Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге уақытша тыйым салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1312 қаулысы

      2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлармен жасалатын сыртқы сауданы қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарының ішкі нарығында сыни жетіспеушілікті болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын (КО СЭҚ ТН коды 7204) әкетуге тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін;
      2) Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттердің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсыныстарды енгізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік он төрт күннің ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және қолданысқа енгізілгеннен бастап екі ай бойы қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады