"Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 1005 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 № 852 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 78-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1005 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1635 қаулысымен     
бекiтiлген        

Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесі

Р/с

Бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық талаптарына жауап беретін меншік құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті)

астық қоймасына меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалған мәмілелерді тіркеу органының заңнамада белгіленген нысан бойынша анықтамасы;
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы органның қорытындысы

астық қоймасына меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын құжат және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы органның қорытындысы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

2

технологиялық жабдық (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен тексерілген), тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығы, белсенді желдету жабдығы, астық сақтауға арналған ыдыстар, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық, асфальтталған алаңдар

мәліметтер нысаны (астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес)

осы талаптарға сәйкестікті «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес лицензиар бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді

3

өткізу режимі, аумақтың қоршалуы

мәліметтер нысаны (астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес)

осы талаптарға сәйкестікті «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес лицензиар бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді

4

астық сапасын айқындауға арналған, өлшеулердің жай-күйі бағалаудан өткен және мыналармен:
үлгісін бекіту мақсатында сынақтардан немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілген және белгіленген тәртіппен тексерілген зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтығымен, сынама іріктегіштермен, ыдыстармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың зақымданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жабдықталған өндірістік-технологиялық зертхана

зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәлік, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттар

зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәлік пен өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны түрінде ұсынылады

5

тиiстi бiлiмi бар (басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм, мамандар үшiн – ортадан кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамы

мәліметтер нысаны (астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымшаға сәйкес)

осы талаптарға сәйкестікті «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес лицензиар бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді

Астық қолхаттарын бере отырып,
қойма қызметi бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі қызметті жүзеге
асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк
талаптары және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттардың тізбесіне
қосымша            

Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер
нысаны

      Астық қоймасына (элеватор, астық қабылдау пункті) меншік
құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған (оларға)
салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке
құқықтарды және онымен жасалған мәмілелерді тіркеу органы
анықтамасының нөмірі және берілген күні: ____________________________

      Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы ______________________

      Меншік иесі (құқық иеленуші) __________________________________

      санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы орган
қорытындысының болуы туралы мәліметтер:

      нөмірі ________________________________________________________

      күні __________________________________________________________

      санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (қорытынды мәртебесі)
      _______________________________________________________________

      Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының
атауы _______________________________________________________________

      Технологиялық жабдықтың болуы туралы мәліметтер:

Жабдықтың атауы

Өлшем бірлігі

20__ жылғы _____
қолда бары

Жай-күйі

1

2

3

4

астық тазалау машиналары

дана



астық кептіру жабдығы

сағатына дана/тонна



салыстырып тексеру туралы сертификаттың деректері (нөмірі, берілген күні, метрологиялық қызметтің атауы, сертификаттың қолданыс мерзімі) көрсетілген таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен тексерілген)

дана



тиеу-түсіру құрылғылары

дана



көтергіш-көлік жабдығы

дана



жылжымалы көлік жабдығы

дана



белсенді желдету жабдығы

дана



астық сақтауға арналған ыдыстар

мың тонна



сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық

жиынтық



асфальтталған алаңдар

шаршы метр



      Өткізу режимі, аумақ қоршауының болуы туралы мәліметтер _______

      Зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәлік пен
өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың болуы
туралы мәліметтер

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттың нөмірі

Құжаттың басталу күні

Іс-әрекеттің аяқталу күні

Метрологиялық қызметтің атауы

1

2

3

4

5

6

      Астық сапасын айқындауға арналған өндірістік-техникалық
зертхананың жарамды жабдықпен және аспаптармен жабдықталуы туралы
мәліметтер

Объект

Өлшем бiрлiгi

20__ жылғы ______
қолда бары

1

2

3

Сынама іріктегіштер

дана


Ылғал өлшегiштер

дана


Кептiргiш шкафтар

дана


Зертханалық таразылар

дана


Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер

дана


Елеуіштер жиынтығы

дана


Астық тегін анықтауға арналған құрал (пурка)

дана


Ақуыздың салмақтық үлесін анықтауға арналған құрылғы

дана


Дән маңызының салмақтық үлесі мен сапасын анықтауға арналған құрылғы

дана


Құлау санын анықтауға арналған құрылғы

дана


Астықтың зақымданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптар

дана


Астық сынамаларын сақтауға арналған сөрелер

дана


      Техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы
туралы мәліметтер:

Р/с

Маманның Т.А.Ә.

Лауазымы

Білімі бойынша мамандығы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады