"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 1129 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру ережесінде:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген туризм объектілерін, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеуі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде, оларды салу, жайғастыру және күтіп-ұстау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.»;
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) туризм объектісі (бұдан әрі – туризм объектісі) – туризм индустриясының объектісі, оның ішінде туристерді, көлікті, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, ойын-сауық объектілері мен құралдарын, танымдық, сауықтыру, спорттық және басқа да мақсаттағы объектілерді орналастыру үшін қажет, құрылысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген ғимараттар мен құрылыстар жиынтығы.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізгенге дейін айқындалған ерекше қорғалатын табиғи аумақта туризм объектісін, су шаруашылығы құрылысын, Мемлекеттік шекара объектісін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыру орындары ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен ықтимал орналастырудың басқа нұсқаларының (орындарының) болмауы тұрғысында келісіледі.»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Комиссия ұсынған туризм объектілерін, су шаруашылығы құрылысын, Мемлекеттік шекара объектісін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекараларынан тыс ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болған жағдайда уәкілетті орган ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстырудан дәлелді бас тартуды ұсынады»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстырудың бастамашылары техникалық-экономикалық негіздеме әзірленгеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қоғамдық тыңдаулар өткізеді.»;
      мынадай мазмұндағы 9, 10, 11-тармақтармен толықтырылсын;
      «9. Техникалық-экономикалық негіздемені ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстырудың бастамашысы бекітеді және ол уәкілетті органға келісу үшін жіберіледі.
      10. Уәкілетті органмен келісілген техникалық-экономикалық негіздеме қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберіледі.
      11. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған техникалық-экономикалық негіздеме ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуге негіз болып табылады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады