Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 651 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 772 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 772 қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Тиісті мемлекеттік органдар бекітілген Қағидаларға сәйкес және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеуді, келісуді, қабылдауды, есепке алуды, өзгертуді және күшін жоюды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 мамырдағы
№ 651 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2004 жылғы 9 қарашандағы "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеуге, келісуге, қабылдауға, есепке алуға, өзгертуге және күшін жоюға қатысатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және заңды тұлғаларына олардың өз құзыретіне сәйкес қолданылады.

      3. Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттардың жобаларын әзірлеуге әзірлеуші ұйымды таңдауды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тапсырыс беруші жүзеге асырады.

      4. Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу мемлекеттік құпиялар туралы заңнамаға және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

      5. Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу әскери стандарттау жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалау жұмыстарының, патенттік зерттеулердің нәтижелеріне, халықаралық, мемлекетаралық және шет мемлекеттердің ұлттық әскери стандарттарының ережелеріне және (немесе) өзге де қазіргі заманғы отандық және шетелдік ғылым, техника және технология жетістіктеріне негізделеді.

      7. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою бойынша жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

      2) әскери мақсаттағы тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер – қару-жарақ, әскери техника мен оларға оқ-дәрілер, әскери өнімнің, жұмыстардың өзге де түрлері (оның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық), құжаттама, зияткерлік меншік құқығының объектілері және әскери-техникалық мақсаттағы ақпарат (бұдан әрі – әскери мақсаттағы өнім);

      3) қосарланған мақсаттағы (қолданылатын) тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер – азаматтық мақсатта пайдаланылатын, бірақ мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың мемлекеттік тапсырыс берушісі пайдалануы не кейіннен бейінін өзгертуі және әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер ретінде пайдалануы мүмкін өнім және технология (бұдан әрі – қосарланған мақсаттағы өнім);

      4) әскери стандарттау – мемлекеттік тапсырыс беруші белгілеген міндетті талаптарға сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеу, шығару, пайдалану және жөндеу, жаңғырту, кәдеге жарату кезінде өнімге, қызметтер мен үдерістерге қойылатын талаптарды реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

      5) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарт (бұдан әрі – әскери стандарт) – айқындалған және арнайы пайдалану мақсатында мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттарды және сипаттамаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бекітілген нормативтік-техникалық құжат;

      6) халықаралық әскери стандарт – әскери стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған стандарт;

      7) мемлекетаралық әскери стандарт – стандарттау жөніндегі мемлекетаралық уәкілетті орган (мемлекетаралық ұйым) қабылдаған, әскери мақсаттағы өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін стандарт;

      8) ұлттық әскери стандарт – өзінің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған, әскери мақсаттағы өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін шет мемлекеттің стандарты;

      9) тапсырыс беруші ұйым – мүддесі үшін әскери стандарттарды әзірлеу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшін жою жөніндегі жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асырылатын мүдделі мемлекеттік орган, мекеме, кәсіпорын, сондай-ақ заңды тұлға;

      10) әзірлеуші ұйым – әскери стандарттарды әзірлеу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшін жою жөніндегі жұмыстарды орындайтын және (немесе) қызмет көрсететін заңды тұлға;

      11) әскери мақсаттағы объект (әскери стандарттау объектісі) – әскери және қосарланған мақсаттағы тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

      12) уәкілетті орган – техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      13) мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі – әскери стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуді үйлестіруге мемлекеттік тапсырыс беруші уәкілеттік берген ұйым.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 51 қаулысымен.

2. Әскери стандарттарды әзірлеу

      8. Әскери стандарттарды әзірлеуге:

      1) әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жатқызу жатады.

      9. Әзірлеуші ұйым әскери стандарттардың жобасын және оған түсіндірме жазбаны әзірлеуді жүзеге асырады.

      Түсіндірме жазбада әскери стандарттау объектісіне байланысты мыналар көрсетіледі:

      1) техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) әскери стандарттарды әзірлеуден және қолданудан болатын экономикалық тиімділіктің есебі;

      2) тиісті тапсырманы көрсете отырып, әскери стандарттарды әзірлеу үшін негіз;

      3) әскери стандартты мемлекеттік құпияларды құрайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатындарға жатқызылатын мәліметтерге, қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жатқызу негіздемесі;

      4) әскери стандарттау объектісінің қысқаша сипаттамасы;

      5) әскери стандарт жобасының Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық, мемлекетаралық, шет мемлекеттердің ұлттық әскери стандарттарына, қазіргі заманғы ғылыми-техникалық (отандық, шетелдік) деңгейге сәйкес келуі туралы ақпарат;

      6) әскери стандарт жобасының әскери стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттармен өзара байланысы туралы мәліметтер және оларды қайта қарау, өзгерту немесе күшін жою жөніндегі ұсыныстар;

      7) әскери стандарттың жобасын келісуге тарату туралы мәліметтер;

      8) пошталық мекенжайын, байланыс телефонының нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайын (әзірлеушіде болған кезде) көрсете отырып, әскери стандартты әзірлеуші және жұмысты бірлесіп орындаушылар, әскери стандартты әзірлеу мерзімдері туралы мәліметтер;

      9) жаңа әскері стандарттау объектілеріне әскери стандартты әзірлеу кезінде әскери стандарттау объектісінің патент тазалығы туралы мәліметтер (қажет болған кезде).

      10. Мемлекеттік органдардың мүддесіне әзірленетін әскери стандарттар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 51 қаулысымен.

      11. Әскери стандарттар әзірлеуді мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі үйлестіреді.

      12. Әскери стандарттардың жобаларын өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми және (немесе) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, құпия жұмыстарды жүргізуге рұқсаты және (немесе) қару-жарақ, әскери техника мен қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолданылатын бұйымдар айналымы саласында лицензиясы бар ұйымдар әзірлейді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 51 қаулысымен.

      13. Әзірленетін әскери стандарттарды құпияландыру үшін олардың мемлекеттік органдарда және ұйымдарда қолданыстағы құпияландырылуға тиіс мәліметтер тізбелеріне сәйкес келуі негіздеме болып табылады.

3. Әскери стандарттарды келісу

      14. Әзірлеуші ұйым әскери стандарттау объектісіне байланысты әскери стандарттың жобасын олардың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, мекемелермен және заңды тұлғалармен келіседі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.02.2014 № 51 қаулысымен.

      15. Әскери стандарттардың жобаларын келісу мерзімі олар қарауға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 60 күннен аспауға тиіс.

      16. Бақылау әдістеріне (сынақтарға) және өлшеуді орындау әдістемеріне қойылатын талаптар бар, мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде стандартталмаған әскери стандарттар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес келісілуге тиіс.

      17. Терминология жөніндегі әскери стандарттардың жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясына қарауға жолданады.

      18. Әзірлеуші ұйым әскери стандарттың жобасын қарау және келісу қорытындылары бойынша жинақталған пікірлер дайындауды жүзеге асырады.

      Әзірлеуші ұйым қабылдаған және қабылдамаған ескертулер мен ұсыныстар әскери стандарттың жобасы жөніндегі пікірлер жинағына енгізіледі. Ескертулермен және ұсыныстармен келіспеген жағдайда дәлелденген негіздеме келтіріледі.

      19. Әзірлеуші ұйым алынған ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды ескере отырып, әскери стандарт жобасының соңғы редакциясын дайындайды және оны мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесіне сараптауға жолдайды.

      1. Сараптама:

      1) әзірленетін әскери стандарттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына және әскери стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келуін белгілеуді;

      2) әскери стандарттау объектілерін метрологиялық қамтамасыз етуді;

      3) әскери стандарттау жөніндегі қолданыстағы немесе бұрын әзірленген нормативтік құжаттарды қайта қарау, өзекті ету және (немесе) біріздендіру қажеттілігін анықтауды;

      4) қолданыстағы әскери стандарттар талаптарының қайталануын болдырмауды;

      5) бәсекеге қабілеттіліктің функционалдық және сәйкестендіру көрсеткіштерінің болуын белгілеуді;

      6) халықаралық, мемлекетаралық және шет мемлекеттердің ұлттық әскери стандарттарының талаптарына сәйкес келуін (бар болған кезде) белгілеуді қамтиды.

      20. Әскери стандарттарға сараптаманы мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі уәкілетті органның мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таратылуы шектеулі ақпаратқа тиісті нысындаға рұқсаты бар сарапшыларын тарта отырып, келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде жүргізеді.

      Сараптама жүргізу нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды жасалады.

      21. Толық пысықталғаннан кейін (қажет болған жағдайларда) әскери стандарттың жобасын мемлекеттік тапсырыс беруші бөлімшесінің техникалық отырыс хаттамасымен техникалық комиссияға қарауға және мемлекеттік тапсырыс берушіге бекітуге жолданады.

      22. Мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі әскери стандарттың жобасын:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының және әскери стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген;

      2) әскери стандартты әзірлеуге арналған тапсырмада белгіленген мақсаттарға қол жеткізілмеген;

      3) редакциялық ескертулер болған жағдайларда пысықтауға қайтарады.

4. Әскери стандарттарды қабылдау

      23. Мемлекеттік тапсырыс берушіге бекітуге мемлекеттік тапсырыс берушінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті құрылымдық бөлімшесімен келісілген:

      1) мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жалпы мұқабада ресімделген әскери стандарттың жобасы;

      2) бұйымның суреті (мүмкін болған кезде);

      3) техникалық тапсырма (бар болған кезде);

      4) әскери стандарттың электрондық нұсқасы;

      5) түсіндірме жазба;

      6) пікірлер жинағы;

      7) әскери стандарт жобасының келісілгенін растайтын құжаттардың түпнұсқалары (электрондық пошта арналары арқылы келісілген кезде ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтанбасы бар ұйым бланкісіндегі хаттың электрондық нұсқасы ұсынылады);

      8) әскери стандарттың жобасын қарау жөніндегі әзірлеушінің жұмыс тобы отырыстарының хаттамалары (олар өткізілген жағдайда);

      9) қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы және (немесе) өнімді сынау актілері (олар өткізілген жағдайда);

      10) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының қорытындысы (терминология жөніндегі әскери стандарттар жобасы бойынша);

      11) әскери стандарттың жобасы ережелеріне үйлестірілген халықаралық, мемлекетаралық және шет мемлекеттердің ұлттық әскери стандарттары жолданады.

      24. Әрбір әскери стандарттың жобасына іс жасалады.

      25. Әскери стандарт ол ұсынылған сәтінен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бекітіледі және мемлекеттік тапсырыс беруші басшысының бұйрығымен қолданысқа енгізіледі.

5. Әскери стандарттарды есепке алу

      26. Әскери стандарт мынадай мәліметтер:

      1) тіркеу күні және реттік нөмірі;

      2) әскери стандартты белгілеу;

      3) әскери стандарттың атауы;

      4) әскери стандартты бекіту туралы бұйрықтың нөмірі және күні;

      5) әзірлеуші ұйымның атауы, заңды мекенжайы;

      6) әскери стандартты өзгерту мен күшін жою;

      7) енгізу күні;

      8) халықаралық, мемлекетаралық және шет мемлекеттердің ұлттық әскери стандарттарының ережелерімен үйлестіру (олар болған кезде) көрсетіле отырып, Мемлекеттік тапсырыс берушінің әскери стандарттарының тізілімінде есепке алынуға және тіркелуге тиіс.

      27. Әскери стандартты есепке алу мен тіркеуді мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі жүргізеді.

      28. Қолданыстағы бекітілген әскери стандарттар мен әскери стандарттарға толықтырулар, сондай-ақ оларды өзгерту мен түзету туралы мәліметтер тізбесі мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі шығаратын арнайы ақпараттық көрсеткіштерге орналастырылады. Арнайы ақпараттық көрсеткіштер тиісті құпиялылық белгісімен шығарылады.

      29. Әскери стандарттар және әскери стандарттардың арнайы ақпараттық көрсеткіштерін мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі шығарады, қайта шығарады және таратады.

      30. Әскери стандарттар қорын құру және жүргізу, оның ішінде ақпарат пен құжаттардың көшірмелерін ұсыну тәртібі әскери стандарттарда, әскери стандарттау жөніндегі қағидаларда және ұсынымдарда айқындалады.

6. Әскери стандарттарды өзгерту және күшін жою

      31. Әскери стандарттарға өзгерістер жекелеген талаптарды толықтыру немесе алып тастау, олардың қолданысын ұзарту, шектеу кезінде әзірленеді.

      32. Әскери стандарттарға өзгерістер енгізу тексеру жүргізу немесе мүдделі мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан ұсыныстар алу негізінде жүзеге асырылады.

      33. Әскери стандарттарды тексеру қолданыстағы стандарттар нормаларының ғылымның, техника мен технологиялардың даму деңгейіне, экономиканың, тұтынушылардың, Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеті мен әскери қауіпсіздігінің қажеттілігіне сәйкес келуін айқындау үшін жүргізіледі.

      34. Өзгерістерді енгізуге әскери стандарттарды тексеруді әзірлеуші ұйыммен келіскен кезде мемлекеттік тапсырыс беруші жүргізеді.

      35. Әскери стандарттарға өзгерістер осы Қағидалардың 25 тарауларына сәйкес мемлекеттік тапсырыс берушіге бекітуге ұсынылады.

      36. Өзгерістер мемлекеттік тапсырыс беруші басшысының бұйрығымен бекітіледі және қолданысқа енгізіледі.

      37. Әскери стандарттардың күшін жою:

      1) осы тапсырыс бойынша жүргізілген әскери және қосарланған мақсаттағы өнімді шығару тоқтатылған;

      2) жаңа әскери стандарт қолданысқа енгізілген кезде жүзеге асырылады.

      38. Әскери стандарттың күшін жойған кезде мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесіне:

      1) жою туралы ұсыныстарды;

      2) оны ауыстыратын құжат немесе оны ауыстырмай стандартты жою туралы негіздемесі бар ақпаратты;

      3) әскери стандартты жоюға тапсырыс беруші ұйымның және әзірлеуші ұйымның келісімін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын жіберді.

      39. Әскери стандарттардың күшін жою мемлекеттік тапсырыс беруші басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады