«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық интеллигенцияның жалпыұлттық көзқарастық құндылықтар мен барша қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы рөлін арттыру жөніндегі 2014 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жылына екі рет, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1436 қаулысымен
бекітілген
Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық
интеллигенцияның жалпыұлттық көзқарастық құндылықтар мен барша
қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы рөлін арттыру жөніндегі
2014 – 2015 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Ұйымдық-практикалық іс-шаралар |
||||
1. |
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ережелерін ескере отырып, жаңа қазақстандық патриотизмнің негізгі басымдықтарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды енгізу бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
МАМ (жинақтау), БҒМ, СДШІА, Қорғанысмині, ІІМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2014 жылғы наурыз |
2. |
Іс-шаралар жоспарын 2014 жылы іске асырудың қорытындысы бойынша жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық интеллигенцияның жалпыұлттық көзқарастық құндылықтар мен барша қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы рөлін арттыру жөніндегі 2014 – 2015 жылдарға арналған нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді әзірлеу жөніндегі ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
МАМ (жинақтау), БҒМ, СДШІА, Қорғанысмині, ІІМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2014 жылғы желтоқсан |
3. |
Барлық жас топтары мен мақсатты аудиторияларды ескере отырып, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық интеллигенцияның рөлін арттыру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарын бекіту |
Өңірлік іс-шаралар жоспарлары |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 25 қаңтарға дейін |
4. |
«Нұр Отан» партиясының ХV съезінде белгіленген идеяларды, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы саяси доктринасының ережелерін түсіндіру мен іске асыру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бекіту |
Өңірлік іс-шаралар жоспары |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 25 қаңтарға дейін |
5. |
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ресми веб-сайттарында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытының» және «Нұр Отан» партиясы саяси доктринасының ережелерін ескере отырып, жаңа қазақстандық патриотизм тақырыбында арнайы айдарлар ашу жөніндегі ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
МАМ (жинақтау), орталық мемлекеттік органдар, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2014 жылғы наурыз |
2. Жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу жөніндегі шаралар |
||||
6. |
Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін бейнелейтін заманауи интерактивті балалар ойыншықтарын шығарумен, қазақ халық ертегілерін басып шығарумен, сондай-ақ балаларға арналған дамытушы компьютерлік онлайн ойындар әзірлеумен айналысатын ұйымдар тізбесін жасау |
Ұйымдар тізімі |
МАМ, БҒМ, ИЖТМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2014 жылғы маусым |
7. |
Балалар аудиториясымен жұмыс істейтін интернет-ресурстарды өскелең ұрпақтың бойында патриотизм сезімін оятуға, өз Отанына пайда әкелу ұмтылысына итермелейтін патриоттық мазмұндағы бейне және медиа өнімдермен толықтыру жөніндегі ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
МАМ (жинақтау), БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2014 жылғы маусым |
8. |
Жетім балаларға, толық емес, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған «Сен жалғыз емессің» акциясын, жол жүру және стационарлық мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу |
Акция өткізу |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
9. |
Балалар, жасөспірімдер, жастар әскери-патриоттық, спорттық, техникалық, оқытушы компьютерлік клубтарды, көркемөнер секциялары мен аула клубтарын дамытуға ықпал ету |
МАМ-ға ақпарат |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
3. Жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу жөніндегі шаралар |
||||
10. |
Консультациялық, ақпараттық-талдамалық, оқытушылық және басқа да қызметтерді көрсету арқылы патриоттық жастар ұйымдарының ресурстық орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
МАМ-ға ақпарат |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
11. |
Алғашқы құжаттарды (негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті, орта білім туралы аттестатты, жеке куәлікті және т.с.с.) алудың салтанатты рәсімін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
МАМ (жинақтау), БҒМ, ДСМ, Әділетмині, ІІМ, Қорғанысмині, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2014 жылғы маусым |
12. |
Студенттерді жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысына тарта отырып, студенттік патриоттық ұйымдардың қызметін дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру |
МАМ-ға ақпарат |
БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
13. |
Қазақстанның барлық өңірлеріндегі білім алушылар мен студент жастар конкурстарының, олимпиадаларының жеңімпаздары үшін Астана қаласы – Қазақстанның астанасы бойынша экскурсиялар, мемлекеттік органдарда кездесулер өткізу («ашық есік күндері») |
МАМ-ға ақпарат |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
14. |
Халықтың қалың санаттарын, үкіметтік емес ұйымдарды, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған Республикалық патриоттық форум өткізу |
Форум өткізу |
МАМ, БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
15. |
Жас ұрпақ бойында кәсіптік патриотизмді насихаттау және көпшілікке тарату мақсатында «Үздік кәсіп» шығармашылық суреттер конкурсын өткізу |
Конкурс өткізу |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
16. |
Кәсіби мақтанышты қалыптастыру, адал еңбекке ынталандыру, мемлекеттік қызметтің жоғары беделін қолдау мақсатында жас мемлекеттік қызметшілердің өңірлік форумдарын өткізу |
Өңірлік форумдар өткізу |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
17. |
Жастарда патриоттық сезімді тәрбиелеуді көздейтін, «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасын түсіндіруге бағытталған «Жастар – Отанға!» жастардың жазғы лагерлерін өткізу |
МАМ-ға ақпарат |
БҒМ, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ |
2014 – 2015 жылдар |
4. Қоғамды рухани-мәдени топтастыру және патриоттық тәрбиелеу процесіндегі ұлттық интеллигенцияның рөлін арттыру жөніндегі шаралар |
||||
18. |
Интернет желісінің қазақстандық сегментінде Қазақстанның мәдениетіне, тарихына, салт-дәстүрлеріне арналған арнайы контент қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін (материалдар жариялау, арнайы айдарлар құру, тақырыптық фотобөлімдер ашу) іске асыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
19. |
Қазақстандық патриотизмді, қоғамның идеялық және рухани-мәдени топтасуын насихаттау мақсатында имидждік материалдар (плакаттар мен постерлер шығару, кәдесыйлар, кіші тулар, бейсболкалар, футболкалар дайындау) шығару |
Имидждік материалдар шығару |
МАМ |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
20. |
Қазақстанның ұлттық интеллигенциясының, көрнекті тұлғаларының қатысуымен патриотизмді көпшілікке тарату жөніндегі іс-шаралар кешенін (дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар, кездесулер) өткізу |
МАМ-ға ақпарат |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
тұрақты |
21. |
Халықты қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, қалалар мен өзге де елді мекендерде тазалық пен тәртіпті сақтауға тәрбиелеу процесіне интеллигенцияның, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін тарту үшін жағдайлар жасау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ, ҚОСРМ |
тұрақты |
22. |
Жоғары білімді, зияткерлік және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру, ел азаматтарын әлемдік қоғамдастыққа интеграциялау мақсатында тілдердің үш тұғырлығы идеясы мен практикасын ілгерілету жөніндегі шаралар әзірлеу және қабылдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ, БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2014 жылдың соңына дейін |
23. |
«Нұр Отан» партиясының ХV съезінде белгіленген идеялар аясында «Патриоттық тәрбиедегі ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында жастардың қоғам, мәдениет қайраткерлерімен және ұлттық интеллигенция өкілдерімен кездесулерін өткізу |
МАМ-ға ақпарат |
БҒМ, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ (келісім бойынша) |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
5. Әлеуметтік-экономикалық салада жаңа қазақстандық патриотизмді ілгерілету жөніндегі шаралар |
||||
24. |
Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан бюджеттік инвестициялық жобаларды орындау бойынша Үкімет қызметін кеңінен ақпараттық ағарту жөніндегі шаралар (медиа-жоспарлар әзірлеу, спикерлердің, ұлттық интеллигенция өкілдерінің баяндамаларын ұйымдастыру) қабылдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
25. |
Өскелең ұрпақта өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, отандық өндірушілерді танымал ету мақсатында Қазақстанның кәсіпкерлерін қолдау жөніндегі «Қазақстанда жасалған» көрмесін өткізу |
МАМ-ға ақпарат |
ЭБЖМ, ӨДМ, ИЖТМ, АШМ, ККМ, МГМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
26. |
Белсенді азаматтық ұстаным мен еңбек ұжымдарында кәсіптік сабақтастық қалыптастыру мақсатында экономиканың жетекші салалары ардагерлерінің жас мамандармен еңбек қызметі процесіндегі патриоттық тәрбие мәселелері бойынша кездесулерін ұйымдастыру |
МАМ-ға ақпарат |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
27. |
Кәсіптік және техникалық білімнің беделін арттыру мен жастардың жұмысшы кәсіптерді алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға оң қатынасын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру |
МАМ-ға ақпарат |
БҒМ, Еңбекмині, ИЖТМ, МГМ, ҚОСРМ, ҰҒА, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) |
2014 жылдың соңына дейін |
28. |
Мемлекеттік рәміздер орналастырылған қоғамдық орындарда (алаңдар, саябақ аймақтары) қалың жұртшылық өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау практикасын енгізу бойынша ұсыныс енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ, МҚІА (келісім бойынша), мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар |
жыл сайын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай |
29. |
Ауыл тұрғындарының іскерлік белсенділігін арттыруға және Отанға деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған іс-шаралар (патриоттық көркемдік және деректі фильмдер көрсету, іскерлік кездесулер, ұлттық интеллигенция өкілдерінің қатысуымен лекториялар) ұйымдастыру және өткізу |
МАМ-ға ақпарат |
Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері |
тұрақты |
30. |
Елдің барлық өңірлерінде тұрғындарды көгалдандыру жұмыстарына тарта отырып, «Туған қалаңа ағаш сыйла», «Жасыл бақ – таза қала» акцияларын өткізу |
МАМ-ға ақпарат |
ҚОСРМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, «Жасыл ел» ЖЕЖРШ (келісім бойынша) |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
6. Әскери салада жаңа қазақстандық патриотизмді жетілдіру жөніндегі шаралар |
||||
31. |
Үкіметтік емес ұйымдарды, ұлттық-мәдени орталықтарды және азаматтық қоғамның басқа институттарын азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмысына тарту бойынша жұмысты белсенділендіру жөніндегі шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ (жинақтау), Қорғанысмині, ІІМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
32. |
Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді дамыту мақсатында еріктілер, үкіметтік емес әскери-патриоттық ұйымдар, әскери-спорттық, ерікті әскери-іздестіру және спорттық-техникалық клубтар желісін кеңейту жөніндегі ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
БҒМ, Қорғанысмині, ІІМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2014 жылғы маусым |
33. |
«Жас Ұлан» – 2014» республикалық сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімдерін өткізу |
МАМ-ға ақпарат |
Астана қаласының әкімдігі |
2014 жылғы қараша |
34. |
БАҚ-та әскери-патриоттық тәрбиелеу тақырыбына арналған ақпараттық-талдамалық материалдар жариялауды қамтамасыз ету |
МАМ-ға ақпарат |
МАМ, Қорғанысмині, ІІМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
тұрақты |
35. |
Мерзімді әскери қызметті насихаттау, қазақстандық әскери қызметшінің бейнесін танымал ету мақсатында Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың, еліміздің құқық қорғау және арнайы органдарының ардагерлері мен қызметшілерінің қатысуымен мектеп оқушыларымен және жастармен тақырыптық кездесулер өткізу |
МАМ-ға ақпарат |
БҒМ, Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
36. |
Ұлы Отан соғысы жылдарында және қызметтік міндетін атқару кезінде бейбіт уақытта қаза болған қазақстандық жауынгерлердің ескерткіштерін, ескерткіш тұғырларын және жерленген орындарын күтіп-ұстау бойынша «Еске алу» жастар акциясын өткізу |
МАМ-ға ақпарат |
Қорғанысмині, ТЖМ, ІІМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
7. Мемлекет имиджін халықаралық деңгейде ілгерілету жөніндегі шаралар |
||||
37. |
Шетелде Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне орайластырылған іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде тақырыптық іс-шаралар, көрмелер, қабылдаулар өткізу |
МАМ-ға ақпарат |
СІМ, МАМ |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
38. |
Шетелдік БАҚ-та Қазақстанның жетістіктерін кеңінен насихаттау, белгілі ғалымдардың және өзге де танымал тұлғалардың, сондай-ақ тарих, экономика, геосаясат мәселелері бойынша халықаралық сарапшылардың сөз сөйлеулерін ұйымдастыру |
МАМ-ға ақпарат |
СІМ, МАМ |
тұрақты |
39. |
Шетелдік БАҚ-та тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына елеулі үлес қосқан көрнекті тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы ақпарат тарату |
МАМ-ға ақпарат |
СІМ, МАМ |
тұрақты |
40. |
Шетелдік телеарналарда Қазақстанға және оның астанасына арналған деректі фильмдердің көрсетілуін қамтамасыз ету |
МАМ-ға ақпарат |
СІМ, МАМ |
тұрақты |
41. |
Патриоттық тәрбиелеудің нысандары мен әдістерін пайдалану, көп этникалық, көп мәдениетті қоғамда ұлттық және мәдени бірегейлікті қалыптастыру жөніндегі халықаралық тәжірибені зерделеу |
МАМ-ға ақпарат |
СІМ, МАМ |
2014 жыл |
8. Ақпараттық-насихаттық жұмыс саласындағы іс-шаралар |
||||
42. |
«G-Global» коммуникативтік сұхбаттық онлайн-алаңы базасында өткізілетін виртуалды пікірсайыстар мен конференциялар процесіне патриоттық ұйымдарды тарту |
МАМ-ға ақпарат |
БҒМ, МАМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, РЖҰ (келісім бойынша) |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
43. |
Танымал блогтұғырнамаларда (yvision.kz, nur.kz және т.б.) қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған материалдардың жариялануын ұйымдастыру |
Жарияланымдар ұйымдастыру туралы ақпарат |
МАМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
44. |
Қолданыстағы телевизиялық жобалар шеңберінде мерзімді баспасөз басылымдарында, Отанға қызмет етуге, оң қатынасты қалыптастыруға, жоғары патриоттық ниеттерге бағытталған тақырыптық шығармалардың, жарияланымдардың шығуын ұйымдастыру |
БАҚ-та тақырыптық материалдар шығару |
МАМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
45. |
Ұлттық интеллигенция өкілдерінің жалпыұлттық көзқарастық құндылықтар мен барша қазақстандық бірегейлікті нығайту бойынша кеңінен сипатталған жарияланымдардың, ақпараттық хабарламалардың, сөз сөйлеулердің, интервьюдің шығуын ұйымдастыру |
БАҚ-та материалдар шығару |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
тұрақты |
46. |
Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық интеллигенцияның жалпыұлттық көзқарастық құндылықтар мен барша қазақстандық бірегейлікті нығайтудағы рөлін арттыру жөніндегі 2014 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысын жариялау жөніндегі республикалық және өңірлік медиа-жоспарларды әзірлеу және бекіту |
Медиа-жоспарлар |
МАМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2014 жылғы қаңтар |
47. |
Елді мекендерді сыртқы безендіру кезінде патриотизмді және Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттайтын, «EXPO – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі, Қазақстанның интеграциялық процестерін дамыту: Кеден одағы, ЕурАзЭҚ, Біртұтас Экономикалық Кеңістік, «G-Global» тақырыптарына арналған үндеулер мен слогандарды пайдалана отырып, визуалдық ақпарат құралдарының сан алуан түрлерін (билбордтар, баннерлер, кермелер) пайдалану |
МАМ-ға ақпарат |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
тұрақты |
48. |
Ақпараттық саясатты реттеу бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдарды әзірлеу мақсатында интернет желісін пайдаланушылардың Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері туралы хабардар болу деңгейін зерделеу бойынша Интернет кеңістіктік мониторингін (шолуын) ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МАМ |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
9. Отбасылық құндылықтарды насихаттау жөніндегі іс-шаралар |
||||
49. |
Аға ұрпаққа деген құрметті тәрбиелеу, жастарды қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға тарту мақсатында елдің барлық өңірлерінде ардагерлерге көмек көрсету жөніндегі жастар акциясын өткізу |
МАМ-ға ақпарат |
БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ (келісім бойынша) |
2014 жылдың ішінде |
50. |
Имандылық, отбасылық құндылықтарды және патриоттық тәрбиелеуді насихаттау мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу жөніндегі ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
МАМ, Еңбекмині, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2014 жылғы маусым |
51. |
«Ардагерлерге құрмет – олардың ерліктеріне тағзым!» акциясын өткізу |
Акциялар өткізу |
БҒМ, Қорғанысмині |
2014 жылғы желтоқсанға дейін |
52. |
Отбасылық тәрбиені жетілдіру бойынша ұстаздар мен ата-аналарға арналған әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық тренингтер өткізу |
МАМ-ға ақпарат |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
53. |
Оқу орындарында соғыс және еңбек ардагерлерімен 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған дәстүрлі кездесулер, ерлік сабақтарын ұйымдастыру |
МАМ-ға ақпарат |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
жыл сайын, 2014 – 2015 жылдар |
10. Қазақстанның көрнекті тарихи тұлғаларының жетістіктерін насихаттау жөніндегі іс-шаралар |
||||
54. |
Қазақстанның ұлы тарихи тұлғаларының Отан және патриотизм туралы нақыл сөздерін (сөздер, даналы ойлар, қанатты сөздер) жинақтау мен басып шығару жөніндегі ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс |
МАМ (жинақтау), БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері |
2014 жылғы маусым |
55. |
Қазақстан тарихы бойынша оқу пәніне қазақтар мен басқа халықтардың мәдени өзара іс-қимыл жасау, түрлі этностардың, оның ішінде интеллигенция өкілдерінің ел дамуына қосқан үлесі туралы баяндау процестерін енгізу жөніндегі мәселені пысықтау |
МАМ-ға ақпарат |
БҒМ |
2014 жылғы 20 сәуірге дейін |
56. |
Елдің ұлттық интеллигенциясының «Табыс тарихы» негізінде Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін кеңінен жариялау мақсатында елдің барлық өңірлерінде «Қазақстан табысының тарихы» акцияларын өткізу |
Өңірлік акциялар |
Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ (келісім бойынша) |
2014 жылғы 20 желтоқсанға дейін |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДІА – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ҚОСРМ – Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ҰҒА – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
РЖҰ – республикалық жастар ұйымдары
«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ – «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі
«Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ – «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі
«Жасыл Ел» ЖЕЖРШ – «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы