Отын пайдалану қорының нормасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 19 желтоқсандағы N 577 өкiмi. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.10.2013 № 1143 қаулысымен.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2724 U952724_ Заң күшi бар Жарлығы 17-бабының 2-тармағына сәйкес және республика тұтынушыларын күзгi-қысқы кезеңде энергиямен жабдықтауды сенiмдi қамтамасыз ету мақсатында, меншiк нысанына қарамастан, энергия көздерiнде отынның пайдалану қорының мынадай нормасы бекiтiлсiн:
      отын жеткiзу арақашықтығы 100 км дейiн болған жағдайда - 15 тәулiк;
      отын жеткiзу арақашықтығы 100 км артық болған жағдайда - 30 тәулiк.
 
      Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады