Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броннан шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 227 қаулысы

      Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі бірінші кезектегі жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттiк материалдық резервтен Ақтөбе облысы үшін 2 дана автогрейдер және 2 дана шнекороторлы қар тазалағыш, Қостанай облысы үшін 3 дана автогрейдер және 3 дана шнекороторлы қар тазалағыш броннан шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар және Қаржы министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады