"Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1100 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1504 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1100 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
      4-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «1. Бағдарлама паспорты» деген бөлімде:
      «Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган» деген жолда:
      тақырыбында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі»;
      алтыншы абзац алынып тасталсын;
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі»;
      он екінші абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі»;
      «Нысаналы индикаторлар» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысаналы индикаторлар
      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мыналарға қол жеткізіледі:
      1) жыл сайын техникалық регламенттердің талаптарына жауап беретін және тиісті халықаралық стандарттарға сай келетін стандарттау жөніндегі кемінде 500 нормативтік құжатты әзірлеу және қабылдау;
      2) 2014 жылға қарай барлық нормативтік техникалық құжаттарды Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына кемінде 67500 НҚ санында шоғырландыру (2012 жылы – 66500, 2013 жылы – 67000, 2014 жылы – 67500);
      3) 2014 жылға қарай кемінде 30 мемлекеттік эталон мен эталондық жабдықты 60 жаңғырту (толығымен жабдықтау) (2010 жылы – 16 эталон, 2011 жылы – 10 эталон, 2012 жылы – 10 эталон, 2013 жылы – 10 эталон, 2014 жылы – 14 эталон).»;
      «Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мен көздері» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мен көздері
      Қаржыландыру көздері:
      10 236 375 000 теңге сомасындағы республикалық бюджет қаражаты:
      2010 жылы – 2 233 535 000 теңге;
      2011 жылы – 2 146 260 000 теңге;
      2012 жылы – 1 850 811 000 теңге;
      2013 жылы – 2 012 383 000 теңге;
      2014 жылы – 1 993 386 000 теңге.
      Қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.»;
      «3. Ағымдағы ахуалды талдау» деген бөлім мынадай мазмұндағы 3.3-1-кіші бөліммен толықтырылсын:
      «3.3-1. Нысаналы технологиялық бағдарламалар арқылы іске асырылатын сындарлы технологиялар тізбесін қоса алғанда, саланың инновациялық-технологиялық дамуын талдау
      Техникалық реттеу саласындағы инновациялық-технологиялық саясатты іске асыру шеңберінде техникалық реттеу құралдарының көмегімен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бөгет жасайтын негізгі проблемалар мен кедергілерді анықтау қажет.
      Заманауи техникалық талаптарға сәйкес келмейтін өнім өндіру практикасын қысқарту, сондай-ақ тиімді өндірісті іске асыру мақсатында Шығару жоспарланып отырған өнім жобаларының техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауды енгізу мәселесі пысықталуда.»;
      «4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижесінің көрсеткіштері» деген бөлімде:
      «4.2. Нысаналы индикаторлар, міндеттер және нәтиже көрсеткіштері» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «4.2. Нысаналы индикаторлар, міндеттер және нәтижелер көрсеткіштері
      Отандық нарықты қауіпті және сапасыз (стандартқа сай емес) өнімдерден шектеу және әлемдік стандарттарға сай келетін өнімдерді өндіру, менеджмент жүйелерін енгізу және технологиялық қайта жарақтау үшін жағдай жасау бойынша мақсаттарға қол жеткізудің нысаналы индикаторлары мыналар болады:
      1) жыл сайын техникалық регламенттердің талаптарына жауап беретін және тиісті халықаралық стандарттарға сай келетін стандарттау жөніндегі кемінде 500 нормативтік құжатты әзірлеу және қабылдау;
      2) 2014 жылға қарай барлық нормативтік техникалық құжаттарды Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына кемінде 67500 НҚ санында шоғырландыру (2012 жылы – 66500, 2013 жылы – 67000, 2014 жылы – 67500);
      3) 2014 жылға қарай кемінде 30 мемлекеттік эталон мен эталондық жабдықты 60 жаңғырту (толық жабдықтау) (2010 жылы – 16 эталон, 2011 жылы – 10 эталон, 2012 жылы – 10 эталон, 2013 жылы – 10 эталон, 2014 жылы – 14 эталон).
      Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнімдерді шығаруға, менеджмент жүйелерін енгізуге және технологиялық қайта жарақтандыруға жағдай жасау жөніндегі міндеттер шеңберінде:
      1) нақты өндіріс шеңберінде өнімдерді шығаруға қажетті озық халықаралық стандарттарға негізделген ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу және қабылдау;
      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың өнімдерге арналған стандарттарды енгізуін бағытталған шараларды, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды ұйымдастыруы;
      3) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының толыққанды жұмыс істеуі және оны халықаралық ұйымдардың құжаттарымен толықтыруды жүзеге асыру;
      4) менеджмент жүйелері стандарттарын енгізуді және өнім сапасын арттыруды насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, менеджмент жүйелері стандарттарын енгізу кезінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарына субсидиялар беруді жүзеге асыру тетігін әзірлеу;
      5) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ұлттық стандарттардың және үкіметтік емес стандарттардың (болған жағдайда) талаптарына сәйкестігін көрсету практикасын мемлекеттік сатып алу жоспарын жыл сайын қалыптастыру және бекіту кезінде жаңарту;
      6) салаларды метрологиялық қамтамасыз етуге және халықаралық деңгейде эталондық база баламалығын растауға арналған ұлттық эталондық базаны жаңғырту;
      7) республиканың нормативтік-құқықтық актілеріндегі ерікті стандарттарды пайдалану жолымен технологиялар трансфертін ынталандыру жөніндегі заңнамалық шараларды жасау;
      8) инновациялық өнімдерді өндіруге және айналымға шығаруға, сәйкестікті ерікті түрде растауға жағдай жасау;
      9) жоғары сапалы өнім өндірудің озық әдістерін енгізуді тездетуге мүмкіндік беретін стандарттау жөніндегі жұмыстарға (ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды әзірлеуге және оларды өзектілендіруге, оның ішінде инновациялық өнімге қатысты) бизнестің белсенді қатысуын көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында ұлттық стандарттарды әзірлеуді қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
      10) стандарттау жөніндегі қазақстандық техникалық комитеттердің стандарттау жөніндегі халықаралық және мемлекетаралық техникалық комитеттердің (бұдан әрі – ИСО/ТК және МТК) жұмысына қатысуы. Стандарттардың жобаларын әзірлеу сатысында ИСО/ТК және МТК жұмысына ТК қатысуы отандық экономика мүдделерінде стандарттарды қалыптастыруға ықпал етуге (яғни стандарт жобасына қойылатын талаптарды қалыптастыру кезінде отандық кәсіпорындардың өндірістік қуаты мен ғылыми-техникалық жарақталуын ескеру), жаңа халықаралық және мемлекетаралық стандарттарда талаптары қалыптастырылатын өнімнің перспективалы түрлерін шығаруға уақтылы дайын болуға, сондай-ақ ұлттық өнімді әлемдік нарықтарға одан әрі жылжыту үшін жағдай жасауға, ғылыми-техникалық салада ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.»;
      «4.3. Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар» деген кіші бөлімде:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі»;
      алтыншы абзац алынып тасталсын;
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі»;
      он екінші абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі»;
      «5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген бөлімде:
      екінші бөлікте:
      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеден одағының бірінші кезектегі регламенттері кестесін және Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу жөніндегі жоспарды уақтылы іске асыру;
      техникалық регламенттерді енгізуге материалдық базаның әзірлігін және ғылыми-техникалық жай-күйін айқындау тұрғысынан салаларды бағалау негізінде Кеден одағының техникалық регламенттерін бейімдеп енгізу;»;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кеден одағының (бұдан әрі – КО) техникалық регламенттеріне көшу.»;
      «6. Қажетті ресурстар» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қажетті ресурстар
      Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытуға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат 10 236 375 000 теңгені құрайды:
      2010 жылы – 2 233 535 000 теңге;
      2011 жылы – 2 146 260 000 теңге;
      2012 жылы – 1 850 811 000 теңге;
      2013 жылы – 2 012 383 000 теңге;
      2014 жылы – 1 993 386 000 теңге.
      Бұл ретте, қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.»;
      «7. Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

4

Кеден одағының бірінші кезектегі техникалық регламенттері кестесін және Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу жөніндегі жоспарды іске асыру

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ (жинақтау), ІІМ, ДСМ, МГМ, ҚОСРМ, АШМ, ККМ, Еңбекмині, ТЖМ, ӨДМ

Жыл сайын, 25 қаңтар

-

-

-

-

-

-

Талап етілмейді

-

                                                                   »;

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

10

Жыл сайын техникалық регламенттердің талаптарына жауап беретін және тиісті халықаралық стандарттарға сай келетін стандарттау жөніндегі кемінде 500 нормативтік құжатты әзірлеу және қабылдау

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ (жинақтау), ІІМ, ДСМ, МГМ, АШМ, ККМ, ТЖМ, ӨДМ

Жыл сайын, 25 қаңтар

617564

666912

596 280

623086

592287

3096129

Республикалық бюджет

013

                                                                   »;

      реттік нөмірлері 12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

12.

Мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарды талдау және жүйелендіру

Қайта қарауға жататын нормативтік құжаттар тізбесі

ИЖТМ

Жыл сайын, 25 қаңтар

10 442

22 376

20 083

21 605

21 605

96 111

Республикалық бюджет

013

13.

2010 - 2011 жылдары сатып алу, 2012 - 2014 жылдары толықтыру және аудару (халықаралық, өңірлік және шет елдердің ұлттық стандарттарын, сондай-ақ дерекқорды және оларды өзектілендіру)

Орындалған жұмыстар актісі

ИЖТМ

Жыл сайын, 25 қаңтар

34 986

25 053

25 544

29 054

25544

140181

Республикалық бюджет

013

                                                                   »;

      реттік нөмірлері 18, 19, 20, 21 және 22-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

18.

Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай қорын құру, дамыту және оны сүйемелдеу

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ (жинақтау), ІІМ, ДСМ, МГМ, ҚОСРМ, АШМ, ККМ, Еңбекмині, ТЖМ, ӨДМ

2011-2014
жылдар

-

117741

40 986

70 983

70983

300693

Республикалық бюджет

013

19.

Стандарттау және менеджмент жүйелері саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер өткізу

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ

Жыл сайын, 25 қаңтар

21 520

21 760

20 539

-

-

63 819

Республикалық бюджет

007

20.

Мемлекеттік техникалық регламенттер мен стандарттар қорын сүйемелдеу

Орындалған жұмыстар актісі

ИЖТМ

Жыл сайын, 25 желтоқсан

7 950

8 506

9 101

9 101

-

34 658

Республикалық бюджет

001

21.

Техникалық реттеу саласындағы ақпараттық жүйелерді және Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын және оның аумақтық бөлімшелерін, оның ішінде ЕурАзЭҚ, КО және ЕЭП мәселелері бойынша сүйемелдеу

Орындалған жұмыстар актісі

ИЖТМ, ДСМ, АШМ, ЭБЖМ

Жыл сайын, 25 желтоқсан

107352

109724

119 804

120835

120 835

578 550

Республикалық бюджет

001

22.

Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін жетілдіру

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ (жинақтау), ДСМ, МГМ, ҚОСРМ, АШМ, ККМ, Еңбекмині, ТЖМ, ЭБЖМ

Жыл сайын, 25 қаңтар

6 397

6 845

6 332

7300

7300

34 174

Республикалық бюджет

013

                                                                   »;

      реттік нөмірлері 30 және 31-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

30.

Сапа саласында конкурстар өткізу

Іс-шаралар жоспары

ИЖТМ

Жыл сайын

207500

119678

118131

120000

120 000

685309

Республикалық бюджет

013

31.

Аккредиттеу жүйелерінің, сертификаттар мен хаттамалардың баламалығы бойынша, оның ішінде интеграциялық бірлестіктер шеңберінде көпжақты және екіжақты келісімдер жасасу жөнінде шаралар қабылдау

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ

Жыл сайын, 25 қаңтар

75 463

88984

61 827

43 866

42143

312283

Республикалық бюджет

013

                                                                   »;

      реттік нөмірлері 41, 42 және 43-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

41.

Республиканың шамалар бірліктерінің ұлттық эталондық базасын жетілдіру

2010 жылы – эталондардың 16 бірлігі;
2011 жылы – эталондардың 10 бірлігі;
2012 жылы – эталондардың 10 бірлігі;
2013 жылы – эталондардың 10 бірлігі;
2014 жылы – эталондардың 14 бірлігі

ИЖТМ

2010-2014
жылдар

502 696

389 132

326 344

373500

399665

1991337

Республикалық бюджет

013

42.

Мемлекеттік эталондарды сүйемелдеу және оларға қызмет көрсету

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ

2010-2014
жылдар

259943

228144

182 676

225310

227167

1123240

Республикалық бюджет

013

43.

Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ

2010-2014
жылдар

14 294

19 807

20 913

-

-

55 014

Республикалық бюджет

007

                                                                   »;

      реттік нөмірлері 45 және 46-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      «

45.

Астана қаласындағы Эталон орталығы ғимаратын күтіп-ұстау

Орындалған жұмыстар актісі

ИЖТМ

2010-2014
жылдар

187510

195 782

182 183

219545

212637

997657

Республикалық бюджет

013

46.

Мемлекеттік өлшемдер бірліктерін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімін және Кеден одағының бірыңғай тізілімдерінің ұлттық бөлігін құру және сүйемелдеу

Мемлекеттік өлшемдер бірліктерін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімін және Кеден одағының бірыңғай тізілімдерінің ұлттық бөлігін жүргізу

ИЖТМ

2010-2014
жылдар

-

14 745

14 916

18 819

16503

64983

Республикалық бюджет



                                                                   »;

      реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

48.

Өткізу сатысында олардың қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өнім үлгілерін сатып алу және сынау

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ

2010 жыл, жыл сайын

65 700

65 700

65 700

73503

73341

343944

Республикалық бюджет

001

                                                                   »;

      реттік нөмірі 52-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

52.

Өлшеу жабдықтарымен және құралдарымен жиынтықталған жылжымалы зертханаларды күтіп-ұстау

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ

Жыл сайын, 25 қаңтар

28 272

30 251

27 585

40000

47500

173608

Республикалық бюджет

001

                                                                   »;

      реттік нөмірі 55-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

55.

Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша салалық және өңірлік семинарларды (конференцияларды) өткізу

Үкіметке ақпарат

ИЖТМ

жыл сайын, 25 қаңтар

4 152

4 152

3 573

4 073

4 073

20 023

Республикалық бюджет

013

                                                                   »;

      реттік нөмірі 58-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

58.

Аумақтық қызметтердің мемлекеттік инспекторларын жыл сайын оқыту

Белгіленген нысандағы сертификат

ИЖТМ

2010-2014
жылдар

11 803

10 968

8 294

11 803

11 803

54 671

Республикалық бюджет

023

                                                                   ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады