"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуді босату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 636 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 949 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуді босату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 636 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар инвестициялық жобаларды іске асыру үшін оларға жер учаскелерін беру кезінде оларды ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдаланғаны үшін ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюдан болған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын бюджетке өтеуден босатылсын.»;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің          
2013 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 949 қаулысына       
қосымша           

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2008 жылғы 28 маусымдағы
№ 636 қаулысына    
қосымша        

Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін оларға жер учаскелерін
беру кезінде оларды ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес
мақсаттарға пайдаланғаны үшін ауыл шаруашылығы жерлерін алып
қоюдан болған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын бюджетке
өтеуден босатылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың
тізімі

      1. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      2. «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      3. «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      4. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      5. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      6. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      7. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      8. «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      9. «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      10. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      11. «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      12. «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      13. «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      14. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      15. «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      16. «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады