Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 190 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 531 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.05.2014 № 531 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 8-күніне дейін Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1177 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1177 қаулысымен.
      3-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
      Ескерту. Қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1177 қаулысымен.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 190 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы
іс-қимылдың 2013 – 2015 жылдарға арналған
кешенді жоспары

      Кіріспе
      Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2013 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) мемлекеттік органдардың ұсыныстарын, «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі 2005 – 2010 жылдарға арналған негізгі шаралар» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру нәтижелерін және көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету бойынша озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленді.
      Жоспардың басты ерекшелігі көлеңкелі экономика спектрлерін неғұрлым кең көлемде қамту болып табылады. Егер бұрынғы Бағдарлама көлеңкелі экономиканың негізінен экономикалық аспектілерін қамтыған болса, әзірленген Жоспар экономика субъектілерінің көлеңкеден шығуына ықпал ететін экономикалық дамудың институционалдық негіздерін құруға бағытталған.
      Атап айтқанда, мемлекеттiк қаржы секторында Жоспар бюджетті жоспарлау деңгейінде, мемлекеттiк сатып алу және мемлекеттiк қаржылық бақылау және фискалдық әкiмшiлендіру мемлекеттiк қаражатты есепке алу саласында мемлекеттік қаражатты көлеңкеге шығаруға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шараларды іске асыруды көздейді.
      Қолма-қол ақша нысанындағы төлемдердің қысқаруымен қатар, Жоспар қаржы құралдары нарығындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша шараларды әзiрлеуді және іске асыруды да көздейді.
      Жоспарда көлеңкелі экономиканың дамуын тудыратын себеп-салдарлық байланыстардың жүйелік тәсілі және неғұрлым тереңдетілген талдауы көрініс тапқан. Атап айтқанда, басты себептердің бірі ретінде экономиканың құрылымдық теңгерімсіздігі, оның ішінде өңірлердің дамуындағы теңгерімсіздік егжей-тегжейлі талданды. Көлеңкелі экономиканың болу себептері мен салаларына жүйелі талдау өткізілді.
      Заңнамалық, құқық қорғау және сот жүйесi деңгейінде Жоспар меншік құқығына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты заң шығармашылық және заңдардың орындалу жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөледі.
      Жоспардың іс-шаралары көлеңкелі экономика салдарын жоюға емес, экономикалық агенттердің өзінің өндірістік қызметін көлеңкеге алып кетуге итермелейтін себептердің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған.

1. Көлеңкелі экономиканы жіктеу және оны бағалау әдіснамасы

      Экономикалық тәжірибеде «көлеңкелі экономика» ұғымы көпаспектілі болып табылады және үй шаруашылығы саласындағы жеке еңбектен бастап кәсіпкерліктің әртүрлі нысандарына дейінгі экономикалық қызметтің кез келген түрлерін қамтиды. Қазіргі уақытта терминдерді қолдануда және «көлеңкелі экономика» ұғымын айқындауда біркелкілік жоқ. Жалпы айтқанда, «көлеңкелі экономика» термині салық салынбайтын және жалпы ішкі өнімде ескерілмейтін заңсыз шаруашылық-экономикалық қызмет ретінде түсіндіріледі.

Көлеңкелі экономиканы жіктеу

      Халықаралық ұйымдардың стандарттарына негізделген қазақстандық статистикада (ұлттық есептер жүйесін қоса алғанда) «қадағаланбайтын экономика» термині қолданылады. Өз кезегінде ол «жасырын (көлеңкелі)», «заңсыз» және «формалды емес» қызметтер ұғымдарын қамтиды. Қадағаланбайтын экономиканың келтірілген үш құрамдас бөлігі мынадай нақтылауларды білдіреді.
      Жасырын1 өндіріс – өндірістік және заңды болып табылатын, алайда салық төлеуден немесе заңнама нормаларын сақтаудан жалтару мақсатында мемлекеттік билік органдарынан әдейі жасырынатын қызмет түрлері ретінде айқындалатын өндіріс. Бұл ретте оның көлемі саналы түрде мемлекеттік органдардан түрлі себептерге байланысты, оның ішінде:
      1) табыс салығын, қосылған құн салығын немесе басқа да салықтарды төлеуден жалтару үшін;
      2) әлеуметтік сақтандыруға жарна төлеуден жалтару үшін;
      3) кейбір заңдастырылған стандарттарды, мысалы, ең төменгі жалақыны, жұмыс күнінің ең үлкен ұзақтығын, қауіпсіздік нормаларын, санитариялық нормаларды және т.б. бұзуды жасыру;
      4) статистикалық сауалнамаларды немесе есептіліктің өзге де нысандарын толтыру сияқты белгілі бір әкімшілік рәсімдерден бас тарту үшін жасырылады.
      Формалды емес сектордың өндірісі – тіркелмеген және/немесе жұмыспен қамтылғандар саны айқындалған шекті мәннен аз және қандай да бір нарықтық өндірісі бар үй шаруашылығы секторында корпорацияланбаған кәсіпорындар жүзеге асыратын өндірістік қызметтің түрі ретінде айқындалатын өндіріс. Бұл сектор қызметтің сан алуан тіркелмеген түрлерін қамтиды. Негізгі проблемалар:
      1) тіркелген корпорацияланбаған кәсіпорындардың төмендетілген мәліметтер беруі;
      2) тіркелмеген корпорацияланбаған кәсіпорындар санының көп болуы;
      3) корпорацияланбаған секторда тіркелмеген жалдамалы қызметкерлердің болуы.
      Қазақстанда еңбек нарығында формалды емес экономикалық қызметтің жоғары деңгейі байқалады. Формалды емес жұмыспен қамтудың аса жоғары деңгейі құрылыс, тамақ өнімдерін өндіру саласында, көлікте, көшедегі азық-түлік және киім базарларында, маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарында байқалады.
      Қазақстандық еңбек нарығына тән ерекшелік – өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жоғары үлес салмағы (32,8 %). Өзінің жеке шаруашылығында жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың бөлігі (1,2 млн. адам) ерекше алаңдаушылық туғызады.
      Мамандардың бағалауы бойынша осы онжылдықтың бірінші жартысында Қазақстанда декларацияланбаған (жасырын) жұмыспен қамту 20-30 % құрады. Олардың құрамында көлеңкелі экономикада жұмыс істейтін заңсыз еңбек көшіп-қонушылары ерекше топ болып қалып отыр.
      Формалды емес жұмыспен қамтудың шығыны екіжақты: салықтардан жалтаруға байланысты мемлекеттік бюджет шығыны және әлеуметтік қорғау мен қолдаудан айырылған қызметкерлердің шығындары. Сондай-ақ формалды емес жұмыспен қамту нақты есепке алынбайды, сол себепті еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың нақты жағдайы туралы мәліметтердің бұрмалануына әсерін тигізеді.
      Заңсыз өндіріс – заңда тыйым салынған немесе өндірушілер тиісті рұқсатты алмай жүзеге асыратын, заңсыз болып табылатын, тауарлар мен қызметтер өндірілетін өндірістік қызмет түрлері ретінде айқындалатын өндіріс.
      Заңсыз өндіріс мынадай екі санат бойынша жіктеледі:
      1) сатылуы немесе жай иелік ету заңмен тыйым салынған тауарлар мен қызметтердің тыйым салынған өндірісі;
      2) әдетте рұқсат етілетін, алайда өндірушілер тиісті рұқсатсыз жүзеге асыратын болса, заңсыз қызметке айналатын өндірістік қызметтің түрлері.
      Көп жағдайда қадағаланбайтын экономика есірткі бизнесі, жезөкшелік, қару-жарақ саудасы, контрабанда және т.б. сияқты заңсыз экономикалық қызметпен теңестіріледі. Сонымен қатар, бұған парақорлық, ұрлық, алаяқтық, рэкет және өндірушілер қалыптастырып қойған табысты қайта бөлуге алып келетін өзге де заңға қарсы әрекеттер сияқты экономикалық емес қызмет түрлері жатады.
      Көптеген құқыққа қарсы әрекеттер белгілі бір деңгейде экономикалық активтерге (ақшаға, мүлікке) қатысты операциялармен байланысты болғанымен, шын мәнінде, экономикалық болып табылмайды және өндіріс шекарасына кіргізілмейді, өйткені осы іс-қимылдар барысында жаңа өнімдер немесе қызметтер жасалмайды, тек белгілі бір экономикалық активтерді қайта бөлу жүргізіледі, ал бұл іс-қимылдар, әдетте, ешқашан контрагенттер арасындағы еркін уағдаластық нәтижесі болмайды, керісінше мәжбүрлеуге немесе алдауға негізделеді.
      Осылайша ұлттық есеп жүйесі парақорлық, ұрлық, алаяқтық (оның ішінде банк саласында немесе бағалы қағаздармен операциялар кезінде), рэкет, ақшаның заңсыз шетелге аударылуы және қалыптастырылып қойған ұлттық байлықты қайта бөлуге алып келетін өзге де заңға қарсы әрекеттерді бағалауды қамтымайды.
      1990 жылдардың экономикалық дағдарысы кезінде көлеңкелі экономика әлеуметтік шиеленісті азайтуда оң рөлге ие болып, жұмыссыздық пен кедейшілік мәселелерін шешуге біршама жәрдемдескен болатын. Қазіргі таңда, экономикалық өсу жағдайында қадағаланбайтын экономика экономикалық дамуды тұрақсыздандыратын маңызды фактор болып табылады. Бұл әсер етудің мынадай негізгі бағыттарын ажыратуға болады:
      1) көлеңкелі қызмет ресми экономика шеңберінде өндірістік процеске ыдыратушылық әсер тигізеді, жағдайды нашарлатып, қалыпты жұмыс істеп жатқан «сау» экономикалық ұйымдардың құрылуына және дамуына кедергі жасайды;
      2) көлеңкелі экономика бюджетке түсетін кірістің азаюына әкеледі;
      3) криминалдық қызметпен байланысты көлеңкелі экономиканың кейбірі күштеу арқылы шешілетін шиеленістерді тудырады;
      4) көлеңкелі экономика – іскерлік этиканы, оның ішінде жалпы әлеуметтік нормалардың қалыптастырудың маңызды факторы. Көлеңкелі экономиканы кеңейту және нығайту әлеуметтік-этикалық нормалардың жойылуына әкелуі мүмкін.
      Көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту саласындағы айтарлықтай ілгерлеуге қарамастан, ол қоғамның дамуына өзінің кері әсерін тигізуді жалғастырып, биліктің беделі мен қолданыстағы заңнамаға әсерін тигізіп жатыр.
________________________
      1 Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) жіктелуінде «жасырын өндіріс» сегментіне «көлеңкелі» анықтамасы да пайдаланады. Осы құжатта «көлеңкелі экономика» ұғымы «қадағаланбайтын экономика» терминіне сәйкес келіп, әлдеқайда кең ауқымды мәнге ие болып келеді.

Көлеңкелі экономиканы бағалау әдіснамасы

      Көлеңкелі экономикалық қызмет формалды экономикалық қызметпен біртұтас және ол белгілі бір деңгейде барлық елдерде бар. Көлеңкелі экономиканың көлемін есепке алу, ең алдымен елдегі макроэкономикалық процестердің ауқымы мен серпіні туралы пайымды түзету үшін қажет, сондай-ақ бұл қазақстандық экономиканың жұмыс істеуі тетігін нақты ашуға, экономикалық реформалардың нәтижелерін айқындап, перспективаларын, қоғамның жіктелу үрдісін және т.б. бағалауға мүмкіндік береді.
      Бұл тұрғыда экономикалық өндірісті есепке алу кезінде барынша толық қамтуға қол жеткізу ұлттық шоттар жүйесін (ҰШЖ) құру кезінде аса маңызды міндет болып табылады. Бұған дейін берілген анықтамалар бойынша қадағаланбайтын экономикаға жасырын, заңсыз, формальдық емес, өзінің жеке қолдануы үшін үй шаруашылығының өндірісі болуы салдарында немесе негізгі деректерді жинау жүйесіндегі кемшіліктер ҰШЖ-ның негізгі есептерінде ескерілмеген қызметтердің барлық түрлерін жатқызуға болады. Олар жинақтала келе қадағаланбайтын экономиканы (ҚЭ) құрайды және оларды ҰШЖ-ға енгізу, ең алдымен, ҚЭ-ны бағалаудың әдістерімен айқындалады.
      Көлеңкелі экономиканың өндірісін есепке алудың мөлшерін бағалаудың әдіснамасы айтарлықтай күрделі, өйткені қадағаланбайтын экономикадағы әрбір операцияны ескеру іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан да көрсеткіштер, әдетте, шартты түрде есептеледі. Жалпы қадағаланбайтын экономиканы бағалаудың әдістерін үш топқа бөлуге болады: тікелей, жанама және құрама әдістер.
      Қадағаланбайтын экономиканы бағалаудың тікелей әдістері таңдаулы зерттеулер жүргізу немесе қадағаланбайтын экономиканы құрауда үй шаруашылықтарының, жекелеген жеке тұлғалар мен кәсіпорындардың қатысуын нақтылау мақсатында әкімшілік көздерді қолдануды болжайды. Тікелей әдістердің мысалдары:
      1) үй шаруашылығы секторындағы өндіріс көлемін қосымша зерттеу;
      2) көлеңкелі бизнестің шын ауқымын анықтау және айқындау мақсатында кәсіпорындар қызметін қосымша зерттеу;
      3) ұйымдастырылмаған сауда орындарын қосымша зерттеу;
      4) кәсіпорындардағы жұмыс уақытын пайдалануды зерттеу;
      5) шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуына салықтық, қаржылық және өзге де тексерістердің нәтижелерін зерделеу.
      Тікелей әдістердің ішінде үй шаруашылығын зерттеу әдісі ең қолайлы болып табылады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде ақпаратты жинаудың мұндай әдісі халық өмірінің әл-ауқатының деңгейі, жұмыспен қамтылуы, кедейшілік, тұтыну үрдістері, табыс пен шығыс құрылымы сияқты әртүрлі аспектілерін зерттеу мақсатында жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
      Жанама әдіс зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың барлық аспектілері туралы қолда бар ақпараттық базаны терең зерделеу арқылы алынған жанама деректерді қолдану негізінде қосымша бағалау мен есептеулер жүргізуді білдіреді. Жанама әдістерге мынадай жұмыстар жатады:
      1) кірістер мен шығыстар әдісі көмегімен ұлттық шот статистикасындағы айырмашылықтар негізінде көлеңкелі нарықтың деңгейін бағалау;
      2) белсенділік тұрақты болуы керек деп болжанғанда жұмыс уақытының шығынын ескере отырып, ресми экономикадағы еңбек ететін халық белсенділігінің төмендеуіне байланысты көлеңкелі нарықтың өсуін бағалау. Бұл ретте халық санағының нәтижелерін пайдалануға болады;
      3) монетарлық агрегаттарды пайдалану. Көлеңкелі экономиканы қолма-қол ақша массасына сұраныс негізінде бағалау. Бұл жерде жалпы номиналды ЖІӨ-нің (бейресми қосу ресми) есептеу үшін монетарлық транзакциялар туралы деректер қолданылады. Бұдан әрі көлеңкелі нарықтың мөлшері жалпы ЖІӨ-ден ресми ЖІӨ-ні азайту арқылы есептеледі;
      4) өндіріс факторларын, мысалы, электр қуатын тұтыну негізінде көлеңкелі экономиканың өсуін бағалау. Есептер электр қуатын тұтыну экономикалық белсенділіктің жалғыз физикалық индикаторы болатынын ескере отырып жүргізіледі. ЖІӨ-нің өсу деңгейін электр қуатын тұтынудың өсу деңгейінен азайту көлеңкелі нарықтың өсуін береді.
      Құрама әдіс – бұл бағалаудың тікелей және жанама әдістерін біріктіру, сондай-ақ сараптамалық бағалау болып табылады.
      Нақты салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің (жасырын, заңсыз қызмет) қадағаланбайтын қызметінің параметрлерін айқындау үшін нақты бір әдісті таңдау сол саланың ерекшелігіне, қолда бар ақпарат көздеріне, қосымша зерттеулер жүргізу мүмкіндіктеріне және көптеген басқа да факторларға тәуелді.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің тәжірибесінде ҚЭ-ны макро- және микро деңгейлерде бағалау үшін қолданылатын әдістер, жалпы алғанда, халықаралық ұйымдар әзірлеген жалпы ережелерге сәйкес келеді. Есептер, алынған нәтижелер мен макроэкономикалық статистиканың басқа да көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз ету үшін қажет ҰШЖ-нің анықтамаларына сәйкес жасалады. Алынған нәтижелер ЖІӨ құруда ескеріледі, жүйенің басқа көрсеткіштерімен оларға қарама-қайшы болмауы үшін байланысты.
      Әрине, ҚЭ-ны статистикалық бағалаудың әмбебап әрдайым нақты нәтижелер беретін әдісі болмайды, өйткені қолданыстағы әдістер экономиканың ұлттық ерекшелігі, ақпараттық база мен статистикалық органдардың мүмкіндіктеріне байланысты. Оған қарамастан, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (ЖІӨ-нің 19,5 %) мен Дүниежүзілік банк (41,1 %) жасаған көлеңкелі экономиканың мөлшерлерін бағалауларында айтарлықтай айырмашылық бар. Қалай болғанда да, Қазақстандағы қадағаланбайтын экономиканың статистикалық бағалауын бұдан әрі жетілдіру қажет.

1-кесте

Көлеңкелі экономиканы бағалау әдістері:
әлемдік тәжірибе және оны Қазақстанда қолдану

Әдіс

Негізгі сипаттамалары

Қазақстандағы статистикалық тәжірибе

Тікелей әдіс

Шолулар мен сауалнама жүргізу

Сауалнамалар мен анкеталар арқылы көлеңкелі нарықтың көлемін бағалау

Қолданылады

Салық аудиті

Декларацияланбаған салық салынатын табысты бағалау арқылы көлеңкелі нарық көлемін бағалау

Қолданылады

Жанама әдіс

Ұлттық шоттар жүйесі

Табыстар мен шығыстар әдісінің көмегімен ұлттық есеп статистикасындағы айырмашылықтар негізінде көлеңкелі нарық көлемін бағалау

Қолданылады

Жұмыс күші

Ресми экономикадағы еңбекші халық белсенділігінің құлдырауына байланысты көлеңкелі нарық өсуін бағалау

Қолдану жоспарлануда

Транзакциялар

Мұнда жалпы номиналды ЖІӨ (бейресми қосу ресми) есептеу үшін монетарлық транзакциялар туралы деректер қолданылады. Бұдан әрі көлеңкелі нарықтың көлемі жалпы ЖІӨ-ден ресми ЖІӨ-ні мөлшерін азайту арқылы анықталады

Қолданылмайды

Қолма-қол ақшаға сұраныс

Қолма-қол ақша массасына сұраныс негізінде көлеңкелі экономиканы бағалау

Қолданылмайды

Өндіріс факторлары (мысалы, электр энергиясын тұтыну)

Электрді тұтыну негізінде, электрді тұтыну экономикалық белсенділіктің жалғыз физикалық индикаторы болатынын ескере отырып, көлеңкелі экономиканың өсуін бағалау. ЖІӨ өсуінің деңгейін электрді тұтынудың өсу деңгейінен азайту арқылы есептеу көлеңкелі нарық өсуін көрсетеді

Қолданылмайды

Құрама әдіс

Бірнеше ауыспалы шамалар негізінде бағалау

Көлеңкелі нарықтың деңгейін оған ықпал ететін ауыспалылардың: салық жүктемесі деңгейінің; мемлекеттік реттеу деңгейінің, сондай-ақ, қолма-қол ақша массасы мөлшерінің, ресми жұмыс сағаттарының, жұмыссыздықтың және басқаларының қызметі ретінде бағалау. Осы жағдайда барлық әсерлерді бір уақытта қарастыра аламыз.

Кәсіпорындар деңгейінде ғана қолданылады

      ҚЭ өлшеудің ықтимал тәсілдерінің алуан түрлілігіне байланысты ең озық халықаралық тәжірибені орнату мен кең ауқымды жариялау қажеттілігі пайда болды. Мысалы, құрама әдіс ретінде көлеңкелі нарықтың көлемін бағалауды Дүниежүзілік банкте пайдаланылатын эконометриялық регрессиялық үлгі негізінде жасауға болады (MIMIC үлгісі (Multiple Indicators Multiple Causes – көптік индикаторлар мен себептер әдісі). Мұндай жағдайда көлеңкелі экономика деңгейі оған ықпал ететін бірнеше ауыспалылардың: салық жүктемесі деңгейінің, мемлекеттік реттеу деңгейінің, сондай-ақ, экономикадағы қолма-қол ақша массасының, ресми жұмыс сағаттарының, жұмыссыздықтың және басқаларының қызметі ретінде айқындалады. Бұл әдістің артықшылығы осы жағдайда барлық әсерлерді бір мерзімде қарастыруға және экономиканың көлеңкелі секторының мөлшерін есептеу кезінде факторлардың барлық себеп-салдарлық байланысын құруға болатынына байланысты.
      Ұлттық экономикада өндіріс есебін анағұрлым толық қамту мақсатында, бұдан әрі қылмыстық істермен байланысты өндірістік қызметті статистикалық есептеу үшін тұжырымдамалық және талдамалық негізді айқындау қажет. Ол үшін, ең алдымен, мәлімет көздерін анықтау керек; мәліметтерді жинағаннан кейін нәтижелері талданатын эксперименталдық есептеулерді өткізу қажет. Нәтижесінде, ол қызмет түрінің ауқымдары мен серпінін есептеудің жекелеген әдіснамасын құруды ескереді, ол негіз құраушы тұжырымдамаларды, анықтамалар мен сыныптамаларды, деректер көзін және оларды өңдеу әдістерін қамтиды.
      Жалпы, халықаралық стандарттармен келісілген жалпы ішкі өнімнің барлығын қамтитын бағалауларын алу үшін кешенді әдіс қажет. Қазақстанда қадағаланбайтын экономиканың статистикалық бағалануын жақсартуға ақпараттық базаны жетілдіру; есептеулердің жаңа, анағұрлым тиімді әдістерін енгізу; есептеулердің талдамалық құндылығын арттыру арқылы қол жеткізіледі.

2. Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономиканың ағымдағы
жағдайын және себептерін талдау

Көлеңкелі экономиканың ағымдағы жағдайын талдау

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел деректеріне сәйкес 2011 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ көлеміндегі қадағаланбайтын экономика үлесі 19,5 %-ды құрады, соңғы жылдары ол 19,5 %-дан 20,1 %-ға дейінгі аралықта ауысып отырды (сурет).

Сурет

2005 – 2011 жылдарда ЖІӨ көлеміндегі қадағаланбайтын экономика
үлесі (ЖІӨ-ге қатысты %-бен)

      Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі (жасырын және формалды емес экономика бойынша деректер ғана ескеріледі)

      Қадағаланбайтын экономика көлемінің әлдеқайда жоғары қарқындармен төмендеуі формалды емес экономика сегментінде байқалады, оның ЖІӨ құрамындағы үлесі 2005 жылғы 8,6 %-дан 2010 жылы 8,0 %-ға төмендеді. Бұған экономика дамуының жоғары қарқындары, инфляцияның төмендеуі, жұмыссыздық және ел тұрғындары табысының нақты өсуі себеп болды. Сонымен бірге, қадағаланбайтын экономика үлесі 2011 жылы 9,8 %-ды құрады, 2005 жылы ол 11,5 %-ды құраған болатын.
      Көлеңкелі экономиканың ең жоғары мәні жылжымайтын мүлікпен операциялар және сауда сияқты салаларда байқалады, ресми емес секторда ауыл шаруашылығы басым болып келеді. Ауыл шаруашылығындағы көлеңкелі экономика серпінінде 2005 жылғы 4,2 %-дан 2006 жылғы 3,3 %-ға төмендеу байқалды, осы мән 2010 жылға дейін 2,8 % деңгейінде болды. ЖІӨ-гі көлеңкелі экономика үлесінің серпінінде жылжымайтын мүлікпен операцияларда, жалға алу мен тұтынушыларға қызмет көрсетуде 2005 жылы 4,6 %-дан 2011 жылы 2,7 %-ға төмендеу байқалды. Бұл ретте, күрт төмендеу 2008 – 2009 жылдары байқалады (3,5 %-дан 1 %-ға), бұл әлемдік қаржы дағдарысына байланысты. Аталған үрдістер құрылыс саласында да байқалады: көлеңкелі экономиканың 2008 жылғы 2,8 %-дан 2009 жылы 1,3 %-ға дейін (2,2 есе) төмендеуі байқалады.
      Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың орташа мөлшері 1999 – 2007 жылдары 41,1 %-ды құрады. Шетелдік сарапшылардың зерттеулеріне сәйкес әлемнің дамыған елдерінде қадағаланбайтын экономика ЖІӨ-нің 10-15 %-ын, экономикасы өтпелі елдерде 23-28 %-ды, ал дамушы елдерде 40-45 %-ды құрайды.

Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың себептері

      Көлеңкелі экономиканың пайда болу себептері елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне тікелей байланысты. Оларды үш негізгі топқа бөлуге болады: экономикалық, институционалдық және әлеуметтік-мәдени.

      Көлеңкелі экономиканың экономикалық себептері
      Нарықтық экономикаға түрлі секторлардың біркелкі дамымауы, инфляция, айырбас бағамдарының күрт ауытқулары және т.б. тән екені белгілі. Осының бәрі көлеңкеге кетудің қолайлы негізі болып табылады. Көлеңкелі құрамдауыш мемлекеттің осы құбылыстарды реттей алмағанда және кәсіпкерліктің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасай алмағанда күшейеді. Дағдарыс кезеңінде нарық шаруашылығының тепе-теңдігі бұзылған жағдайда, көлеңкелі экономика өзінің дамуы үшін қосымша түрткіге ие болады.
      Әртараптандырылмаған экономикадан туындаған құрылымдық теңгерімсіздік. Қазақстан экономикасының өндіруші салалары ұлттық экономиканың басты құрамдауыштары болып табылады. Мысалы, қазақстандық ЖІӨ құрылымындағы мұнай-газ секторының үлесі шамамен 20-25 %-ды құрайды. Қазақстандық экспорттың 77 %-дан астамы минералдық шикізат экспортына тиесілі.
      Аталған тәуелділік нәтижесінде шикізат тауарларынан (мұнай, газ және басқалары) түсетін үлкен экспорттық табыстар ұлттық валюта бағамын нығайтады, бұл түптеп келгенде өнеркәсіптің басқа салаларын дамытуға кері әсер етеді және экономикадағы құрылымдық теңгерімсіздікті дамытуға ықпал етеді. Мұнайды сатудан түсетін жинақтарды қалыптастыру арқылы елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, экономиканың мұнай секторынан тәуелдiлiгiн және қолайсыз сыртқы факторлардың әсерін төмендету мақсатында 2000 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры тұтастай алғанда экономиканың қызып кетуiн болдырмауға көмектеседi.
      Сонымен қатар, ағымдағы теңгерімсіздік мынадай себептер бойынша көлеңкелі секторды дамытудың алғышарттарын құрайды:
      1) шамадан тыс тәуелділік еңбек ресурстары мен капиталдың өндіруші өнеркәсіпте көп шоғырлануы сияқты теріс салдарларға алып келеді, алайда, еңбек ресурстарына деген сұраныс шектеулі, бұл жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді;
      2) Қазақстан негізінен төмен немесе орташа қосымша құнның (қосылған құн тізбектеріндегі төменгі шегі) тауашасын қамтиды;
      3) Қазақстанның өндірістік секторы жергілікті қамтудың салыстырмалы аз деңгейіне ие. Мысалы, болат өндірісінің үлкен көлеміне қарамастан, ел болаттың үлкен көлемін Ресейден импортқа алып келеді (арнайы болат, аспаптық болат және басқалары). Ұлттық компаниялар мен тау-кен өндіруші компаниялар сатып алатын тауарлар мен қызметтердің де көпшілігі импортталады. Осылайша біз әртараптандыру мүмкіндігін тарылтамыз;
      4) Қазақстан дәстүрлі түрде аграрлық ел болып табылады, өйткені халықтың 45 % ауылдық жерлерде тұрады. Оның ауқымды аумақтары ауыл шаруашылығы секторын дамыту үшін үлкен әлеует береді. Алайда аталған әлеует толығымен іске қосылмаған.
      Теңгерімделмеген өңірлік даму. Формалдық емес қызмет деңгейіне халықтың өмір сүру деңгейі мен оның табыстары бойынша саралануы едәуір әсер етеді. 2006 жылы Қазақстандағы Джини (Gini) теңсіздік коэффициенті 0,312-ге, 2010 жылы 0,278-ге тең болды. «Үлгілі» еуропалық және әсіресе, солтүстік еуропалық елдерде ол 0,2-ден 0,3-ке дейінгі аралықта. Джини коэффициентінің біршама жақсы мәніне қарамастан, Қазақстан халқын табыстар бойынша саралау әлі де күрделі проблема болып отыр. Осы процеске белгілі бір дәрежеде салалық және өңірлік дамудағы теңгерімсіздік сияқты факторлар ықпал етеді. Қазақстан Республикасының өңірлік дамуы экономикалық мамандандыруға көп тәуелді. Мысалы, Қазақстанның батысында мұнай және газ кен орындарының, Солтүстікте астық дақылдары мен қара металдың, Шығыста түсті және сирек металдардың жоғары шоғырлануы орын алған.
      Сонымен бірге, негізгі капиталға барлық инвестициялардың шамамен 60 % батыс облыстарына, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларына тиесілі. Осы облыстарда барлық жалпы өнімнің жартысынан астамы өндіріледі және ең жоғары жалақы төленеді. Мысалы, 2011 жылы Атырау облысындағы номиналдық орташа айлық еңбекақының деңгейі (166 мың теңге) Жамбыл облысындағы ұқсас көрсеткіштен (62 мың теңге) 2,7 есе артады.
      Өңірлік және салалық дамудағы сәйкессіздіктер халықтық көші-қонының негізгі бағыттарына да ықпал етеді, өйткені сыртқы және ең алдымен, ішкі көші-қон бағыты елдің барынша дамыған өңірлеріне бағытталған. Бұл жұмыс күшінің жергілікті нарығындағы ұсыныстың сұраныстан едәуір артуына алып келеді. Сонымен, 2011 жылы жұмыссыздықтың барынша жоғары деңгейі Маңғыстау облысында және Астана қаласына (5,8 %-дан), Оңтүстік Қазақстан облысында (5,7 %) және Алматы қаласында (5,6 %) қалыптасты.
      Нәтижесінде пайда болатын жұмыссыздық әлеуметтік теңсіздік проблемасын одан әрі ушықтырады.
      Үлкен ілгерілеушілікке қарамастан, Қазақстандағы кедейлік деңгейі әсіресе, ауылдық жерлерде әлі де жоғары екендігін атап өткен жөн. Бұл ретте, 2011 жылы кедейліктің ең жоғары деңгейі өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалған.

2-кесте

2011 жылғы кедейлік деңгейі бойынша өңірлерді топтастыру

Кедейлік деңгейі

Өңірдің атауы

Төмен (1,7 – 3,5 %)

Астана және Алматы қалалары, Ақтөбе, Қарағанды және Алматы облыстары

Орташа (4,5 – 6,2 %)

Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары

Жоғары (8,4 – 11,6 %)

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары

      Табыстың салыстырмалы төмен деңгейі халықтың бір бөлігін қосымша табыс көзін формалды емес секторда іздеуге мәжбүрлейді (тұрғын үйді жалға беру, жеке тасымал, базарларда сауда жасау, тұрғын үйді және тұрмыстық техниканы жөндеу, үйде қызмет көрсету және басқалар).
      Экономиканың нақты секторының дамуындағы кедергілер (бизнестің шығасылары). Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуының жай-күйі бірқатар кәсіпкерлер үшін заңды бизнеспен айналысу және барлық салықтарды төлеу тиімсіз болып келетінін көрсетеді. Мұндай жағдай оларды заңсыз қызмет етуге мәжбүрлейді.
      Қазақстанға қарағанда, шет елдерде бизнесті тіркеу рұқсаттық емес, тіркеу сипатына ие, яғни салық органдарында тіркеле отырып, бизнестің басталғаны туралы мәлімдеу жеткілікті. Мысалы, АҚШ-та тіркеу нөмірін алу үшін кәсіпкерлер интернеттегі сайтта арнайы нысанды толтыруы не толтырылған нысанды пошта арқылы жіберуі немесе телефон арқылы қоңырау шалып, тіркеу нөмірін алуы тиіс.
      Лицензиялау процесін штаттар мен қалалардың уәкілетті органдары жүзеге асырады. Қару сату, алкоголь өнімін және дәрілік заттарды өндіру сияқты жекелеген қызмет түрлері бойынша ғана федералды үкіметтің лицензиясы талап етіледі. Лицензиялар алуға арналған нысандарды толтыру процесі әдетте интернет арқылы ресімделеді. Шет елдерде лицензиялауды енгізу, көп жағдайда қоғам мүдделерін қорғау қажеттілігіне негізделеді (адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, жергілікті көрікті жерлерді сақтау және басқалары). Айтарлықтай сирек жағдайларда лицензиялау табыс алу үшін белгіленеді.
      Германия мен Австрияда бизнесті тіркеу және лицензияларды беру процестерін сауда-өнеркәсіптік палаталар жүзеге асырады (қосымша).
      Осылайша, экономикадағы сәйкессіздіктер, бизнесті заңды жүргізудегі едәуір әкімшілік кедергілер табыстарды жасыруға, жалған құжаттар бойынша экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің түпкілікті бағасына, үй шаруашылықтарының бюджеттеріне, жиналған салықтар мен алымдардың мөлшеріне әсер етеді.
      Көлеңкеге кетуге сондай-ақ жосықсыз бәсеке, белгілі біреудің мүдделерін кемсітетін нарықтағы астыртын сөз байласулар ықпал етеді.
      Жұмыссыздық және теңгерімделмеген көші-қон саясаты. Белгілі бір дәрежеде қазақстандық еңбек нарығындағы жағдайдың шиеленісуіне шетелден жұмыс күшінің көші-қон ағындары ықпал етеді. Мемлекетаралық көші-қон байланыстарының ішінде Қазақстанның Ресеймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен және Қырғызстанмен байланыстары өте тығыз болып отыр. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2011 жылы заңды түрде 38004 адам кірді, жоғарыда аталған елдерден республикамызға заңды түрде 29585 адам кірді.
      Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстанға еңбек көші-қонының негізгі бөлігі заңсыз сипатқа ие (Қазақстанда экономиканың жетекші салаларындағы жалақысы жоғары шетел мамандары ғана толығымен заңдастырылған), ұлттық қауіпсіздік тұрғысындағы негізгі проблема осыған байланысты.
      Қазақстанға Орталық Азия елдерінен заңсыз келетін көшіп-қонушылар саны туралы деректер қазіргі уақытта әр алуан болып отыр. Шамамен алғанда, бір жыл ішінде республикаға 700 мыңнан астам шетелдік келеді, олардың үлкен бөлігі – шамамен 600 мыңы – ТМД елдерінен. Бұл ретте, жыл сайын заңсыз көшіп-қонушылардың өсуі байқалып отыр.
      Заңсыз көшіп-қонушылардың ағыны көлеңкелі сектордың өсуіне ықпал етеді. Тұтас алғанда, заңсыз көшіп-қонушылар бір жағынан, мәртебесін заңдастыруды талап етпейтін, екінші жағынан – материалдық әл-ауқатқа жылдам қол жеткізу үшін кең мүмкіндіктер беретін көлеңкелі экономика саласына қызмет көрсететін негізінен формалдық емес еңбек нарығы шеңберінде жұмыспен қамтылуға ұмтылды. Бұл жағдайда табысты салық салудан әкету орын алады. Еңбекші көшіп-қонушылардың қызметін реттеу саласындағы отандық заңнаманың жеткілікті пысықталмауы салықтық есепке алынбайтын факторлық төлемдер көлемінің артуына себеп болды. Заңсыз жұмыс күшін пайдаланатын кәсіпорындар тиісті салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындамайды.
      Заңсыз еңбекші көшіп-қонушыларын пайдалану негізінен кіші және орта кәсіпорындарда таралған, олар үшін жалақы қорының мөлшері шаруашылық қызметтің нәтижелеріне әсер етеді. Алайда, орта және шағын кәсіпорындардан бөлек, заңсыз жұмыс күшін пайдалану, сондай-ақ рентабельділігі жоғары салалардағы ірі кәсіпорындарда да кездеседі.
      Бір жағынан, Қырғызстан мен Қытай арасында, екінші жағынан Қырғызстан мен Қазақстан арасында визасыз режимнің болуы Қазақстанды қытай көшіп-қонушылары үшін тартымды етеді. Қазақстандағы қытай азаматтарының еңбек қызметі көлемін бағалау көрсеткіштерінің бірі еңбек қызметінен түсетін табыстардың шығарылымын көрсететін төлем балансының «Жұмыс істейтіндердің ақша аударымдары» бабы болып табылады. Соңғы бірнеше жылда аталған көрсеткіштің едәуір өсуі байқалады.

      Институционалдық себептер
      Мониторингтің тиімсіз жүйесі. Тәуекелдерді бағалау жүйесінің (ТБЖ) болмауы немесе жеткіліксіз енгізілуі бюджет қаражатын бөлу кезінде ең көп бұзушылықтар анықталған мемлекеттік органдар бойынша ғана қосымша қаражат бөлінетін жағдайлар жасайды.
      Мемлекеттік шығыстарды негізсіз жоспарлағаны үшін жауапкершіліктің болмауы. Қолданыстағы заңнамада бюджет қаражатын жұмсау сатысында ғана жауапкершілік көзделген (нысаналы емес, тиімсіз пайдалану және басқалары). Бұл ретте қадағаланбайтын экономикаға құнын арттыру арқылы бюджеттен қаражат бөлу жоспарлау кезеңінің анағұрлым ерте кезеңдерінде жасалады.
      Қазақстан Республикасы заңнамасында басшылықты қоса алғанда, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде Бюджет кодексінде көзделген негіздеме талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі бойынша нормалардың болмауы.
      Ірі инвестициялық жобалар бойынша шығыстарды жоспарлаған кезде бақылаудың болмауы. Осындай жобалар бойынша қаражат бөлу кезінде бұрынғы бақылау нәтижелері есепке алынбайды, өйткені ТБЖ енгізілмеген.
      Орталықсыздандырылған бухгалтерлік есеп салдарынан мемлекеттік қаражатты бақылау деңгейінің төмендігі.
      Құқық жүйесінің жетілдірілмегені. Заң шығармашылық және заңдарды орындау жүйесінің жетілдірілмегені. Нормативтік-заңнамалық актілердің орындалуын бақылау бойынша проблемалар бар.
      Осылайша, заңнаманың жетілдірілмегені және нормативтік құқықтық актілердің орындалуын әлсіз бақылау бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілердің және мемлекеттік қызметшілердің де, сонымен бірге бизнес өкілдерінің тарапынан да заңға қайшы әрекеттердің туындауына жағдай жасайды.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қанағаттанғысыз болуы, оның ішінде, білім беру, медицина, әлеуметтік салаларда, коммуналдық кәсіпорындар, құқық қорғау қызметтерінің қызметінде, жергілікті билік органдарында құжаттарды ресімдеумен және алумен байланысты әуре-сарсаңға салушылық – осының бәрі көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды.

      Әлеуметтік-мәдени себептер
      Адами капиталға инвестициялардың жеткіліксіздігі. Халықтың бір бөлігінің әлеуметтік және саяси қорғалмағаны жекелеген азаматтардың азаматтық ұстанымын шектейді.
      Моральдық-этикалық нормалар (сыбайлас жемқорлық және басқалары). Азаматтарда құқықтық нигилизмді қалыптастыру (заңдарды бұзу, оның ішінде ашық түрде, ең алдымен билік өкілдері мен ірі бизнес өкілдері тарапынан жиі пайдаланатын тәжірибеге айналды). Мемлекеттiк шешiмдерді қабылдау кезінде адами факторлардың болуы сөз байласу, сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай тудыратын және мемлекеттiк қызметшiлер табыстарының ашық болмауы шарттарының бірі болып табылады.
      Азаматтардың мемлекеттік институттарға, әсіресе бюджетке (азаматтардың көпшілігі Қазақстанда қосарланған салық салу қызмет етеді деп түсінеді: бюджетке төлемдер және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің қызметтеріне қосымша ресми емес ақы төлеу) сенім білдірмеуі, бұған азаматтық қоғам институттарының көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекет саясатына енжар қарауы және мемлекеттiк міндеттерді шешу кезінде қоғамдық ұйымдардың мүдделерін есепке алудың төмен деңгейі себеп болып отыр.
      Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлығы мемлекеттік аппараттың тиімді қызметімен сәйкес келмейтін көлеңкелі схемаларды пайдалануға ықпал етеді.
      Халықтың төмен дәрежеде хабардар етілуі. Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес мәселелері бойынша бағдарламалар мен БАҚ-тағы жарияланымдардың жетіспеушілігі. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша халықпен өзара байланыстың жоқтығы.

3. Көлеңкелі қызметтің кездесетін салалары, түрлері және
қаражатты көлеңкелі экономикаға шығаруға ықпал ететін себептер

      Мемлекеттік қаржыны тиімсіз басқару.
      Қадағаланбайтын экономикаға бюджеттен қаражат бөлудің негізгі себептерінің бірі мемлекеттік қаржыны тиімсіз басқару болып табылады.
      Мемлекеттік қаржы саласында «көлеңкеге» кетуге ықпал ететін мынадай себептер бар: бюджетті мемлекеттік жоспарлау жүйесі, қаражатты бөлу (мемлекеттік сатып алу арқылы), шығыстарды бухгалтерлік есепке алу және мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі.

      Бюджетті мемлекеттік жоспарлау жүйесі
      Мемлекеттік қаражатты мемлекеттік шығыстарды жоспарлау кезеңінде арттырылған және негізсіз шығыстарды енгізу арқылы (жобаларды жасанды қымбаттату) көлеңкелі экономикаға шығару. Өңірлердегі бағалар бойынша бірыңғай ақпараттық-талдамалық базаның, сондай-ақ нормалардың, қызметтер көрсету нормативтерінің болмауы, мемлекеттік шығыстарды жоспарлау кезінде бюджеттік өтінімдерді қарау мерзімінің тығыздығы арттырылған және негізсіз шығыстарды енгізуге және «шегеру» жүйесін белгілеуге мүмкіндік береді. Бюджеттік өтінімге енгізілетін, ұсынылған прайстар мен бағалардың нақтылығын тексерудің мүмкін болмауы жоспарлау кезеңінде «шегеру» сомаларын көздеуге мүмкіндік береді. Осылайша, мысалы, белгілі бір үлгідегі компьютерлік техниканы, жиһаз сатып алуды, үй-жайларды сатып алу немесе жалға алуды әрбір ведомство әртүрлі, әдейі арттырылған бағалар бойынша жүзеге асырады, бұл ақшаны жылыстатуға жағдай жасайды. Үй-жайларды сатып алу кезінде көп жағдайда ғимараттарды бағалаудың жалған актілері пайдаланылады. Әртүрлі деректер бойынша қаржыны шегеру сомалары 10-нан 30 %-ға дейін құрайды.
      Мемлекеттік органдар қосымша қаржыландыру алған жағдайда байқалатын қаржылық бұзушылықтар. Аталған бұзушылықтар мемлекеттік органдарға бюджет қаражатын кейіннен бөлу кезінде бақылаудың болмауы салдарынан туындайды.
      Сонымен, 2010 жылы бюджетті нақтылау кезінде негізінен ең ірі бұзушылықтар қосымша қаржыландыру алған бюджеттік бағдарламалар бойынша анықталған (көлік және коммуникация, құрылыс, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым, т.б.).
      Мемлекеттік қаражатты жұмсау кезіндегі қаржылық бұзушылықтар. Мемлекеттік қаражатты пайдалану саласында көп қаржылық бұзушылық орын алады. Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы бақылау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар сомасы 2010 жылмен салыстырғанда 1,4 есе артып, 296,2 млрд. теңгені құрады.
      Сыртқы бақылаумен қамтудың төмен деңгейі де қаржылық бақылауды бұзуға себеп болады. Басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанда бюджет қаражатын сыртқы бақылаумен қамтудың салыстырмалы түрде төмен деңгейі орын алған. Түркияда аталған көрсеткіш 90 %-ды құраса, Қазақстанда осы көрсеткіш 25 %-дан аспайды. Бұл да, қаражатты көлеңкелі айналымға шығаруға қолайлы жағдайлар жасайды.
      Мемлекеттік қаражатты көлеңкелі айналымға шығаруға ықпал ететін бірнеше факторды атап өту қажет.
      Бюджет қаражатын бөлу немесе жоспарлау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінің (ТБЖ) болмауы немесе жеткіліксіз енгізілуі. ТБЖ нақты өлшемдерінің болмауы ең көп бұзушылықтар анықталған мемлекеттік органдарға қосымша қаражат бөлінуіне жағдай жасайды.
      Мемлекеттік шығыстарды негізсіз жоспарлағаны үшін жауапкершіліктің болмауы немесе анық еместігі. Осындай шешімдерді қабылдағаны үшін жасырын сыйақы болған кезде инвестициялық жобалардың құнын және ағымдағы шығыстарды, аталған құнды қалыптастырудың барлық кезеңдерінде көтеру.
      Тауарлар суреттемесінің, техникалық сипаттамасының (жұмыстардың, қызметтер көрсетулердің) нақты стандарттарының, қаржыны жоспарлау кезіндегі белгіленген нормативтердің болмауы бюджеттік өтінімге енгізілетін пайдаланылатын жұмыстар мен қызметтердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік бермейді. Бұл, өз кезегінде, техникалық айрықшалықты негізсіз көтеруге және ұқсас тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының әр алуандылығына мүмкіндік береді. Нәтижесінде, қазіргі уақытта бір үлгідегі тауарларды (мысалы, белгілі бір үлгідегі компьютерлік техника) сатып алуды әрбір ведомство түрлі бағалар бойынша жүзеге асырады.
      Ұлттық холдингтер мен компанияларда Ішкі аудит қызметі жұмысының тиімсіздігі ішкі қағидаларды сақтауды әлсіз бақылау, қызметті жүргізуді регламенттейтін ішкі құжаттарда/қағидаларда кемшіліктер мен қателердің болуы, ішкі және сыртқы алаяқтық және нормативтік актілерді, заңнаманы немесе компания саясатын орындамау ниетімен болған әрекеттердің салдарынан келген шығындар сияқты едәуір операциялық тәуекелдерге әкеледі.

      Қаражатты бөлу (мемлекеттік сатып алу арқылы)
      Мемлекеттік сатып алу саласында қаржылық бұзушылықтардың жоғары деңгейі байқалады. Мысалы, ішкі қаржылық бақылау органдары анықтаған бұзушылықтар көлемінің өзі 2009 – 2010 жылдары мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде шамамен 200 млрд. теңгені құрады, бұл анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемінің шамамен 50 % құрайды.
      Көлеңкелі экономиканың болу салаларының бірі мемлекеттік сатып алу болып табылады. Осы саладағы бұзушылықтардың кейбір себептері мыналар болып табылады.
      Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жіберу тетігінің күрделілігі (негізсіз талаптардың көптігі). Өнім берушіні іріктеудің қолданыстағы тетігі бүгінгі күні адал және тапсырыс берушімен аффилиирленбеген өнім берушіні шеттету құралы болып қызмет етеді.
      Электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізудің барлық кезеңдерін (мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітуден және веб-порталға орналастырудан бекітуден бастап) бірыңғай автоматтандырылған бақылаудың болмауы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларға жеке сатыларында мемлекеттік сатып алу қорытындыларына ықпал етуге мүмкіндік береді және уәкілетті органдарға мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмысты ұйымдастыру дұрыстығын уақтылы қадағалауға және бұзушылықтарды бастапқы сатысында болдырмауға мүмкіндік бермейді.
      Мемлекеттік сатып алу жоспарына шектеусіз көлемде өзгерістер енгізу мүмкіндігі сатып алу жоспарына енгізілмеген сатып алу өткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ бірнеше рет құнын көтеру ұйымдастырушылардың қаржылық тәртібін төмендетеді.

      Мемлекеттік қаржылық бақылау және шығыстарды бухгалтерлік есептеу жүйесі.
      Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің тиімсіздігі және шығыстардың бұрмаланған бухгалтерлік есебі қаражатты көлеңкеге шығаруға мүмкіндік береді, көлеңкелі схемалардың дамуына және қаражатты бақылаудан шығаруға негіз жасайды.
      Шығыстардың орталықсыздандырылған бухгалтерлік есебіне байланысты мемлекеттік қаражатты бақылау деңгейінің төмендігі. Мемлекеттік ұйымдардың бухгалтерлік есепке алуды, баланс, есептілікті жасауды, түрлі есептеу әдістерін пайдалануды өз бетінше жүзеге асыру тетігі мемлекеттік қаражаттың ағынына бақылауды едәуір әлсіретеді.
      Сонымен бірге, бухгалтерлік есептілікті бұрмалау (қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелерін толық көрсетпеу арқылы алынған табыстарды азайту, құжаттық ресімдеусіз мәмілелерді жүзеге асыру және басқалары) мемлекеттік қаражатты көлеңкелі айналымға шығару тәсілдерінің бірі болып табылады.

      Фискалдық әкімшілендірудің жетілмегендігі.
      Фискалдық органдарды тиімсіз әкімшілендіру көлеңкелі экономика өсуінің негізгі факторларының бірі болып табылады. Фискалды әкімшілендіру саласында мынадай проблемалар бар.
      Фискалдық органдар жұмысының тиімсіздігі. Фискалдық органдар жұмысының жеткіліксіз тиімділігі түрлі айла-әрекеттерді пайдалану, көлеңкелі табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін жасанды фирмаларды құру, контрабанда және басқалар арқылы салық және кеден төлемдерін төлеуден жалтару мүмкіндігін арттырады.
      Әкімшілік кедергілердің жоғары деңгейі бизнес жүргізудің шығасыларын арттырады, бұл көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпал етеді.
      Құқық қорғау, арнаулы органдар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті арасында бірыңғай ақпараттық арнаның болмауы. Күмәнді мәмілелерді қадағалау бойынша жұмысты тиісінше жүргізбеу және қызмет бабында пайдалану үшін (ҚБП) режимінде тек қағаз тасығыштарда ғана ақпарат алмасу салдарынан алынған ақпаратты құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынбау да қажетті ақпаратты барынша қысқа мерзімде алуға кедергі келтіреді.
      Акцизделетін тауарларды заңсыз шығару және сату. Акцизделетін тауарларды заңсыз өндіру және сату саласындағы криминалдық жағдай күрделі болып қалып отыр және одан әрі нашарлай түсуге бет алуда.
      Тауарлар акциздік жинақ маркаларынсыз немесе жарамсыз маркалармен сатылады. Мемлекет шығарған және жасанды акциздік маркалармен сауда жасау орын алып отыр.
      Мұнай, бензин және дизель отыны сияқты тауарларды және алкоголь өнімі, спирт, темекі бұйымдары сияқты акцизделетін тауарларды заңсыз сату кең таралды.
      Есепке алынбаған спирт негізінде сапасы төмен алкоголь өнімін жасырын шығарушылардың саны артты, жасырын алкоголь бизнесі іскерлерінің кәсіби және жалпы қылмыскерлікпен байланысы байқалады. Жасырын алкоголь бизнесімен күресті күшейту оны өз капиталын «заңдастыру» мақсатында ұқсас өнімнің заңды лицензияланған өндірісіне кіруге мәжбүрлейді.
      Контрафактілік өнімдерді сату. Қазақстан нарықтары сапасыз контрафактілік өнімдермен толтырылған. Контрафакцияның ең жоғары үлесі киім мен аяқ киімге тиесілі (тиісті нарықтағы үлесі – 60 - 70 %), екінші позицияда парфюмерия, косметика және жуғыш заттар (60 - 70 %), бұдан әрі алкоголь және алкогольсіз сусындар (60 %), фармацевтикалық бұйымдар (40 - 50 %) орналасқан. Тауарлардың жекелеген түрлерінің арасында (ойыншықтар, балалар киімі және аяқ киім) контрафакция 80 % дейін жетеді. Республикада музыкалық аудио және бейне өнімінің қарақшылығы кең белең алды. Қарақшылық музыка өнімін республикада сату көлемі 70 % асады. Музыка өнімінің жыл сайынғы жасырын айналымы 10 млн. АҚШ долларын құрайды.
      Контрабандалық өнім республикамызға негізінен Қытайдан, Қырғызстаннан, Үндістаннан және Таяу Шығыс елдерінен келіп түседі. Тауарларды кеден ресімдеуінсіз контрабандалық әкелу және әкету республикамызды елеулі ақша қаражатынан айырады.
      Кеден қылмыстарының басым бөлігін кеден қызметкерлері құжаттарды тексеруді, көлікті, жүктерді тексеру және жеке тексеруді жүзеге асыру барысында анықтайды. Айталық, 2012 жылдың өткен кезеңінде Қазақстан Республикасының кеден органдары 537 қылмыстық іс қозғады, оның 333 – экономикалық контрабанда фактілері бойынша.
      Салық төлеуден жалтару. Республикалық бюджеттің табыс бөлігінің 70 %-дан астамы жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық түсімдері есебінен құралады. Тиісінше, аталған саладағы қылмыстар ел экономикасына елеулі зиян келтіреді. Бұл ретте осы саладағы негізгі криминалдық схема салықтарды төлеуден жалтару, сондай-ақ мұнайды мұнай өнімдері ретінде шығару болып табылады.
      Капиталды ел аумағынан заңсыз алып шығу және салық салынатын табысты азайту мақсатында бағаларға манипуляция жасау. Капиталды шетелге шығарудың кең тараған тәсілі трансұлттық корпорациялар ішінде трансферттік баға белгілеу болып табылады. Капиталды шетелге шығарудан бөлек, трансферттік баға белгілеу салықты төлеуден жалтару сияқты теріс салдарға алып келеді.
      Мемлекеттік органдар тарапынан сауда саласында бақылаудың болмауы. Сауда саласында көлеңкелі экономиканы құруды ынталандырушы факторлар заңсыз кәсіпкерлік қызмет, сондай-ақ тауарларды сату көлемі, атауы, шыққан жері, өнім берушілер, сатушылар және сатып алушылар бойынша анық ақпараттың жоқтығы болып табылады.
      Аталған ақпараттың болмауы тауарды өткізуден алынатын табысты бұрмалауға, бірнеше рет қайта сатуға, тауар бағасын ұлғайтуға әкеп соғады, сондай-ақ контрабандалық және контрафактілік өнімдерді өткізу мүмкіндігіне жол беріледі.
      Базарларда тікелей саудагерлердің қызметіне тиісті бақылау жоқ, сондай-ақ аталған сектор қызметінің жоғары табыстылығын ескере отырып, базарлар иелерінің салық төлеуді орындауын тиісінше бақылау жүзеге асырылмайтынын атап өту қажет. Нәтижесінде, мемлекет салық пен кедендік алымдарды толық көлемде алмайды, ал тұтынушы қымбат, заңсыз, сапасы күмән туғызатын, кепілдіксіз және міндеттемелерсіз тауарды алады.

      Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамымағандығы.
      Банк жүйесінің кейбір аспектілерінің жеткіліксіз дамуы қаржы секторындағы көлеңкелі айналым себептерінің бірі болып табылады. Атап айтқанда, төлемдердің үлкен бөлігін қолма-қол ақша нысанында жүзеге асыру, мысалы, азық-түлік дүкендерінде, дәмханаларда, дәріханаларда, шаштараздарда, қоғамдық көлікте және басқа орындарда бюджетке салық төлемдерінің едәуір көлемінің түспеуіне алып келеді. Бұдан басқа, көбіне тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде тұтынушылар барлық уақытта фискалды чекті немесе төлемді растайтын өзге де құжатты талап етпейді. Нәтижесінде, тауарларды сату және қызметтерді көрсету кезінде кассалық аппараттар арқылы мәмілелердің жартысы ғана тіркеледі. Тұтас алғанда, мынадай проблемаларды бөліп көрсетуге болады.
      Қолма-қол ақша нысанындағы төлемдердің басымдығы. Көлеңкелі экономикалық операцияларды жүргізуді қамтамасыз ететін басты ерекшелік пен фактор қолма-қол ақша қаражатын пайдалану болып табылады. Қолма-қол ақша, аталған қызмет түрін салық және құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ мемлекеттік статистика органдарынан жасыруды қамтамасыз ететін көлеңкелі экономиканың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ретте, қолма-қол ақшамен операциялар өзінің ерекшелігі тұрғысынан мемлекет тарапынан толық бақыланбайды.
      Жалпы, ақша айналымындағы қолма-қол қаражат үлесі бойынша көлеңкелі экономиканың көлемі туралы білуге болады. Бұл үлес неғұрлым көп болса, экономикада көлеңкелі айналымның пайда болу тәуекелі соғұрлым жоғары болады. Қазақстанда ақша массасының құрылымында айналымдағы қолма-қол ақшаның үлесі соңғы жылдары бірте-бірте төмендеп келе жатқанын атап өту қажет. Соңғы 10 жылда ол 2 есе төмендеді: 2000 жылғы 27 %-дан 2012 жылдың қорытындылары бойынша 14,5 %-ға дейін. Дамушы елдерде бұл көрсеткіш шамамен 15 %, ал дамыған елдерде – 7 - 10 % құрайды.
      Сонымен бірге, банктер және қолма-қол ақшамен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тарапынан (банк шотын қолма-қол ақшамен толтыру, банк шотын ашпай ақшаны аудару, банк шотынан қолма-қол ақшаны алу, ақша аударымдары жүйесі арқылы аударым жасау) «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қаржылық мониторингілеуді, өз клиенттерін және олардың операцияларын тексеруді жүзеге асырады.
      Осы тұрғыда есепке алынбаған ақша ағындарының үлесін азайту бойынша тиімді әдістердің біріне Қазақстанда электрондық қолма-қол төлемдер мен ақша аударымдарын ынталандыру және дамыту жатады. Қолма-қол ақшасыз төлемдер және тиімді қызмет ететін төлем жүйелері экономиканың айқындығын арттырады, операциялық шығасыларды төмендетеді және ақшаның айналымын ұлғайтады. Қолма-қол ақшасыз жүргізілген әрбір төлем банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінде тіркеледі, бухгалтерлік есепке алу жүйесінде көрініс табады, айқын болып табылады және қажет болған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан бақылауға және мониторингілеуге жатады.
      Қазіргі уақытта елде төлем жүйелері арқылы өтетін қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемін ұлғайтудың тұрақты үрдісі сақталып отыр. Осылайша, 2012 жылдың қорытындылары бойынша ұлттық төлем жүйелері арқылы 170,7 трлн. теңгеге 32,4 млн. транзакция өткізілді.
      Бұдан басқа төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемін қоса алғанда, төлем карточкалары нарығы көрсеткіштері өсуінің оң серпіні байқалады. 2012 жылдың қорытындылары бойынша қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, транзакциялардың жалпы көлемі жалпы сомасы 5,6 трлн. теңге 187,6 млн. транзакцияны құрады. 2011 жылмен салыстырғанда транзакциялар саны 20,5 %-ға, ал сомасы 27,9 %-ға артты. Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер 0,8 трлн. теңге сомада 41,2 млн. транзакцияны құрады, 2011 жылмен салыстырғанда саны бойынша 33,9 %-ға және сомасы бойынша 31,6 %-ға ұлғайды.
      Бұл ретте 2012 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанда 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлемді төлем карточкасы арқылы қабылдайтын 14173 сауда кәсіпорны тіркелген (өткен жылмен салыстырғанда өсу – 17,8 %), олар 21329 сауда орнында төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған жабдық орнатқан.
      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі мынадай үлгіде ұсынылған: 8652 банкомат (2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен салыстырғанда өсу – 6,7 % немесе 542 бірлік), 33318 POS-терминал (өсу 16,5 % немесе 4721 бірлік) және 202 импринтер. Дегенмен, 2012 жылдың қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлем үлесі аса көп емес болып қалып, жалпы санның 22 %-ын немесе төлем жүргізудің жалпы көлемінің 13,8 %-ын құрады, төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма-қол ақшаны алу бойынша тиісінше, 78 % және 86,2 %-ды құрады (2000 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша аталған көрсеткіштер тиісінше 4,6 % және 5,1 %-ды, ал қолма-қол ақшаны беру бойынша тиісінше 95,4 % және 94,9 %-ды құрады).
      Қаржы құралдары нарығындағы құқық бұзушылықтар. Қаржы құралдары нарығында және электрондық операциялар саласында құқық бұзушылықтар келтірген зиянның саны мен мөлшері олардың таратылмаған сипатына қарамастан ұлғаю үрдісіне ие.
      Көрсетілген құқық бұзушылықтарға бағалы қағаздармен заңсыз операцияларды, вексельдерді және банк кепілдемелерін қолдан жасауды, жалған кредиттік карталар мен чектерді, оның ішінде Visa, MasterCard, American Express халықаралық төлем жүйелерін пайдалану, компьютерлік, оның ішінде банк жүйелеріне санкцяланбаған қол жетімділікті жатқызуға болады.

      Заңды бизнесті жүргізудің жоғары шығасылары.
      Бүгінгі таңда Қазақстанда экономикалық қызметтің ең күрделі және тиімділігі аз реттеуіштерінің бірі кәсіпкерлік субъектілеріне рұқсаттардың алуан түрлерін ұсыну процесі болып табылады. Бұл ретте, рұқсат беру жүйесі арқылы экономикалық қызмет түрлерінің барлық спектрі реттеледі.
      Рұқсат беру құжаттарына жеке кәсіпкерлік субъектісіне мына түрлердің бірінде берілетін құжаттар жатады: лицензия, рұқсат, аккредиттеу, сертификаттау туралы куәлік, анықтамалар, келісулер және басқалары.
      Рұқсат беру жүйесі. Бизнеске әкімшілік жүктемені азайту үшін 2007 жылы «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жаңа редакцияда қабылданды (1995 жылғы ескінің орнына), ол лицензиялау жүйесін оңтайландыруда белгілі бір ілгерілеушілікті қамтамасыз етті. Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша, осы Заңмен шамамен 240 мың кәсіпкерге лицензия беру қысқарды, бұл лицензиялық алымдардың толық түспеуіне байланысты мемлекеттік бюджет кірістерін азайтпай-ақ қазақстандық бизнеске шамамен 80,0 млн. АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді. Қызметтің лицензияланатын түрлерінің және кіші түрлерінің саны қысқарды. Заңды қабылдағанға дейін лицензиялардың 700 астам түрі, кіші түрлері мен ең кіші түрлері болды, қазіргі уақытта 300 астам түрі ғана қалды.
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі № 36-V Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда 1015 анықталған рұқсаттың 348-ін алып тастау көзделген.
      «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен лицензиялануға жататын қызметтің түрлері мен кіші түрлерінің толық тізбесі белгіленгеніне қарамастан, мемлекеттік органдар салалық заңдар арқылы аталған тізбеге лицензияның жаңа түрлері мен кіші түрлерін енгізуге бастамашылық жасауды жалғастырып жатыр.
      Мемлекеттік органдардың кәсіпкерліктің қоғамдық бірлестіктерімен белгілі бір рұқсат құжатын, лицензияны енгізудің немесе алып тастаудың орындылығы мәселесі бойынша өзара іс-қимылы әлсіз қамтамасыз етіледі. Кеңес беру негізінде мемлекеттік басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысу мүмкіндігі ғана көзделген.
      Рұқсаттардың тізбесі кодекстер, заңдар деңгейінде де, сонымен қатар заңға тәуелді актілер деңгейінде де айқындалады және тұрақты өзгеріп отырады.
      Орта есеппен мемлекеттік органдар жылына шамамен 29 млн. рұқсат береді, осылайша үлкен сыбайлас жемқорлық өрісі, әкімшілік рентаны алу мүмкіндігі пайда болады.
      Бақылау-қадағалау қызметі. 2009 жылдан бастап тексерістерді жоспарлау және өткізу тәуекелдерді бағалау жүйесінің негізінде жүзеге асырылады. Бизнеске тексеру кезінде өзінің құқықтарын өз бетінше қорғау үшін қосымша мүмкіндіктер берілді. Сондай-ақ, бизнестің орындауы үшін міндетті талаптар тек заңдармен, Мемлекет басшысының жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен ғана бекітіле алатыны белгіленді.
      Тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу нәтижесінде 2010 жылы өткізілген жоспарлы тексерістер санын 2007 жылмен салыстырғанда 15 % (44 мың) азайды. Орта есеппен жылына шамамен 500 мың тексеру жүргізіледі.
      Жасалған жұмысқа қарамастан, бақылау-қадағалау саласындағы проблемалар сақталып келеді, ол елдегі бизнес-ахуалға теріс ықпал етеді.
      Бақылау-қадағалау функцияларының елеулі саны және олардың бір-бірімен қайталануы сақталуда. Тексерулер өткізудің жалпы тәртібінен шығарылған салалардың саны 16-дан 19-ға дейін артқаны байқалды.
      Осылайша, 2010 жылғы тексерулерді талдау тексерулер құрылымында жоспарлы тексерістер 37 %-ды, жоспардан тыс тексерулер 46 %-ды, ал тексерулердің жалпы санынан ерекшеліктер 17 %-ды құрағанын көрсетті.
      Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметтерін қысқарту және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер оңтайландыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл ретте мемлекеттік органдардың бизнес қауымдастықпен бизнесті жазалау жүйесін жетілдірудегі өзара іс-қимылы әлсіз жүзеге асырылуда.
      Сонымен, тексерулерді жүргізудің жалпыға ортақ тәртібі таралмайтын бақылау салаларын азайту жолымен кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер жүргізудің тәртібін оңтайландыру қажет.
      Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілеріне тексерулерді оңтайландыру үшін жазалау жүйесін ырықтандыру қажет.
      Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуды олардың заңнамада қайталануын алып тастау есебінен жүзеге асыру жоспарланып отыр.
      Осыған байланысты «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары тәуекелдерді басқару қағидатын іске асыру бөлігінде тексерулерді жетілдіруді талап етеді.
      Бақылау-қадағалау жүйесі қадағаланбайды, өйткені баспада тексеріс нәтижелері жоқ, реттелетін салаларда қауіпсіздік статистикасы жоқ.

      Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы бұзушылықтар және ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасаудың әлсіздігі.
      Қазіргі уақытта кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлықты жою қиынға соғады, өйткені өзара тиімді үдеріс байқалады, бұл ретте сыртқы экономикалық қызмет қатысушысына барлық кедендік формалдылықтарды сақтап, кедендік салықтар мен алымдарды төлеудің орнына заңсыз сыйақы берген жеңіл болады. Аталған бұзылушылықтар, атап айтқанда тауарлардың жекелеген түрлеріне кеден баждарының жоғары ставкаларымен және ел аумағына тауарлар импорты кезінде шаруашылық ететін субъектілердің жолында тұрған кедергілермен байланысты.
      Контрабанда қызметі барынша ұйымдастырылған және ауқымды сипатқа ие болуда, оның ашық қызмет ету тетігі жетілдірілуде.
      Кеден құжаттарындағы декларацияланатын жүктердің атауларын өзгерту жағдайлары, кедендік декларацияларда көрсетілгендермен салыстырғанда нақты шығарылатын немесе әкелінетін жүктер санының арту жағдайларының жиілеуі байқалады.
      Мемлекет аумағына темекі заттарын, спиртті, мұнай өнімдерін, сапасыз тағам өнімдерін, қолдан жасалған өндірістің сапасы төмен тауарларын кеңінен тұтынудың ауқымы айтарлықтай кең.
      Көптеген мәмілелерді жасыру үшін көбінесе жоқ шетел фирмаларымен жалған келісімшарттар жасалады, жалған құжаттарды рәсімдей отырып, жүктерге жалған декларациялау жүргізіледі. Кеден және өзге де құжаттарды қолдан жасау, кейіннен айырбастай отырып және валютаны шетел банктеріндегі шоттарға аудара отырып жалған келісімшарттармен банк кредиттерін алу жағдайлары көптеп кездесуде. Сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру кезінде көпшілік жағдайда алынатын валюта қаражаты толық көлемде жасырылады. Валютаның жылыстау арнасының бірі шетел фирмалары болып табылады. «Жеткізілді» деген тауарлар немесе қызметтер үшін ақшалай қаражат қазақстандық банктердегі шетел фирмаларының шоттарына жіберіліп, кейіннен корреспонденттік шоттар арқылы шетелге шығарылады.
      Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру. Экономика саласында заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыру (жылыстату) проблемалары көлеңкелі экономикамен байланысты болып келеді. Көлеңкелі экономиканың өсуі нәтижесінде ұлттық экономиканың криминалдануы, көлеңкелі капиталдың заңдастырылуы және билік құрылымдарының сыбайлас жемқорлығы артады. Жалпы, заңсыз экономиканың мөлшерін азайту мәселесі кешенді шешілуі тиіс. Қазіргі уақытта экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтаудың ең тиімді жолына жедел-іздестіру қызметінің дәстүрлі нысандары мен талдамалық іздеу және қаржылық тексеру технологияларын біріктіру жатады.

      Экономикалық қылмыстар, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық заңнамасының жетілмегендігі және құқықтық мәдениет деңгейінің төмендігі.
      Заңнаманың жетілдірілмегені және нормативтік құқықтық актілерді орындаудың әлсіз бақылануы мемлекеттік қызметшілер тарапынан да, бизнес өкілдері тарапынан да бизнесті дамытуға әкімшілік кедергілердің пайда болуына жағдай жасайды және құқыққа қарсы әрекет ету негізін тудырады.
      Азаматтарда құқықтық нигилизмді қалыптастыру (заңдарды бұзу, оның ішінде ашық, билік өкілдері мен ірі бизнес өкілдері тарапынан жиі пайдаланатын тәжірибеге айналды). Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлығы мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуімен сәйкес келмейтін көлеңкелі схемаларды пайдалануға ықпал етеді.
      Жалған және әдейі банкротқа ұшырау. Жалған және әдейі банкротқа ұшырау, әсіресе кәсіпорындар банкроттылығы бөлігінде қолданыстағы салық заңнамасының нормалары пайдаланатын өзінің қаржылық міндеттемелері (оның ішінде, салықтық төлемдерді төлеу бойынша) бойынша жауапкершіліктен жалтарудың бір түрі болып табылады. Бүгінгі таңда жалған банкроттық мемлекеттік меншікті мемлекеттік емес секторға қайта бөлу тәсілі болып табылады. Мысалы, салықтан жалтарудың бір тәсілі ретінде бюджет алдында берешегі бар кәсіпорындардың кейіннен жалған немесе әдейі банкротқа ұшырата отырып, жаңа заңды тұлғаларды құруын атауға болады.
      Бұл ретте, капиталы аралас ірі фирмалардың сондай-ақ, жеке тұлғалардың да оларды кейіннен төмендетілген құнмен сатып алуы мақсатында негізгі және айналым қаражатының баланстың құны қасақана бұрмаланады.
      Ең алдымен, аталған құқыққа қарсы әрекеттер әлеуетті тұрғыдан пайдалы болып табылатын немесе өнімді (тауарлар мен қызметтер) мемлекеттік және сондай-ақ мемлекеттік емес деңгейде де өндіруде монополияға ие кәсіпорындарға қатысты байқалады.
      Жалған кәсіпкерлік. Жалған кәсіпорындар өздерінің заңсыз қызметін жасыру үшін басқа облыстарда тіркелген «таза» заңды тұлғалармен қосылу және бірігу арқылы қайта ұйымдастырылады. Бұл салықтық бақылаудан жалтару мақсатында жасалады, өйткені қолданыстағы заңнамада қайта ұйымдастыру кезінде тіркеу органдарына салық берешегі туралы анықтаманы беруі талап етілмейді.
      Тіркеу орнын өзгерту нәтижесінде жалған кәсіпорын қайта ұйымдастырылғанға дейін өзінің қызметі кезеңінде салық тексерісінен өтпейді. Жоғарыда аталған іс-қимылдарды жалған кәсіпорындар үнемі жасайтынын ескере отырып, салық органдары оларға қатысты сапалы салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыруға қауқарсыз.
      Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құруды, инвестицияларды тартуды тежейді және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс ықпал етіп, ел болашағы үшін қауіп төндіреді.
      Сонымен, 2009 жылы сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстарды анықтау көрсеткіші 1413-тен 1486-ға өсті. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық істерді жіберу өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,5 %-ға артты (1109-дан 1282-ге дейін). Парақорлық фактілері 39 %-ға (307-ден 426-ға), оның ішінде, пара алу – 24,5 %-ға (158-ден 197-ге), пара беру – 54 %-ға (139-дан 214-ке) артты. Сонымен қатар, бөтен адамның сеніп тапсырған мүлкін иеленумен немесе жоғалтумен байланысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы көріністері 5 %-ға (351-ден 368-ге) артық анықталды.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бес басым бағытында: мемлекеттік сатып алу, жерді пайдалану, салық қызметі органдары, кеден және жол полициясы саласында тіркелген қылмыстар саны 34 %-ға (493-тен 662-ге) артты. Бұл қылмыстардың үлесі анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жалпы көлемінің 44,5 %-ын құрады. Аталған көрсеткіштер қаржы полициясы органдары жұмысының жандандырылғанын, тергеуге дейінгі тексерістердің және алдын ала тергеу өткізу сапасының артқанын көрсетеді. Сонымен бірге, аталған жағдай лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауы соңғы жылдары жүйелі сипатқа ие болуымен негізделеді.

      Жасырын жұмыссыздық және шетелдік жұмыс күшін есепке алудың жетілмегендігі.
      Көлеңкелі экономиканың өсуіне жасырын жұмыссыздық пен формалдық емес жұмыспен қамту, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшінің көші-қон ағындарымен байланысты жасырын жұмыссыздық та белгілі үлесін қосады.
      Жасырын жұмыссыздық және формалдық емес жұмыспен қамту. Қазақстанда формалдық емес экономикалық қызметтің жоғары деңгейі байқалады, ол өзінің барлық кемшіліктеріне қарамастан, жұмыссыздық пен кедейшілік проблемаларын шешуде белгілі бір оң рөлге ие болды және ие болуда. Әсіресе, формалдық емес жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі құрылыс, тағам өнімдерін шығару, көлік, далалық азық-түлік және киім базарлары, маусымдық ауыл шаруашылығы жұмысы салаларында байқалады. Қазақстандық еңбек нарығына тән сипат өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың жоғары үлес салмағы болып табылады (32,8 %). Жеке шаруашылығында еңбек ететін өз бетінше жұмыспен айналысатын халықтың бөлігі ерекше алаңдаушылық туғызуда (1,2 млн. адам).
      Мамандардың бағалауынша, қазіргі онжылдықтың бірінші жартысындағы декларацияланбайтын (жасырын) жұмыспен қамту Қазақстанда 20-30 %-ды құрады. Олардың құрамындағы ерекше топ көлеңкелі экономикада жұмыспен қамтылған заңсыз еңбекші көшіп-қонушылар болып табылады. Формалдық емес жұмыспен қамтумен екіжақты шығындар байланысты болып келеді: салықтан жалтарумен байланысты мемлекеттік бюджеттің шығындары және әлеуметтік қорғау мен қолдаудан айырылған жұмысшылардың шығындары. Сонымен қатар, формалдық емес жұмыспен қамту нақты есепке алынбайды, сондықтан еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың нақты жағдайы туралы деректердің бұрмалануына әсер етеді.
      Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік жұмыс күшін тіркеу және есепке алу. Декларацияланбайтын (жасырын) жұмыспен қамтудың ерекше тобын көлеңкелі экономикада жұмыспен қамтылған заңсыз еңбекші көшіп-қонушылары құрайды.
      Осылайша, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректеріне сәйкес 2012 жылы Қазақстан Республикасына уақытша келген 1087927 шетел азаматы тіркелген. Оның ішінде, 90745 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
      Көші-қон заңнамасын бұзудың ең маңызды көрінісі заңсыз еңбек қызметімен айналысу болып табылады. Мысалы, 2012 жылы шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 2013 фактісі анықталған.
      Жеке және заңды тұлғалардың еңбекші көшіп-қонушыларды тартуы мәселелерінің реттелмегендігі көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпал ететін факторлардың бірі болып табылатынын атап өту қажет.

4. Көлеңкелі экономика көлемін қысқартуды қамтамасыз ететін
міндеттерді шешу бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттары

      Мақсаттар мен міндеттер
      Жоспардың негізгі мақсаты елдегі көлеңкелі экономиканың деңгейін қысқарту үшін жағдай жасау және экономика субъектілерін көлеңкеге кетуге итермелейтін себептерді жою болып табылады.
      Жоспардың негізгі мақсаттары:
      1) Қазақстандағы қадағаланбайтын экономиканы бағалау және есепке алу жүйесін жетілдіру;
      2) мемлекеттік қаржыны тиімді басқару;
      3) сыртқы экономикалық қызметті жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсарту;
      4) экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бойынша заңнаманы жетілдіру;
      5) қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту;
      6) фискалдық әкімшілендіруді жетілдіру;
      7) бизнесті жүргізу үшін қолайлы және тиімді жағдайлар жасау;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және халықтың құқықтық мәдениеті деңгейін жоғарылату;
      9) әлеуметтік саясатты және адами ресурстарды жақсарту болып табылады.

      1) Қазақстандағы қадағаланбайтын экономиканы бағалау және есепке алу жүйесін жетілдіру.
      Қазақстандағы қадағаланбайтын экономиканы бағалау жүйесін жетілдіру мақсатында мынадай жүйелі шараларды қабылдау көзделеді:
      заңсыз қызмет көлемін жүйелі бағалауды статистикалық практикаға енгізу үшін «Қадағаланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін» әзірлеу;
      жалпы республика бойынша заңсыз қызметті эксперименттік есепке алуды жүргізу.

      2) Мемлекеттік қаржыны тиімді басқару.
      Мемлекеттік қаржыны тиімді басқару бюджет қаражатын жоспарлау және пайдаланудың әр кезеңінде шаралар кешенін іске асыруды болжайды.
      Бюджетті жоспарлаудың мемлекеттік жүйесі
      Бюджетті жоспарлаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру мақсатында мынадай шараларды қабылдау қажет:
      бұзушылықтарды уақтылы айқындау және тиісті шаралар қабылдау, оның ішінде жауапқа тарту мақсатында бюджет шығыстарын жоспарлау және бөлу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      шығыстарды жоспарлауда және мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруда қолданылатын кодификацияны және тауарларды стандарттауды енгізу;
      бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тартудың тиімді тетігін құру және іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде жауапкершіліктің аражігін ажырату.
      Қаражатты бөлу (мемлекеттік сатып алу арқылы)
      Мемлекеттік қаражатты бөлу кезінде мемлекеттік қаражатқа бақылауды күшейту мақсатында мынадай шаралар қабылдау қажет:
      квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында оларды сатып алу тетігін жетілдіру;
      квазимемлекеттік сектор объектілерінің сатып алулары және мемлекеттік сатып алулар шарттарының орындалу тетігін жетілдіру;
      мемлекеттік сатып алу саласында арыздар саны бойынша олардың рейтингін ескере отырып, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесін пысықтау.
      Шығыстарды бухгалтерлік есепке алу және мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі
      Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін күшейту мақсатында мынадай шаралар қабылдау қажет:
      мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының басқа бақылау және қадағалау органдарының ақпараттық базаларымен ақпараттық өзара іс-қимылы тетігін әзірлеу;
      тәуекелдерді бағалау жүйесін қолданғаннан кейін ғана салық органдарының салық есептілігінің қосымша нысандарын қабылдауы туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

      3) Сыртқы экономикалық қызметті жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсарту.
      Сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды қысқарту үшін жүйелі негізде тиісті мемлекеттік органдардың арасында тиісті өзара іс-қимыл және ақпарат алмасуды қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ:
      мұнай мен мұнай өнімдерін заңсыз шығарудан экспортты қорғау бойынша, оның ішінде экспортталатын тауарлардың техникалық шарттарына қосымша талаптарды белгілеу және мұнай мен мұнай өнімдерін стандарттау мен сертификаттау жүйесін қайта қарастыру арқылы ұсыныстар әзірлеу;
      кеден бекеттерін, жекелеген бақылау-өткізу бекеттерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, ішкі істер органдарын, кинологиялық қызметтерді, құқық қорғау және арнаулы органдарын, соның ішінде кешенді жедел-алдын алу операцияларын өткізу үшін техникалық жарақтандыру стандарттарын бекіту үшін ұсыныстар әзірлеу;
      кеден бекеттерін 1-санатты электрмен жабдықтауға ауыстыру;
      соңғы 3 жылда кеден бекеттерінде бақылау жабдықтарының істен шығуының әрбір жағдайына тексеру жүргізу, сондай-ақ кінәлілер анықталған жағдайда жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету қажет.
      Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес үшін мынадай жүйелі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету:
      барынша қысқа мерзімде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға мүмкіндік беретін заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың және ақпарат алмасудың тиімді тетігін құру;
      мүдделі мемлекеттік органдармен бірге заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды қаржылық мониторинг субъектілерінің тізбесін кеңейту, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың арасында бірыңғай ақпараттық арнаны құруға қатысты мәселені пысықтау арқылы жүргізу керек.

      4) Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бойынша заңнаманы жетілдіру.
      Бірқатар зерттеулер, оның ішінде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) «Инклюзивтік өсу, институттар және көлеңкелі экономика» (2012) баяндамасы ұзақ мерзімді перспективада институттардың дамуы көлеңкелі экономиканың үлесін төмендетудің басты факторы болып табылатынын баса айтты. Заңнамалық базаны біртіндеп жетілдіру, тәуелсіз сот, құқық қорғау органдарының тиімді қызметі формалды емес сектордың көлеңкеден шығуына қажетті базаны құрай отырып, экономиканың тиімді жұмыс істеуінің міндетті шарты болып табылады.
      Экономикалық қылмыстарға қарсы бойынша заңнаманы жетілдіру. Бүгінде көптеген өндірістердің заңсыз түрлері интернет кеңістікке кетіп жатқандықтан, қылмыстық саясатты қалыптастыру, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық заңнаманы, жедел-іздестіру қызметі туралы заңнаманы жетілдіру, аталған нормаларды қолдану арқылы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұлжытпай сақталуын ескере отырып, ақпараттық технологиялар саласына бақылауды қамтамасыз ету керек.
      Жалған және әдейі банкроттықты болдырмау үшін мынадай шараларды қабылдау қажет:
      жалған және әдейі банкроттыққа қарсы күрес бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
      банкроттық рәсімдерімен байланысты мәселелер бойынша сот пен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың арасында ақпарат алмасудың тетігін жетілдіру.

      5) Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту.
      Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту қаржы секторындағы көлеңкелі айналымды төмендету бойынша негізгі шаралардың бірі болып табылады. Осыған байланысты елде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту үшін:
      күдікті қаржылық операциялар туралы салық органдарының бақылаушы органдармен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тетігін құру;
      Қазақстан Республикасы Салық кодексіне SIM-карталармен бақылау-кассалық машиналарды қолдану туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      алаяқтардың қолма-қол ақшасыз қаражаттарды санкциясыз қолдануы кезінде екінші деңгейлі банктердің тұтынушыларына заңнамалық негізде қаражаттарын қайтару;
      қолма-қол ақшасыз есептесу құралдарымен (POS-терминалдар) ұйымдастырылмаған сауда орындарын (базар және сауда орындары) жарақтандыру үшін сапалы және қолжетімді байланыс арналарын ұсыну жөніндегі мәселені пысықтау;
      ақша құралдарын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде, оның ішінде банктерге керекті мемлекеттік деректер базасына қол жетімділік беру мүмкіндігімен екінші деңгейдегі банктердің жауапкершілігін және бақылауды күшейту мәселесін пысықтау;
      Қазақстан Республикасының аумағында заманауи жабдықтарды (құрылғыларды), оның ішінде төлем карточкаларын қолдана отырып төлемдерді қабылдауға арналған ұтқыр байланыс құрылғыларына қосуға болатын шағын төлем терминалдарын енгізу мәселесін пысықтау;
      жеке куәлікті төлем карточкасы ретінде пайдалану мәселесін пысықтау;
      бірыңғай процессингтік орталықты енгізу мәселесін пысықтау;
      екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу төлемдері және төлем карточкаларын қолдануға қатысты халықтың хабардар болуын арттыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет ресурстарында іс-шаралар жүргізу;
      қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру үшін төлем карточкаларын неғұрлым белсенді пайдалануды ынталандыру мақсатында ЕДБ қаражаты есебінен (оның ішінде осы қажеттілікке қаражатты аудару бойынша ЕДБ-нің ұсыныс хаттарының көмегімен) POS-терминалдар беретін чектер бойынша ұдайы түрде жалпы республикалық лотерея ұтыс ойынын ұйымдастыру туралы мәселені қарастыру.

      6) Фискалдық әкімшілендіруді жетілдіру.
      Фискалдық әкімшілендірудің тиімділігін жоғарылату мақсатында мынадай шараларды іске асыруды қамтамасыз ету қажет:
      кәсіпорындарды тіркеу және қайта тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін салықтық тексеруді жүргізуді көздейтін заңды тұлғаларды тіркеуді, қайта тіркеуді ретке келтіру бөлігінде заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сондай-ақ заң жобасында әділет және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті органдарының өзара ақпараттық іс-қимылы көзделуі керек;
      тәуекелдердi бағалау критерийлерін жетiлдiру, оның ішінде ҚҚС бойынша есепке қою кезінде, заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезінде және т.б.
      Сондай-ақ, салық төлеуден жалтарудың жаңа схемаларын анықтау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу; сондай-ақ мемлекеттік және жеке құрылымдар арасында ұқсас схемалар бойынша ақпарат алмасудың тиімді тетіктерін құру қажет.
      Мұнай-газ секторында, оның ішінде трансферттік баға белгілеу арқылы салықты төлеуден жалтаруға қарсы күрес мақсатында жер қойнауын пайдалану өнімдерінің айналымы мәселелеріне уәкілетті органдардың бақылауын күшейту қажет.
      Жалған кәсіпкерлікті негізін анықтау және болдырмау бойынша жалған кәсіпкерлікпен күресу үшін ұдайы жұмыстар жүргізу қажет.

      7) Бизнесті жүргізу үшін қолайлы және тиімді жағдайлар жасау.
      Нақты сектордағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бизнесті жүргізу шығасыларын азайту және мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру арқылы экономиканың нақты секторы субъектілерінің көлеңкеден шығуына жағдай жасауды талап етеді. Осыған байланысты мынадай шаралар қабылдау қажет:
      экономиканың салаларын толық қамту көзделген бәсекелестік ортаның жағдайына талдау және бағалау жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеу критерийлері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      тәуекелдерді басқару жүйесіне олардың ашықтығы және жабықтығы тұрғысынан талдау жүргізу;
      мемлекеттік органдарды барлық қажетті деректермен қамтамасыз ету мақсатында рұқсат жүйесінің тәсілдерін тұжырымдамалық қайта қарау, сондай-ақ деректермен алмасудың бірыңғай жүйесін құру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

      8) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және халықтың құқықтық мәдениеті деңгейін жоғарылату.
      Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында мынадай шараларды қабылдау қажет:
      Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның іс-шараларын іске асыруды қамтамасыз ету;
      нарықтар мен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан әлеуетті пайданың мөлшерін азайту;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы азаматтық қоғам институттарының қызметін жетілдіру;
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды іске асыратын шетелдегі тиісті құрылымдармен өзара іс-қимылдарды жандандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ұлттық тәжірибесін барынша ескере отырып шетелдік оң тәжірибесін енгізу;
      неғұрлым сыбайлас жемқорлыққа ұшырайтын мемлекеттiк органдардың басшыларын полиграфта тексеруді көздейтін заң жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      мемлекеттік қызметшілердің табыстарын жария декларациялау үшін заң жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығы нысандарын жетілдіру.

      9) Әлеуметтік саясатты және адами ресурстарды жақсарту.
      Формалды емес жұмыспен қамтуды институттандыру мынадай жүйелі шаралардың қабылдануын көздейді:
      Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларын іске асыру;
      еңбекке жарамды халықтың үй шаруашылығы қызметі саласынан өндірісті ұйымдастырудың әлдеқайда жоғары нысанына ауысуы үшін ынталандырушы жағдайлар жасау;
      салалар мен аумақтар арасында еңбек ресурстарын қайта бөлу, атап айтқанда жұмыссыздықты қысқарту мақсатында еңбек күші артық өңірлерден экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге еңбек көші-қонын қамтамасыз ету;
      жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу және капиталды аз талап ететін жұмыс орындарын құру мақсатында экономиканың нақты секторын дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламаларын іске асыру арқылы жасырын жұмыспен қамтуды заңдастыруды жүзеге асыру.
      Қысқа мерзімді шаралар:
      заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жабу, ақша ағымдары мен заңсыз көші-қон арасындағы байланыстың бар болуын болжауға негіздер болған кезде ақша ағымдарын қадағалау;
      бизнесті және жұмыспен қамтуды дамыту бойынша барлық бағдарламаларға олардың тиімділігі мен жоспарланған шараларының жеткіліктігі мәніне, оның ішінде еңбек нарығындағы теңгерімсіздікті төмендету, халықты жұмыспен қамтуды жоғарылату, формалдық емес жұмыспен қамтуды төмендету, ресми емес еңбекақы төлеуді алып тастау бойынша талдау жүргізу.
      Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік жұмыс күшін тіркеу және есепке алу мәселесін шешу шаралар кешенін қабылдауды талап етеді.
      Жүйелі шаралар:
      визасыз режимдегі елдерден шетелдік жұмыс күшін тарту және есепке алу тетігін жетiлдiру;
      нақты барын салыстыра отырып, ұзақ мерзімді перспективада еңбекші көшіп-қонушыларға (оның ішінде ресми тіркелмегендер) және олардың критерийлеріне (біліктілігіне) қажеттілік болжамын жүргізу.
      Қысқа мерзімді шаралар:
      жұмыспен қамту және көші-қон көрсеткіштерін әкiмдiктердің (әкiмдердің) рейтингiне қосу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      өңірлерде рекрутинг компанияларын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

5. 2013 – 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында
көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспары

      Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1177 қаулысымен.

Р/с

Көлеңкеге кетуге ықпал ететін жағдайлар
(Себептер)

Салдары

Іс-шара

Іске асыру мерзімі

Аяқталу нысаны

Жауапты мемлекеттік орган

1

2

3

4

5

6

7

Көлеңкелі экономиканы бағалау

1

Заңсыз экономиканы бағалаудың болмауы

Қадағаланбайтын экономиканың (заңсыз қызмет бөлігінде) көлемін нақты бағалаудың мүмкін болмауы

Жұмыс тобын құру және заңсыз қызметті есептеу бойынша ұсыныстар әзірлеу (өлшемдер, ақпараттық өзара іс-қимыл, есептілік және т.б.)

2013 жылғы
1 маусым

ПӘ-ге ақпарат

СА, ІІМ, Қаржымині, Әділетмині, Қоршағанортамині, БП (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша), мүдделі МО

2

Заңсыз қызмет көлемін жүйелі бағалауды статистикалық практикаға енгізу үшін «Қадағаланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін» әзірлеу

2014 жылғы
1 шілде

СА бұйрығы, СА бекіткен құқықтық акт

СА

3

Жалпы республика бойынша заңсыз қызметті эксперименттік есептеулер

2013 жылғы
1 қазан

ПМК-ге ақпарат

СА, Қаржымині, ІІМ, Қоршағанортамині, БП (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), «ЭЗИ» АҚ (келісім бойынша), мүдделі МО

Мемлекеттік қаржы

4

Қаражатты жоспарлау кезінде ТБЖ-нің болмауы

Қаржылық бұзушылықтарға жол берген ББӘ қосымша қаражат бөлу, қаржылық бұзушылықтардың өсуі

Бұзушылықтарды уақтылы анықтау және тиісті шаралар қолдану, оның ішінде жауапқа тарту мақсатында бюджет шығыстарын жоспарлау және бөлу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ЕК (келісім бойынша)

5

Мемлекеттік органдардың (білім беру, денсаулық сақтау және т.б.) бейінсіз іс-шараларды (ТЭН, ЖСҚ әзірлеу, құрылыс, сапаны бақылау) іске асыруы

Сапасыз орындау, жобалардың қымбаттауы, мерзімде орындалмау, бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуы

ББӘ бейінсіз функцияларды алып тастау мақсатында құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау, ЖСҚ және ТЭН әзірлеу бойынша арнайы мемлекеттік орган құру мәселесін қарастыру

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

ӨДМ, Қаржымині, ЭБЖМ, БҒМ, ДСМ, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша), мүдделі МО

6

Шығыстарды негізсіз жоспарлағаны үшін жауапкершіліктің болмауы немесе анық еместігі

Осындай шешімдерді қабылдағаны үшін жасырын сыйақы болған кезде инвестициялық жобалардың және ағымдағы шығыстардың құнын, аталған құнды қалыптастырудың барлық кезеңдерінде көтеру

Бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тартудың тиімді тетігін құру және іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде жауапкершіліктің аражігін ажырату бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 қыркүйек

ПМК-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ИЖТМ, ӨДМ, ЖАО, БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ЕК (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

7

Сатып алынатын тауарларға техникалық ерекшеліктер құрастыру үшін талаптар белгілеу әдіснамасының болмауы. Сапасыз техникалық ерекшеліктерді дайындау

Бюджетке қымбаттатылған және негізделмеген шығыстарды қосу. Техникалық ерекшелікті негізсіз қымбаттату. Ұқсас тауарларға (жұмыстар, қызметтер) деген бағаның әр алуандығы

Шығыстарды жоспарлауда және сатып алуларды жүзеге асыруда қолданылатын кодификацияны және тауарларды стандарттауды енгізу

2014 жылғы
1 қаңтар

Нормативтік-техникалық құжат

Қаржымині, ИЖТМ, ЭБЖМ, мүдделі МО

8

Ұлттық холдингтер мен компанияларда ішкі аудит қызметі жұмысының тиімсіздігі

Айтарлықтай операциялық тәуекелдер:
- ішкі қағидаларды сақтауды әлсіз бақылау;
- қызметті жүргізуді регламенттейтін ішкі құжаттарда/қағидаларда кемшіліктердің немесе қателердің болуы;
- ішкі және сыртқы алаяқтық және нормативтік актілерден, заңнамадан немесе компания саясатынан жалтару ниетімен болған іс-қимылдар салдарынан келген залал

Квазимемлекеттік секторда ішкі аудит қызметі жүйесін жетілдіру, оның ішінде олардың өкілеттіктерін және функцияларын кеңейту бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ЕК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ҰБХ (келісім бойынша), ҰК (келісім бойынша)

9

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге қаражатты жоспарлау кезінде құжаттық негіздеме (ТЭН, ЖСҚ, актілер) талаптарын сақтамау

Тиісті құжаттарсыз қаражат бөлу және оны игеру немесе игерудің мүмкін болмауының салдарынан бөлінген қаражатты қайтару

Жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінім үшін талап етілетін құжаттарды, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге қаражат бөлу үшін басқа да құжаттарды сапалы және толық ұсынуын бақылауды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

ӨДМ, ЖАО

10

Мемлекеттік тапсырмаларды (инвестициялық іс-шараларды және т.б.) іске асыруға арналған бюджет қаражатын бөлу тетігі тиімділігінің жеткіліксіздігі

Бюджет қаражатын (атап айтқанда республикалық бюджет қаражаты) пайдаланудың ашық еместігі, олардың мақсатсыз пайдаланылу ықтималдығы

Мемлекеттік тапсырмаларды (инвестициялық іс-шаралар және т.б.) іске асыруға бюджет қаражатын бөлудің жаңа тетіктерін әзірлеу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБХ (келісім бойынша), ҰК (келісім бойынша)

11

Тапсырыс берушілердің ақпаратты еркін нысанда өз бетімен жариялауы. Хабарландырудың электронды үлгісінің болмауы

Сөздерді әдейі бұрмалау, лоттардың атауында айрықша тыныс белгілерін қолдану, жазылу тіліндегі айырмашылық. Нәтижесінде сайттағы астыртын ұсынысты тек қажет өнім беруші ғана біледі

Әдейі бұрмалауды жою мақсатында хабарламалар мәтінін форматты-логикалық бақылауды қамтамасыз ету

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ККМ, ИЖТМ, ҰБХ (келісім бойынша), ҰК (келісім бойынша)

12

Электрондық сатып алу бойынша, оның ішінде квазимемлекеттік секторда өтініш беру форматын стандарттау

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ақпарат

Қаржымині, ККМ, ИЖТМ, ҰБХ (келісім бойынша), ҰК (келісім бойынша)

13

Түсіп жатқан шағымдарды жедел тексеру және алаяқтық схемаларды айқындау үшін сатып алуға қатысушылардың шағымдары бойынша ден қою тобының болмауы (әлеуетті құрылымдар, салалық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және сыртқы мемлекеттік бақылау органдары өкілдері қызметкерлерінің қатысуымен)

Бақылаушы органдардың мемлекеттік сатып алуды бақылаумен толық қамтуы мүмкін емес. Өз кезегінде шағымдарды қарау тәжірибесі ұзақ уақытты алады. Қоғамдық ресурс пен жедел ден қою тобын құру сатып алудағы ең жосықсыз қатысушыларды анықтау бойынша ТБЖ құруға мүмкіндік береді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсын мемлекеттік органдар және жұртшылық тарапынан мемлекеттік сатып алу бойынша шағымдарды жариялау, мониторингілеу және талдау бөлігінде пысықтау. Шағымдар санының көрсеткіші бойынша мемлекеттік органдардың рейтингісін қалыптастыру

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ККМ, ЖАО, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

14

Мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың шағымдарын мониторингілеудің қорытындыларын бақылаушы және құқық қорғау органдарына тоқсан сайын жіберу

Тоқсан сайын, 2013 жылғы 1 шілдеден бастап

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ЖАО, ЭСЖКА (келісім бойынша), ЕК (келісім бойынша), теккомиссиялары (келісім бойынша), мүдделі МО

15

Мемлекеттік сатып алу саласында шағымдар саны бойынша олардың рейтингін ескере отырып, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу туралы ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 қыркүйек

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, ЭБЖМ, ЖАО, ЕК (келісім бойынша)

16

Ұлттық компаниялар мен холдингтер сатып алуы ашықтығының жеткіліксіздігі

Процестің ашық еместігі, астыртын сөз байласу, сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар

Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында олардың сатып алу тетігін, оның ішінде тендерді ұтқан тұлға, тауар немесе қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып оның бағасы туралы ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы толыққанды ақпаратты жариялау арқылы жетілдіру. Бақылаушы органдарға қорытындыларды беру мақсатында сатып алынған тауарлар мен қызметтер бағасының базасымен сатып алу қорытындыларын салыстыру процесін регламенттеу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ЭБЖМ, ЖАО, ЕК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша), ҰБХ (келісім бойынша), ҰК (келісім бойынша), мүдделі МО

17

Әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жіберу тетігінің күрделілігі (негізсіз талаптардың көптігі)

Өнім берушіні іріктеудің қолданыстағы тетігі бүгінгі күні тапсырыс берушімен аффилиирленбеген және адал өнім берушіні шеттетудің құралы болып қызмет етеді

Мемлекеттік сатып алу саласында мыналарды көздейтін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар енгізу:
- мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада қолданылатын ұғымдық аппаратты қайта қарау;
- әлеуетті өнім берушілерді іріктеу рәсімдерін жеңілдету;
- әлеуетті өнім берушілерді (өнім берушілерді) жосықсыз деп тану туралы талап арызды сотқа беру мерзімдерін ұлғайту;
- бір көзден сатып алу тәсілімен және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолданбай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қысқарту

2013 жылғы
1 қазан

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, БП (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша), мүдделі МО

18

«Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының өнім берушілерді білікті іріктеу мүмкіндігін қарастыру

2013 жылғы
1 қазан

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, БП (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша), мүдделі МО

19

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында талдамалық жүйелердің болмауы. Электрондық мемлекеттік сатып алуларды өткізудің барлық кезеңдерін (мемлекеттік сатып алулар жоспарын бекітуден және веб-порталға орналастырудан бастап) бірыңғай автоматтандырылған бақылаудың болмауы

Мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушыларына мемлекеттік сатып алу қорытындыларына оның жеке сатыларында ықпал етуге мүмкіндік береді. Уәкілетті органдарға мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты ұйымдастыру дұрыстығын уақтылы қадағалауға және бұзушылықтарды бастапқы сатысында болдырмауға мүмкіндік бермейді

Сатып алу ресімдерінің барлық сатыларын бақылау үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталында талдамалық жүйелер құру (мемлекеттік сатып алулар жоспарын бекітуден және веб-порталда орналастырудан бастап шарт жасасқанға дейін)

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ИЖТМ, ККМ

20

Техникалық ақауларды болдырмау бөлігінде мемлекеттік сатып алулар веб-порталының функционалдығын арттыру

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ақпарат

Қаржымині, ККМ, ИЖТМ

21

Мемлекеттік сатып алулар процесін толық автоматтандыруды қамтамасыз ету

2013 жылғы
1 желтоқсан

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ККМ

22

Мәмілелердің заңсыздығы рәсімдерін сотта қарастыру және шағымдану тетіктерінің тиімсіздігі

Сот шешімдері қарастырудың ұзақтығына байланысты шарт бойынша жұмыстар мен қызметтер көрсетудің аяқталуына байланысты заңдылықты қалпына келтіруге әкелмейді

Мәмілелер заңсыздығының рәсімдерін сотта қарау және шағымдану тетіктерінің проблемаларына талдау жүргізу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

Қаржымині, Әділетмині, БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ЕК (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), мүдделі МО

23

Шетелдік және бірлескен компаниялардың сатып алу рәсімдерінің ашық еместігі

Шетелдік және бірлескен компаниялардың қымбаттатылған бағалар бойынша шетелдік аффилиирленген компаниялардан тауарлар мен қызметтер көрсетуді сатып алуы. Салық төлеуден жалтару.

Шетелдік және бірлескен компаниялардың сатып алу ашықтығын қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ олардың сатып алуларында отандық кәсіпорындардың, оның ішінде жер қойнауын пайдалану саласында қызмет ететін кәсіпорындардың қатысуын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

2013 жылғы
1 мамыр

ПМК-ге ұсыныстар

ИЖТМ, МГМ, Қаржымині, ЭБЖМ, БҚА, ҰК (келісім бойынша), мүдделі МО

24

Сатып алу жоспарына шектеусіз көлемде өзгерістер енгізу мүмкіндігі

Сатып алу жоспарына қосылмаған сатып алулар өткізу мүмкіндігі, сондай-ақ бірнеше рет құнын көтеру ұйымдастырушылардың қаржылық тәртібін төмендетеді.

Сатып алулар жоспарындағы өзгерістердің саны бойынша шектеулерді қарастыру, оның ішінде квазимемлекеттік секторда

2013 жылғы
1 шілде

ПӘ-ге ақпарат

Қаржымині, ЭБЖМ, БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ЕК (келісім бойынша), ҰБХ (келісім бойынша), ҰХ (келісім бойынша), ҰК (келісім бойынша), ББӘ

25

Шарттарды орындау жүйесінің жетілмегендігі

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді қабылдау кезінде кедергілер жасау

Жасанды кедергілерді алып тастау мақсатында мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектор объектілерінің сатып алулары шарттарының орындалу тетіктерін жетілдіру. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қабылдау/тапсырудың нақты мерзімдерін белгілеу бөлігінде шарттардың орындалуы жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлеу туралы ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ЭБЖМ, БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ЕК (келісім бойынша), ҰБХ (келісім бойынша), ҰХ (келісім бойынша), ҰК (келісім бойынша), мүдделі МО

26

Шарт бойынша міндеттемелерді орындау кезінде өнім берушінің тапсырыс берушіге тәуелділігі (жасанды кедергілерді жасау мүмкіндігі)


Сатып алу шарттары талаптарының тиісінше орындалуы үшін ББӘ-нің білікті бақылауын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 тамыз

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ЕК (келісім бойынша), ҰБХ (келісім бойынша), ҰХ (келісім бойынша), ҰК (келісім бойынша)

27

Дәрі-дәрмек саласында мемлекеттік реттеу тиімділігінің төмендігі

Қазақстан нарықтарына контрафактілік өнімдерді жеткізу, бұл мемлекеттің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіреді. Сатып алынатын дәрілерге және медициналық жабдықтарға негізсіз қымбат бағалар

Дәрі-дәрмек тауарлары мен қызметтер көрсетуге бағалардың бірыңғай ақпараттық базасын құру және оны медициналық мекемелер мен дәріханаларда жариялау

2013 жылғы
1 қазан

ПМК-ге ақпарат

ДСМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ЕК (келісім бойынша), «Фармация-СҚ» ЖШС (келісім бойынша)

28

Қаражатты есептеудің әртүрлі әдістерін қолдану (орталықсыздандырылған есеп), балансты және есептілікті дербес құрастыру

Қаржылық есептілікті бұрмалау (төмендету), мәмілелерді құжаттамалық растаусыз жүзеге асыру, бақылау деңгейінің төмендеуі

Салықтық есепке алу мақсатында бастапқы бухгалтерлік құжаттарды нақтылау бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 шілде

ПӘ-ге ұсыныстар

Қаржымині

29

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының басқа бақылау және қадағалау органдарының (салық және кеден органдары, БП) ақпараттық базаларына қол жетімділігінің болмауы

Бақылаудың әлсіреуі. Бақылау іс-шарасын жоспарлау кезінде тиімділіктің төмендетуінен көрініс табатын ТБЖ жүйесінің критерийлер мөлшерінің аздығы

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының басқа бақылау және қадағалау органдарының ақпараттық базаларымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тетігін әзірлеу

2013 жылғы
1 маусым

Ақпараттық базаны құру, ПӘ-ге ақпарат

ЕК (келісім бойынша), ККМ, Қаржымині, БП (келісім бойынша)

30

Бақылаумен қамту деңгейінің төмендігі

Қаражатты мақсатсыз және тиімсіз қолдану, процестің айқын еместігі, астыртын сөз байласу және сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар. Тиімсіз жоспарлауды болдырмау бойынша алдын алу шаралары нәтижелерінің төмендеуі

Жергілікті бюджетті қалыптастыру және атқару бойынша халықты хабардар ету үшін әкімдердің жылына 2 рет халықпен кездесуін ұйымдастыру бөлігінде (соның ішінде мамырда, бюджетті қалыптастыру сатысында) ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 шілде

ПӘ-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ЖАО

31

Халықтың пікірін ескере отырып, жергілікті бюджеттің бір бөлігін қалыптастыру тетігін енгізу мүмкіндігін қарастыру

2013 жылғы
1 шілде

ПӘ-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ЖАО

32

Бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдаланғаны үшін жауапкершілік шараларын күшейтуді көздейтін ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ЕК (келісім бойынша)

33

Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау (жоспарлау қателіктерін қосу қажет) және пайдалану бойынша қаржылық және сыбайлас жемқорлық бұзушылық фактілерін, оның ішінде журналистік тергеу негізінде жүйелік жария етуді қамтамасыз ету

2013 жылғы
1 қыркүйек

ПМК-ге ақпарат

МАМ, Қаржымині, ЭБЖМ, ЖАО, ЕК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша)

34

ТБЖ қолдану арқылы (кезең-кезеңмен) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне төлемдерді бақылау бойынша функциялар беру бөлігінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 маусым

ПӘ-ге ұсыныстар

Қаржымині, ЭБЖМ

35

ТБЖ әлеуетін жеткіліксіз пайдалану (өлшемдер тізбесінің аздығы, қарапайым әдістемелер, көрсеткіштердің қарама-қайшылығын тексеру қағидатының болмауы). ТБЖ тәуекелді мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларды, сондай-ақ бақылау типін анықтамайды. МҚБ бірыңғай ТБЖ-нің болмауы

Ресурстарды тиімсіз қолдану, мемлекеттік бағдарламаларды бақылаумен қамтуды ұлғайтудың және бақылау типін дұрыс таңдаудың (заңнаманы бұзушылық немесе тиімді пайдалану) мүмкін еместігі, қабылданатын шешімдердің нақты еместігі, бақылаумен қамтуды ұлғайтудың мүмкін еместігі

Үкіметке жұмыс тобын құру және тексеруші органдардың ТБЖ-нің тиімділігін жоғарылату, оның ішінде олардың өлшемдерінің мөлшері мен талдамалық құрауыштарын кеңейту бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 маусым

ПӘ-ге ақпарат

ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ЕК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

36

Мемлекеттік бақылаушы органдардың тексерулерін барынша азайту үшін олардың өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу

2013 жылғы
1 қыркүйек

ПМК-ге ақпарат

ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ЕК (келісім бойынша)

37

Тәуекелдерді бағалау жүйесін қолданғаннан кейін ғана салық органдарының салық есептілігінің қосымша нысандарын қабылдауы бөлігінде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 қараша

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, ЭБЖМ

38

Тексерушілердің салалық мамандануының болмауы

Тексерушілер құзыретінің төмендеуі, бақылаудың әлсіреуі

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары тексерушілерінің біліктілік талаптарын жаңарту бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 қыркүйек

ПМК-ге ұсыныстар

ЕК (келісім бойынша), Қаржымині, БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша)

39

Бюджет жобасын әзірлеуде және Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде МҚБ органдарының қатыспауы

Бюджетті жоспарлау сапасының төмендеуі

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына (аумақтық бөлімшелерден басқа) республикалық бюджет шығындарына қатысты НҚА жобаларын тексеру бойынша өкілеттілікті беру мақсатында заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 шілде

ПӘ-ге ұсыныстар

ЕК (келісім бойынша), Қаржымині, ЭБЖМ, мүдделі МО

40

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың барлық сатысында мониторингтің және бақылаудың әлсіздігі (жобалау, іске асыру, нәтижелерге аралық қол жеткізу, игеру мерзімдері, актілерді қабылдау және т.б.)

Жобаларды іске асырудың әртүрлі сатыларында қаражаттарды шығару, сапасыз іске асыру, бағдарламаларды іске асыру барысы туралы есептілікті бұрмалау

Конкурсты өткізу және қаржы құралдарын (ЖСҚ, ТЭН, ТТ және т.б.) бөлу процестерін қолдайтын құжаттар стандарттарын әлемдік тәжірибеге сәйкес бекіту үшін ұсыныстар енгізу. Бұл стандарттар барлық мердігерлер мен қосалқы мердігерлерді қоса алғанда, жобаны қаржыландыру мен іске асыру схемалары бойынша ақпаратты қамтуы керек

2013 жылғы
1 маусым

ПӘ-ге ұсыныстар

Қаржымині, ЭБЖМ, ӨДМ

41

Стратегиялық объектілермен жасалатын мәмілелердің мониторингі мен бақылаудың болмауы

Мониторинг пен бақылаудың болмауы стратегиялық объектілерді рейдерлік басып алуға және мемлекеттің стратегиялық объектілерді сатып алуға басым құқығын пайдалану құқығына қысым жасауға алып келуі мүмкін. Бұдан басқа, шетелдік тұлғалардың (немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғалардың) стратегиялық объектілерді өз бақылауына алу қауіпі бар

Стратегиялық объектілермен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

2014 жылғы
1 ақпан

ПМК-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, мүдделі МО

Сыртқы экономикалық қызмет

42

Заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында фискалдық, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылдарының жеткіліксіздігі

Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстарды анықтаудың төмендігі, құқық қорғау органдарына алынған ақпаратты уақтылы ұсынбау

Импорттаушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуі туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының шекара қызметтері органдарының салық органдарына беру регламентін әзірлеу

2014 жылғы
1 қаңтар

Бірлескен бұйрық

Қаржымині, ҰҚК ШҚ (келісім бойынша)

43

Мұнай өнімдерінің экспортталатын түрлеріне арналған стандарттарды тіркеу кезінде бірыңғай тәсілдің болмауы (композиттер, фракциялар, дистилляттар, сұйық және пеш отыны, сұйытқыштар және т.б.)

Мұнайды мұнай өнімдері түрімен экспорттау кезінде рента салығын төлемей кедендік ресімдеу

Мұнай мен мұнай өнімдерін заңсыз шығарудан экспортты қорғау бойынша, оның ішінде экспортталатын тауарлардың техникалық шарттарына қосымша талаптарды белгілеу және мұнай мен мұнай өнімдерін стандарттау мен сертификаттау жүйесін қайта қарастыру арқылы ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ұсыныстар

МГМ, ИЖТМ, Қаржымині, ЭБЖМ, БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), мүдделі МО

44

Балық саласын мемлекеттік реттеу тиімділігінің төмендігі

Заңсыз ауланған балықты заңдастыру және оны бекітілген квотадан артық көлемде экспорттау

Кеден органдарының сұрау салуы бойынша тірі балық экспортына берілген рұқсаттамалар туралы деректерді Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жедел ұсыну мәселесін қарастыру

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ақпарат

ИЖТМ, Қаржымині, АШМ, Қоршағанортамині, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

45

Кеден және шекара бекеттерінің, құқық қорғау органдарының және т.б. жеткілікті техникалық жабдықталмауы

Тиімді жедел-алдын алу операцияларын жүргізудің мүмкін болмауы

Кеден бекеттерін, жекелеген бақылау-өткізу бекеттерін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, ішкі істер органдарын, кинологиялық қызметтерді, құқық қорғау және арнаулы органдар, соның ішінде кешенді жедел-алдын алу операцияларын өткізу үшін техникалық жарақаттандыру стандарттарын бекіту үшін ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

Қаржымині, ИЖТМ, ІІМ, ЭСЖКА (келісім бойынша), ҰҚК ШҚ (келісім бойынша)

46

Кеден бекеттерін 1-санатты электрмен жабдықтауға ауыстыру

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ақпарат

ИЖТМ, Қаржымині, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

47

Соңғы 3 жылда кеден бекеттерінде бақылау бойынша жабдықтардың істен шығуының әрбір жағдайына тексеру жүргізу, сондай-ақ кінәлілер анықталған жағдайда жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ақпарат

Қаржымині, ИЖТМ, мүдделі МО

48

Фискалды органдардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетімен өзара іс-қимыл тетігінің жетілмегендігі

Күдікті мәмілелердің едәуір көлемі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің бақылауынан тыс қалады

Күдікті қаржылық операциялар туралы салық органдарының бақылаушы органдармен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тетігін құру

2014 жылғы
1 қаңтар

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша)

Заңнаманы жетілдіру

49

Ақпараттық технологиялар саласында заңнаманың жетілмегендігі

Интернет кеңістік арқылы көлеңкелі операцияларды пайдалану.
Қаржылық пирамидалардың заңдылығы, салық салынбайтын интернет-сауда

Интернет желісінде көлеңкелі операцияларды заңнамалық реттеу бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ұсыныстар

БП (келісім бойынша), Қаржымині, ККМ, ЭБЖМ, ҰБ (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша)

50

Банкроттық саласындағы заңнаманың жетілмегендігі және ақпараттық жүйенің болмауы

Әдейі және жалған банкроттық

Әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау және жолын кесу бойынша алдын алу шараларының тиімді тетіктерін арттыру, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимыл жасауы және заңсыз қабылданған шешімдер үшін сауықтыру және банкроттық рәсімдер қатысушыларының жауапкершілігін күшейту арқылы ұсыныстар енгізу, борышкерлерді салықтық тексеруді өткізу

2013 жылғы
1 қараша

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, ККМ, АШМ, ӨДМ, ЭСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

51

Банкроттық саласындағы уәкілетті органның және конкурсты басқарушының активтерді шығару фактілерін анықтау үшін банкрот деп танылғандығы туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаға қатысты екінші деңгейдегі банктерден банк құпиясын құрайтын мәліметтерді алуын қарастыратын түзетулерді «Банктер және банктік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізу үшін ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

52

Өнім берушілердің мұнайды сатып алуының заңдылығын растайтын мәліметтерді мұнай өңдеу зауыттарының салық органдарына ұсынуы бойынша талаптардың болмауы

Магистральді құбыр жолдарын тесу арқылы мұнай ұрлау және мұнайды заңсыз сатып алу мен сатудың өзге жолдары

Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын болдырмау жөнінде ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

ЭСЖКА (келісім бойынша, МГМ, Қаржымині, ҰК (келісім бойынша), мүдделі МО

53

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1-бабы және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 338-1-бабы бойынша әрекеттерді жіктеудің бір мағыналылығын көздейтін анық және нақты жіктеулердің болмауы бөлігінде заңнаманың жетілмегендігі

Аталған баптарды әртүрлі мағынада түсіндіру және қолдану сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды

Ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызметке жауапкершіліктің қылмыстық түрінен басқа түрлерін алып тастау бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 маусым

ПӘ-ге ұсыныстар

БП (келісім бойынша), Қаржымині, ІІМ, СДШІА, ЭСЖКА (келісім бойынша)

54

Бағалы металдардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы баптың болмауы

Бағалы металдармен заңсыз (лицензиясыз) мәмілелер жасау, көрсетілген бағалы заттарды заңсыз сақтау, тасымалдау немесе салып жіберу

Бағалы металдардың заңсыз айналымын қысқарту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ақпарат (айдары құпия)

ІІМ, ЭСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу

55

ЕДБ-да қолма-қол қаражатты шектеусіз беру

ЕДБ-да қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы көлеңкелі секторға қолма-қол қаражаттың едәуір көлемі шығарылады

2011 – 2012 жылдары заңды тұлға құрмай заңды тұлғалар және/немесе дара кәсіпкерлер шоттарынан екінші деңгейдегі банктердің қолма-қол ақшаны беруіне талдау жүргізу және белгілі шекті сомадан асқанда операцияны жасаған сәттен бастап мерзіміне дейін 3 күн ішінде екінші деңгейдегі банктерге клиент беретін тапсырыс негізінде қолма-қол ақша беру тетігін енгізу бойынша ұсыныстар дайындау

2013 жылғы
1 шілде

ПӘ-ге ұсыныстар

Қаржымині, ЭБЖМ, ҰБ (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша)

56

Ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруға, оның ішінде банктерге керекті мемлекеттік деректер базасына қол жетімділік беру мүмкіндігімен ЕДБ-нің жауапкершілігін және бақылауды күшейту мәселесін пысықтау

2013 жылғы
1 шілде

ПӘ-ге ұсыныстар

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ККМ, ІІМ, ЭСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша), мүдделі МО

57

2011 – 2012 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының облыстары мен ЕДБ бөлінісінде 100 млн. теңгеден аса қолма-қол ақша қаражатын шешу бойынша статистикалық талдауды енгізу

2013 жылғы
1 қыркүйек

ПМК-ге ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ЭСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

58

Төлем карточкаларын қолдана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықтың (құрылғының) жоғары құны

Кәсіпкерлік субъектілері үшін тиісті жабдықтың (құрылғының) орнатылуына қол жетімсіздік

Қазақстан Республикасының аумағында заманауи жабдықты (құрылғыны), оның ішінде төлем карточкаларын қолдана отырып төлемдерді қабылдауға арналған мобильді байланыс құрылғыларына қосуға болатын шағын төлем терминалдарын енгізу мәселесін пысықтау

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ұсыныстар

ҰБ (келісім бойынша), ЭБЖМ, Қаржымині, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

59

Қолма-қол есеп айырысу транзакцияларының жоғары құны

Қолма-қол есеп айырысу төлемдерінің тартымсыздығы

Бірыңғай процессингтік орталықты енгізу мәселесін пысықтау

2014 жылғы
1 қаңтар

ПМК-ге ұсыныстар

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ЭБЖМ, ККМ

60

Төлем карточкалары ретінде жеке куәлікті пайдалану мәселесін пысықтау

2014 жылғы
1 қаңтар

ПМК-ге ұсыныстар

ККМ, ІІМ, ҰБ (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

61

Халық арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу транзакцияларын өткізуге қызығушылықтың болмауы

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу төлемдерінің тартымсыздығы

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру үшін төлем карточкаларын неғұрлым белсенді пайдалануды ынталандыру мақсатында ЕДБ қаражаты есебінен (оның ішінде осы қажеттілікке қаражатты аудару бойынша ЕДБ ұсыныс хаттары көмегімен) POS-терминалдар беретін чектер бойынша ұдайы түрде жалпы республикалық лотерея ұтыс ойынын ұйымдастыру туралы мәселені қарастыру

2013 жылғы 1 шілде, (кейіннен тоқсан сайынғы негізде)

ПМК-ге ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ЭБЖМ

62

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу саласындағы заңнаманың жетілмегендігі

Төлем құралдарын, оның ішінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін төлем карточкаларын қолдану деңгейінің төмендігі, төлемдердің басым бөлігін қолма-қол нысанда жүзеге асыру

Қолма-қол ақшасыз төлемдер, оның ішінде мемлекеттік жәрдемақы, зейнетақы және тағы басқа, сондай-ақ салықтық ынталандыру және заңнамалық реттеуді кеңейту мүмкіндігін қарастыру

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, ЭБЖМ, ККМ, СІМ, Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

63

1. Барлық сауда орындарында (соның ішінде нарықтар, базарлар) POS-терминалдарды кезең-кезеңмен енгізу бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу.
2. Сауда орындарында POS-терминалдарды тегін беру (арзан және бөліп-бөліп төлеумен) мүмкіндігін қарастыру

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ЭБЖМ, ККМ, ИЖТМ, ҰБ (келісім бойынша)

64

Қолма-қол ақшасыз төлемдерге қызмет көрсету желілерінің әлсіз енгізілуі және сауда саласына қолма-қол ақшасыз төлемдердің кіру деңгейінің салыстырмалы түрде жоғары еместігі

Төлемдердің көп бөлігін қолма-қол түрде жүзеге асыру, қаражаттарды бақылаудың және есепке алудың толық еместігі

SIM-карталары бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 қазан

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, ЭБЖМ

65

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушілердің SIM-карталары бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 қазан

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, ККМ, ЖАО, ТМРА, ҰБ (келісім бойынша), ҚҚҚ (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

66

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу терминалдары арқылы, оның ішінде мемлекеттік мекемелерде қызмет алу (Халыққа қызмет көрсету орталықтары, медициналық, білім беру мекемелері және т.б.) кезінде, коммуналдық, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде төлемдерді міндетті қабылдауға мүмкіндік беру және одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу

2014 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

Қаржымині, ЭБЖМ, ЖАО, ҰБ (келісім бойынша)

67

Тұтынушылық қажеттілікті, мемлекеттік мекемелердің қызметтерін, коммуналдық, салықтық және өзге де міндетті төлемдерді төлеу кезінде жеке тұлғалардың төлем карточкаларын қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша комиссияны төмендету туралы мәселені ЕДБ-мен пысықтау

2013 жылғы
1 шілде

ПӘ-ге ұсыныстар

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, Еңбекмині, ККМ, ЖАО, ТМРА, ҚҚҚ (келісім бойынша)

68

Ұйымдастырылмаған сауда орындарын (нарық және сауда орындары түрінде) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу құралдарымен (POS-терминалдар) жарақтандыру үшін байланыс операторларының сапалы және қол жетімді байланыс арналарын ұсыну жөніндегі мәселені пысықтау

2013 жылғы
1 шілде

ПӘ-ге ақпарат

ККМ, Қаржымині, ЭБЖМ, ЖАО, ҰБ (келісім бойынша)

69

Салық органдары мен банктер арасында төлем карточкаларын пайдалану арқылы кәсіпкерлік субъектілер қабылдаған қолма-қол ақшасыз төлемдер айналымы бөлігінде ақпарат алмасуды ұйымдастыру мәселесін қарастыру

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

70

Аудару операциялары бойынша банктердің қолданыстағы тарифтері туралы халықтың толық хабардар болмауы

Халықтың қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыруды қаламауы

Қазақстан халқының хабардар болуын арттыру үшін банктің негізгі қызметтері бойынша екінші деңгейдегі банктермен және «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп қолданыстағы тарифтердің салыстырмалы деректер базасын құру

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

71

Қолма-қол ақшасыз нысанда төлемдерді жүзеге асыру үшін халықтың қаржы мәдениеті деңгейінің төмендігі

Төлем құралдарын, оның ішінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін төлем карточкаларын пайдалану деңгейінің төмендігі, төлемдердің көп бөлігін қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асыру

Екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп қолма-қол ақшасыз есеп айырысу төлемдері және төлем карточкаларын қолдануға қатысты халықтың хабардар болуын арттыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет ресурстарында жұмыстар жүргізу

2013-2014 жылдары
жарты жылда бір рет

ПМК-ге ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), банктер, төлем жүйелері, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

Алаяқтардың қолма-қол ақшасыз қаражаттарды санкциясыз қолдануы кезінде заңнамалық негізде тұтынушыларға қаражаттарын қайтаруға кепілдік беруі

2014 жылғы
1 қаңтар

ПМК-ге ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), ЭБЖМ, Қаржымині

72

Фискалдық жүйе

73

Бірыңғай ақпараттандыру арнасының болмауы (тауарлар туралы толық ақпаратты берумен: СЭҚ коды, ұқсас тауарларды сатудың бағасын салыстыру үшін сапасы, сорты және басқа да мүмкін параметрлері). Саралауды айқындау үшін базаның болмауы (мысалы, тауарларды тасымалдау, сақтандыру құны, делдал қызметтерін төлеуге пайыздар, айлақтарда, кеме жүктерінде және т.б. жүкті ауыстырып тиеу бойынша шығыстар)

Бақылаудың әлсіреуі. Заңсыз кәсіпкерлік қызмет. Табыстарды бұрмалау. Тауарларға бағалардың өсуі, қайта сату. Контрабандалық және контрафактілік өнімді сату

Камералық бақылау кезінде сәйкессіздікті анықтау мақсатында әртүрлі мемлекеттік, оның ішінде бақылаушы органдардан алынған деректерді салыстыруға мүмкіндік беретін тетікті енгізу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ККМ, ИЖТМ, ЭБЖМ, ЭСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)

74

Трансферттік баға белгілеу

Салықтан және кедендік төлемдерден жалтару. Қаражатты шетелге шығару

Трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманың сақталуын бақылау мәселелері жөніндегі тұрақты қызмет ететін жұмыс тобын құру

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ККМ, ИЖТМ, МГМ, АШМ, БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

75

Жұмысты автоматтандырудың жеткіліксіздігі. Айтарлықтай адами фактордың және бизнес субъектілерінің бақылау органдарымен байланысының едәуір болуы

Бақылаудың әлсіреуі, сыбайлас жемқорлыққа жағдай, пайда алу мақсатында басқарушылық шешімдерді созбалау, астыртын сөз байласу

Мемлекеттік органдарды барлық қажетті деректермен қамтамасыз ету, сондай-ақ деректермен алмасудың бірыңғай жүйесін құру мақсатында рұқсат беру жүйесінің тәсілдерін тұжырымдамалық қайта қарау бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

ӨДМ, ККМ, мүдделі МО

76

Көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау бойынша өкілеттікті бизнес ортаға беру жөнінде ұсыныстар енгізу (өзін-өзі реттеу жүйесін кеңейту)

2013 жылғы
1 маусым

ПӘ-ге ұсыныстар

ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ИЖТМ, ККМ, ІІМ, МГМ, ҰБ (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша), мүдделі МО

77

Салық және кедендік рәсімдерінің жетілмегендігі

Декларацияланатын жүктердің атауларын өзгерту. Жүктің нақты салмағының декларацияланатыннан асып түсуі. Жүктерді жалған декларациялау. Кедендік құжаттарды қолдан жасау

2012 жылдың қорытындысы бойынша кеден органдарының бір қызметкері жинайтын кедендік төлемдерге талдау жүргізу (мұнайға экспорттық кеден баждарының түсімдерін есепке алмағанда)

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ақпарат

Қаржымині

78

Тауарларға бағалардың өсуі және бірнеше рет қайта сату. Шетел фирмаларымен жалған келісімшарттар. Акцизделетін тауарларды заңсыз өндіру және өткізу. Контрафактілік өнімдерді өткізу

Декларацияланатын жүктердің атауын өзгерту мен кеден және салық төлемдерін төлеуден жалтару үшін жағдайларды болдырмау мақсатында халықаралық тәжірибені ескере отырып, СЭҚ ТН кодификациясын қайта қарау жөнінде ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 маусым

ПӘ-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, ИЖТМ

79

Шетел фирмаларымен жалған келісім-шарттар жасасу, оның ішінде шетелге капиталды заңсыз шығару (жеткізілмеген тауарларға қаражат Қазақстан банктеріндегі шетел фирмаларының шоттарына жіберіледі және кейіннен корреспондентік шоттар арқылы шетелге жіберіледі)

Салықтық бақылауды тиімді өткізу үшін кеден органдарының деректерін салық органдарына автоматты түрде беруді қамтамасыз ету

2013 жылғы
1 маусым

ПӘ-ге ақпарат

Қаржымині, ККМ

80

Мұнай өндіру мен оны қайта өңдеу өнімдерін, сондай-ақ бидай, мақта мен Есепке алу проблемалары бар басқа да өнімдерін есепке алу, сертификаттау мен стандарттау мәселелері бойынша халықаралық тәжірибеге талдау жасау

2013 жылғы
1 қараша

ПМК-ге ақпарат

ИЖТМ, МГМ, АШМ, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша), мүдделі МО

81

Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу және бөліну) арқылы салық төлеуден жалтару

Кәсіпорындарды тіркеу және қайта тіркеуді жүзеге асырғаннан кейін салықтық тексеруді жүргізуді көздейтін заңды тұлғаларды тіркеуді, қайта тіркеуді ретке келтіру бөлігінде заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізу. Сондай-ақ ұсыныста әділет пен Қаржы министрлігінің Салық комитеті органдарының өзара ақпараттық іс-қимылы көзделуі керек

2013 жылғы
1 қараша

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, Әділетмині, ӨДМ, ККМ

82

Камералды бақылау рәсімдері кезінде салық және өзге де заңнамалық бұзушылықтарды анықтау мүмкіндігінің шектелуі

Салық төлеушілер және СЭҚ-ке қатысушылар ұсынатын құжаттардың түпнұсқасына, осы құжаттарды (кедендік декларациялар, шот фактуралар және т.б.) қолдан жасау жағдайларын болдырмау мақсатында сараптаманы жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 маусым

ПӘ-ге ақпарат

Әділетмині, Қаржымині, ЭБЖМ, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

83

КТС бойынша шегеруге шығыстар сомаларын жатқызу жөнінде тыйым салуды белгілеу және таратылған өнім берушілерге жазып берілген шот-фактуралар бойынша сатып алушылардың ҚҚС жөніндегі есебі бөлігінде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 қараша

ПМК-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

84

Процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына салық төлеуден жалтару белгісі бойынша материалдарға салықтық бақылау жүргізу кезінде салық органдарына құқық беру туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 қараша

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, ЭБЖМ, ЭСЖКА (келісім бойынша)

85

ТБЖ-нің жеткiлiксiз қолдануы (өлшемдердің шағын тізбесі, қарапайым әдiстемелер, көрсеткiштердiң қарама-қайшылығын тексеру қағидатының жоқтығы)

Ресурстарды тиiмсiз пайдалану, қабылданатын шешiмдердiң нақты болмауы, бақылаумен қамтуды ұлғайтудың мүмкiн болмауы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,  Қазақстан Республикасының Салық кодексiне өзгерістер мен толықтырулар, жоспарлы салықтық тексерудi іріктеу үшiн тәуекелдердi бағалау критерийлерінің құпиялығын көздейтін нормаларды енгiзу бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 қараша

ПМК-ге ұсыныстар

Қаржымині, ЭБЖМ

86

Тәуекелдердi бағалау критерийлерін, оның ішінде ҚҚС бойынша есепке қою кезінде, заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезінде және т.б. жетiлдiру

2014 жылғы
1 қаңтар

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ЭБЖМ, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

87

Бақылаушы мемлекеттiк органдардағы ТБЖ-ға талдау жүргiзу және оларды жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ұсыныстар

ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ЭСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша), мүдделі МО

88

Трансферттік баға белгiлеу

Салық және кеден төлемдерін төлеуден жалтару.
Қаржыны шетелге шығару

Қара металдар мен лом қалдықтарының және дайын метал бұйымдарының айналымын реттеу тиiмдiлiгін жоғарылату мақсатында трансферттік баға белгiлеу саласындағы заңнаманы жетiлдiру бөлігінде дүниежүзілiк тәжiрибені ескере отырып ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 маусым

ПӘ-ге ұсыныстар

Қаржымині, ККМ, ИЖТМ, ЭБЖМ, БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

89

Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау үшін қажетті мәліметтерді (жекелеген тауарлық позициялар мен нарықтар бойынша нарық бағасы мен саралануы туралы) уәкілетті органдардың салық органдарына беруі регламентін әзірлеу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, МГМ, ККМ, ИЖТМ, АШМ

90

Базардағы саудагерлердiң, желілік маркетинг қызметкерлерінің қызметін тұрғын үйлерді (пәтерлер, үйлер) жалға беруді бақылаудың жоқтығы

Салық төлеуден жалтару, өз бетінше жұмыспен айналысатын халықтың толық есепке алынбауы, жұмыссыздықтың жоғары деңгейiнің сақталуы

Желілік маркетинг ұйымдарына салық салуды регламенттеу жөнінде ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ІІМ, ЖАО, ЭСЖКА (келісім бойынша)

91

Өз бетінше жұмыспен айналысатындар санатына жататын барлық тұлғаларды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне тарту бойынша ұсыныстар енгiзу

2014 жылғы
1 қаңтар

ПМК-ге ұсыныстар

Еңбекмині, ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

92

Пәтерлердi жалға беруді жүзеге асыратын жеке тұлғаларды анықтау мақсатында салық органдарының iшкi iстер органдарымен (учаскелік полицейлермен) өзара іс-қимыл регламентiн әзірлеу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ІІМ

93

Сауда саласындағы нарықтық тетіктердің жетілмеуі

Тауарларды сауда желілері мен ірі сауда объектілеріне жеткізуді шектеу, бәсекелестікті шектеу, сөз байласу, жасанды тапшылық жасау

Қазақстан Республикасының табиғи монополияға қарсы заңнамасын, бұзушылықтарға тергеу жүргізу мерзімдерін қысқарту бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

БҚА, ЭБЖМ, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

94

Пайдалы қазбаларды өндiру есебінің жетілмегендігі

Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды өндiру көлемiн төмендетуі және тиісінше салық төлеуден жалтаруы

Өндіруші кәсiпорындардың жылдық жұмыс бағдарламасын уәкiлеттi органдармен келiсудi жүзеге асыру бөлiгiнде заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 маусым

ПӘ-ге ұсыныстар

МГМ (өз құзыреті шегінде), ИЖТМ (өз құзыреті шегінде), Қаржымині, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

95

Кен орындарын барлау және өндіруге құқық берудің ашық еместігі

Бәсекелестіктің болмауы, осы нарықты монополиялау

Кен орындарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін жер қойнауын пайдалануға құқық беру жүйесін тұжырымдамалық қайта қарау бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

ИЖТМ, МГМ, Қаржымині

96

Жеткілікті тиімді пайдаланылмайтындарын анықтау мақсатында жер қойнауын бұрын берілген көмірсутек кен орындарына тексеру жүргізу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге есеп

МГМ, ИЖТМ

97

Қосылған құн салығын әкiмшілендірудің тиiмдi жүйесінiң жоқтығы

Салық төлеуден жалтару, жалған кәсiпорындар санының өсуi

Өнім берушілер мен сатып алушылардың тiзiлімін қоса бермей, Қазақстан Республикасының Салық кодексiне ҚҚС декларацияларын қабылдаудан бас тарту туралы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

2013 жылғы
1 қараша

ПМК-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині

98

Жекелеген елдерде жеке ҚҚС-шотын енгізу бойынша халықаралық тәжiрибені зерделеу, ұқсас схеманы Қазақстан Республикасында қолдану туралы мәселені қарау

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ЭБЖМ, БП (келісім бойынша)

99


Бюджеттен ҚҚС-тің асуын заңсыз өтеу

Жеңілдетілген тәртіппен, оның ішінде тәуекелдерді бағалау жүйесін қолдану арқылы қайтаруға құқығы бар салық төлеушілерге ҚҚС-тен артығын қайтаруды шектеу туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар енгізу

2014 жылғы
1 қараша

ПМК-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині

100

Акцизделетін, оның ішінде алкоголь өнiмдерінің айналымы саласында мемлекеттiк органдар тарапынан бақылаудың жеткiлiксiздігі

Салық төлеуден жалтару. Қазақстан нарығына контрафактілік өнiмдерді жеткізу

Көлiктік бақылау органдары мен «ҚТЖ ҰК» АҚ салық органдарына Қазақстан Республикасына әкелінетін және Қазақстан Республикасы арқылы тасымалданатын акцизделетін тауарлардың (мұнай, мұнай өнiмi, алкоголь өнiмі және этил спиртi) көлемдері және түрлері туралы мәлiметтерді беру регламентін әзірлеу

2013 жылғы
1 қазан

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, ККМ, МГМ

101

Халық, қоғамдық ұйымдар, көтерме саудада өткізушілер (жауапкершiлiк жүктей отырып) және қаржы полициясының қызметкерлерi тарапынан алкоголь өнiмдерін тексеру мүмкiндiктерiн (сканерлердің көмегімен ЕБМ түпнұсқалығын) кеңейту бойынша ұсыныс енгiзу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

Қаржымині, БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша)

102

Сатылатын тауарлардың сапасы және заңдылығы үшін нарықтар мен басқа сауда объектілерінің әкiмшiлiктеріне әкiмшiлiк жауапкершiлiк белгілеу бөлігінде ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ИЖТМ

103

Бiржолғы талондарды өткізуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінiң штат санын беру есебiнен өңірлерде сауда инспекцияларын құру мәселесін пысықтау

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, ӨДМ

104

Этил спирті мен алкоголь өнiмдерін өндiрушiлер үшiн өндiрiс қуатын пайдаланудың ең төменгі пайызын белгілеу

2014 жылғы
1 қаңтар

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині

105

Өндіріс орындарында нақты уақыт режимінде (интернет желісі арқылы) бейне-есептегіштерді қолдану арқылы этил спирті мен алкоголь өнімдерін есептеудің бақылау құралдарын енгізу және этил спиртінің көлемі, мөлшері, пайыздық құрамы туралы деректерді беру. Құралдарды қаржыландыруды өндірушілер қаражаты есебінен жүзеге асыру.

2014 жылғы
1 қаңтар

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині

106

Жер қойнауын пайдаланушылардың импортталатын тауарлардың кеден құнын негізсіз көбейтуі

Инвестициялық жобаның артуы (қымбаттауы) және кіріс бөлiгiнiң төмендеуi, салық төлеуден жалтару

Жер қойнауын пайдалануға инвестициялық келісімшарттар шеңберінде импортталатын тауарлардың СЭҚ ТН-ның негізгі кодтарына шартты бағаларды қолдануға талдау жүргізу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге есеп

Қаржымині, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

107

Жер қойнауын пайдалануға арналған инвестициялық келісімшарттар шеңберiнде импортталатын тауарлардың СЭҚ ТН-ның негiзгi кодтарына бағалар ақпаратын қалыптастыру

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ақпарат

Қаржымині, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

108

Уәкілетті тұлғалардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға арналған шығыстарды (бюджеттерді) бекіту фактілерін жою (Қарашығанақ жобасын басқару бойынша бірлескен комитет үлгісінде), осындай шығыстарға қатысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті тарапынан қаржылық сараптама жүргізу

Жарты жылда бір рет

ПМК-ге есеп

Қаржымині, МГМ, «ҚМГ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

Бизнесті жүргізу шарттары

109

«Бәсекелестiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен шектелген монополистiк қызмет, жосықсыз бәсекелестік, мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы іс-қимылы

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тексеру рәсімдері шеңберiнде кірістерді жасыру және салық төлеуден жалтару фактілерін ықтимал анықтау

Экономиканың салаларын толық қамтуды көздейтін бәсекелестік ортаның жағдайына талдау және бағалау жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеу критерийлері бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 маусым

ПӘ-ге ұсыныстар

БҚА

110


Табиғи монополиялар субъектілері және реттелетін нарықтар қызметтеріне бақылауды жүзеге асыру рәсімдерін заңнамалық өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

БҚА

111

Бақылау-қадағалау функцияларының қайталануы. Кезектен тыс тексерістердiң өсуі. Бақылау органдарының ТБЖ жетілмегендігі.
Тексерулерді жоспарлауға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің болмауы

Ресурстарды тиiмсiз пайдалану.
Бизнеске жүктеме. Сыбайлас жемқорлық

ТБЖ-ге олардың ашықтығы және жабықтығы тұрғысынан талдау жүргізу

2013 жылғы
1 маусым

ПӘ-ге ақпарат

ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

112

Тұтынушылардың қауіпсіздігін және хабардар болуын қамтамасыз етуге бағытталмаған талаптардың болуы бөлігінде Қазақстанның техникалық реттеу тәжірибесінің әлемдік тәжірибеден айырмашылығы. Техникалық реттеу саласында қолданыстағы нормативтiк құқықтық актілердің аса көптігі және оларда сiлтеме нормаларының болуы

Мемлекеттiк органдар тарапынан бақылаудың қайталануы

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік базаның әлемдік тәжірибесі негізінде, оның ішінде реттеуді қайталауды алып тастау, тұтынушылардың хабардар болуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жетілдіру

2013 жылғы
1 қыркүйек

ПМК-ге ақпарат

ИЖТМ, мүдделі МО

113

Тауарлық биржаларға бақылау тетігі тиімділігінің жеткіліксіздігі

Сауда биржаларының тетіктері жеткілікті деңгейде дамымаған, сауда биржалары қызметтерін реттеу мәселелері бойынша заңнама базасының жетілменгендігі. Сауда-саттықты өткізудің дербес қағидалары. Тапсырыс беруші, жеткізуші мен биржалық делдалдардың астыртын сөз байласуы арқылы заңсыз мәмілелерді жасау үшін сатып алу процесінде біркелкілік пен ашықтықтың болмауы

Сауда биржаларына бақылауды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және халықаралық тәжірибені (Лондон сауда биржасы) ескере отырып, нақты өлшемдерді белгілеу арқылы олардың қызметтерін регламенттеу

2013 жылғы
1 тамыз

ПМК-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Қаржымині, «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

Сыбайлас жемқорлық және құқықтық мәдениет

114

Жалақы деңгейiнің төмендігі, әлеуметтiк сала қызметкерлерiн материалдық ынталандырудың әлсiздігі

Формалды емес төлемдердi ақшалай түрде алу

Азаматтық қызметшiлердiң нәтижеге бағдарланған сараланған еңбекақысын енгiзуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу

2014 жылғы
1 қаңтар

ПМК-ге ұсыныстар

Еңбекмині, ДСМ, БҒМ, МАМ, ЭБЖМ, Қаржымині

115

Халық тарапынан мемлекеттiк институттарға және мемлекеттiк қызметшiлерге сенiмсiздік

Мемлекеттiк қаржы мен ресурстардың қандай да бір субъектілер пайдасына тиiмсiз бөлінуі және жұмсалуы. Мемлекеттiк шешiмдерді қабылдау кезінде адами факторлардың қатысуы, астыртын сөз байласу және сыбайлас жемқорлық үшiн жағдайлардың болуы. Мемлекеттiк қызметшiлер табыстарының ашық еместігі

Неғұрлым сыбайлас жемқорлыққа ұшырайтын мемлекеттiк органдардың басшыларын полиграфта тексеруді көздейтін заң жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ұсыныстар

МҚІА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша)

116

Мемлекеттік қызметшілердің табыстарын жария декларациялау үшін заң жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ұсыныстар

МҚІА (келісім бойынша), Қаржымині

117

Құқықтық мәдениет деңгейiнің төмендігі. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша халықпен керi байланыстың жоқтығы

Төмен азаматтық ұстаным. Азаматтық қоғам институттарының көлеңкелі экономикаға қарсы мемлекет саясатына енжар қарауы, мемлекеттiк міндеттерді шешу кезінде қоғамдық ұйымдардың мүдделерін есепке алудың төмен деңгейі.
Бұқаралық ақпарат құралдарының көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл процесіне тартылу деңгейінің жеткiлiксiздігі

Көлеңкелі экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҮЕҰ бірге мемлекеттiк органдардың өзара іс-қимылын күшейту бойынша ұсыныстар енгiзу

2013 жылғы
1 мамыр

ПӘ-ге ұсыныстар

МАМ, ЭСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша)

Әлеуметтік саясат және адами ресурстар

118

Еңбек нарығының теңдестiрiлмеуi (еңбек нарығындағы мамандарға сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі, ресми емес еңбекақы, халықтың өзін-өзі дамыту үшін мүмкіндіктің болмауы)

Жұмыссыздық, формалды емес жұмыспен қамту, басқарылмайтын көш-қон, салық төлеуден жалтару

Бизнес пен жұмыспен қамтуды дамыту бойынша барлық бағдарламаларды олардың тиімділігі мен жоспарланған шараларының жеткіліктігі мәніне, оның ішінде еңбек нарығындағы теңгерімсіздікті төмендету, халықтың өзін-өзін дамытуын жоғарылату, ресми емес жұмыспен қамтуды төмендету, ресми емес еңбекақыны төлеуді алып тастау бойынша талдау жүргізу

2013 жылғы
1 қараша

ПМК-ге ақпарат

ӨДМ, ЭБЖМ, Еңбекмині, Қаржымині, АШМ, ЕК (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

119

Визасыз режимдегі елдерден шетелдік жұмыс күшін тарту және есепке алу тәртібінің жетiлмегендігі

Басқарылмайтын көші-қон, салық төлеуден жалтару

Визасыз режимдегі елдерден шетелдік жұмыс күшін тарту және есепке алу тәртібінің тетігін жетiлдiру

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Еңбекмині, Қаржымині, СІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

120

Жұмыспен қамту және көші-қон көрсеткіштерін әкiмдіктердің (әкiмдердің) рейтингiне қосу бойынша ұсыныстар енгiзу

2013 жылғы
1 шілде

ПМК-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, Еңбекмині, ІІМ, ӨДМ

121

Визасыз режимдегі елдерден (Қырғызстан, Тәжікстан және т.б.) еңбекші көшіп-қонушыларды тарту мәселелері бойынша көшi-қон саясатының жетілмегендігі

Формалды емес, жасырын және заңсыз жұмыспен қамтылу, салық төлеуден жалтару (құрылыс, көлік, базарлар, маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстары, азық-түлiк өнiмдерiнiң өндiрiсi). Заңсыз көшіп-қонушылардың ағыны

Өңірлерде рекрутинг компанияларын құру мәселесін қарау

2013 жылғы
1 шілде

ПӘ-ге ақпарат

ЭБЖМ, ӨДМ, Еңбекмині, Қаржымині, АШМ, ІІМ, СІМ, ЖАО, ЭСЖКА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), СА (келісім бойынша), «Атамекен» одағы» ҰЭП (келісім бойынша)

122

Еңбек көші-қон болжамының болмауы

Ұлттық заңнаманың жетілмегендігі. Осылайша қолданыстағы Заңда еңбек, этникалық көші-қонмен және көшіп келумен байланысты процестер ғана реттеледi.
Институционалдық проблемалар орын алып отыр

Нақты барын салыстыра отырып, ұзақ мерзімді перспективада еңбекші көшіп-қонушыларға (оның ішінде ресми тіркелмегендер) және олардың критерийлеріне (біліктілігіне) қажеттілік болжамын жүргізу

2014 жылғы
1 сәуір

ПМК-ге ақпарат

Еңбекмині, ӨДМ, ЭБЖМ, БҒМ, СІМ, ИЖТМ, АШМ, ІІМ

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      Қоршағанортаминi – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ЭСЖКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
      ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
      СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
      МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
      СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
      ЕК – Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
      ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
      ЖС – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
      ҰҚК ШҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
      Мүдделі МО – мүдделі мемлекеттік органдар
      Теккомиссиялар – тексеру комиссиялары
      ВАК – Ведомствоаралық комиссия
      ҰБХ – ұлттық басқарушы холдингтер
      ҰХ – ұлттық холдингтер
      ҰК – ұлттық компаниялар
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
      «ЭЗИ» АҚ – «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы
      «ҚМГ» ҰК» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
      «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
      «Атамекен» одағы» ҰЭП – «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы
      «Фармация-СҚ» ЖШС – «Самұрық-Қазына Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
      ҚҚҚ – Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы
      ББӘ – бюджет бағдарламаларының әкімшісі
      ЖСҚ – жобалау-сметалық құжаттама
      ТЭН – техникалық-экономикалық негіздеме
      ТТ – техникалық тапсырма
      ТБЖ – Тәуекелдерді басқару жүйесі
      МҚБ – мемлекеттік қаржылық бақылау
      НҚА – нормативтік құқықтық акт
      ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер
      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар
      ҚҚС – қосылған құн салығы
      КТС – корпоративтік табыс салығы
      СЭҚ – сыртқы экономикалық қызмет
      СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы
      ЕБМ – есептік-бақылау маркасы

1-қосымша

Басқа елдерде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шаралары

Салық салу

Шара

Елдер

1. Салықтық ауыртпалықты азайту

Корпоративтік табыс салығын азайту.

Венгрия, Польша, Словакия

Халықтың осал топтарын салықтан босату.

Венгрия

Тіркелмеген қызметкерлердің пайызы жоғары салалардағы салықтық жеңілдіктер.

Швеция, Бельгия, Франция

Жаңа қызметкерлер үшін салық жеңілдіктері.

Черногория

Салықтық амнистия. Түркияның тәжірибесі табысты болып табылады, өйткені осы шара тіркелмеген фирмаларды тіркелуге ынталандырды. Сондай-ақ бұл реформа Чилидегі аудиторлық қызметтер секторында табысты болды.

Кипр, Түркия, Чили

Қайта инвестицияланған кірістерге салықтан босату.

Эстония

Жеке табыс салығын азайту.

Эстония, Словакия

Еңбекті көп қажет ететін қызметтер үшін ҚҚС азайту.

Нидерланды, Боливия

Жаңа жұмыс орындарын құру үшін салықтық жеңілдіктер.

Нидерланды, Ұлыбритания

Жиынтық салық жүктемесін азайту (ЖІӨ %).

ЕО көптеген елдері

Салық салынбайтын табыс шегін ұлғайту.

Болгария, Бельгия, Нидерланды, Франция

2. Заңдылықты көтермелеу/салық базасын ұлғайту

Резидент еместер үшін салықтың бірыңғай ставкасын орнату.

Черногория

Онлайн тіркеу мен төлем жүйесін енгізу.

Эстония

Салық жүйесін үйлестіру.

Австрия, Греция, Нидерланды, Франция, Португалия, Дания

Шағын және орта бизнес үшін салық жүйесін оңайлату. Бразилия шағын және орта бизнес үшін салықтар мен жарналардың ықпалдастырылған жүйесін (SIMPLES) енгізді. Нәтижесінде фирмаларды тіркеу 10 - 30 %-ға артты. Сондай-ақ, қызметкерлерді еңбек шартынсыз жалға алу деңгейі азайды. Аргентина да шағын бизнес үшін жеңілдетілген салық режимін енгізді, ол салық түсімдерінің артуына алып келді. Алайда, Боливия мен Чилиде жеңілдету шаралары өз кезегінде салық салудың көптеген артық схемаларына алып келді, ол осы реформалардың оң ықпалын азайтты, әсіресе ақпаратқа қол жетімділік және кәсіпкерлердің білім деңгейі шектелген салаларда байқалады.

Кения, Танзания, Уругвай, Бразилия, Аргентина

ҚҚС/табыс салығын алмастыру/бірыңғай салық. Латын Америкасы елдері осы шараларды табысты енгізудің мысалы болып табылады, өйткені осы елдерде көптеген фирмалар өзінің қызметін заңдастырды.

Аргентина, Боливия, Бразилия, Чили, Коста-Рика, Доминикан Республикасы, Гватемала, Гондурас, Мексика, Никарагуа, Парагвай, Перу

Әлеуметтік қамсыздандыру

3. Жаңа қызметкерлерді тіркеу үшін көтермелеу

Мердігер тапсырыс беруші компанияны әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жауапкершілікте болады.

Германия, Нидерланды, Ұлыбритания

Әлеуметтік қамсыздандыру жарналарын азайту.

Болгария

Жеке жарналар мен табыс салықтарына барабар әлеуметтік жәрдемақылар төлеу.

Эстония, ЕО көптеген елдері

Жарналарды жұмыс берушілерден қызметкерлерге жылжыту. Латвия осылайша келісімшарттары жоқ еңбекшілер санын азайтты.

Латвия, Польша, Словения

Халықтың осал топтары үшін жарналарды қысқарту.

Венгрия

Жаңа қызметкерлер үшін жарналарды қысқарту.

Польша

Еңбек қызметін реттеу

4. Қызметкерлерді жалға алудағы икемділік

Тіркелген жұмыссыздар толық емес жұмыс күні жұмыс істеп, табыс ала алады.

Чехия Республикасы

Толық емес жұмыс күндерін көрсете отырып еңбек шарттарын енгізу.

Словакия

Жаңартылған уақытша шарттарды енгізу/уақытша шарттардың икемділігін арттыру. Аталған шараларды енгізу Испаниядағы салық түсімдерінің артуына және тіркелмеген қызметкерлер санының қысқаруына әкелді.

Испания, Словакия, Аргентина, Боливия, Бразилия, Чили, Колумбия, Перу

5. Еңбекақы төлеудегі икемділік

Тұтыну бағаларының индексіне ең төменгі еңбекақыны шекті ұлғайту, сараланған ең төменгі еңбекақыны енгізу (жасы, өңірі бойынша).

Польша

6. Қызметкерлерді жұмыстан шығарудағы икемділік

Демалыс жәрдемақыларын қысқарту. Колумбияда бұл жұмыс айналымының артуына алып келді, фирмалар осының салдарынан өзінің жұмыс күшін ағымдағы экономикалық жағдайға сәйкес жеңіл реттейтін болды.

Литва, Чили, Колумбия, Аргентина, Бразилия, Панама, Перу

Жұмыстан шығару жағдайларын қайта қарау.

Колумбия

Кәсіподақтан қызметкерді жұмыстан шығаруға рұқсат алу қажеттілігін алып тастау.

Словакия

Жұмыстан шығару алдында қайта даярлау талаптарын алып тастау.

Словакия

7. Қызметкерлердің тіркелуін қолдау

Жұмыссыз/еңбекке жарамсыз адамдардың әлеуметтік көмектен тәуелділігін азайту және оларға жұмыс іздеуге көмек көрсету.

Болгария, Венгрия, Литва, Словакия, Ұлыбритания

Жұмыссыздар үшін «ауыспалы жұмыс орындарын» енгізу.

Германия

Тіркелмеген қызметкерлерді заңдастыру.

АҚШ, Испания, Италия

Жалақылардың реттелуін жеңілдету.

Литва

Еңбек заңнамасын сақтау


Әлеуметтік қорғау жөніндегі ведомстволардағы барлық жаңа қызметкерлерді тіркеу бойынша міндеттерді орындауға мәжбүрлеу.

Болгария, Франция

Кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің жосықсыз бәсекелестіктің (тіркелмеген қызметкерлердің) денонсациясын қолдау.

ЕО 15-тен астам елі

Тіркелмеген жұмысшыларды мониторингілеу үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттыру, мониторинг агенттіктерін нығайту/жаңаларын құру.

ЕО 15-тен астам елі

Мекемелер арасындағы байланысты нығайту.

ЕО 15-тен астам елі

Тіркелмеген жұмыс артығымен байқалатын нақты салалардағы (үй жұмысы, ауыл шаруашылығы және басқалары) нысаналы шараларды іске асыру.

Нидерланды, Австрия, Испания, Швеция, Дания

Тіркелмеген қызметкерлердің жұмыс берушілерін мониторингілеу, ол жұмысшыларға әлеуметтік жәрдемақыны төлеуді талап етуге мүмкіндік береді.

Жапония

Кәсіпкерлік қызметті реттеу

8. Істі ашуды тіркеу үшін қолайлы жағдайлар жасау

Жеке меншікті тіркеуге ынталандыру. Боливияда ауыл жұмысшылары үшін жерге меншік құқықтарын кеңейту бойынша шаралар кредиттерге сұранысты елеулі арттыра алмады, ол негізінен бизнесті тіркеу рәсімінің қомақтылығымен, сондай-ақ микро кәсіпорындар мен шағын бизнеске қолдау көрсетілмеуі салдарынан байқалатын. Перуде 1996 және 2000 жылдары аралығындағы кезеңде жерге меншік құқығын алған 512 000 отбасының 1 % ғана кейіннен банктен ипотека алды.

Боливия, Хорватия, Перу

Меншік құқықтарына қатысты заңдарды жетілдіру және олардың орындалуы.

Хорватия

Бизнесті тіркеу күндерін, рәсімдерін және құнын қысқарту. Мексикада «Бизнесті жылдам тіркеу» бағдарламасын қабылдау нәтижесінде 2002 жылы шағын және орта бизнесті тіркеу мерзімі 2 күнге дейін, ал рәсімдер 8-ден 2-ге дейін қысқартылды. Нәтижесінде, тіркелген компаниялардың саны 4-тен 8 %-ға дейін артты.

Мексика, Португалия, Польша, Ұлыбритания

Тіркеудің «жалғыз терезесін» құру. Осы шаралардың нәтижесінде Колумбияда тіркелген фирмалардың пайызы 5,2 %-ға артты.

Австралия, Бельгия, Украина, Эстония, Литва, Колумбия, Уганда

Бизнестің бірыңғай жалпы ID (паспорт) енгізу.

Финляндия

Өзінің бизнесін ресімдеуге шешім қабылдаған кәсіпкерлер үшін уақытша амнистиялар (айыппұлсыз).

Италия

Бизнесті тіркеудің ресми бекітулерін ұсыну мақсатында соттар үшін уақытша шектеулер орнату.

Босния

9. Лицензиялауға жәрдемдесу

Лицензиялау қағидаларын жеңілдету, автоматты лицензиялауды енгізу.

Грузия

Лицензиялаудың сауда рәсімдерін жеңілдету/автоматты түрде ұзарту. Осы жоба шеңберінде Угандада лицензиялауды беру уақыты қысқарды, 2 күннің орнына 30 минут, әкімшілік шығыстар 10 %-ға азайды, ал жұмыс уақытының тиімділігі 25 %-ға артты.

Уганда, Танзания

10. Шығасыларды қысқарту

Бизнесті жабу кезінде рәсімдерді жеңілдету.

Македония (бұрынғы Югославия Республикасы)

11. Талаптарды күшейту

Агенттіктер мен инспекциялар (халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық органдары, салық бюролары) арасында ақпарат алмасу. Мысалы, деректер қоры мен жаңартудың автоматты байланысы. Қатаң шаралар нәтижесінде Испанияда салық түсімдерінен кірістер едәуір артты, ал формалды емес жұмыспен қамту қысқарды.

ЕО 15-тен астам елі

Инспекторлар кез келген уақытта тексере алатын бірегей сәйкестендіру нөмірлері/қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру нөмірі.

ЕО 15-тен астам елі

Тексерістердің жиілігін ұлғайту. Бразилияда тексерістерді 1 %-ға арттырған кезде формалды емес жұмыспен қамту 1,5 %-ға азайды, осылайша, мемлекеттік бюджетке жалақыға салықтардан түсетін табыстар артты. Аргентинада еңбек инспекторлары санының 100000 адамға артуы жеке сектордағы ресми жұмыс күші үлесінің 1,4 %-ға ұлғаюына алып келді.

ЕО 15-тен астам елі, Бразилия

Мемлекеттік инспекция органдарының өкілеттігін арттыру.

Литва, Германия

Формалды емес жұмыспен қамту үшін заңнамадағы жазалауды қатаңдату. Осы шаралардың нәтижесінде Испаниядағы салық алымдарынан ЖІӨ-дегі түсімдер үлесі екі есе артты.

Австрия, Бельгия, Дания, Германия, Ирландия, Словения, Испания

Бақылау органдары қызметкерлерінің өкілеттігін кеңейту.

Австрия, Германия

Ұлттық деңгейде қызметкерлерді тіркейтін фирмаларды құру.

Польша

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі ішкі саясатты қабылдау; мемлекеттік және жеке сектор үшін/тәртіп кодексін/этика стандарттарын қабылдау.

ЕО 15-тен астам елі

Қоғамдастықты хабардар ету бойынша науқанды іске қосу/коммуникациялық стратегияны жақсарту. Танзанияда 2001 жылы енгізілген салық салудың жаңа жеңілдетілген схемасы табысты бола қойған жоқ, өйткені аталған шара туралы ақпарат кәсіпкерлерге тиісті түрде жеткізілмеген болатын.

Дания, Швеция, Франция, Ұлыбритания, Литва, Эстония, Румыния

Тіркелмеген қызметкерлерді бақылау үшін жеке детективтерді жалдау.

Германия

Бұзушылардың аты-жөндерін жариялау.

Ирландия

Рәсімдердегі кідірістер үшін кәсіпорындарға өтемақы беру.

Үндістан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады