Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
12-тармақта:
3), 40) тармақшалар алынып тасталсын;
88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«88) Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалының жай-күйін және даму үрдісін талдауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 88-1) тармақшамен толықтырылсын:
«нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін үйлестіреді;»;
89) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«89) мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардын, прекурсорлардың айналымын және олардың заңсыз айналымына әрі терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;»;
154) тармақша алынып тасталсын;
19-1-тармақтың 13) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов