"ЮТЕКС" акционерлік қоғамының салық берешегін өтеуді кейінге қалдыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1082 қаулысы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-2-бабына және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) қатысушы ретінде «ЮТЕКС» акционерлік қоғамына (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 040340000166) салық берешегін өтеуді 2016 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады