Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 972 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің теңгерімінен заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2013 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 972 қаулысына    
қосымша        

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүлік тізбесі

Р/с

Республикалық мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1

Толық жабдық жиынтығы бар жол зертханасы

жиынтық

1

2

«Газель» ГАЗ-3221 автомашинасы негізіндегі КП-514 МП жылжымалы жол зертханасы

жиынтық

2

3

Асфальтбетонның реологиялық сипаттамаларын анықтауға арналған жинақтаушы жабдығы бар сынақ қондырғысы

дана

1

4

Асфальтбетон қоспасының үлгілерін дайындауға арналған зертханалық араластырғыш

дана

1

5

Цементтің химиялық және минералды құрамын анықтауға арналған рентгенді спектрометр

дана

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады