Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 97 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 214-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері» деген 3.1-бөлімде:
«Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік органдарды үйлестіру» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Мемлекеттік органдарды үйлестіру арқылы бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу» деген 1.1-мақсатта:
«Бәсекелестікті дамыту бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру» деген 1.1-міндетте:
тікелей нәтижелер көрсеткішінде:
мына:
«
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетін қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн қысқарту |
«Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетін қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
бірлік |
- |
- |
1 |
1 |
- |
1 |
- |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн қысқарту |
«Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
бірлік |
- |
- |
1 |
1 |
1 |
1 |
- |
»;
«Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 7-жолмен толықтырылсын:
«
7. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін кезең-кезеңмен қысқартудың жол картасын әзірлеу |
- |
- |
Х |
- |
- |
»;
«Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің негізсіз қатысуын қысқарту» деген 1.2-міндетте:
тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:
мына:
«
Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекет фактілері бойынша аяқталған тергеулердiң жалпы санынан бұзушылықтарды анықтай отырып тергеулердiң үлес салмағы |
Агенттіктің есебі |
бірлік |
- |
- |
- |
- |
70 |
72 |
74 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекет фактілері бойынша шығарылған нұсқамалардың жалпы санынан орындалған нұсқамалардың үлесі (шағымдалатындарын қоспағанда) |
Агенттіктің есебі (жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекет фактілері бойынша шығарылған нұсқамалардың жалпы санына монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы орындалған нұсқамалар санының қатынасы) |
% |
- |
- |
- |
- |
64 |
66 |
68 |
»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Олар бойынша мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекет фактілері бойынша тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданып қаралған істердің жалпы санынан әкімшілік істер бойынша монополияға қарсы органның орындалған шешімдерінің үлес салмағы (шағымдалатын дарын қоспағанда) |
Агенттіктің есебі (олар бойынша істердің аталған санаты бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданып қаралған істердің жалпы санына әкімшілік істер бойынша монополияға қарсы органның орындалған шешімдер санының қатынасы) |
% |
- |
- |
- |
- |
62 |
64 |
66 |
»;
«Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлімде:
мына:
«
2. Мемлекеттiк органдардың монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
»
деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
2. Мемлекеттiк органдардың, жергілікті атқарушы органдардың монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
»;
«Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу» деген 2-стратегиялық бағытта:
«Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына жедел ден қою және жолын кесу» деген 2.1-мақсатта:
«Монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтауды қамтамасыз ету» деген 2.1-міндетте:
тікелей нәтижелер көрсеткіштері мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Олар бойынша жосықсыз бәсекелестік фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданып қаралған істердің жалпы санынан әкімшілік істер бойынша монополияға қарсы органның орындалған шешімдерінің үлес салмағы (шағымдалатындарын қоспағанда) |
Агенттіктің есебі (олар бойынша істердің аталған санаты бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданып қаралған істердің жалпы санына әкімшілік істер бойынша монополияға қарсы органның орындалған шешімдер санының қатынасы) |
% |
- |
- |
- |
- |
62 |
64 |
66 |
Үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері бойынша монополияға қарсы орган қозғаған істердің жалпы санынан тергеу шеңберінде анықталған монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықты растайтын әкімшілік соттар шешімдерінің үлес салмағы (шағымдалатындарын қоспағанда) |
Агенттіктің есебі (істердің аталған санаты бойынша монополияға қарсы орган қозғаған істердің жалпы санына тергеу шеңберінде анықталған монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды растайтын әкімшілік соттар шешімдері санының қатынасы) |
% |
- |
- |
- |
- |
62 |
64 |
66 |
Бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер және бәсекелестікке қарсы келісімдер фактілері бойынша монополияға қарсы орган қозғаған істердің жалпы санынан тергеу шеңберінде анықталған монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықты растайтын әкімшілік соттар шешімдерінің үлес салмағы (шағымдалатындарын қоспағанда) |
Агенттіктің есебі (істердің аталған санаты бойынша монополияға қарсы орган қозғаған істердің жалпы санына тергеу шеңберінде анықталған монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды растайтын әкімшілік соттар шешімдері санының қатынасы) |
% |
- |
- |
- |
- |
62 |
64 |
66 |
»;
«Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 4-жолмен толықтырылсын:
«
4. Агенттіктің сот талқылауларына қатысуы |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
»;
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру» деген 3-стартегиялық бағытта:
«Нарық субъектілерінің және тұтынушылардың заңды құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету» деген 3.1-мақсатта:
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк органдар қызметiн үйлестiру және тұтынушылардың қоғамдық бiрлестiктерiмен өзара iс-қимыл» деген 3.1-міндетте:
тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:
мына:
«
Тағайындалған жалпы саннан тергеу жүргiзу туралы шешiм қабылданған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы Агенттiктiң монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтары туралы алдын ала қаралған мәлiметтердiң үлес салмағы |
Агенттiктiң есебi (тағайындалған жалпы санға тергеу жүргiзу туралы шешiм қабылданған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы Агенттiктiң монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтары туралы алдын ала қаралған мәлiметтерiнiң саны) |
% |
- |
- |
60 |
62 |
64 |
66 |
68 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық фактілері бойынша шығарылған нұсқамалардың жалпы санынан орындалған нұсқамалардың үлесі (шағымданғандарды қоспағанда) |
Агенттіктің есебі (тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық фактілері бойынша шығарылған нұсқамалардың жалпы санынан орындалған нұсқамалар санының қатынасы) |
% |
- |
- |
- |
- |
62 |
64 |
66 |
»;
«Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 5-жолмен толықтырылсын:
«
5. Сот шешімдерін қабылдаудың оңайлатылған тәртібін көздейтін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеу |
- |
- |
Х |
- |
- |
»;
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
001 «Бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, монополиялық қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеу жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде:
«Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесiн қысқарту» деген жолдың «2015 жыл» деген бағанындағы «1» деген сан «-» деген белгімен ауыстырылсын;
мына:
«
Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекет фактілері бойынша аяқталған тергеулердің жалпы санынан бұзушылықтарды анықтай отырып тергеулердің үлес салмағы |
бірлік |
- |
- |
- |
- |
70 |
72 |
74 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Олар бойынша мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекет фактілері бойынша тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданып қаралған істердің жалпы санынан әкімшілік істер бойынша монополияға қарсы органның орындалған шешімдерінің үлес салмағы (шағымдалатындарын қоспағанда) |
% |
- |
- |
- |
- |
62 |
64 |
66 |
»;
мына:
«
Тағайындалғандардың жалпы санынан тергеу жүргiзу туралы шешiм қабылданған тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы Агенттiктiң монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар туралы алдын ала қараған мәлiметтерінің үлес салмағы |
% |
- |
- |
60 |
62 |
64 |
66 |
68 |
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық фактілері бойынша шығарылған нұсқамалардың жалпы санынан орындалған нұсқамалардың үлесі (шағымдалатындарын қоспағанда) |
% |
- |
- |
- |
- |
62 |
64 |
66 |
»;
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекет фактілері бойынша шығарылған нұсқамалардың жалпы санынан орындалған нұсқамалардың үлесі (шағымдалатындарын қоспағанда) |
% |
- |
- |
- |
- |
64 |
66 |
68 |
»;
тиімділік көрсеткіштерінде:
«Бiр қызметкерге шығындар» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанындағы «4046» деген сандар «4237» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттiк шығыстардың көлемi» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанындағы «873927» деген сандар «860187» деген сандармен ауыстырылсын;
«002 Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң күрделi шығыстары» деген бюджеттік бағдарламада:
тiкелей нәтиже көрсеткiштерiнде:
«Басқа да және негiзгi құралдарға жататын тауарлар сатып алу» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанындағы «337» деген сандар «605» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттiк шығыстардың көлемi» деген жолдың «2013 жыл» деген бағанындағы «122817» деген сандар «133362» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстардың жиыны» деген кіші бөлімде:
«2013 жыл» деген бағанда:
«БАРЛЫҒЫ бюджеттiк шығыстар:» деген жолдағы «996744» деген сандар «993549» деген сандармен ауыстырылсын;
«ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар» деген жолдағы «996744» деген сандар «993549» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов