"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 651 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 51 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 772 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 772 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, 695-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларында:

      7-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) әскери мақсаттағы объект (әскери стандарттау объектісі) – әскери және қосарланған мақсаттағы тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік органдардың мүддесіне әзірленетін әскери стандарттар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әскери стандарттардың жобаларын өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми және (немесе) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, құпия жұмыстарды жүргізуге рұқсаты және (немесе) қару-жарақ, әскери техника мен қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолданылатын бұйымдар айналымы саласында лицензиясы бар ұйымдар әзірлейді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Әзірлеуші ұйым әскери стандарттау объектісіне байланысты әскери стандарттың жобасын олардың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, мекемелермен және заңды тұлғалармен келіседі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады