Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Ұлттық дамудың жаңа кезеңіндегі ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1104 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Ұлттық дамудың жаңа кезеңіндегі ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Ұлттық дамудың  жаңа кезеңіндегі ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1104 қаулысымен  
мақұлданған    

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының
Даму бағдарламасы арасындағы Ұлттық дамудың жаңа кезеңіндегі
ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Ұлттық дамудың жаңа кезеңіндегі ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі - Меморандум) сәйкес
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1-бапта:
      12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Үкімет пен БҰҰДБ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының басшылығымен Стратегиялық консультациялық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрады. Кеңестің құрамына ЭБЖМ-нің, СІМ-нің, БҰҰДБ-ның және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі - Қаржымині) өкілдері кіреді. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарының өкілдері БҰҰДБ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық бағыттары мен жобалары туралы енгізілетін ұсыныстарды (бұдан әрі - жобалық ұсыныстар) ескере отырып, Кеңестің жұмысына қатысуға шақырылуы мүмкін. Жобалық ұсыныстарды зерделеу, әзірлеуге және іске асыруға арналған басым жобалардың тізімін айқындау, сондай-ақ ынтымақтастық нәтижелерін жыл сайын бағалау үшін кезеңді негізде жылына кемінде екі рет кездесіп тұратын болады.
      2. Жобалық ұсыныстарды қараудың қорытындысы бойынша Кеңес әзірлеугө және іске асыруға ұсынылған жобалар туралы шешім қабылдайды. ЭБЖМ мен мүдделі органдар тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Кеңестің ұсынымдарын ескереді.»;
      2-бапта:
      1-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;
      2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «мыңжылдықтың даму мақсаттарын (МДМ), адам құқықтарын және қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, БҰҰДБ қызметі бірқатар жағдайларда осындай міндеттемелерге тікелей қатысты болғандықтан, Қазақстанның халықаралық конвенциялар бойынша міндеттемелерін ескере отырып, БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Парламенті, Орталық сайлау комиссиясы, Адам құқықтары жөніндегі комиссия және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия сияқты Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және басқа да мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі және оны үйлестіреді.» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «жобалық ұсыныстарды келісу аяқталған соң Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарымен, ЭБЖМ және СІМ-мен бірлесіп, Кеңестің кездесуінде шешім қабылдайды және әзірлеу мен іске асыруға арналған басым жобалардың жалпы тізімін жасайды;»;
      3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Үкімет тарапынан қоса қаржыландыруды көздейтін жобаларды жоспарлау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Үкіметтің қаржыландыру және ақшалай қаражатты әкімшілендіру тәртібі Кеңес бекітетін нысан бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен БҰҰДБ қол қоятын жобаларды іске асыру жөніндегі қосымша келісімдерде көрініс табатын БҰҰДБ қағидаларына, нормаларына, стандарттары мен рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Мүдделі мемлекеттік органдардың жобаларды жүзеге асыру бойынша есептілігі тоқсан сайынғы негізде бірінші басшы орынбасарының қолымен Қаржыминіне ұсынылады.»;
      7-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Меморандум БҰҰДБ Қазақстан тарапынан оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Меморандум 2014 жылға дейінгі мерзімге жасалады және одан кейін оның қолданылу мерзімі жыл сайын автоматты түрде бір жылға созылады.».
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумға жеке хаттамалармен рәсімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.».

2-бап

      Осы хаттама Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылады және Меморандумның 7-бабында белгіленген тәртіппен күшіне енеді және қолданысын тоқтатады.
      2013 жылғы __________________ Астана қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде бірдей күші бар екі данада жасалды.

      Қазақстан Республикасының         Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму
          Үкіметі үшін                        бағдарламасы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады