Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 жылғы 4 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2013 жылғы 5 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
174-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Ереуiлдердi заңсыз деп тану туралы азаматтық iстер сотқа талап арыз түскен күннен бастап он күн мерзiмде қаралады және шешiледi.».
2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123- құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 1-тармағында:
12), 34), 60) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) бiтiмгерлiк рәсiмдер – ұжымдық еңбек дауын алғашында - бiтiмгерлiк комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жеткізілмеген кезде медиация рәсімін қолдана отырып еңбек төрелігінде өз кезегiмен қарау;»;
«34) еңбек төрелігі – өз кезегінде бiтiмгерлiк комиссиясында, медиация рәсімін қолдана отырып келiсiмге қол жеткізілмеген кезде ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек дауын шешу үшiн уәкiлеттi адамдарды тарта отырып құратын, уақытша жұмыс iстейтiн орган;»;
«60) қызметкерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмаған кезде қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) көпшілік дауыспен таңдалған және қызметкерлер уәкiлеттiк берген сайланбалы өкiлдер;»;
мынадай мазмұндағы 69-1) тармақшамен толықтырылсын:
«69-1) разрядаралық коэффициент – сабақтас тарифтік-біліктілік разрядтардың тарифтік мөлшерлемелері арасындағы арақатынас;»;
2) 15-бап мынадай мазмұндағы 14-1), 25-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн азаматтық қызметшiлердің штат санының лимитін бекітеді;»;
«25-1) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулығын әзiрлеу, бекiту және қайта қарау тәртібін белгілейді;»;
3) 16-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) еңбек жөнiндегi үлгiлiк (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;»;
мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) тиiстi қызмет салаларындағы мемлекеттiк органдармен келісім бойынша барлық қызмет салаларына бірдей (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердi әзірлейді және бекiтеді;
7-2) әкiмшiлiк персоналға жататын қызметкерлердің лауазымдары атауларының тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының еңбек жөнiндегi үлгiлiк (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi бекiту тәртiбiн белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) еңбек төрелігі туралы үлгі ережені бекітеді;»;
4) 28-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тараптардың деректемелері:
жұмыс беруші - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрақты тұратын мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендiру нөмiрi (бизнес-сәйкестендiру нөмiрi);
жұмыс беруші - заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері, жұмыс беруші - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;
қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі;»;
5) 31-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
6) 117-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еңбек жөніндегі үлгi (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi тиiстi қызмет салаларының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсім бойынша ол белгiлеген тәртiппен бекiтедi.
Барлық қызмет салалары үшін бірдей (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердi тиiстi қызмет салаларының мемлекеттiк органдармен келісім бойынша еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтеді.
3. Еңбек жөніндегі үлгi (салалық, салааралық) нормалар мен нормативтердi ауыстыруды және қайта қарауды оларды бекiткен органдар еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.»;
7) 122-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарты тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленетін ең төменгі айлық жалақы мөлшері және салалық келісімдерде айқындалатын салалық арттырушы коэффиценттер есебінен айқындалады.»;
8) 138-3 баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
2. Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеуді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жүргізеді және оны әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық комиссия бекітеді.»;
9) 138-4 баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салалық біліктілік шеңберін әзірлеуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары жүргізеді және оны әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия бекітеді.»;
10) 171-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Келiсу комиссиясының қызметкерлерден құрылатын мүшелерi қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Келiсу комиссиясының жұмыс берушiден құрылатын мүшелерi жұмыс берушiнiң актiсiмен тағайындалады. Келiсу комиссиясының мүшелерi бiрiншi ұйымдастыру отырысында көпшiлiк дауыспен өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды және тараптардың келісімімен медиаторды тарту туралы мәселе шешіледі.»;
11) 172-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке еңбек дауларын қарау жөнінде органдарға жүгіну мерзімінің өтуі қаралатын жеке еңбек дауы бойынша медиация туралы шарттың қолданысы кезеңінде тоқтатыла тұрады.»;
12) 185-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 1), 3) – 19) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейiнгi баланы (он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек - баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға жол берiлмейдi.»;
13) мынадай мазмұндағы 28-1-тараумен толықтырылсын:
«28-1-тарау. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлерiнiң еңбегiн реттеу ерекшелiктерi
257-1-бап. Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлерінiң еңбегiн реттеу
Кәсіптік одақтың кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлердiң еңбегі «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодексте реттеледi.»;
14) 263-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жүктеледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Республикалық кәсіптік одақтар бiрлестiктері қызметкерлердiң республикалық деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.»;
15) 264-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету тиiстi қызмет салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттік органдарға жүктеледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салалық кәсіптік одақтар қызметкерлердiң салалық деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.»;
16) 265-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Әлеуметтік әріптестікті өңірлік деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына жүктеледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аумақтық кәсіптік одақтар бiрлестiктері қызметкерлердiң өңiрлiк деңгейдегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.»;
17) 268-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«268-бап. Республикалық, салалық, өңірлік комиссиялардың негізгі мақсаттары, міндеттері мен функциялары
1. Комиссиялардың негізгі мақсаттары әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісу болып табылады.
2. Комиссиялардың негізгі міндеттері:
1) әлеуметтік және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша әлеуметтік әріптестік тараптарының ұстанымдарын келісу;
2) келісімдерді әзірлеу және жасасу;
3) келісімдерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, келісу және бекіту;
4) халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және қолдануға байланысты мәселелер бойынша консультациялар өткізу және ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссиялар өздері бекіткен ережелерге және жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс істейді. Комиссия отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі.
4. Республикалық комиссияның функциялары:
1) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын қарау (әлеуметтік әріптестік тараптарының бастамасы бойынша) және олар бойынша ұсынымдар шығару;
2) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және қабылдау туралы атқарушы билік органдарына ұсыныстар енгізу;
3) ұлттық біліктілік шеңберін бекіту;
4) әлеуметтік-еңбек дауларының және ереуілдердің алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шараларды келісу;
6) Бас келісім жасасу және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
7) салалық және өңірлік деңгейлерде келісімдер әзірлеу және қабылдау үшін Байқаушылар тобын құру;
8) республикалық комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
5. Салалық комиссиялардың функциялары:
1) тиісті саланың әлеуметтік әріптестік тараптарының Бас келісімді, республикалық комиссия шешімдерін орындауын қамтамасыз ету;
2) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын (әлеуметтік әріптестік тараптарының бастамасы бойынша) қарау;
3) әлеуметтік-еңбек дауларының және ереуілдердің алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
4) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шараларды келісу;
5) салалық келісім жасау және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
6) саладағы еңбекақы төлеу, оның ішінде:
саладағы ең төменгі тарифтік мөлшерлемені;
разрядаралық коэффициенттердің шекті мәнін;
арттырушы салалық коэффициенттерді;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге үстемеақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеу жүйесінің негізгі қағидаттарын әзірлеу;
7) салалық біліктілік шеңберін бекіту;
8) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде кеңес құру;
9) ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу үшін Еңбек төрелігі жөнінде кеңес құру;
10) келісімдер, ұжымдық шарттар әзірлеу және қабылдау үшін Байқаушылар тобын құру;
11) Кадрлық әлеуетті және біліктілікті дамыту жөнінде үйлестіру орталығын құру;
12) салалық комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
6. Өңірлік комиссияның функциялары:
1) салалық келісімдердің әлеуметтік әріптестік тараптарының Бас келісімді, республикалық және салалық комиссия шешімдерін орындауын қамтамасыз ету;
2) өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын (әлеуметтік әріптестік тараптарының бастамасы бойынша) қарау;
3) әлеуметтік-еңбек дауларының және ереуілдердің алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;
4) жұмыс берушілерге және қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге жәрдемдесу;
5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шараларды келісу;
6) Өңірлік келісім жасасу және оның орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
7) ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу үшін Еңбек төрелігі жөнінде кеңес құру;
8) өңірлік комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
18) 276-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«276-бап. Келісімдердің мазмұны
1. Келісімдер:
1) қолданылу мерзімі туралы;
2) орындалуын бақылау тәртібі туралы;
3) келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы;
4) тараптардың өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауаптылығы туралы ережелерді қамтуға тиіс.
2. Бас келісімнің мазмұнын республикалық комиссия әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары немесе солардың біреуі ұсынған Бас келісімнің жобаларын негізге ала отырып айқындайды.
3. Салалық және өңірлік келісімдердің мазмұнын салалық және өңірлік комиссиялар әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары немесе солардың біреуі ұсынған келісімдер жобаларының негізінде айқындайды.
4. Бас келісімде:
1) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын қарау тәртібі туралы;
2) әлеуметтік-еңбек дауларының және ереуілдердің алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шаралар туралы;
3) еңбек нарығын дамыту, халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу туралы;
4) еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік туралы;
5) әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту туралы;
6) салалық және өңірлік деңгейлерде келісімдерді әзірлеу және қабылдау үшін Байқаушылар тобын құру және оның қызмет тәртібі туралы ережелер көзделуге тиіс.
5. Салалық келісімдерде:
1) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау тәртібі туралы;
2) салада әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту туралы;
3) әлеуметтік-еңбек дауларының және ереуілдердің алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шаралар туралы;
4) саладағы еңбекақы төлеу, оның ішінде:
саладағы ең төменгі тарифтік мөлшерлемені (жалақыны);
разрядаралық коэффициенттердің шекті мәнін;
арттырушы салалық коэффициенттерді;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге үстемеақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеу жүйесінің негізгі қағидаттары туралы;
5) Салалық біліктілік шеңберін бекіту тәртібі туралы;
6) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде кеңес құру және оның қызмет тәртібі туралы;
7) ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу үшін Еңбек төрелігі жөнінде кеңес құру және оның қызмет тәртібі туралы;
8) келісімдер, ұжымдық шарттар әзірлеу және қабылдау үшін Байқаушылар тобын құру және оның қызмет тәртібі туралы;
9) Кадрлық әлеуетті және біліктілікті дамыту жөнінде үйлестіру орталығын құру және оның қызмет тәртібі туралы ережелер көзделуге тиіс.
6. Өңірлік келісімдерде:
1) өңірде әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту туралы;
2) өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау тәртібі туралы;
3) әлеуметтік-еңбек дауларының және ереуілдердің алдын алу және болдырмау жөніндегі іс-шаралар туралы;
4) жұмыс берушілерге және қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге жәрдемдесу туралы;
5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шараларды қабылдау туралы;
6) ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу үшін Еңбек төрелігі жөнінде кеңес құру және оның қызмет тәртібі туралы ережелер көзделуге тиіс.
7. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлататын келісімнің ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.»;
19) 278-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«278-бап. Келісімдердің қолданылуы
1. Бас келісімнің күші барлық деңгейдегі атқарушы органдарға, жұмыс берушілерге, қызметкерлерге және олардың өкілдеріне қолданылады.
2. Салалық келісімнің күші тиісті саладағы атқарушы органдарға, жұмыс берушілерге, қызметкерлерге және олардың өкілдеріне қолданылады.
3. Өңірлік келісімнің күші тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органдарына, жұмыс берушілеріне, қызметкерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады.
4. Келісімдер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар не шетелдік қатысуы бар ұйымдар болып табылатын ұйымдарға да қолданылады.
5. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган республикалық деңгейде, тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органдары салалық деңгейде және жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейде келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде келісімді ресми жариялауға міндетті.»;
20) 282-бапта:
2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұйымда қызметкерлердiң бiрнеше өкiлдерi болған кезде комиссияға қатысу және ұжымдық шартқа қол қою үшiн олар бiртұтас өкiлдi орган құрады. Бұл ретте олардың әрқайсысына өздерi өкiлдiк ететiн қызметкерлердiң санына қарай пропорционалды өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде келiссөздер жүргiзу жөнiндегi бiртұтас органның құрамында өкiлдiк ету құқығы берiледi.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тараптардың өкiлдерi қызметкерлерге ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы жарты жылда кемінде бір рет хабарлап отыруға мiндеттi.»;
21) 284-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар жасалған Бас, салалық және өңірлік келісімдерге сәйкес айқындайды. Ұжымдық шартқа:»;
6) тармақтағы «жақсарту туралы ережелер енгізілуге тиіс.» деген сөздер «жақсарту туралы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) қызметкерлерге Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздерін оқыту жөніндегі іс-шаралар туралы;
9) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау туралы ережелер енгізілуге тиіс.»;
2-тармақтың 12), 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) ұжымдық шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы;
16) ерікті зейнетақы жарналары туралы;»;
22) 292-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«292-бап. Бiтiмгерлiк комиссиясы
1. Бiтiмгерлiк комиссиясын тараптар жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi (олардың өкiлдерi) өз шешiмiн қызметкерлерге (олардың өкiлдерiне) хабарлаған не хабарламаған күннен бастап не ұжымдық келiссөздер барысында келiспеушiлiктер хаттамасы жасалған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде құрады.
2. Бiтiмгерлiк комиссиясы ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнен тепе-тең негiзде құрылады. Бiтiмгерлiк комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс берушiнiң актiсiмен және қызметкерлер өкiлдерiнiң шешiмiмен ресiмделедi.
Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi бiтiмгерлiк комиссиясының жұмысы үшін қажетті жағдайларды жасайды.
3. Бiтiмгерлiк комиссиясы құрылған күнiнен бастап жеті жұмыс күнiнен кешiктiрмей қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын қарайды. Бiтiмгерлiк комиссиясының талаптарды қарау, көрсетiлген мерзiмдi ұзарту тәртiбi тараптардың келiсiмiмен жүзеге асырылады және хаттамамен ресiмделедi.
4. Бiтiмгерлiк комиссиясы бiтiмгерлiк рәсiмі барысында қызметкерлермен (олардың өкiлдерiмен), жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлер бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен), мемлекеттiк органдармен және өзге де мүдделi тұлғалармен консультациялар жүргiзедi.
5. Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады, тараптардың өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi, оның тараптар үшiн мiндеттi күшi болады және бiтiмгерлiк комиссиясының шешімімен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде орындалады.
6. Бiтiмгерлiк комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмеген кезде оның жұмысы тоқтатылады, ал ұжымдық еңбек дауын қарау Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес медиация рәсімі қолданыла отырып жүргізіледі.
7. Медиация рәсімі қолданыла отырып, ұжымдық еңбек дауын реттеу туралы келiсiмге қол жеткізілмеген кезде дауды шешу үшiн еңбек төрелігі құрылады.»;
23) 293-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«293-бап. Еңбек төрелігі
1. Еңбек төрелігін ұжымдық еңбек дауының тараптары медиация тоқтатылған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық, салалық немесе өңiрлiк комиссия мүшелерiнiң қатысуымен құрады.
2. Еңбек төрелігі мүшелерiнiң саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қарау тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Еңбек төрелігі кемiнде бес адамнан құрылуға тиiс. Еңбек төрелігінің құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, мемлекеттiк еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар енгiзiледi.
3. Еңбек төрелігінің төрағасын тараптар төрелік мүшелерi қатарынан сайлайды.
4. Еңбек төрелігі ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделi адамдар өкiлдерiнiң де қатысуымен қарайды.
5. Дауды қарау рәсiмiн еңбек төрелігі айқындайды және ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткiзедi.
6. Еңбек төрелігінің шешiмi құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрiлмей, төрелік мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Еңбек төрелігі мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнген кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Шешiм дәлелдi әрi жазбаша нысанда болуға және оған төрелік мүшелерiнiң барлығы қол қоюға тиiс.
7. Медиация рәсімін қолдана отырып ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмiне қол жеткiзiлмеген кезде, заң бойынша ереуiлдер өткiзу тыйым салынған немесе шектелген ұйымдарда, еңбек төрелігі құрылуы мiндеттi.
8. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек төрелігінің шешiмiн орындауға мiндеттi болады.»;
24) 295-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың (медиатордың) қатысуымен немесе онсыз шешу туралы келiсiмге қол жеткiзiлген барлық жағдайларда, аяқталмай қалған бiтiмгерлiк рәсiмдерi тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келiсiмнiң талаптары дауды шешудiң талаптары деп есептеледi.
Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткiзген келiсiмдер жазбаша нысанда ресiмделедi.»;
25) 297-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бiтiмгерлiк комиссиясы, медиация рәсімін қолдана отырып, еңбек төрелігі реттей алмаған ұжымдық еңбек дауындағы келiспеушiлiктер жазбаша нысанда тараптардың назарына жеткiзiлуге тиiс.»;
26) 328-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылаудың алдын алу-профилактикалық сипаттағы өзге де нысандары бақылау субъектiсіне бару нысанында не қажетті ақпаратты (құжаттарды, түсініктемелерді) осы Кодекстің 328-1, 328-2-баптарына сәйкес сұрату арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау субъектілеріне бару критерийлері еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және көрсетілген мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.»;
27) мынадай мазмұндағы 328-1 және 328-2-баптармен толықтырылсын:
«328-1-бап. Бақылау субъектісіне баруды жүргізу тәртібі
1. Бақылау субъектісіне бару кезінде жұмыс берушіні алдын ала хабардар ету және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу талап етілмейді.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторы бақылау субъектісіне бару кезінде:
1) қызметтік куәлігін;
2) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын;
3) қажет болған кезде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген объектілерге бару үшін қажетті болатын медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.
3. Бақылау субъектілері мемлекеттік еңбек инспекторы баруды жүргізу кезінде:
1) баратын бақылау субъектісінің аумағына және үй-жайына мемлекеттік еңбек инспекторының кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) барудың нәтижелері туралы актіге қосу үшін қағаз және электронды жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін беруге, сондай-ақ барудың міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік беруге;
3) бару нәтижелері туралы актінің екінші данасында оны алғаны туралы белгі жасауға;
4) объектіге баруды жүргізу үшін келген адамдардың осы объекті үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторының кіруіне кедергі келтірілген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға баруды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторы және бақылау субъектісінің уәкілетті адамы қол қояды.
5. Бару ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидаларында белгіленген бақылау субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
6. Бақылау субъектісіне бару мерзімі бір күннен аспауға тиіс.
7. Бақылау субъектісіне бару нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ бақылау субъектіне оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, екі данада бару нәтижелері туралы акті жасайды.
Бару нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау органының атауы;
3) (оларға) баруды жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторының (немесе бірнешеуінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4) баратын бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), баруды жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) баруды жүргізу күні, орны және кезеңі;
6) барудың нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
7) баратын бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ баруды жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы көрсетіледі;
8) баруды жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы қойылады.
8. Бару нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкілдері оларды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар баруды жүргізудің нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
9. Бару нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар жасау үшін заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың өкілдеріне тапсырылады.
10. Бару нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылау субъектісі үш жұмыс күнінен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.
11. Мемлекеттік еңбек инспекторлары субъектілерге баруды есепке алу кітабында тектерін, лауазымдарын және актіде жазылған деректерді көрсете отырып, жүргізілетін іс-әрекеттер туралы жазба жасауға міндетті.
12. Бару жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда бару нәтижелері туралы актіге тиісті жазба жасалады.
328-2-бап. Ведомстволық есепке алу
1. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, бақылау субъектілеріне барудың міндетті ведомстволық есептілігінің нысандарын әзірлейді және бекітеді.
2. Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспектор бақылау субъектілеріне барудың саны мен қабылданған шаралардың ведомстволық есебін тұрақты және үздіксіз негізде жүргізуге міндетті.
Бақылау субъектілеріне барудың ведомстволық есептілігінің жиынтық деректері мемлекеттік еңбек инспекциясының интернет-ресурсында орналастырылады.».
28) 340-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жұмыс берушілер анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторға осы талапты қараудың нәтижелері және қабылданған шаралар туралы хабарлауға міндетті.
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор осы Кодекстің 341-бабында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманмен), мемлекеттік еңбек инспекциясымен өзара іс-қимыл жасайды.»;
29) 341-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияның сақталуын ескере отырып, қызметкерлердің жұмыс орындарына кiруге;».
3. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 234-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 21-22, 124-құжат):
10-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асырылады.
Саяси партияларды қоспағанда, жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары болып табылады, олар құрылтай съезін (конференция, жиналыс) шақырады, онда жарғы қабылданады және басшы органдар қалыптастырылады. Қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары – жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.
Кәсіптік одақ кәсіптік одақтың құрылтайшысы болуы мүмкін.»;
11-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi (қатысушылары) бола алады. Саяси партиялардан басқа, қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында оларға шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың мүшелiгi (қатысуы) көзделуi мүмкiн.
Кәсіптік одақтар кәсіптік одақтардың мүшелері (қатысушылары) болуы мүмкін.».
4. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
19-баптың 2-тармағының үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асады.
Жеке және (немесе) саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары болып табылады, олар құрылтай съезін (конференция, жиналыс) шақырады, онда жарғы қабылданады және басшы органдарды қалыптастырады. Қоғамдық бірлестіктердің құрылтайшылары – жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.
Кәсіптік одақтар кәсіптік одақтардың құрылтайшылары болуы мүмкін.».
5. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 2013 ж., № 8, 50-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2013 жылғы 11 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) әлеуметтік шиеленіс және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады.»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«26) әлеуметтік шиеленіс және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады.».
6. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121- құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат);
1) 10-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген;»;
2) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулердi қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркеледi.
Тексерулердi тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдердi басқарудың ведомстволық жүйелерiн қалыптастыру мен жетiлдiру үшiн пайдаланылады.
Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеудің болуы осындай тексерудiң заңдылығына дәлел болып табылмайды.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бөлінісінде қызметкерлердің өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда, мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, салық қызметi органдары жүзеге асыратын қарсы тексерулердi тағайындау туралы актiлер туралы жалпы мәлiметтер тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi