығарудың және пайдалану уақытша тоқтатылғаннан кейін оны пайдалануға берудің салықтық кезеңдері сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі;
      3) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша шығып қалу көрсетілмейді.
      Тіркелген активтерді пайдалануды уақытша тоқтатуға мұндай активтерді бухгалтерлік есепте негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтатпай, тіркелген активтерді пайдаланудан уақытша шығару жатады.
      Осы тармақшаның мақсаттарында маусымдық өндірісте пайдаланылатын І топтың тіркелген активтері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін І топтың тіркелген активтері болып табылады:
      1) мұндай активтер белгілі температуралық режимдерде пайдалану туралы техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарға байланысты есепті кезеңнің соңында пайдаланыла алмайды;
      2) күнтізбелік жылдың белгілі бір, бірақ үш айдан кем емес кезеңі ішінде климаттық, табиғи немесе технологиялық жағдайларға байланысты өндірістік процеске қатысады;
      3) есепті салық кезеңінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған.»;
      37) 123-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін:
      1) құрылыс мердігерлігі шартын жасасу жолымен салу кезінде - мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы ғимараттың (ғимарат бөлігінің) пайдалануға берілу актісіне қол қойғаннан кейін құрылысты жүргізушінің құрылыс объектісін тапсырысшыға беруі;
      2) қалған жағдайларда – мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясының ғимараттың (ғимарат бөлігінің) пайдалануға берілу актісіне қол қоюы Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан салынған ғимараттың (ғимарат бөлігінің) алғаш рет пайдалануға берілуі болып табылады.»;
      38) мынадай мазмұндағы 5-1-параграфпен толықтырылсын:
      «§ 5-1. Ұзақ мерзімді келісімшарттар
      130-1-бап. Жалпы ережелер
      1. Көзделген өндіру, орнату, құрылыс келісімшарты бойынша көзделгендей басталған салық кезеңі шегінде аяқталмаған өндіруге, орнатуға, құрылысқа арналған келісімшарт (шарт) ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады.
      2. Салық кезеңінде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша келтірілген шығыстардың сомасы осы Кодекстің 100, 125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады.
      3. Ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс салық төлеушінің таңдауы бойынша іс жүзіндегі әдіс немесе аяқтау әдісі бойынша айқындалады.
      Табыстарды айқындаудың таңдап алынған әдісі салықтық есепке алу саясатында көрсетіледі және келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгертілмейді.
      4. Салықтық есепке алу әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жүргізіледі.
      130-2-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі
      1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе іс жүзіндегі әдісті қолдану кезінде есепті салық кезеңінде салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңінде алынуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде келтірілген шығыстар сомасынан кем емес табыс болып табылады.
      2. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданысы аяқталатын салық кезеңінен басқа, ұзақ мерзімді келісімшарт басталатын салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдерінде салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс бір мезгілде мынадай шарттарды сақтаған кезде:
      1) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс есепті салық кезеңі үшін осындай келісімшарт бойынша шегерімге жатқызатын шығыстардың сомасынан асатын болса;
      2) алдыңғы салық кезеңдерінде салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес алдыңғы салық кезеңдері үшін осындай келісімшарт бойынша табыстан алатын болса, осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалады.
      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайда салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс есепті салық кезеңінде алынуға жататын (алынған) табыстың мына мәндердің:
      1) салық кезеңдерінде салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс пен халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес алдыңғы салық кезеңдері үшін осындай келісімшарт бойынша табыс арасындағы оң мәнінің;
      2) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған есепті салық кезеңіндегі ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс пен есепті салық кезеңі үшін шегерімге жатқызатын осындай келісімшарт бойынша шығыстардың сомасы арасындағы оң мәнінің ең кеміне кемітілген мөлшерде айқындалады.
      4. Егер ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған осындай келісімшарт бойынша табыстан артқан жағдайда, онда ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде осындай артудың мөлшерінде осы Кодекстің 132-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес түзету жүргізіледі.
      130-3-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табысты айқындау тәртібі
      1. Аяқтау әдісін қолданған кезде есепті салық кезеңінде салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс мынадай тәртіппен айқындалады:
      осы келісімшарт бойынша оның қолданылатын барлық кезеңі үшін алуға жататын ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыстың жалпы сомасы мен ағымдағы салық кезеңі үшін осындай келісімшартты орындау үлесінің көбейтіндісі минус алдыңғы салық кезеңінде салық салу мақсаты үшін осындай ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша табыс.
      2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзімді келісімшартты орындау үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:
      А/(А+Б), мұндағы
      А – алдыңғы және есепті салық кезеңдері үшін осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар,
      Б – ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша жұмыстарды аяқтау үшін кейінгі салық кезеңдерінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуі тиіс және ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылуы кейінгі салық кезеңдеріне шегерімге жататын ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар.
      3. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде осындай ұзақ мерзімді келісімшартты орындау атқару үлесі бірге тең.»;
      39) 132-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) осы Кодекстің 130-2-бабында көзделген келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде салық салу мақсаты үшін ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша табыс халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес айқындалған осындай келісімшарт бойынша табыстардан асқан жағдайда түзетуге жатады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе табыстар мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салық кезеңiнде жүргiзiледi.
      Осы баптың 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салық кезеңінде жүргізіледі.»;
      40) 133-бапта:
      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған қорғау құжаттары бар өнеркәсіптік меншік объектілерін құруға байланысты ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалған шығыстар (шығындар), осындай шығыстар (шығындар) сомасын растау туралы ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысы болған жағдайда осы Кодекстің 108-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылған 50 пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
      Осы тармақшаның ережелері қорғау құжатын мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңінде қолданылады.»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, биологиялық активтердің қаржы лизингі бойынша сыйақыны;»;
      41) 135-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы бапқа сәйкес қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер корпоративтiк табыс салығының сомасын анықтаған кезде, осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген, бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Осы тармақтың ережелерi осы Кодекстiң 135-1-бабына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып танылатын ұйымдарға қолданылмайды.»;
      42) 141-бап мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      «12. Осы баптың ережелері салық төлеуші сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарына сәйкес кредиторлар алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүзеге асыратын салық кезеңі ішінде осы Кодекстің
51-2-бабында көрсетілген салық төлеушіге қолданылмайды.»;
      43) 143-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін сыйақы;»;
      44) 148-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «148-бап. Салық кезеңі
      1. Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.
      2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, оның құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салық кезеңi болып табылады.
      Бұл ретте заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тiркеуден өткен күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.
      3. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
      4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға осы жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
      5. Егер заңды тұлға қызметін күнтізбелік жылдың ішінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде және жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырған болса, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде қызметін жүзеге асырған уақыт кезеңі салық кезеңіне енгізілмейді.»;
      45) 149-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 427-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.»;
      46) 150-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында және 2-тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған табыстарға жатқызу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және нысанда берілген растауының негiзiнде жүзеге асырылады.»;
      47) 151-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды өндіру.»;
      48) 156-бапта:
      1-тармақта:
      7) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «дивидендтер төлеу күніне дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан азын құрайтын жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.»;
      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «26-1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күніне қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшері шегінде, - Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілігі мен босануына жаңа туылған бала (балалар) асырап алуына байланысты табысын жоғалту жағдайына төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегеріп тастағанда, жүктілігі мен босануы бойынша демалыстарына бала (балалар) асырап алған қызметкерлердің еңбек демалыстарына, төленетін жұмыс берушінің шығыстары түріндегі кірістер.
      Осы тармақшаның ережелері еңбек және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде осы тармақшада көрсетілген шығыстар көзделген жағдайда қолданылады;»;
      49) 166-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;»;
      50) 192-баптың 1-тармағының 6), 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе резидент емеске борышты талап ету құқықтарын беруден түсетін табыстар.
      Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес берілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады.
      7) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын алудан түсетін табыстар;
      Бұл ретте мұндай табыстардың мөлшері талап ету құқығын беру күніне негізгі борышты, оның ішінде негізгі борыштан жоғары соманы талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;»;
      51) 236-баптың 2-тармағында:
      4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы әділет органдарында есептік тіркеу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
      Егер жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы резидент емес болып табылатын, ал алушы есептік тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органдарында жүргізілген оның филиалы немесе өкілдігі болып табылатын жағдайда, онда өткізу орны Қазақстан Республикасы деп танылады.»;
      5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлға әділет органдарында есептік тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.»;
      52) 238-бапта:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.
      Алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша қызметтер көрсететін осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетiн тауарды өндірушінің салық салынатын айналым мөлшерiне алыс-беріс шикізаты өңдеу өнімі болып табылатын, осындай тауарларды берген кезде осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлеуге жататын (төленген) акциз сомасы енгізілмейді.»;
      10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне - қаржы лизингі шарты бойынша алынған (алынуға жататын) қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы мен осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналым жасаудың алдындағы күндерге келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде айқындалатын салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
      53) 243-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Салық органдарының ақпараттық жүйесінде тауарларға декларация бойынша тауарларды іс жүзінде әкету фактісі жөніндегі хабарламасы бар Кеден органдарының ақпараттық жүйесінен алынған тауарларға электрондық декларация да, тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген тауарларға электрондық декларация болған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және осы Кодекстің 244-бабының 3-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацында белгіленген құжаттарды тапсыру талап етілмейді.»;
      54) 244-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «244-4-бап. Тазартылған алтынға салық салу
      1. Алтын өндіруді және шығаруды жүзеге асыратын салық төлеушілердің бағалы металдар активтерін толықтыру үшін өз өндірісі шикізатынан тазартылған алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізуі бойынша айналымға нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынады.
      2. Мыналар:
      1) салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған бағалы металдар активтерін толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілген тазартылған алтын құнын растайтын құжаттардың көшірмесі;
      3) тазартылған алтын саны көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тазартылған алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері осы баптың 1-тармағында көрсетілген, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар болып табылады.»;
      55) 253-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымының осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына кітапхана қорын, оның ішінде электрондық түрде уақытша пайдалануға беруі жөніндегі;»;
      56) 255-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.
      Осы тармақшада көрсетілген тауарларды іріктеу тізбесі мен критерийін діни қызметі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Осы тармақшаның ережелері одан әрі сатуға арналған діни мақсаттағы заттарға қолданылмайды.»;
      57) 256-бап мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
      «3-3. Тұрғын үй құрылысын жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталған, бірақ мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы тұрғын үйді пайдалануға қабылдаған күннен ерте емес салық кезеңінде осындай тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша мынадай формула:
      ҚҚСте = ҚҚСтғ*Sте/Sтғ бойынша айқындалатын қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқылы,
      мұндағы:
      ҚҚСте - тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жай бойынша есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасы;
      ҚҚСтғ - тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы;
      Sте – тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын емес үй-жайлардың алаңы;
      Sтғ – тұрғын үй ғимаратының жалпы алаңы.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Егер салық төлеушілердің мемлекеттік базасында тұрған салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 100-бабының 13-тармағын қолданған жағдайда қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу осы Кодекстің 100-бабының 13-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған сома мөлшеріне азайтылуға жатады.»;
      58) 257-бапта:
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Тұрғын үй ғимаратының бір бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығы:
      осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға дейін;
      мұндай тұрғын үй ғимаратын мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдағанға дейін есепке жатқызылуға жатпайды.
      Тұрғын үй ғимаратының құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығын тұрғын үй салуды жеке осы Кодекстің 256-бабының 3-3-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін жүзеге асыратын қосымша құн салығын төлеуші:
      осы Кодекстің 249-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдай басталғанға дейін;
      мұндай тұрғын үй ғимаратын мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдағанға дейін ескереді.»;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша;
      4) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде оның мемлекеттік тіркелуі жүргізілген күнінен бастап мемлекеттік тіркелуі туралы бұйрықтың күші жойылған немесе оның мемлекеттік тіркелуі заңсыз деп танылған салық төлеушімен операциялар бойынша есепке жатқызылмайды.»;
      59) 259-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттеме - қосылған құн салығын төлеушi өнiм берушi банкрот деп танылған жағдайда толық немесе ішінара қанағаттандырылмаса, онда осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргізілген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен алып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеушi - өнiм берушiні Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.»;
      60) 263-бапта:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiнгi бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.
      Қосылған құн салығын төлеушi:
      электр энергиясын, суды, газды, байланыс қызметтерiн, коммуналдық қызметтер көрсетудi, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық қызметтер көрсетудi, вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін, магистральдық құбыр жүйесі бойынша жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсетудi, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызметтер көрсетудi, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
      есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-шы күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;
      осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға бір немесе бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.
      Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
      Осы Кодекстің 237-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда шот-фактура осы Кодекстің 237-бабының 1-тармағының үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген қол қойылған құжатта көрсетілген күннен кейін бес күннен ерте емес және кешіктірмей жазылып берiледi.»;
      16-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-1. Осы баптың 16-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураларды жазып беру:
      1) осы баптың 15-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - айналым жасалған күні немесе одан кешірек жүзеге асырылады. Бұл ретте шот-фактураларды жазып беру күнімен қатар айналым жасалған күннен кешірек шот-фактураларды жазып беру кезінде, қызмет көрсетуді беруші айналым жасалған күні қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша есептелген салықты көрсете отырып, өткізу бойынша айналым жасалған күнді көрсетеді;
      2) осы баптың 15-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда - тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету өткiзілген орын бойынша жүзеге асырылады.»;
      61) 270-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Кодекстің 68-бабында өзгеше көзделмесе, декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
      62) 272-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Есепті салық кезеңінің соңында өсетін қорытындылар декларациясы бойынша қалыптасқан, есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуі нөлдік мөлшерлеме бойынша салынатын айналымдар бойынша, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалса:
      1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызмет көрсетулерді тұрақты жүзеге асырса;
      2) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар жасалған және декларацияда ол бойынша қосылған құн салығының асып кеткенін қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі ішінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайыз құрайтын болса, қайтарылуға жатады.
      Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды.»;
      63) 276-бапта:
      4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өкілдіктер жасаған ведомостар (тізілімдер) қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, өкілдік персоналы мүшесінің (мүшелерінің) Қазақстан Республикасында болуының аяқталу мерзімі жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымдарына беріледі.»;
      5, 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Өзара түсіністік қағидаты расталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымдары Қазақстан Республикасында тіркелген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерімен қоса жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) ілеспе құжатпен бірге береді.
      6. Өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымдарынан жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін, отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Салық органдары жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тексергеннен кейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс жөніндегі ұйымға қосылған құн салығын қайтару және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы хабарлайды.
      Қосылған құн салығы сомаларын қайтарудан бас тартқан жағдайда, салық органдары қандай бұзушылықтар болғанын және оларға қандай құжаттар бойынша жол берілгенін хабарлайды.»;
      64) 276-20-бапта:
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт дана) және электронды түрде табыс етеді.
      Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нысанын, оны толтыру мен табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi;»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Салық төлеушілер импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қағаз жеткізгіште және электронды түрде табыс етеді.
      Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысанын, оны толтыру мен табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.»;
      65) 279-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар акцизделетін тауарлар болып табылады:»;
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте шығарылған елі бойынша акциздер салық салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындауға құқылы.
      Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес айқындалған импортталатын тауарлардың қосымша тізбесінде көрсетілген тауарларға акциздер мөлшерлемелерін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      66) 280-бапта 4-тармақтың 1) тармақшасындағы кестеде:
      6, 7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

6.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)

100% спирт 1600 теңге/литр

7.

2208

Коньяк, бренди

100% спирт 250 теңге/литр

                                                                   »;

      8-жол алып тасталсын;
      13, 14, 15, 16, 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

13.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

5000 теңге/
1000 дана

14.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

5000 теңге/1000 дана

15.

2402-ден

Сигариллдер

6225 теңге/1000 дана

16.

2402-ден

Сигаралар

565 теңге/дана

17.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

7345 теңге/ килограмм

                                                                   »;

      2) тармақша мынадай мазмұндағы 6-жолмен толықтырылсын:

      «

6.

Алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетiн тауарларды беру.

4500

540

                                                                   »;

      67) 283-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «283-бап. Салық базасы
      Акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай мәнінде акцизделетін тауарлар көлемі (саны) ретінде айқындалады.
      Алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетiн тауарлар бойынша өткізілген заттай мәніндегі акцизделетін тауарлардың берілген көлемі (саны) ретінде салық базасы айқындалады.»;
      68) 287-баптың 1-тармағының екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көтерме саудада өткізу саласына, сондай-ақ одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын жөнелту жатқызылады.»;
      69) 308-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өндiрiлуi жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың талаптарында көзделмеген және қорларын осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органы бекіткен мұнайды, минералды шикізатты, жерасты суларын, сондай-ақ емдік балшықты өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы олар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейін, осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдерді төлеуге мiндеттi.»;
      70) 315-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «315-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi
      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзімдерде:
      1) белгіленген соманың елу пайызы – салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңімпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;
      2) белгіленген соманың елу пайызы – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
      2. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жер қойнауын пайдалану туралы келісімшартқа осындай кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.
      3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алынған кезде, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес осындай рұқсатты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.»;
      71) 328-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекетке келтірілген тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейінгі өндіру басталғаннан бастап орналасқан жері бойынша мынадай тәртіппен төлейді:»;
      72) 332-бапта:
      2-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген және (немесе) меншікті өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған табиғи газға
      Егер осы тармақшада осы бөлімнің мақсаттарда өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және осы келісімшарт шеңберінде уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен құжаттарға сәйкес пайдаланылған меншікті өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған табиғи газ деп:
      жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мұнай дайындау кезінде отын ретінде;
      технологиялық және коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін;
      бекітілген жобалық құжаттарға сәйкес ұңғыма сағасында мұнайды қыздыру үшін және мұнайды өндіру және сақтау орнынан магистралдық құбырға және (немесе) көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу орнына дейін тасымалдау кезінде;
      жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізген кезде пайдаланылатын электр энергиясын өндіру үшін;
      осы баптың 4-тармағында көзделген жер қойнауына кері айдау жағдайларын қоспағанда, бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына қайта айдау үшін;
      уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен жобалық құжаттарда көзделген көлемде өндіруші мұнай ұңғымаларын пайдаланудың газлифтілік (механикаландырылған) тәсілі мақсатында пайдаланылған табиғи газ танылады.
      Меншікті өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған табиғи газ деп, сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және осы жер қойнауын пайдаланушының басқа жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарты шеңберінде мұнай-газ аймақтарында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін пайдаланылатын табиғи газ танылады;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген сұйытылған мұнай газына келетін көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газ. Бұл ретте сұйытылған мұнай газының мұндай көлемін уәкілетті орган бекітеді және газ және газбен жабдықтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті болып табылады.»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) тауарлық шикi мұнайға, газ конденсатына және табиғи газға – егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың 1), 2), 2-1), 3), 4), 5) және 5-1) тармақшаларында көрсетілген шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт шеңберiнде өндiрген шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың жалпы көлемiне бөлiнедi.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Меншікті өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған табиғи газ және (немесе) сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газ көлемі деп осы баптың 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен құжаттарда көрсетілген көлемдер шегінде осындай пайдаланылған табиғи және (немесе) ілеспе газдың іс жүзіндегі көлемі танылады.»;
      73) 334-бапта:
      5-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген және (немесе) меншікті өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланған табиғи газдың, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың құны мынадай тәртіппен:»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Кодекстің 332-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес сұйытылған мұнай газын өндіру үшін өндірілген ілеспе газды пайдаланған кезде және (немесе) өндірілген табиғи газды меншікті өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланған кезде – нақты көлемін шығару ретінде:
      сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының;
      жер қойнауын пайдаланушы меншікті өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланған табиғи газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының нақты көлемі ретінде айқындалады.
      Егер табиғи газ шикі мұнаймен ілестіріле өндірілсе, табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құны шикі мұнайды өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде:
      табиғи газдың бір мың текше метрі 0,857 тонна шикі мұнайға сәйкес келетін қатынасында айқындалады.»;
      74) 357-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 24), 26), 26-1), 27), 29) – 32), 34), 41) тармақшаларында және 200-1-бабының 1-тармағының 13) тармақшасында белгіленген табыстар, сондай-ақ:»;
      75) 365-баптың 3-тармағының 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      4) салық салу объектісі болып табылатын қозғалтқыш көлемі 4000 текше сантиметрді қоса алғанға дейінгі бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
      5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
      6) салық салу объектісі болып табылатын қозғалтқыш көлемі 4000 текше сантиметрді қоса алғанға дейінгі бір автокөлік құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;»;
      76) 367-баптың 1-тармағы кестесінің 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      «

Р/с

Салық салу объектісі

Салық мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Қозғалтқышының көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):


1100-ге дейін қоса алғанда

1

1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда

2

1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда

3

2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда

6

2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда

9

3000-нан жоғары 3200-ды қоса алғанда

35

3200-ден жоғары 3500-ды қоса алғанда

46

3500-ден жоғары 4000-ды қоса алғанда

66

4000-нан жоғары

117

                                                                   »;

      77) 372-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
      78) 386-баптың 3-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте жергілікті өкілдік органдардың шешімдерінде жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығы мөлшерлемелерін жеке-дара арттыруға тыйым салынады.»;
      79) 387-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте жергілікті өкілдік органдарының шешімдерінде жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығы мөлшерлемелерін жеке-дара арттыруға тыйым салынады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қызметiн арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 17-тарауында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.»;
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Үй құрылысына немесе өзге құрылысқа арналған және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелері бойынша уәкілетті орган жерді пайдаланушыға немесе меншік иесіне жер учаскесін мақсатты пайдаланылмаған қажеттігі туралы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жою туралы жазбаша түрдегі ескертуді табыс еткен күнінен бастап осы Кодекстiң 381-бабы кестесінің 23-26 тармақтарында белгіленген мөлшерлемелерден басқа, осы Кодекстiң 381-бабында белгіленген базалық салық мөлшерлемелері 10 есе ұлғаяды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, пайдаланылған жер учаскелерін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Жер учаскелерін айқындау және уәкілетті мемлекеттік органдардың салық органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтер беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
      80) 406-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының ұлттық валютамен көрсетілетін бір шаршы метрінің базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерлерде айқындалады:

Р/с

Елді мекеннің санаты

Базалық құн, теңгемен

1

2

3



Қалалар:



1

Алматы

60 000

2

Астана

60 000

3

Ақтау

36 000

4

Ақтөбе

36 000

5

Атырау

36 000

6

Қарағанды

36 000

7

Қызылорда

36 000

8

Көкшетау

36 000

9

Қостанай

36 000

10

Павлодар

36 000

11

Петропавл

36 000

12

Талдықорған

36 000

13

Тараз

36 000

14

Орал

36 000

15

Өскемен

36 000

16

Шымкент

36 000

17

Облыстық маңызы бар қалалар

12 000

18

Аудандық маңызы бар қалалар

6 000

19

Кенттер

4 200

20

Селолар (ауылдар)

2 700

      Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптамасына сәйкес белгіленеді.»;
      81) 408-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Салық салуды есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге мынадай салық салу объектілері бойынша 3 коэффициенті қолданылады:
      1) 150 шаршы метрден астам пәтерлер бойынша;
      2) 300 шаршы метрден астам жеке тұрғын үйлер бойынша.»;
      82) 428-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) агенттік шарттардың (келісімдердің) негізінде қызмет көрсететін салық төлеушілер.
      Осы тармақшаның мақсаттары үшін агенттік шарттар (келісімдер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды (келісімдерді) дегенді білдіреді, олар бойынша бір тарап (агент) сыйақы үшін басқа тараптың тапсырмасы бойынша өз атынан, бірақ басқа тараптың есебінен не басқа тараптың атынан және есебінен белгілі бір әрекет жасауға міндеттенеді.»;
      83) 448-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін (мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және ара шаруашылығы өнімдерін қоспағанда), акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, көрсетілген өзі өндірген өнімдерді қайта өңдеу және өткізу.»;
      84) 450-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен ауысу кезінде арнаулы салық режимiн немесе өзге арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi орналасқан жері бойынша салық органына қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны ұсынады.»;
      85) 451-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бюджетке төленуге жататын, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салық, жер салығы, жер учаскесін пайдалану үшін төлемдер, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.»;
      86) 456-бапта:
      кестенің 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

3.

жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін:


      кестенің 3.14-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

3.14

Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен мемлекеттік органдар салатын (жүргізетін) жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалығын тіркегені (ауыртпалығын тоқтатқаны) үшін

0

      87) 481-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.»;
      88) 502-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қазақстан Республикасында аң аулауды жүргізу кезінде шетелдіктер үшін төлем сомасы белгіленген мөлшерлемелерге және 10 коэффициентке көбейтілген жануарлар санына (су жануарларының жекелеген түрлерi үшiн салмағын) негізге ала отырып есептейді.»;
      89) 528-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін сыртқы (көрнекі) жарнама деп:
      1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда;
      2) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарына;
      3) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағы шегіндегі республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастыратындарды қоспағанда, жарнаманы республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырылған жарнамалар танылады.»;
      90) 530-баптың 3-тармағында:
      1) тармақшада:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде жарнама объектісінің орналастырылған алаңы мен жері негізге алына отырып белгіленеді:»;
      «Облыстық маңызы бар қалалар» деген кестенің тақырыбы «Облыстық маңызы бар қалалар және жолдар» деп ауыстырылсын;
      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілдік органдары облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша базалық төлем мөлшерлемелерінің мөлшерін жарнама объектісінің орналасқан жеріне қарай екі еседен асырмай арттыруға құқылы.»;
      91) 538-баптың 2), 3), 4), және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесіп өту құқығына виза бергені және ұзартқаны үшін - 200 пайыз;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан кетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға құжаттар ресімдеу үшін - 100 пайыз;
      4) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру келгені туралы құжаттар бергені үшін - әрбір шақырылған адам үшін 50 пайыз;
      6) жоғалғанның не бүлінгеннің орнына Қазақстан Республикасына шақыру туралы құжаттар бергені үшін - осы баптың тиісінше 4) тармақшасында көрсетілген мөлшерлерде мемлекеттік баж алынады.»;
      92) 540-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) аңшы куәлігін бергені үшін - 10 пайыз;»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) аңшы куәлігін жыл сайын тіркегені үшін - 10 пайыз;»;
      93) 541-бапта:
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату комиссиялары -тарату ісін жүргізу мүддесіне берілген талап арыздар, өтініштер, шағымдар бойынша.»;
      мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «22-1) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымдарының тарату уақытша әкімшіліктері - уақытша әкімшіліктің мүддесіне берілген талап арыздар, шағымдар, өтініштер бойынша;»;
      94) 551-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес бекітілген жеке басын куәландыратын құжаттар туралы дипломаттық және қызметтік паспорттар берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды тұлғаларының тізбесіне сәйкес дипломаттық және қызметтік паспорттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) визалық қолдау көрсету;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) кеме шетелден сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында жүзу құқығына уақытша куәлік беру;»;
      мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15-1) Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты, Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа да құжатты жасау немесе куәландыру;
      15-2) шетелде жүрген Қазақстан Республикасының кемесінің немесе жүгінің опат болуы немесе зақымдалуы (кеме апатқа ұшырауы) жағдайында теңіз наразылығы туралы акті жасау;»;
      95) 553-бапта:
      5) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      «16 жасқа дейінгі балаларға;»;
      6) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар мен Алматы және Астана қалалары әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;»;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) шетелде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының мәйіті салынған табыттар мен урналарды Қазақстан Республикасына жіберген кезде қайтыс болу туралы куәлік және анықтамалар бергені үшін;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) шетелде уақытша және тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық есепке қойғаны және оларға консулдық есепке алынғаны туралы анықтамаларды бергені үшін алынбайды.»;
      96) 557-баптың 3-тармағының 13) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      Қажетті мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін монополияға қарсы органмен бірлесіп, уәкілетті орган белгілейді.»;
      97) 569-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы):
      әрекетсіз заңды тұлға;
      әрекетсіз дара кәсіпкер;
      әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы);
      іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
      іздеу салынған жеке тұлға болып табылса;»;
      98) 584-бапта:
      5-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган белгілеген салық нысандарына сәйкес келмесе, немесе»;
      мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда салық есептілігін ұсыну тәсіліне қатысты осы Кодекстің 72-бабы 1-тармағының талаптары бұзылса;
      9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің қосылған құн салығы декларациясымен бірге, бір мезгілде ұсынуға қатысты осы Кодекстің 270-бабы 2-тармағының талаптары бұзылса, салық қызметі органдарына табыс етілмеген деп есептеледі.»;
      99) 598-бапта:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Заңды тұлға немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) таратылған немесе қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлғаның салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болуы (болмауы) туралы мәліметтер осы Кодекстің 37 және 37-1-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде беріледі.»;
      9-тармақ алып тасталсын;
      100) 599-баптың 11-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      1) салық төлеушінің өтінішінсіз:
      салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша бересіні;
      салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша өсімпұлды;
      салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлды - өтеу есебіне;
      101) 603-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кетуi салық органының қосылған құн салығы бойынша асып кетудi қайтаруға қорытынды жасау күнiне және кейiнгi салық кезеңдерi үшiн декларацияларда көрсетiлген, бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы шегерiле отырып қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетiлген декларацияда салық кезеңiнiң соңында, қосылған құн салығының қайтарылуға жатпайтын асып кеткен сомасын қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушiнiң дербес шоты бойынша артық төлем сомасынан асып кетпеуге тиiс.»;
      102) 608-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны салық органы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберуі және салық төлеушi (салық агентi) хабарлама жiберiлген күнінен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде орындауы тиiс.»;
      103) 609-бапта:
      3-1-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп таратқан жағдайда - мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;»;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығынан айыру – осындай лицензиядан айырған күнінен бастап қолданылмайды.»;
      104) 614-бапта:
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығынан айыру – осындай лицензиядан айыру күнінен бастап;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын мәжбүрлеп тарату – мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап қолданылмайды.»;
      105) 624-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер осы баптың 2 - 5-тармақтарында көрсетілген есептілікті есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей, уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып отырады.»;
      106) 627-бапта:
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Хронометраждық зерттеп-тексеру туралы шешімді салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объектi орналасқан жері бойынша салық органы шығарады.»;
      9-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай мазмұндағы отыз бірінші абзацпен толықтырылсын:
      «осы бапта белгіленген жағдайларда салық органының шешiмi негiзiнде жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша салық органы шешiмiнің негiзiнде:
      салық органдарына тiркеу есебiне қою;
      бақылау-касса машиналарының болуы;
      төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
      акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының түпнұсқалы болуы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдері мен биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы;
      бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау;
      лицензиялау қағидаларын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау;
      касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық органы енгізген өкімді орындау мәселелері бойынша салықтық тексерулер жүргізу жүзеге асырылады.»;
      107) 631-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық қызметі органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе:
      1) резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына;
      2) резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына;
      3) дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокат қызметінің тоқтатылуына;
      4) салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты жүзеге асырылатын тексерулерді қоспағанда, жоспарлы кешенді және (немесе) жоспарлы тақырыптық салықтық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) жүргізілген салықтық тексеру туралы хабарламаны жібереді немесе тапсырады.»;
      108) 645-бапта:
      1-тармақта:
      екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мыналар:
      шығарып сату сөрелері, автосөрелер, шатырлар, дүңгіршектер, контейнерлер арқылы патент негізінде және сауда базарларының аумағындағы шағын бизнес субъектілері үшін;
      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің»;
      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте бензинді (авиациалықтан басқа), дизель отынын, алкоголь өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілердің осындай бақылау-касса машиналарын қолдану міндеті 2014 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болады.»;
      666-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Салық төлеушінің (салық агентінің) уәкілетті органның салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарауды осы Кодекстің 667 - 675-баптарында белгіленген тәртіппен тікелей уәкілетті орган жүргізеді.»;
      110) 667-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық қызметінің жоғары тұрған органына салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламаны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      111) 671-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жоғары тұрған салық қызметі органы шағымды мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң, жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жiбередi немесе қолын қойдыра отырып тапсырады, ал көшiрмесiн салықтық тексеру жүргізген салық органына жібередi.»;
      112) 677-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкiлеттi органға шағым салық төлеушi (салық агенті) шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған күннен кейінгі күннен бастап немесе осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында көрсетілген мерзiм аяқталған соң, жоғары тұрған салық қызметі органының шешiмi болмаған кезде, отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым көшірмесін салық төлеушінің шағымын қараған жоғары тұрған салық қызметі органына жіберуі тиіс.
      Шағымды қарау нәтижелері бойынша жоғары тұрған салық қызметі органының шешімін салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойғызып тапсырған күн немесе оны салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырыс хатпен почта арқылы жіберген кезде почта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеушінің (салық агентінің) белгі қойған күні оны салық төлеуші (салық агенті) алған күн болып табылады.
      Уәкілетті органға шағым беру күні оны беру тәсіліне қарай:
      1) өзі келу тәртібімен – уәкілетті органның шағымды алған күні;
      2) почта арқылы – почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгісі қойылған күн болып табылады»;
      113) 681-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкілетті орган шағымды мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң, жазбаша нысанда дәлелдi шешiм шығарады және оны өтiнiш беруші салық төлеушiге (салық агентіне) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жiбередi немесе қолын қойдыра отырып тапсырады, ал көшiрмесiн салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органына жібередi.».
      2. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат;1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж. № 1, 1-құжат; № 8, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
      1) 11-баптың алтыншы бөлігі алып тасталсын;
      2) 14-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-1-бап. Заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу
      Заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, заңды тұлға, филиал (өкілдік) тіркеуші органға бұл жөнінде жарғыға (ережеге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде хабарлайды.
      Хабарламаға заңды тұлға мөрімен бекемделген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні қоса беріледі.
      Заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу орналасқан жері өзгерген, жарғы (ереже) жаңа редакцияда қабылданған жағдайларда жүргізіледі.
      Заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген, мемлекеттік (есептік) қайта тіркеуге әкеп соқпайтын өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының, заңды тұлға мөрімен бекемделген шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
      3) заңды тұлға мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген, заңды тұлға құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы;
      4) заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің түпнұсқалары;
      5) нақты орналасқан жерін (орналасқан жерін өзгерткен жағдайда) растайтын құжат ұсынылады.
      Заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тарту:
      1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкiлдiк) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі бұзылған, құрылтай құжаттары (ереже) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеген;
      2) сот актілері және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары (тыйым салулары, қамауға алулары) болған;
      3) жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада салық берешегі болған жағдайларда жүзеге асырылады.
      Заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкiлдiктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсiнiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгіне сiлтеме жасалған жазбаша түрдегі дәлелдi бас тартуды осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмдерде бередi.».
      3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжат; № 15, 92, 95-құжат; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжат; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 14, 72-құжат):
      1) 3-бапта:
      екінші бөліктің 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша алынады.».
      4. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат):
      1) 11-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, стеллалар, транспаранттар, афишалар түрінде және осы баптың 2-7-тармақтарында көзделген тәртіппен өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетіндерін қоспағанда сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерінде, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерлемелер бойынша төлемақы есептеледі және төленеді.
      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумағы шегінен өтетін республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлемелер төлемақы есептеледі және төленеді.»;
      5. «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      1) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) арнайы резервтегі активтердің және меншікті активтердің бөлек бухгалтерлік есебін жүргізуге міндетті.»;
      22-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңда көзделген қатысушы банктің депозиторларының мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн:»;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталы мөлшерінің жетпіс пайызы шегiнде оның шығыстары;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерiн орналастырудан түскен кiрiс;»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген тәртiппен шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған меншікті активтерін орналастырудан түскен кiрiс шегiнде және есебiнен арнайы резерв қалыптастырады.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi кепілдік берілген өтемақыны төлеу үшін ғана пайдаланылуы мүмкін.».
      6. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 2-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) қолайсыз әлеуметтiк - экономикалық салдарлар – ұлттық мүдделерді іске асыруға бөгет жасайтын немесе оларға қауіп тудыратын, сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына қатер келтіретін әлеуметтік және экономикалық салдарлардың жиынтығы;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) белгіленім кезеңі – мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған қатарынан күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) белгіленім күні – ресми танылған ақпарат көздерінде тауарға (жұмысқа, қызмет көрсетуге) жарияланған баға белгіленімі бар күн;»;
      2) 10-баптың 10-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      2-1) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру;
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістерін) белгілеу туралы өтінішті мәмілеге қатысушы ұсынылып отырған бағаның және (немесе) баға белгілеу тәртібінің (әдісінің) экономикалық негіздемесін, жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарлардың туындау қаупін растайтын құжаттарды (есептерді, негіздемелерді) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістерін) белгілеу қажеттігінің негіздемесін қоса отырып тиісті қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға береді.
      Өтінішті алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін:
      1) мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістерін) белгілеудің орындылығын қабылдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістерін) белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын жолдайды;
      2) мәміле бағасын және (немесе) баға белгілеу тәртібін (әдістерін) белгілеудің орынсыздығын қабылдайды және мәмілеге қатысушыға дәлелді бас тартуды жолдайды.»;
      3) 13-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заңның мақсаттары үшін белгіленім кезеңі келісімшарт талаптарына сәйкес мынадай уақыт аралығында айқындалуға тиіс:
      мұндай бойынша:
      1) тауарды теңіз көлігімен өткізген кезде тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін бес белгіленім күнінен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін бес белгіленім күнінен аспауға;
      2) тауарды теңіз көлігімен өткізуді қоспағанда, магистральдық құбыр жолдары көлігімен және көліктің өзге түрімен өткізу кезінде тауарға меншік құқығы сатып алушыға өткен айдың бірінші күнінен бастап соңғы күніне дейін;
      мұнайды қоспағанда, биржалық тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша – тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға және тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға;
      бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлар бойынша – тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күнге дейін күнтізбелік алпыс екі күннен аспауға және тауарға меншік құқығы сатып алушыға ауысқан күннен кейін күнтізбелік жүз жиырма күннен аспауға тиіс.
      7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжат; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат;
№ 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат):
      2) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде мыналар белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 280-бабының 4-тармағы 1) тармақшасы 1-17 жолдарының қолданылуы - 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
      2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады:

Р/с

КО СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100% спирт 750 теңге/литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

60 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт 75 теңге/литр

5-1.

3003,3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100 % спирт 500 теңге/литр

6.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)

100% спирт 1000 теңге/литр

7

2208

Коньяк, бренди

100% спирт 250 теңге/литр

8.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

11.

2203 00

Сыра

26 теңге/литр

12.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

13.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

3000 теңге/
1000 дана

14.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

3000 теңге/
1000 дана

15.

2402-ден

Сигариллдер

3700 теңге/
1000 дана

16.

2402-ден

Сигаралар

475 теңге/
1 дана

17.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

3800 теңге/
килограмм

      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады:

Р/с

КО СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдiк пайызды немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100% спирт 750 теңге/литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

60 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт 75 теңге/литр

5-1.

3003,3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100 % спирт 500 теңге/литр

6.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)

100% спирт 1200 теңге/литр

7.

2208

Коньяк, бренди

100% спирт 250 теңге/литр

8.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

11.

2203 00

Сыра

26 теңге/литр

12.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

13.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

3900 теңге/
1000 дана

14.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

3900 теңге/
1000 дана

15.

2402-ден

Сигариллдер

4800 теңге/
1000 дана

16.

2402-ден

Сигаралар

620 теңге/
1 дана


17.

2403-тен

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

4900 теңге/
килограмм


      Ескертпе. Тауар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.»;
      2) 23-баптың 1-тармағының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қайта сақтандыру шарттары бойынша төлеуге жататын (төленген) сақтандыру сыйлықақылары,»;
      3) 38-бап алып тасталсын;
      4) 49-баптың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы 76 абзацпен толықтырылсын:
      «Егер Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың еркін айналымы үшін немесе ішкі тұтыну үшін шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде, өлім, жарамсыздық, жойылу салдарынан осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген асыл тұқымды жануарларды жоғалту орын алған жағдайда, осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи шығын нормалары шегінде жоғалған асыл тұқымды жануарларға қолданылмайды.»;
      5) 49-1-бап мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап бес жыл ішінде, өлім, жарамсыздық, жойылу салдарынан осы баптың 9) тармақшасында көрсетілген асыл тұқымды жануарларды жоғалту орын алса, осы тармақтың жиырма бірінші абзацының ережелері Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген табиғи шығын нормалары шегінде жоғалған асыл тұқымды жануарларға қолданылмайды.»;
      6) мынадай мазмұндағы 71-баппен толықтырылсын:
      «71-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабы 6-тармағының мақсаттары үшін көрсетілген тармақтың қолданысқа енгізілген күнінен бастап екі жылдық кезең өткеннен кейін көрсетілген тармақта белгіленген міндеттемелер пайда болатындығын белгілеу.».
      8. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
      1) 18-бап мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      «12. Мұнай жеткізуші, егер жеткізуші мен өндірушінің арасындағы осындай өтеу туралы шарт талаптарында көзделген болса, өндірушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген акцизді төлеу, алыс-беріс шикізатынан қайта өңделген өнімдер бойынша салық міндеттемесін орындауы бойынша шығыстар сомасын өндірушіге өтейді.»;
      2) 26-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 18-баптың 12-тармағын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      1-1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 17-баптың 1-тармағын, 2-тармақтың 1) тармақшасын, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарын, 21-бабының 1-тармағының бірінші бөлігін;».
      9. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 51-құжат):
      1) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, дiни бiрлестiктер өздерінің қалауы бойынша діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды сатып алуға және пайдалануға құқылы.
      Құдайға құлшылық ету, діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдер үшін қажетті бұйымдар мен атрибуттар, сондай-ақ діни элементтері бар заттар дiни мақсаттағы заттар болып табылады.».
      10. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012. ж., № 23-24, 125-құжат)
      1) 1-баптың 4-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) 47-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық (төлем көзінен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) және (немесе) өсiмпұлдар төлеудің осы Кодексте белгіленген мерзімін неғұрлым кеш, бірақ осы тарауда белгіленген мерзімдерден аспайтын мерзімге ауыстыру салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту деп танылады.
      Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту осы Кодекстің 51-2-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, салықты және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу мерзімін ауыстыру себептері қамтылған салық төлеушінің өтініші негізінде жүргізіледі.»;
      «4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Кодекстің 51-1, 51-2-баптарында өзгеше белгiленбесе, салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту осы тарауда белгіленген тәртіппен салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге алу және (немесе) банк кепілдігі арқылы жүргізіледі.»;
      2) 1-баптың 4-тармағы 13) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, осы баптың 3-тармағында және осы Кодекстің 51-2-бабында өзгеше белгiленбесе, республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықты және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.»;
      3) 1-баптың 4-тармағының 24), 26) тармақшалары алып тасталсын;
      4) 1-баптың 16-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
      5) 9-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын.
      11. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат):
      1) 29-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын тапсырады.
      Декларацияның нысанын және оны жасау тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.
      2. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда осы Заңның 24-бабының 2-4-тармақтарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарға қатысты міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігінде мәліметтер көрсетілмейді.».
      2-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап алыс-беріс шикізатынан бензин (авиациялықты қоспағанда), дизельді отын өндірген тұлға үшін есептеу мақсатында белгіленсін:
      1) корпоративтік табыс салығы – алыс-беріс шикізатынан өндірілген бензинге (авиациялықты қоспағанда), дизельді отынға осындай тұлғаның акциз төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы есебіне алуға жататын (алынатын) өтеу сомасы табыс ретінде қаралмайды;
      2) қосылған құн салығына – алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қызметтер көрсететін бензин (авиациялықты қоспағанда), дизелді отын өндірушінің салық салынатын айналымының мөлшеріне алыс-беріс шикізатынан өндірілген осындай акцизделетін тауарлар бойынша төлеуге жататын (төленген) акциз сомасы қосылмайды.
      3-бап. Қосылған құн салығын төлеуші 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 249-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес туындаған айналымдар бойынша жазып алған «ҚҚС-сыз» шот-фактура салық салынатын айналымнан қосылған құн салығының сомасын көрсету мақсатында қосымша шот-фактура жазып беру 2014 жылдың 31 қаңтарынан кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.
      4-бап. Осы Заң мыналарды:
      1) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағының 2) тармақшасын;
      2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасының жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын, 6), 23) тармақшаларын, 24) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 30) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 35) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 37), 44) және 51) тармақшаларын, 52) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 62) тармақшасын, 66) тармақшасының сегізінші абзацын, 1-бабының 1-тармағының 67), 68), 69), 72), 73) және 86) тармақшаларын, 1-бабының 8-тармағының 2) тармақшасын;
      3) 2011 жылғы 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацын;
      4) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 24) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 26), 27), 31), 32) және 33) тармақшаларын, 1-бабының 1-тармағы 35) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын;
      5) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасын, 3), 10), 11) және 12) тармақшаларының үшінші - жиырма бірінші абзацтарын, 42), 45), 46) және 48) тармақшаларын, 60) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтарын, 82) және 97) тармақшаларын, 1-бабының 8-тармағының 4) тармақшасын;
      4) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 108) тармақшасын;
      5) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 98) тармақшасының жетінші абзацын;
      6) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады