Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 208 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілген штат санының лимиті шегінде «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Оңтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Шымкент қаласының әдiлет басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының әділет басқармасы», «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әділет басқармасы» және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы Абай ауданының әділет басқармасы» мемлекеттiк мекемелері (бұдан әрі – мекемелер) болып бөліну арқылы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мекемелердің ережелерін бекітуді және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат.):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
      «Министрлік» деген 1-бөлімде:
      реттік нөмірі 214-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 214-1, 214-2, 214-3-жолдармен толықтырылсын:
      «214-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының әділет басқармасы.
      214-2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әділет басқармасы.
      214-3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шымкент қаласы Абай ауданының әділет басқармасы.».
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi                                 С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады