"Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 1066 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1033 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1033 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өнеркәсiп саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 8, 179-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген біліктілік талаптарына қосымша мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      «6. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:
      1) меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының болуы туралы ақпарат ___________________________________ (магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ негізгі жабдықтардың техникалық сипаттамасы бойынша ақпаратты көрсете отырып, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдарды, жабдықты, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi өндiрiстiк активтердiң тiзбесiн көрсету);
      2) қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат:
      қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі ________________________;
      бұйрықтың қол қойылған күні __________________________________;
      жауаптының Т.А.Ә. ____________________________________________;
      3) тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн – мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн – мұнай-газ саласындағы арнайы орта бiлiм) жауап беретiн және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар бiлiктi техникалық басшылар мен мамандар (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының кемінде 70 %-ы) құрамы туралы штат кестесі бойынша ақпарат:
      қызметкердің Т.А.Ә. __________________________________________;
      бiлiмi бойынша мамандығы _____________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ___________________.
      7. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызмет үшін:
      1) осы саладағы мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнайы білімі және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде жарты жыл жұмыс тәжірибесі бар бiлiктi басшылар мен мамандар құрамы туралы ақпарат:
      қызметкердің Т.А.Ә. __________________________________________;
      бiлiмi бойынша мамандығы _____________________________________;
      лауазымы _____________________________________________________;
      осы саладағы жұмыс өтiлi ___________________________________.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 қазандағы
№ 1066 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1796 қаулысымен    
бекітілген       

Өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік
талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың
тiзбесі

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1. Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшін мыналардың болуы:

1)

қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламенті

заңды тұлғалар үшiн – мөрмен және өтiнiш берушiнің бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындау технологиясын сипаттайтын технологиялық регламенті

тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшін талап етілмейді

2)

меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік база (ғимарат, үй-жайлар), ал өтініш берілген кіші қызмет түрлеріне сәйкес жабдықталуы және мыналарды қамтуы тиіс:

меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттардың көшірмелері



тау-кен және мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін;
мұнай-химиялық, химиялық өндірістерді жобалау үшін – жобалау үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің, электронды-есептеу машиналарының, арнайы ұйымдық техника құралдарының (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдық)

жобалау үшін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етудің электронды-есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасының (принтерлер, көбейту-көшіру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдықтар) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



тау-кен өндірісін пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру; ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстарын жүргізу үшін – инженерлік құрылыстар, машиналар, тетіктер, құралдар, арнайы көліктер, жабдықтар, өлшеу жабдықтары және бақыланатын технологиялық процесс

инженерлік құрылыстардың, машиналардың, тетіктердің, құралдардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшін:
1) лицензия не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт;
2) ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогы

лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың;
ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*




мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргiзу үшін:
каротаж станциялары (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы (каротаждық) кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр)

каротаж станциялардың (ұңғымалық аспаптар мен зондтардың, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттарының, арнайы (каротаждық) кабельдің, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін:
1) лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс істеуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт;
2) перфорациялық жабдық және (немесе) жүйе

лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс істеуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың;
перфорациялық жабдықтың және (немесе) жүйенің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында бұрғылау үшін – бұрғылау қондырғылары, қашау, шегенделген құбырлар, шығарындыға қарсы жабдықтар, көтергіш агрегаттар

бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу;
жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу;
ұңғымалар көтергiшiн орнату үшін;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін – тиісті технологиялық жабдықтар

тиісті технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін – техникалық құралдар кешені, қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін мамандандырылған техника мен технология

техникалық құралдар кешенінің, қабаттардың мұнай беруін арттыру үшін мамандандырылған техника мен технологияның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау жұмыстары үшін – теңіздегі мұнай жинау құрылғысы (скиммер), жүзуші резервуарлар, бонолық тосқауылдар; құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтар, цементтейтін агрегаттар; шығарындыға қарсы жабдық

теңіздегі мұнай жинау құрылғысының (скиммер), жүзуші резервуарлардың, бонолық тосқауылдардың; құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтейтін агрегаттардың, шығарындыға қарсы жабдықтың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:
1) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тетіктер, технологиялық желiлер, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғылары, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс-өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылықтар;
2) өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхана

тетіктердің, технологиялық желiлердiң, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс-өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың;
өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


3)

мыналарды:
машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
маркшейдерлік жұмыстарды («мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметінің кіші түріне қолданылмайды);
технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды (тау-кен өндірісінің қызметтерінің кіші түрлеріне қолданылмайды);
қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар немесе қызметтер

осы қызметтерді құру және (немесе) жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрықтардың көшірмелері

тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшін талап етілмейді

4)

тиісті білім деңгейіне жауап беретін техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (техникалық басшылар үшін – жоғары техникалық білім, мамандар үшін – кемінде орта арнайы білім) және техникалық басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы

заңды тұлғалар үшiн – мөрмен және өтiнiш берушiнің бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен расталған штат кестесі және мынадай ақпаратты: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, тиісті салада жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте


2. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану бойынша қызметтің кіші түрі үшін

1)

меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларының диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдар, жабдықтар

1. Меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ негiзгi жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпаратты, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi негiзгi өндiрiстiк активтердiң тiзбесiн көрсете отырып, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*
2. Құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік деректер базасынан деректер алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды

2)

жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi;
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды;
еңбекті қорғау мен қауiпсiздiк техникасын;
қоршаған ортаны қорғауды;
метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететiн қызметтер

осы қызметтердi құру туралы бұйрықтардың болуы туралы мәліметтер нысаны*


3)

тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн - мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн - мұнай-газ саласындағы орта арнайы бiлiм) жауап беретiн және осы саладағы мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар бiлiктi техникалық басшылар мен мамандар құрамы (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының кемінде 70 %-ы)

қызметкерлердің әрқайсысы бойынша штат кестесі бойынша: тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi бойынша мамандығы, лауазымы, осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтiлi жөніндегі ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

өндірістік персонал – әкімшілік-басқарушы персоналды (ӘБП) қоспағанда, өндірісте тікелей жұмыс істейтін және кәсіпорынның өндірістік процесімен тікелей байланысты персонал

4)

белгiленген тәртiппен бекiтiлген:
қоршаған ортаны қорғау, қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралар;
заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалар;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлары (бағдарламалары);
аварияларды жою жоспары

тиісті жоспарлар, бағдарламалар мен іс-шаралардың көшірмелері


3. Электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметі үшін

1)

Осы саладағы мамандық бойынша жоғары немесе орта арнайы білімі және осы саладағы мамандық бойынша кемінде жарты жыл жұмыс тәжірибесі бар бiлiктi басшылар мен мамандар құрамы

қызметкерлердің әрқайсысы бойынша тегiн, атын, әкесiнiң атын, бiлiмi бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын мәліметтер нысаны*


2)

1) тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызметтер (персоналдар) – абоненттiк қызметтер, учаскелер;
2) жедел диспетчерлiк қызметтi қамтамасыз ететін қызметтер (персоналдар) немесе диспетчерлiк қызметтер көрсету жөнiндегi заңды диспетчерлiк орталықпен шартты (ниеттер хаттамасын) қамтамасыз ететiн қызметтер (персонал)

1) тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін абоненттік қызметті (персоналды) құру туралы бұйрықтың көшірмесі;
2) жедел диспетчерлiк қызметтi (персоналды) құру туралы бұйрықтың не диспетчерлiк қызметтер көрсетуге құқылы диспетчерлiк орталықпен шарттың (ниет хаттамасының) көшірмесі


3)

банк анықтамасымен расталған кемiнде 10000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшеріндегі айналым қаражаты

банк анықтамасы


4)

тұтынушыларға, оның iшiнде өңiрден тыс жерлерге электр энергиясын жеткiзудiң техникалық мүмкiндiгi

өтiнiш берушi мен энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың арасында авария болған жағдайда резервтен орнын толтыру шартымен электр энергиясын жеткiзуге және беруге және (немесе) таратуға арналған шарттар немесе ниеттер хаттамалары


5)

меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған ғимарат немесе үй-жай

құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi


4. Құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары мен (немесе) қалдықтары болған заңды тұлғаларда жеке өндірісінің барысында және мүлік кешенін сатып алу нәтижесінде құрылған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу бойынша қызметті қоспағанда заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызмет үшін

1)

жеке меншiк құқығындағы қоршалған және мыналарды:
оттегi және пропаны бар баллондарды сақтауға арналған орынды;
қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын және қорытпаларды топтары, түрлерi, маркалары мен сұрыптары бойынша бөлiп сақтауға арналған контейнерлердi, қораптарды немесе алаңдарды;
түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған жабық үй-жайды не асфальтталған немесе қатты жамылғылы орынды;
сынықтар мен қалдықтарды сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдығы мен құралдары бар арнайы алаңдарды немесе өндiрiстiк үй-жайларды;
өрт сөндiру құралдарымен жарақтандырылған түстi және қара металдардың жарылу қаупi бар сынықтары мен қалдықтарына арналған қойманы;
жұмыс істеп жатқан персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды;
кәсіпорында бекітілген және оларды пайдалануға тиісті рұқсат беру құжаттары бар стационарлық немесе ұтқыр жүк көтергiш жабдықты, сондай-ақ жүк көтеру бойынша осы жұмыстарды жүргізу үшін технологиялық процеске сәйкес келетін құралдарды;
кәсіпорында технологиялық процеске сәйкес келетін түсті және қара металдардың сынықтарын кесуге, өңдеуге арналған жабдықты, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтарын қайта өңдеуге арналған престердi және/немесе гидроқайшыларды;
олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдарын (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және/немесе басқа да өлшем құралдарын);
олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары радиациясының деңгейiн өлшеуге арналған дозиметрлiк немесе радиометрлiк жабдықты қамтитын мамандандырылған өндiрiстiк база.
Көрсетiлген талаптар түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын филиалды ашқан кезде қойылады. Лицензиясы бар заңды тұлғалар жеке тұлғалардан шығу тегi электр-техникалық, әскери және зымыран-ғарыштық сынықтан, байланыс желiсiнiң кабельдерiнен, рельстерден, бұрын қолданыста болған темiр жол төсемi мен жылжымалы құрам элементтерiнен, кәрiз люктерiнiң қақпақтарынан басқа, түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдауға құқылы.



2)

түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жалдаудағы немесе кез-келген заңды негіздегі (жүк) автокөлiк

түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жеке меншiк құқығындағы немесе заңды негіздегі (жүк) автокөлiктің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


3)

мынадай мөлшерлерде:
түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 400 ш.м.;
қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 1000 ш.м. автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесi не оның үлесi

автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесiнің не оның үлесiнің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


4)

кәсіпорында түсті және қара металдарды қайта өңдеу бойынша технологиялық процеске сәйкес пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн бiлiктi персонал

бiлiктi персоналдың тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi бойынша мамандығы, лауазымы, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлi және олардың пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн арнайы даярлықтан өткені туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


5)

түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе оның өңірдің өзге жерінде орналасқан филиалының, мамандандырылған өндiрiстiк базаның бөлігі болып табылатын қабылдау пунктiн ашу үшін мыналардың болуы талап етіледі:
1) қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жадысы бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай;
2) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген, олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар таразы шаруашылығы;
3) қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi мен берілген күні, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша;
4) кемiнде 200 ш.м алаң.

қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жадысы бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай, олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары), қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша, кемiнде 200 ш.м алаңның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



Осы бiлiктiлiк талаптары заңды тұлғалардың өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және/немесе қара металл сынықтары және/немесе қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметке қолданылмайды. Мұндай заңды тұлғалар түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасында түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға ғана өткiзе алады.


      Ескертпе: * осы өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптарына және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады