2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1373 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалинге 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1373 қаулысымен    
мақұлданған       

Жоба

2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы
келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА

(Хаттама қол қойылған күннен бастап күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi
      2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 18-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап

      Қазақстан тарапы қолда бар және жаңадан құрылатын магистральдық мұнай құбырлары жүйелерімен ресейлік мұнайдың транзитін мынадай көлемде кепілді түрде жылына 7 млн. тонна, оны жылына 10 млн. тоннаға дейін арттыру мүмкіндігін қоса, Ресей Федерациясының шекарасы - Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс) - Атасу (Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша жүзеге асыру мүмкіндігін береді.
      Ресей тарапы транзит режимінде жылына 7 млн. тонна көлемінде ресей мұнайын жеткізу мүмкіндігін кепілді түрде қамтамасыз етеді.
      Мұнай жеткізуді жылына 10 млн. тоннаға дейін ұлғайтқан жағдайда, Тараптар мемлекеттері аумағында орналасқан мұнай құбыры жүйелерінің уақытылы жаңарту және қуаттарын арттыру үшін Тараптар жағдай жасайды.
      Ресей тарапының құзыретті органы мәлімдеген ресейлік мұнайдың транзит көлемі Қазақстан тарапы бекіткен, экспортқа арналған мұнайды тасымалдау кестесіне енгізіледі.»;
      2) 8-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Омбы (Ресей Федерациясы) - Ертіс (Қазақстан Республикасы) - Атасу (Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша ресейлік мұнайдың транзиті халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      3) 19-баптың 1-абзацында «15 жыл» деген сөздер «25 жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) Келісімге Қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

«2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен   
Ресей Федерациясының Yкiметi  
арасындағы мұнай транзитi   
туралы келісімге өзгерістер  
енгізу туралы хаттамасына   
ҚОСЫМША           

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аумақтары бойынша
мұнай және тұрақты газ конденсатын тасымалдау
КӨЛЕМДЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ

                                                         (млн. тонна)


2014 жылы

2020 жылы

Ішкі тұтыну

Қазақстан Республикасы - баламалы көлемде мұнайдың өзара жеткізілімін есепке алмағанда Ресей Федерациясының импорты*

0

0

Экспорт

Қазақстан Республикасынан – барлығы (кем емес)

64

69

оның ішінде Ресей Федерациясы арқылы транзит:



Атырау - Самара (кем емес)

15

15

Каспий құбыры консорциумы

36,4**

50**

Махачкала - Новороссийск

4

4

Ресей Федерациясынан - барлығы (аспайтын)

11

22

оның ішінде:



Каспий құбыры консорциумы
(Кропоткин, Комсомольская)

4**

15**

Қазақстан Республикасы арқылы транзит
Омбы - Ертіс - Атасу - Алашанькоу

7***

7***

_______________________________
      * Мұнайдың өзара жеткізілімінің көлемдері мен бағыттары 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 5-бабына сәйкес анықталады.
      ** Каспий құбыры консорциумының өткізу мүмкіндігін жылына 67 млн. тонна мұнайға дейін кеңейту.
      *** Жылына 10 млн. тоннаға ұлғайту мүмкіндігін қоса».

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті барлық мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Осы Хаттамаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Келісімнің ережелер 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады.

      2013 жылғы «   » желтоқсанда                 қ. әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.

Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады