"2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 979 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыруға көзделген қаражаттан 78 038 553 мың теңге мөлшеріндегі сома:»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мынадай әкімшілер бойынша 1 000 000 мың теңге сомасында республикалық әлеуметтік-мәдени объектілерге жөндеу жүргізуге аудару үшін:
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 527 268 мың теңге;
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 278 450 мың теңге;
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 194 282 мың теңге;».
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады