Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 1063 қаулысы

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылғы 20 қыркүйек - 15 қараша кезеңінде шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) өз ителгілерімен жек дуадақтарға Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймағы аумағында 27 (жиырма жеті) дарақ жек дуадаққа және Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағы аумағында 46 (қырық алты) дарақ жек дуадаққа ителгімен саятшылық құруға рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тұлғаға жек дуадақтарды өз ителгілерімен аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат берілсін;
      2) «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тұлғамен шарттық негізде жек дуадақтың популяциясын қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар өткізуін қамтамасыз етсін.
      3. Жек дуадақты аулау ақысы 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы ителгімен саятшылық құру үшін жыртқыш қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен Қазақстан Республикасынан әкетуді жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып қамтамасыз етсін.
      5. Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады