Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан ракеталық шабуылды ескерту Балхаш Торабы жүйесін ұстау және пайдалану тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1328 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1994 жылғы 14 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан ракеталық шабуылды ескерту Балхаш Торабы жүйесін ұстау және пайдалану тәртібі туралы келісімнің қолданылу мерзімі 2014 жылғы 14 желтоқсанда өткеннен кейін оның қолданысы тоқтатылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Ресей Федерациясының Үкіметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің қолданысын тоқтату;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесінің Балқаш торабын ұстау және пайдалану мәселесі жөнінде жаңа Келісім әзірлеу ниеті туралы хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады