«Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы
сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік
жүйелерін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 769 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1520 қаулысына Баспасөз хабарламасы
«Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйелерін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 769 қаулысына өзгерістер енгізу туралы № 1520 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысы «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 15 бабына сәйкес әзірленді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Қаулының мақсаты ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың ядролық қаруды таратпау режимін сақтау және оларды халыққа немесе қоршаған ортаға залал келтіру үшін қасақана қолдану ықтималдылығын азайту шеңберінде ол мемлекеттік жүйесін оларды есепке алу мен бақылаудың нақтыланған тәртібін белгілеу арқылы жетілдіру болып табылады.
Қаулы республикалық бюджеттен қаржы шығынын болжамбайды және тepic әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.
Болжанатын тиімділігі: ұсынылған ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерінің есепке алу мен бақылауын жүргізу тәpтiбi заңды және физикалық тұлғаларға жұмысты неғұрлым тиімді ұйымдастыруға және дер кезінде есептік ақпаратты уәкілетті органға ұсынуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі