"Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 190 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1177 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 531 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.05.2014 № 531 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 190 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 8-күніне дейін Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарында:
      «2013 - 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспары» деген 5-бөлімде:
      реттік нөмірлері 3, 4, 6, 8, 11, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 21, 23, 25, 26, 27, 32, 33, 36, 37, 38, 41, 43, 48, 49, 50, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 80, 81, 83, 84, 85, 86, 87, 89, 91, 92, 96, 97, 98, 99, 100, 104, 105, 106, 107, 108, 112, 113, 114, 115, 116, 118, 119, 120, 122-жолдардың 6-бағанындағы «ПӘ» деген аббревиатура «ПМК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады