"Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 57 қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:

      14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "дизельдік отында жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқыштары бар М3, N2 және N3 санатты автокөлік құралдарына 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.".

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының экологиялық кластардың талаптарына сәйкестiгiн растау Техникалық регламентке 4-қосымшаны ескере отырып жүзеге асырылады.";

      көрсетілген регламентегі 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 57 қаулысына
қосымша
Техникалық регламентке
4-қосымша

Автокөлік құралдарының және іштен жану қозғалтқыштарының
шығарылу жылына байланысты 2, 3, 4 және 5 экологиялық кластар
бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік
кестесі

Автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел

Экологиялық класстар талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылдары

2-класс

3-класс

4-класс

5-класс

Еуропалық Одаққа кіретін*, бензин қозғалтқыштары

1997-2000

2001-2004

2005-тамыз 2009

М1-3 санаты,
N1 - 2009 қыркүйегі және кейінірек

N2 санаты - 2010 қыркүйегі және кейінірек

N3 санаты - 2008 қазаны және кейінірек

Еуропалық Одаққа кіретін*, дизельдер

1997-2001

2002-2004

2005-тамыз 2009

М1-3 санаты,
N1 - 2009 қыркүйегі және кейінірек

N2 санаты - 2010 қыркүйегі және кейінірек

N3 санаты - 2008 қазан және кейінірек

АҚШ

1996-2000

2001-2005

2006 және кейінірек

-**

Жапония

1998-2004

2005-2010

2010 және кейінірек

-

Үндістан

2005-2009

2010

-

-

Малайзия

2003

-

-

-

Қытай

2004-2007

-

-

-

М3 санаты
2012 қаңтар және кейінірек

Корея

2001-2002

2003-2005

2006 және кейінірек

-

Ресей

2006-2007

-

2010 және кейінірек

-

Өзбекстан

2007-2009

2012 және кейінірек

-

-

Беларусь

2007

-

-

-

Украина

М санаты - 2006

-

-

-

N санаты - 2007


      Ескертпе:

      * Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Хорватия және Эстония кіреді;

      **

      1) "3-класс", "4-класс" және "5-класс" кестелеріндегі (-) сызықша осындай автокөлік құралдарының экологиялық класқа сәйкестігін растау Доңғалақты көлiк құралдарына, доңғалақты көлiк құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкiн жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бiрыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негiзiнде берiлетiн ресми бекiтулердi өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келiсiмi) аясында берілген құжат (БҰҰ ЕЭК ережесі негізінде конструкцияның типі бойынша ресми бекіту) негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;

      2) автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел "Қытай" бойынша 4-экологиялық класс М3 санаты бойынша 2012 жылғы қаңтардан бастап және кейінірек, ал басқа санаттағы автокөлік құралдары (-) сызықша үшін белгіленген тәртіпке сәйкес анықталады.

      Осы қосымша сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдар сәйкестікті растау рәсімдерін өткізген кезде қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады