Ескерту. Күші жойылды – ҚР Yкiметiнiң 29.09.2016 № 546 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кеңестің қызметі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдарды бірлесе әзірлеу мақсатында мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қауым мен үкіметтік емес ұйымдардың практикалық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өзге де кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды.";
7-тармақтың 4) тармақшасындағы "беруге құқылы." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) өз құзыретінің шегінде Кеңестің жанынан кіші жұмыс топтарын құруға құқылы";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.";
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 1249 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Серік Нығметұлы төраға
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақыт Тұрлыханұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі, төрағаның орынбасары
Әбілқасымова - Қазақстан Республикасының Экономика және
Мәдина Ерасылқызы бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы
Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бақытжан Әбдірұлы бірінші орынбасары
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы орынбасары
Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Досаев - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Тамара Босымбекқызы халықты әлеуметтік қорғау министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Болат Бидахметұлы министрі
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы коммуникация министрі
Имашев - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Берік Мәжитұлы
Қайырбекова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы министрі
Қаппаров - Қазақстан Республикасының Қоршаған орта
Нұрлан Жамбылұлы және су ресурстары министрі
Қарабалин - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Ұзақбай Сүлейменұлы министрі
Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет министрі
Нұрмұханбетұлы
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы ақпарат министрі
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асылжан Сарыбайұлы министрі
Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Аслан Бәкенұлы министрі
Байменов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
Әлихан істері агенттігінің төрағасы
Мұхамедияұлы (келісім бойынша)
Қожағапанов - Қазақстан Республикасы Спорт және дене
Ерлан Тоқтарханұлы шынықтыру істері агенттігінің төрағасы
Қуандықов - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Болатбек Баянұлы қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
агенттік) төрағасы
Мұсабаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Талғат Амангелдіұлы агенттігінің төрағасы
Оспанов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Мұрат Мағауияұлы монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы
Смайылов - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы агенттігінің төрағасы
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Рашид Төлеутайұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
төрағасы (келісім бойынша)
Тәжіяқов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Бисенғали төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Шамғалиұлы
Әбдімомынов - Қазақстан Республикасының Президенті
Азамат Құрманбекұлы Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және
талдау орталығының меңгерушісі
(келісім бойынша)
Әбдірәсілов - Қазақстан Республикасының Президенті
Болатбек Серікбайұлы жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
ректоры (келісім бойынша)
Айтжанов - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі"
Дулат Нулиұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Бишімбаев - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі"
Қуандық Уәлиханұлы акционерлік қоғамының төрағасы
(келісім бойынша)
Ежов - "Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік
Владислав қоғамының басқарма төрағасы (келісім
Николаевич бойынша)
Мұқанов - "Экономикалық зерттеулер институты"
Мақсат Нұрдәулетұлы акционерлік қоғамының президенті
(келісім бойынша)
Шөкеев - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Өмірзақ Естайұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Аханов - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының
Серік Ахметжанұлы төрағасы (келісім бойынша)
Баталов - "Қазақстан кәсіпкерлері форумы"
Райымбек Әнуарұлы қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің
төрағасы (келісім бойынша)
Мырзахметов - "Атамекен" одағы" Қазақстан ұлттық
Абылай Исабекұлы экономикалық палатасының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Рақымбаев - Қазақстан құрылыс салушылары
Айдын Жұмәділұлы қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Смағұлов - "Қазақстан астықты қайта өндеушілер одағы"
Нұрлан Еркебұланұлы заңды тұлғалар бірлестігі құрылтайшылар
кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)