Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы
1 қарашадағы № 1466 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
«Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 543-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлікпен басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлікпен басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі бекітілсін.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлікпен басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мынадай қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін, жалға және сенімгерлікпен басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстары (cу алу құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары):
1. Астана;
2. Алматы;
3. Ақтау;
4. Ақтөбе;
5. Атырау;
6. Қарағанды;
7. Көкшетау;
8. Қостанай;
9. Қызылорда;
10. Павлодар;
11. Петропавл;
12. Талдықорған;
13. Тараз;
14. Орал;
15. Өскемен;
16. Шымкент;
17. Семей;
18. Түркістан;
19. Теміртау;
20. Екібастұз;
21. Рудный;
22. Жезқазған;
23. Кентау;
24. Балқаш;
25. Жаңаөзен;
26. Сәтпаев;
27. Ақсу;
28. Риддер;
29. Арыс;
30. Степногорск;
31. Шахтинск;
32. Саран;
33. Қапшағай;
34. Арқалық;
35. Лисаковск;
36. Приозерск.».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев