Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi,
1993 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Ынтымақтастық және отын-энергетика кешендерiн дамыту туралы келiсiмдi, 1997 жылғы 25 ақпандағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Мұнай-газ салаларындағы техникалық және экономикалық ынтымақтастық пен ықпалдасу туралы келiсiмдi, 1996 жылғы 12 сәуiрдегi Магистральды құбыр желiлерi бойынша мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң транзитi саласында келiсiлген саясат жүргiзу туралы келiсiмдi P970798_ , 1998 жылғы 22 қаңтардағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағы арқылы транзиттің бiрыңғай ережелерi туралы келiсiмдi Z980313_ , 1999 жылғы 4 маусымдағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң аумағы арқылы транзит тәртiбi туралы келiсiмдi P000547_ басшылыққа ала отырып,
мұнай транзитi саласында бұдан былайғы өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту мен тереңдетуге мүдделiлiкке сүйене отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар өзара пайда негiзiнде және бiр-бiрiнiң экономикалық мүдделерiн ескере отырып, құбыр желiсiмен және тасымалдың басқа түрлерiмен мұнай транзитi саласында ынтымақтасады.
Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы мұнай транзитiнiң тәртiбiн, ережелерiн және жалпы қағидаттарын белгiлейдi.
2-бап
Осы Келiсiмдi iске асыру үшiн құзыреттi органдар:
Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi;
Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Энергетика министрлiгi тағайындалады.
3-бап
Тараптар жұмыс iстеп тұрған тасымал жүйесiмен, соның iшiнде магистральды мұнай құбырлары жүйесiмен, келiсiлген мөлшерде Тараптар мемлекеттерiнiң аумағы арқылы ұзақ мерзiмдi мұнай транзитiн жүзеге асырудың кепiлдi мүмкiндiгiн бередi.
4-бап
Тараптар магистральдық мұнай құбырларының жұмыс істеп тұрған жүйелерін кеңейту және қайта құру жөніндегі жобаларды, сондай-ақ жаңа экспорттық бағыттар бойынша мұнай тасымалының перспективалы жобаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға ықпал етеді.
Осы Келісімнің ережелерін іске асыру мақсатында осы Келісімге қосымшада көзделген көлемдерде және бағыттар бойынша, оның ішінде Атырау (Қазақстан) - Самара (Ресей) бағыты бойынша жылына кемінде 15 млн. тонна көлемінде мұнай тасымалдау үшін Тараптар:
- Атырау - Самара мұнай құбырының өткізу қабілетін мына бағыттардың бірі бойынша: Қара теңіз бағытында немесе Балтық теңізі бағытында немесе Ресей Федерациясының батыс шекарасы бағытында келісілген көлемде оны тасымалдау үшін жылына 15,0 млн. тоннадан 25,0 млн. тонна мұнайға дейін ұлғайту перспективаларын зерделеу жөнінде бойынша жұмыс жүргізуді;
- "Каспий Құбыр Консорциумы" (бұдан әрі - КҚК) мұнай құбыры жүйесінің өткізу қабілетін 2014 жылға дейін жылына 67,0 млн. тонна мұнайға дейін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізуді;
- мұнайды Жерорта теңізіндегі тиісті порттарға дейін тасымалдау мақсатында Бургас - Александруполис және (немесе) Самсун - Джейхан мұнай құбырларының жобаларын бірлесіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.11.2009 № 1895 қаулысымен.5-бап
Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қазақстан мұнайы транзитiнiң бағыттарын және оның көлемiн Ресей Тарабының құзыреттi органы Қазақстан Тарабын құзыреттi органының өтiнiмдерi негiзiнде жыл сайын белгiлейдi және олар белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн мұнай транзитiнiң кестесiне енгiзiледi.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.09.2006 № 950 қаулысымен.6-бап
Ресей Тарабы Қазақстан мұнайының транзитiн магистральды мұнай құбырлары желiсi бойынша Ресей Федерациясының аумағы арқылы жүзеге асыруға кепiлдi түрде мүмкiндiк бередi, ал Қазақстан Тарабы транзит режимiнде аталған көлемдерде осы Келiсiм қолданылатын мерзiм бойына мұнай жеткiзiлiмiн кепiлдi түрде мына шамада қамтамасыз етедi:
Атырау - Самара мұнай құбыры бойынша - жылына 15 млн. тоннадан кем емес;
Махачкала - Тихорецк - Новороссийск мұнай құбырлары жүйесi бойынша жылына 2,5 млн. тоннадан кем емес.
7-бап
Қазақстан тарапы қолда бар және жаңадан құрылатын магистральдық мұнай құбырлары жүйелерімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ресейлік мұнайдың транзитін жылына 10 млн. тоннаға дейін арттыру мүмкіндігімен жылына 7 млн. тонна көлемінде, Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша жүзеге асыру мүмкіндігін кепілді түрде береді.
Ресей тарапы транзит режимінде жылына 7 млн. тонна көлемінде ресейлік мұнайды жеткізу мүмкіндігін кепілді түрде қамтамасыз етеді.
Мұнай жеткізуді жылына 10 млн. тоннаға дейін ұлғайтқан жағдайда, Тараптар өз мемлекеттері аумағында орналасқан мұнай құбыры жүйелерін уақтылы жаңарту және қуатын арттыру үшін жағдай жасайды.
Ресей тарапының құзыретті органы мәлімдеген ресейлік мұнайдың транзит көлемі Қазақстан тарапы бекіткен, экспортқа арналған мұнайды тасымалдау кестесіне енгізіледі.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2016 № 169 қаулысымен.8-бап
Қазақстандық мұнайдың транзитi Каспий Тұрбақұбыры Консорциумының (КТҚ) Теңiз-Новороссийск мұнай құбыры бойынша қолданыстағы келiсiмдерге және шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Омбы (Ресей Федерациясы) - Ертіс (Қазақстан Республикасы) - Атасу (Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша ресейлік мұнайдың транзиті халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Омбы (Ресей Федерациясы) – Ертіс (Қазақстан Республикасы) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша ресейлік мұнайдың транзиті халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1373; 31.03.2016 № 169 қаулыларымен.9-бап
Мұнайды транзиттiк режимде Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы тасымалдау жөнiндегi қызмет көрсету шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы шарттар (келiсiм-шарттар) негiзiнде жүзеге асырылады.
10-бап
Тараптардың мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша мұнай транзитiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының атқарушы өкiмет органдары бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша транзит режимінде ауыстырылатын мұнай транзиті жөніндегі қызметтер тарифі бәсекеге қабілетті және кемсітілмейтін болуы тиіс.
Тараптар мемлекеттерінің аумақтары бойынша транзит режимінде ауыстырылатын мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу 2010 жылдан бастап инфляция деңгейіне сәйкес жыл сайын индекстелуі мүмкін 2009 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қолданыстағы тарифтер бойынша 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Бұл ретте салыстыру жағдайларында көрсетілген тарифтер мұнайды транзит режимінде емес тасымалдау үшін белгіленген тарифтерден аспайтын болады.
Тараптар жұмыс істеп тұрған магистральдық мұнай құбырлары жүйелерін кеңейту туралы шешім қабылдаған жағдайда транзит режимінде ауыстырылатын мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге арналған тариф оларды кеңейту жөніндегі шығындарды жабу үшін қажетті деңгейге дейін инвестициялық құрауыш сомасына ұлғайтылатын болады.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.11.2009 № 1895 қаулысымен.11-бап
Осы Келiсiмнiң объектiсi болып табылатын тұрба құбыр желiлерi және тасымалдың өзге де түрлерiмен транзиттiк режимде тасымалданатын мұнайға меншiк құқығы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасындағы шарттарға сәйкес тиiстi жүк жөнелтушiлерде сақталады.
12-бап
Соған сәйкес мұнай Тараптар мемлекеттерiнiң кеден аумақтары арқылы тасымалданатын кедендiк режим Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
13-бап
Eгep транзит үшiн қазiргi бар магистральдық мұнай құбырлары жүйесi қуаттарының мүмкiндiгiнен асатын мұнайдың көлемi мәлiмделсе, Тараптардың құзыреттi органдары қосымша қуаттарды құру шарттарын келiседi.
Жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру және мұнайдың қосымша көлемiнiң транзитi үшiн Тараптардың бiрiнiң мұнай құбыры жүйесiнiң қолда бар транзиттiк қуаттарын кеңейту және жаңаларын салу кезiнде қарыз қаражатының қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында екiншi Тараптың осы қуаттарды пайдаланатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi тиiстi Тараптың құзыреттi органы белгiлейтiн тәртiппен қарыз қаражатының қайтарылуын қамтамасыз ететiн кезеңге мұнайдың ең аз көлемiн жеткiзудi жүзеге асыруға кепiлдiктер беруi тиiс.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.09.2006 № 950 қаулысымен.13-1 бап
Осы Келісімге қосымшада көзделген Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағы арқылы мұнай және тұрақты газ конденсатын тасымалдау көлемі мен бағыттары тасымалдау бағыттары көрсетіліп, оның ішінде транзит үшін мұнай құбырларының қуаттарын кеңейту мүмкіндігі ескеріле отырып, жыл сайын нақтыланады және Тараптардың құзыретті органдары бекітеді.
Ескерту. Келісім 13-1-баппен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.09.2006 № 950 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.11.2009 № 1895 қаулысымен.14-бап
Тежеусiз күш жағдаяттарының орын алуы салдарынан транзит үзiлген, қысқартылған немесе тоқтатылған жағдайда Тараптардың құзыреттi органдары бұдан арғы iс-қимылдарын келiсiп алу үшiн тиiстi консультациялар өткiзедi. Тежеусіз күш жағдаяттары орын алған жағдайда осы Келiсімде белгiленген мiндеттемелерiн орындауы мүмкiн болмайтын Тарап бұл туралы басқа Тарапты үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi.
15-бап
Тараптар магистральды мұнай құбырлары объектiлерiндегi дүлей апаттар, авариялық жағдайлар және апаттар зардаптарын жою кезiнде мамандар жiберу, материалдық-техникалық ресурстар мен арнайы техника беру жолымен өзара көмек көрсетедi.
Әр Тарап өздерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес авариялық-қалпына келтiру бригадаларының шекарадан тосқауылсыз өтуi және магистральды мұнай құбырлары объектiлерiндегi дүлей апаттар, авариялық жағдайлар және апаттар зардаптарын жоюға пайдаланылатын жабдықтарды, материалдар мен арнайы техниканы уақытша әкелу үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң қажеттi шаралар қабылдауын қамтамасыз етедi.
16-бап
Осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастық Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар мен уағдаластықтар бойынша мiндеттемелерiн орындауына нұқсан келтiрмейтiндей етiп жүзеге асырылады.
17-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мен қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар өзара консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы шешiлетiн болады.
18-бап
Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген Хаттамалармен ресiмделедi.
19-бап
Осы Келiсiм оған қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 25 жыл бойына қолданылады. Оның күшi келесi бес жыл кезеңге өздiгiнен ұзартылып отырады. Осы Келiсiмнiң күшi Тараптардың бiрi басқа Тараптан осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап 12 ай өткеннен кейiн тоқтатылуы мүмкiн.
Осы Келiсiм тоқтатылғаннан кейiн оның ережелерi, Тараптарда оны тоқтатуға дейiн туындаған мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн қолданылатын болады.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1373; 31.03.2016 № 169 қаулыларымен.Санкт-Петербург қаласында 2002 жылғы 7 маусымда қазақ және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы келісімге ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аумақтары бойынша мұнай және тұрақты газ конденсатын тасымалдау
КӨЛЕМДЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ
Ескерту. Келісім қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.11.2009 № 1895 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2016 № 169 қаулысымен.
(млн. тонна)
2014 жылы | 2020 жылы | |
Ішкі тұтыну | ||
Қазақстан Республикасы – баламалы көлемде мұнайдың өзара жеткізілімін есепке алмағанда Ресей Федерациясының импорты* | 0 | 0 |
Экспорт | ||
Қазақстан Республикасынан – барлығы (кем емес) | 64 | 69 |
оның ішінде Ресей Федерациясы арқылы транзит: | ||
Атырау – Самара (кем емес) | 15 | 15 |
Каспий құбыры консорциумы | 36,4** | 50** |
Махачкала – Новороссийск | 4 | 4 |
2014 жылы | 2020 жылы | |
Ресей Федерациясынан – барлығы (аспайтын) | 11 | 22 |
оның ішінде: | ||
Каспий құбыры консорциумы (Кропоткин, Комсомольская) | 4** | 15** |
Қазақстан Республикасы арқылы транзит Омбы – Ертіс – Атасу – Алашанькоу | 7*** | 7*** |
_________
* Мұнайдың өзара жеткізілімінің көлемдері мен бағыттары 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 5-бабына сәйкес анықталады.
** Каспий құбыры консорциумының өткізу мүмкіндігін жылына 67 млн. тонна мұнайға дейін кеңейту.
*** Жылына 10 млн. тоннаға ұлғайту мүмкіндігімен