Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын
мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы»
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50, 64-құжаттар, № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 12, 85-құжат; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):
1) 163-бапта:
үшінші бөлікте:
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«лицензияда көрсетілмеген мекенжай бойынша және қойма және (немесе) тұрақты үй-жай бойынша этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы (экспорттан және жеке тұлғалардың жеке тұтынуына сатып алуынан басқа);
аралас полимерлік ыдыстағы, оның ішінде полиэтиленмен қапталған картон орамдағы және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетіндегі алкоголь өнімінің айналымы, сол сияқты тұрқы бұзылған ыдыста, анық сынған белгiлерi бар, тығыны бүлінген шөлмектерде бөлшек саудада өткізу (жеке тұлғалардың жеке тұтынуына сатып алуынан басқа);»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға елу, лауазымды адамдарға жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға жүз, лауазымды тұлғаларға жүз қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
бесінші бөлікте:
үшінші абзац алынып тасталсын;
төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) технологиялық желілерді есепке алу бақылау аспаптарымен жабдықтамай өндіру;
этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алу бақылау аспаптарымен өндіру;
есепке алу бақылау аспаптарын және фланецтік қосындыларды уәкілетті орган салған біржолғы пломбасыз пайдалану, сондай-ақ олардан біржолғы пломбаларды алып тастау;»;
жетінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімдерде және мөлшерде жыл сайынғы лицензиялық алымды төлемей сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу, -
лауазымды адамдарға жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі ішінде осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген бұзушылықты жоймау, -
лауазымды адамдарға жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай редакциядағы оныншы және он бірінші бөліктермен толықтырылсын:
«10. Этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақты және айрықша арақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өндіріс қуатын пайдалану пайызынан және өндіріс көлемдерінен төмен өндіру, -
тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) 163-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«163-4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу -
жеке тұлғаларға - он, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Алкоголь өнімін (мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда):
сағат 23-тен таңғы 8-ге дейін,
этил спиртінің көлемдік үлесі отыз пайыздан асатын алкоголь өнімін сағат 21-ден келесі күннің 12-не дейін бөлшек саудада өткізу -
жеке тұлғаларға - он, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 214-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға - жүз жиырма, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - елу, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға - жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «163 (үшiншi, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөлiктерiнде» деген сөздер «163 (үшiншi, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және он бірінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
5) 570-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 88 (үшiншi, төртiншi және бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, 2-1, үшінші бөліктерінде), 161-2, 163 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 166, 205 - 206-1, 207, 208, 210 - 212, 213 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 215-218, 218-1, 219, 357-2 (бірiншi бөлiгiнде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
6) 576-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Акцизделетiн өнiмді өндiруді және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жөніндегі органдар 163 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 213 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 357-2 (бірiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
7) 636-бапта:
бірінші бөлікте:
тармақшада:
жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (85 (төртінші және бесінші бөліктері), 140 (екiншi бөлiгi), 161 (төртінші және бесінші бөліктері), 163 (үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 222 (бірiншi бөлiгi), 231 (екінші бөлігі), 233, 278 (бірiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 315, 317-1 (тамақ өнімдеріне, ойыншықтарға, химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 323 (екінші бөлігі), 324, 326-328, 356, 362, 494 (екінші бөлігі) – баптар);»;
отыз үшінші, отыз төртінші және отыз бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және он бірінші бөліктері), 213 (төртінші - алтыншы бөліктері), 214, 357-1, 357-2-баптар);
қаржы полициясы органдарының (140 (екінші бөлігі), 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 151, 151-1, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 158-4, 159 (үшінші және төртінші бөліктері), 162, 163 (үшінші, төртінші және жетінші бөліктері), 176 (бірінші бөлігі), 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 200, 203, 211, 213 (бесінші және алтыншы бөліктері), 214, 217, 275-1, 306-2, 355, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3, 357-5, 514 - 519, 521, 522, 529, 533 - 535, 537-1-баптар);
салық қызметi органдарының (154, 155, 156, 157, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және он бірінші бөліктері), 203, 206-2, 208-1, 209, 213 (төртінші - алтыншы бөліктері), 214, 357-1, 357-2, 357-5, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, жетінші, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 533 - 535-баптар);».
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат, № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат):
1) 280-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының кестесінде:
7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7. |
2208 |
Коньяк, бренди, жүзім сығындыларынан жасалған спирт ішімдігі |
100% спирт 250 теңге/литр |
»;
2) 282-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Акцизделетін тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін тауарларды, акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.»;
3) 286-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциздің төленген сомалары мынадай жағдайларда:
1) акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар нәтижесінде бүлінсе, жоғалса;
2) бүлінген акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, қайта есептеуге жатады.»;
4) 298-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін осы Кодекстің 653-бабына сәйкес маркалануға жататын импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарлардың импортын жүзеге асыру кезінде акциз сомасы нақтылануға жатады және акцизделетін тауарлардың импорты күнінде қолданылатын акциз ставкасы қолданылады.»;
5) 469-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар әрбір объект үшін жыл сайын алым төлейді.»;
6) 470-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуге лицензия алатын және лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.»;
7) 471-баптың кестесінде:
1.85, 1.86, 1.87 және 1.88-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.85. |
Этил спиртінің өндірісі |
3000 |
1.86. |
Сырадан басқа алкоголь өнімінің өндірісі |
3000 |
1.87. |
Сыра өндірісі |
2000 |
1.88. |
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу |
200 |
»;
мынадай мазмұндағы 1.88-1 жолмен толықтырылсын:
«
1.88-1 |
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу |
30 |
»;
8) 472-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, ойын бизнесі саласындағы және алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті жүзеге асырудың бірінші жылында лицензия алатын төлеушілер алым сомасын лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төлейді.
3. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, ойын бизнесі саласындағы және алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алған төлеушілер алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін төлейді.»;
9) 653-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органдары акцизделетін тауарларды өндірушілер мен олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың, борышкер мүлкін (активтерін) өткізу кезінде конкурстық және оңалтушы басқарушылардың осы бапта айқындалған акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін маркалау, акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртібін сақтауы бөлігінде, сондай-ақ акциздік постылар белгілеу арқылы акцизделетін тауарларға бақылауды жүзеге асырады.»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау маркаларымен немесе акциздік маркалармен маркалануға жататын акцизделетін тауарлардың тиісті маркалаусыз, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және сәйкестендіруге келмейтін есепке алу-бақылау маркаларымен немесе акциздік маркалармен Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынады.»;
6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін маркалау (қайта маркалау) қағидаларын, акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
2) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру, сондай-ақ импорттаушылардың алкоголь өнімін Кеден одағы елдерінен Қазақстан Республикасына әкелген кезде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалануы туралы міндеттемені ұсыну қағидаларын және осындай міндеттемені қамтамасыз ету мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Импорттаушылардың алкоголь өнімін Кеден одағы елдерінен Қазақстан Республикасына әкелген кезде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалануы туралы міндеттеме уәкілетті органның ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша салу арқылы қамтамасыз етіледі.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық органдары этил спиртін (шарап материалынан тікелей немесе екі рет айдап айыру жолымен өндірілетін этил спиртін қоспағанда), мұнай өнімдері мен темекі өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік постыларды орнатады.»;
10-тармақтың 2-1) тармақшасы алып тасталсын.
3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат):
159-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мыналарға:
1) алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;
2) мейрамханаларда, барлар мен дәмханаларда өткізуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген белгілі бір сағаттарда алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда өткізуге тыйым салынады.».
4. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым – экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу;
2) алкоголь өнімі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан астам болатын тамақ өнімі;
3) аралас полимерлік ыдыс – iшкi жағы тамақ сақтайтын полимерлік материалдан жасалған аралас полимерлік материалдардан жасалған тұтыну ыдысы;
4) бөлшек саудада өткізу – алкоголь өнімдерін сауда залымен жабдықталған және фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған стационарлық үй-жайларда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілерінде және қоғамдық тамақтану объектілерінің жанындағы жазғы алаңшаларда кейіннен тұтыну немесе коммерциялық емес мақсатқа пайдалану үшін сату;
5) сәйкестендіру – өндiрiс, айналыс (айналым), пайдалану саласында ерекшелiк белгiлерi бойынша ұқсас өнімдердің арасынан белгiлi бiр өнiмдi бұлжытпай тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;
6) есепке алу-бақылау маркасы – белгіленген үлгідегі қажетті қорғау дәрежелерi бар, алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (шарап материалы мен сырадан басқасын) сәйкестендіруге арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ақпараты бар арнайы бiржолғы жапсырма;
7) есепке алу бақылау аспаптары – үздіксіз электр энергиясымен қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде этил спирті мен этил спиртінің концентрациясы бар алкоголь өнімінің (шарап пен сырадан басқа) өндірілу көлемі, этил спиртінің (сырадан басқа) қалдықтары туралы деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін және есепке алу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқу мүмкіндігі бар аспаптар;
8) коньяк спирті - этил спиртінің көлемдік үлесі кемінде 7,5 пайыз болатын, асхана шарап материалын фракциялық айдап айырып жасалған және сақтаудың барлық кезеңі ішінде емен сүрегімен ұдайы жанасымда болған (сақталған коньяк спирті) немесе емен сүрегімен жанасымда болмаған этил спиртінің көлемдік үлесі 55,0 пайыздан 70,0 пайызға дейінгі (жас коньяк спирті) шарап дистилляты;
9) көтерме саудада өткізу – уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде шығару;
10) қаңылтыр ыдыс – iшкi жағы тамақ сақтайтын материалмен қапталған арнайы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы;
11) қойма үй-жайлары – тек қана этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн сақтауға, қабылдауға және беруге арналған, біліктiлiк талаптарына сай келетiн арнаулы стационарлық үй-жайлар және (немесе) алаңшалар (этил спиртiн сақтау үшiн);
12) құрамында спирті бар тамақ өнімі – тамақ шикізатынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан астам болатын тамақ өнімі;
13) мемлекет меншiгiне өткен этил спиртi және (немесе) алкоголь өнiмi – сот шешiмi негiзінде тәркiленген, мемлекет меншiгiне өтеусiз өткен, мемлекет пайдасына тауардан бас тартудың кедендік рәсімінде декларацияланған этил спирті немесе алкоголь өнiмi;
14) орнын ауыстыру – бір мекенжай бойынша орналасқан өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішінде орналасқан орнын өзгертуді қоспағанда, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің кеңістікте орналасқан орнын өзгерту;
15) өндіріс паспорты – қолда бар жабдықты пайдалануды, технологиялық процестi сақтауды регламенттейтiн, негiзгi шикiзатты, ингредиенттердi, қосалқы материалдарды жұмсау нормаларын және дайын өнiмнiң, жанама өнiмдердiң шығу нормаларын, сондай-ақ өндiрiс кезіндегі шығынның нормаларын белгiлейтiн негiзгi құжат;
16) пластикалық ыдыс – полиэтилен, полистирол және өзге де полимерлiк материал негiзіндегі тұтыну ыдысы;
17) стационарлық үй-жайлар – сумен, энергиямен және кәрізбен қамтамасыз етілген, iргетасы бар және олардың тiреуiш конструкциясына нұқсан келтiрмей орнын ауыстыру мүмкiн емес күрделi ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөлiктерi;
18) сусыз спирт – құрамында суы жоқ, есептеулерде қолданылатын шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз пайыздық спирт немесе абсолюттік алкоголь;
19) маркалау – тұтынушыға ақпарат жеткiзетiн және этикеткалардағы, контрэтикеткалардағы, кольереткалардағы және қаптамалардағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;
20) тұтыну ыдысы – тұтынушыға алкоголь өнiмiмен бірге келiп түсетiн, көлiктiк ыдыс функциясын атқармайтын және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы пайдалануға рұқсат берген материалдардан жасалған ыдыс;
21) фирмалық арнаулы дүкен – сауда залымен жабдықталған, фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған және өзiнiң алкоголь өнiмiн бөлшек саудада өткізуге арналған стационарлық үй-жай;
22) хабарлама – уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы саласында қызметін жүзеге асыратын субъектілерге жіберген бұзушылықтарды жою және этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамалық актілерде және заңнамада белгіленген талаптар туралы жазбаша хабарлама;
23) ілеспе жүкқұжат – этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат;
24) этил спиртi – спирт ашытқыларын тазартып айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикiзаты сiрнесiнен және құрамында қанты және крахмалы бар басқа да тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн этил спиртi шикiзатын тазартып айыру жолымен, шарап материалынан тікелей немесе екі рет айдап айыру жолымен және тамақтық емес шикiзаттан өзге де жолмен алынатын өнiм;
25) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн сақтау – этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн одан әрі өткізу мақсатында орналастыру (қоймада жинау).»;
2) 3-баптың 3 тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) алкоголь өнiмiнiң (арақ және айырықша арақ, күшті ликер-арақ өнімдері) ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақты және айырықша арақты өндірушілер үшін өндірістік қуатты пайдаланудың ең төменгі пайызын және өндірістің ең төменгі көлемдерін белгілеу;»;
4-тармақ алып тасталсын;
3) 3-1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) өндірудің технологиялық желілерін есепке алу бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидаларын, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау жөніндегі тәртіпті бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) алкоголь өнiмiнiң (арақ және айырықша арақ, күшті ликер-арақ өнімдері) ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлейді;
5-2) этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақты және айырықша арақты өндірушілер үшін өндірістік қуатты пайдаланудың ең төменгі пайызын және өндірістің ең төменгі көлемдерін белгілейді;»;
4) 4-баптың 2-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (шарап материалынан басқа) өндірудің технологиялық желілерін есепке алу бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидаларын, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау жөніндегі тәртіпті әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) алкоголь өнiмiнiң (арақ және айырықша арақ, күшті ликер-арақ өнімдері) ең төмен бөлшек сауда бағаларының мөлшерін әзірлейді;
8-2) этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақты және айырықша арақты өндірушілер үшін өндірістік қуатты пайдаланудың ең төменгі пайызын және өндірістің ең төменгі көлемдерін әзірлейді;»;
5) 5-баптың 1-тармағының 7-тармақшасындағы «сыра жатады.» деген сөздер «сыра;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жүзім сығындыларынан жасалған спиртті ішімдік жатады.»;
мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
«18. Жүзім сығындыларынан жасалған спиртті ішімдік - этил спиртінің көлемдік үлесі кемінде 37,5 пайыз болатын, түсін өзгерту үшін қант колерін қоспағанда, дәмді хош иісті заттарды қоспай, сусыз спирттің бір гектолитрінде құрамында кемінде 140 грамм ұшқыш заттар және 1000 граммнан аспайтын метил спирті бар, тек ашытылған жүзім сығындыларының дистиллятынан жасалған спиртті ішімдік.»;
6) 7-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өндiру паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізген кезде өндіруші паспортқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға жазбаша түрде өндіру паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат жібереді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндірген кезде:
1) технологиялық желілерді есепке алу бақылау аспаптарымен жарақтандырмай этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн (шарап материалы мен жылдық өндірістік қуаттылығы 400 000 декалитрден төмен сыра өндірушілерінен басқа) өндіруге;
2) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (жылдық өндірістік қуаттылығы 400 000 декалитрден төмен шарап материалы мен сыра өндірушілерінен басқа) ақаулы есептеуші бақылау аспаптарымен, сол сияқты есепке алуда нормативтен жоғары ауытқулармен өндіруге тыйым салынады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өндiруге лицензияда көрсетiлген мекенжай бойынша және өндіру паспортында көрсетілген деректерге сәйкес ғана жол берiледi.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақты және айырықша арақты өндіруге Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өндірістік қуатты пайдаланудың ең төменгі пайызы және өндірістің ең төменгі көлемдері сақталған кезде жол беріледі.»;
7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының шарттары
1. Этил спирті мен алкоголь өнімінің:
1) тиісті лицензиясыз;
2) денсаулық сақтау, білім беру, балалар мекемелерi, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық құрылыстар, стадиондар ғимараттарында және аумақтарында;
3) шыққан жерi анықталмаса;
4) сәйкестік сертификаттарынсыз (және белгілерінсіз) және (немесе) сәйкестік туралы декларациясыз;
5) стандарттарға сәйкес келмейтiн және (немесе) зиянды қоспалардың жол берiлетiн шектi концентрациясы асырыла өндiрiлген;
6) жарамдылық мерзiмi өтіп кеткен;
7) қаңылтыр ыдыстағы (сырадан және күштілігі он екі пайыздан кем градусы төмен ликер-арақ өнімдерінен басқа), этикеткасы жоқ шөлмектердегі және пластик ыдыстардағы алкоголь өнімінің;
8) аралас полимерлік ыдыстардағы, оның ішінде полиэтиленмен қапталған картон қаптамадағы және картон қорабына салынған фольгаланған полиэтилен пакетіндегі алкоголь өнімінің;
9) лас, деформацияланған, анық сынық белгiлерi бар, зақымдалған тығындармен тығындалған шөлмектердегi, жалпы лайсаң, жат қоспалары, түбiнде тұнбалары бар (коллекциялық шараптардан басқа) алкоголь өнiмдерiнің;
10) осы Заңның 8-бабына сәйкес тиісті маркалаусыз алкоголь өнімінің;
11) есепке алу-бақылау маркаларынсыз не сәйкестендіруге келмейтін немесе белгіленген үлгідегі емес есепке алу-бақылау маркаларымен алкоголь өнімінің (шарап материалдары мен сырадан басқа) айналымына (экспорттан басқа), орнын ауыстыруына;
12) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжатынсыз, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжатын ресімдеу және пайдалану қағидалары бұзылған ілеспе жүкқұжаттармен айналымына, орнын ауыстыруына;
13) көтерме, бөлшек саудада өткізуді Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде және мөлшерде жыл сайынғы лицензиялық алымды төлемей жүзеге асыратын лицензиаттарға;
14) есепке алу-бақылау маркаларымен маркалауға жататын алкоголь өнімін көтерме, бөлшек саудада өткізуді есепке алу-бақылау маркаларының қорғаныстық элементтерін айқындайтын және (немесе) одан ақпаратты оқитын аспаптарсыз жүзеге асыратын лицензиаттарға айналымына тыйым салынады.
2. Мыналарды:
1) базарларда, сауда базарларында, дүңгіршіктерде, шатырларда, автоматтарда, жылжымалы сөрелерде, ларектерде, автодүкендерде, автомобильдерге май құю станцияларында, қолдан, автомашиналардан, жаймалардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де белгіленбеген орындарда этил спирті мен алкоголь өнімін;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бөлшек сауда бағаларынан төмен алкоголь өнімін;
3) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін;
4) мейрамханаларда, барлар мен дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуге;
сағат 23-тен таңғы 8-ге дейін;
отыз пайыздан жоғары этил спиртінің көлемдік үлесін сағат 21-ден келесі күннің 12-ге дейін өткізуге тыйым салынады.»;
8) 10-бапта:
1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағына этил спиртiнiң немесе шарап материалының импорты этил спирті немесе шарап материалы жасап шығаруға пайдаланылатын алкоголь өнімін өндіруге лицензиясы және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар болған кезде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар болған кезде жүзеге асырылады.
1-1. Алкоголь өнімінің импортына осы Заңның 5-бабы 1-тармағында көрсетілген түрлері және сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша жол беріледі.
Қазақстан Республикасына әкелінетін этил спирті мен алкоголь өнімінің сапасы техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес болуға тиіс.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Алкоголь өнімін өндiруге, алкоголь өнiмін сақтауға, көтерме саудада өткізуге арналған лицензиялардың болуы алкоголь өнімiнің экспортына құқық бередi.»;
9) 12-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өндiрушi алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы бар тұлғаларға көтерме саудада алкоголь өнiмiн өткізуді, сондай-ақ фирмалық мамандандырылған дүкендер арқылы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
2. Алкоголь өнімін сақтауға, көтерме саудада өткізуге арналған лицензиясы бар тұлғалар алкоголь өнiмiн сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған тиiстi лицензиясы бар тұлғаларға ғана алкоголь өнiмiн өткізуге құқылы.»;
10) 15-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алкоголь өнiмiн өндiру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнiмiн сақтауға, көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуге облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi беретiн лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады.»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Лицензия біліктілік талаптарына сәйкес келетін әрбiр қызмет объектiсiне нақты мекенжайы бойынша берiледi.
4. Осы тармақта белгiленген жағдайларды қоспағанда, этил спиртін өндiруге арналған лицензиясыз, этил спиртiн сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
Алкоголь өнімін өндiруге лицензия өндiрушіге:
алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін қойма үй-жайларда, лицензияда көрсетілген алкоголь өнімінің өндірісі орналасқан жерде сақтауға;
өзі өндірген алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген өндіріс орналасқан жерде сақтауға және алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы бар субъектілерге көтерме саудада өткізуге құқық береді.
Өндіріс аумағында алкоголь өнімін сақтау, көтерме саудада өткізу жөніндегі қызмет лицензиялауға жатпайды.».
5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат):
37-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, балалар мекемелерiнің, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық құрылыстардың, стадиондардың ғимараттарында және аумақтарында алкоголь өнiмiнің айналымына тыйым салынады.».
6. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 16, 83-құжат):
44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым
Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген (қайта ресiмделген) кезде алынады.
Осы Заңның 36-бабының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлері бойынша қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жыл сайын төленеді.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленеді.
Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
Лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды берген кезде осы Заңның 47-1-бабында көзделген жағдайларда лицензиялық алым алынбайды.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 7) тармақшасының он алтыншы абзацын;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацын және 7) тармақшасының он жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Тоқтата тұру кезеңiнде көрсетілген абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлей отырып, осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 9) тармақшасының он бірінші және он екінші абзацтарының қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«7. Салық органдары акциз постыларын:
2015 жылғы 1 қаңтарға дейiн акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін;
2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн алкоголь өнімі және этил спиртін (шарап материалынан тікелей немесе екі мәрте айдап айыру жолымен өндірілетін этил спиртінен басқа), мұнай өнімдерін және темекі өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында орнатады;»;».
Қазақстан Республикасының
Президенті