"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1185 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      «Орталық аппараттың функциялары» деген 1-тармақта:
      «1.» деген сан алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 51) тармақшамен толықтырылсын:
      «51) мемлекет кепілдік берген заң көмегінің барлық түрлері бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады;»;
      «Ведомстволардың функциялары» деген 2-тармақта:
      «2.» деген сан алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 101), 102), 103), 104), 105), 106), 107) тармақшалармен толықтырылсын:
      «101) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      102) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      103) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілердің қызметін үйлестіреді, сондай-ақ көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
      104) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегінің көрсетілу көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізеді;
      105) халықты мемлекет кепілдік берген заң көмегің көрсету туралы құқықтық сауаттандыруды және оларға құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
      106) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурста мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесінің жай-күйі туралы ақпараттың кемінде жарты жылда бір рет жариялануын қамтамасыз етеді;
      107) нотариустың тағылымдамадан өтушілер ретінде тағылымдамадан өту үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін белгілейді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады