"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 968 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.04.2014 № 359 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Асқар Куанышұлы Жұмағалиевтің «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлануын қамтамасыз етсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады