Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 04.08.2017 № 470 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 172 бұйрығын қараңыз.
"Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-6), 38-7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары бекітілсін.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 628 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
3. "Отын пайдалану қорының нормасы туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 19 желтоқсандағы № 577-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысымен бекітілген |
Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде
пайдаланылатын отын қорының
нормасы
1. Қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
1) жеткізу қашықтығы 200 километрге дейін болғанда 10 тәулікке арналған негізгі және резерві отын мөлшері;
2) жеткізу қашықтығы 200 километрден астам болғанда 20 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2014 № 898 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін, оларда мазут:
авариялық отын, 5 тәулікке арналған отын мөлшері;
резервтік отын, 10 тәулікке арналған отын мөлшері болып табылады.
3. Мазут жағатын отын болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін:
10 тәулікке арналған отын мөлшері, бұл ретте бір мезгілде жағылатын агрегаттар саны:
номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар 4х200 мегаватт, 3х300 мегаватт және одан жоғары электр станциясында – блоктарда;
номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар жылу электр орталығының екі ең үлкен қазанынан жоғары болмауы тиіс.